15
сонымен бірге вербальді емес эмпатиямен де білдіруге болады; мұндай жағдайда
ақыл үйрету емес, қолдау көрсете білу тиімдірек болады.
3.
Мұқият тыңдай білетін тыңдаушы болыңыз. Суицидке баратын
адамдар әсіресе қатты оқшаулану сезіміне берілгіш болады. Соған байланысты
олар сіздің ақыл-кеңестеріңізді қабылдауға құлықтары болмайды. Олар көбінесе
өздерінің жан жарасын, уайымдарын талқылауды қажет етеді, яғни «Менде өмір
сүруге тұрарлықтай ештеңе жоқ» деген сияқты сөздерімен жеткізеді. Егер адам
депрессияға ұшыраған болса, онда онымен әңгімелескеннен гөрі оған өзі туралы
көбірек айтқызған дұрыс болады. Сіз ол адамның жан жарасын білдіретін
сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе ашу-ыза
болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде жай ғана
үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық
қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі
бола алады.
4.
Алмастыра
алатын
әрекеттер
ұсыныңыз.
Өзіне-өзі
қол
жұмсаушылыққа
бет алған адамға: «Ойлан, сенің өлімің жақындарыңа қандай
қайғы әкеледі», - деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі келе қоймаған басқа
шешім туралы ойлануды сұраңыз.
Өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың
алдын алудың маңызды міндеттерінің бірі
көмек беру үшін психикалық дискомфорттың бастауын анықтау болып
табылады. Бұл қиын болуы мүмкін, өйткені суицидтің «азық алатын ортасы»
құпиялылық екені белгілі. Өзін-өзі өлтіруге оқталған адамды өзінің проблемасын
өзі електен өткізіп және оны қиындатып тұрған не екенін нақтырақ анықтауына
итермелеу керек.
5. Үміт ұялатыңыз. Өзін-өзі құртуға бейім депрессивті адамдармен жұмыс
ауқымды және жауапты болып табылады. Психотерапевтер олар не айтатынына
және не сезетініне назарды жұмылдыру өте құнды болып келетіні туралы
тұжырымға баяғыда келген. Мазалайтын жасырын ойлар сыртқа шыққанда басқа
түскен бәле сондай қорқынышты емес, тіпті шешуге тұрарлықтай болып көрінуі
әбден мүмкін. Қандай да бір үміттену де пайда болады.
6.
Жоғары
өзіне-өзі қол жұмсаушылық
тәуекел жағдайында адамды
жалғыз қалдырмаңыз. Кризистік жағдай шешілгенге шейін немесе көмек
келгенге дейін оның жанында барынша ұзақ қалуға тырысыңыз немесе біреуге
тапсырыңыз. Мүмкін жедел жәрдемге қоңырау шалу керек болар немесе
емханаға хабарласу керек. Есіңізде болсын, қолдау көрсету сізге белгілі бір
жауапкершілік артады.
7. Мамандардан көмек сұраңыз. Суицидке баратын адамдардың көру
аймағы тарылған, түнек басқан санада болады. Олардың санасы көтеруі қиын
проблемаларды шешу жолдарын толық игеруге мүмкіндік бермейді. Олар
алдымен қолдау табуды өтінеді. Достары, әрине, жақсы ниетпен көмекке
ұмтылуы мүмкін, бірақ олардың білік пен тәжірибесі жетіңкіремейді, одан басқа
олар тым әсерлі эмоционалдылыққа бейім болып келеді. Сенім телефонын
ұйымдастырыңыз.
Өзіне-өзі қол жұмсаушылық
үрдісті басынан кешіргендер үшін имам,
молда сияқты діни адамдар нағыз қолдаушы ретінде көмекке келе алады.
16
Көптеген дінге қызмет ететін адамдар түсіне білетін, елгезек және сенімге лайық
тамаша кеңесшілер болып келеді.
Кейде
өзіне-өзі қол жұмсаушылыққа
бейім адамдарға көмектің жалғыз
таңдамалы жолы ретінде егер жағдай тым қиын болса психиатриялық ауруханаға
емделуге жатқызу болып табылады. Кешіктіру қауіпті болуы мүмкін; ауруханаға
жатқызу ауру адамға да, оның отбасына да жеңілдік беруі мүмкін.
8. Қамқорлық және қолдау көрсетуді сақтаудың маңыздылығы. Егер
қауіп-қатер айналып өтіп кеткен жағдайдың өзінде мамандар болсын немесе
отбасы болсын босаңсуға болмайды. Одан да қауіптісі алда болуы мүмкін. Ауру
адамның психикалық белсенділігінің жоғарлауын жағдайының жақсарғаны деп
ойлап қалуға да болады. Бірақ кейде депрессивті адамдар өзіне-өзі қол салу
қарсаңында іс-әрекетке басымен кіріп кетеді. Олар ренжіткен адамдарының
барлығынан кешірім сұрайды. Осыны көріп, сіз арқаңызды кеңге саласыз және
қырағылықты бәсеңдетіп алуыңыз мүмкін. Бірақ бұл қылықтар барлығының
алдындағы қарыздары мен міндеттерінен құтылып, содан кейін өзіне қол жұмсау
керек деген шешімге келуінің хабаршысы болуы мүмкін. Шындығында, өзіне-өзі
қол жұмсаушылыққа барушылардың тең жартысы психологиялық кризистің
басталғанынан үш айдан кем емес уақыттан кейін өзіне-өзі қол салады.
" Ө
зіне-өзі қол жұмсаушылық
— тығырықтан шығар жол емес".
17
Жасөспірімнің өмірге, мектепке, құрдастарына деген
көзқарасын анықтау сауалнамасы
Сыныбы:______________________
1. Жынысыңыз
А) қыз
Ә) ұл
2. Қалай оқисыз?
А) «4» пен «5» ке
Ә) «3» пен «4» ке
Б) «3» пен «2» ге
3. Сабаққа қандай көңіл-күймен келесіз?
А) Бар ынтаммен Ә) Амалсыздан
Б) Жазалаумен бірдей В) Айтуға қиналамын
4. Сыныптағы, топтағы құрдастарыңыздың сізге қарым-қатынасы қалай?
А) Жай дос ретінде Ә) Енжар, менің бар жоғым белгісіз
Б) Мені бөліп тастайды В) Маған қарсы
Г) Жауап беруге қиналамын
5. Өз өміріңізде жасөспірімдер арасында болған қандай оқиғалардың куәсі
болдыңыз?
А) Алкогольдік ішімдіктер ішу Ә) Есірткі қабылдау Б) Темекі шегу
В) Ұрлық Г) Бопсалаушылық (вымагательство)
Ғ) Зорлық – зомбылық күш көрсету қылмыстары (кісі өлтіру, өз-өзіне қол
жұмсау, зорлау т.б.) Д) Төбелес Ж) Жезөкшелік
Е) Қаңғыбастық және қайыр-садақа сұраушылық
З) Куәсі болған жоқпын
6. Құрдастарыңыз немесе өзіңізден жасы үлкен жасөспірімдердің
тарапынан сізге істеген қандай құқық бұзушылық іс-әрекеттер болды?
А) Сіздің мүлкіңізді ұрлап алуы
Ә) Қауіп-қатерге тігу арқылы бопсалаушылық (вымагательство)
Б) Жасөспірімдердің ұрып күш көрсетуі
В) Ішкіштер тобына қарай еліктіру
Г) Есірткі қолданушылар тобына жетектеу
Ғ) Ұрлық-қарлықпен шұғылданушылардың тобына кіруге жетектеу
Д) Басқа да іс-әрекеттер
Ж) Құқық бұзушылық іс-әрекеттер жасалған жоқ
7. Қалай ойлайсыз, адам үшін өмірде ең басты нәрсе не болуы мүмкін? (Ең
басты 2-3 еуін көрсетіңіздер)
А) Денсаулық
Ә) Достар
Б) Ақша, материалдық жетістік
В) Отбасы, балалар
Г) Өз өмірің
Ғ) Жоғары білім
Д) Жұмыс
Ж) Тәуелсіздік
Е) Жоғары әл-ауқат
З) Ойын-сауық, көңіл-көтерулер
И) Басқа да мәселелер