5
өмірдің қиындығына кез-келген адам шыдай ала ма? шыдауы керек деп жұбату
сөз айту жеңіл болғанымен, екінің бірінің жүйкесі мықты емес, ал жүйкесі
жұқалар бүгінгі тіршілігінен гөрі бақилық дүниені дұрыс көріп, «сол жаққа»
мезгілсіз аттанып жатады.
Бұл әдістемелік құралда 2016 жылы сегіз ай бойы
өткізілген 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар «Жас мамандар мектебі» жобасы
аясында жүргізілген жұмыстардың қорытындысы, білім беру мекемелеріндегі
жасөспірімдер арасында кездесетін өзіне-өзі қол жұмсауды болдырмау
шараларын жоспарлауға, сонымен бipre топтық психологиялық тренинг арқылы
жасөспірімдерге дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Психологтарға, педагогтерге, ата-аналарға арналған көмекші құрал.
Құлмағанбет Ә.Қ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы
әдістемелік кабинетінің тұлғаны әлеуметтендіру және
тәрбиелеу бөлімінің сектор меңгерушісі
.
6
АЛҒЫ СӨЗ
«Өмір-теңіз, тағдыр-кеме,
ал кемең суға батпас үшін
өзің капитан болуың керек».
Бүкіл дүние жүзі көтерген мәселе өз-өзіне қол жұмсау әсіресе
жасөспірімдер арасында философиялық (өмірдің мәнін жоғалту), психологиялық
(психологиялық теріс бейімделу, фрустрация), әлеуметтік (әлеуметтік жағынан
өз орнын таппау, қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б),
медициналық (күрделі ауру, психикасының бұзылуы), адамгершіліктік және
құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы
феномен.Ал енді халықаралық анықтама қызметінің дерегіне жүгінсек, 1950
жылдан бергі кезеңде өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы 60 пайызға өсіпті. Міне,осы
дерек-дәйектердің өзі соңғы уақытта өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының дүние
жүзінің түпкір-түпкірінде жаңбырдан кейінгі саңырау құлақтай қаптап кеткенін
байқатса керек.
Аталмыш мәселенің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны мәлім.
Жасөспірімдік шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналадағылармен
тіл табыспау, психологияның толық қалыптаспағандығы, міне,осы және т.б
себептерден өскелең ұрпақ арасында өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі артып отыр.
Өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу үшін ата-аналар, мұғалімдер,
психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын
қалыптастырушы мамандар, бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс
атқару керек. Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалу қажет:
жасөспірімдер
мен
жастар
арасында
осы
тақырыпта
дәрістер,әңгімелесулер,сұхбаттасулар,кеңес
беру,сұрақ-жауап
сияқты
жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс. Өзіне-өзі қол жұмсауға баратын
адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс
жағдайында болады, сонымен қатар психикалық ауруларымен, көңіл-күй
бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір
қызықтырмайтын болып келеді.
Жастар арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау мәселесін зерттегенде
анықталған: тұтастай алғанда көп жағдайларды жасөспірімдер ата-аналарының,
мұғалімдердің назарын өз мәселерлеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол
жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің
селқостығы, парықсыздық,арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын
білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық
сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген
жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген
психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан
жасөспірімді аман алып қалған болар еді...
7
Басқалар үшін жақсылықты аямаңыз. Біреу қиындыққа ұшырап қалса оған
көмектесіп көріңіз. Барлығы бірден бола қоймайды! Жүйкесі шаршаған адамдар
қандай да болмасын істі күрделі деп санап,оны бітіру үшін көп күш жұмсайды.
Кішігірім мәселелерге назар аудармай, ең маңыздысынан бастаңыз. Ал ұсақ-
түйекке жеткен кезде олар сізге соншалықты жеңіл көрінеді.
Өзіне-өзі қол жұмсауға бет алған адамға: «Ойлан,сенің өлімің
жақындарыңа қандай қайғы әкеледі», -деп айтқанша, оның ойына мүмкін әлі
келе қоймаған басқа шешім туралы ойлануды сұраңыз. Сіз ол адамның жан
жарасын білдіретін сөздерін, мейлі ол уайым, қайғы, кінә, қорқыныш немесе
ашу-ыза болсын, тыңдай білсеңіз, оған баға жетпес көмек бергеніңіз. Тіпті кейде
жай ғана үндемей онымен бірге отырсаңыз да, бұл сіздің оған деген қамқорлық
қатынасыңыздың, оның тағдырына немқұрайлы қарамайтыныңыздың дәлелі
бола алады.
Ата-ана, ұстаз әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шетсіз
шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ,
қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған
мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін,
отбасын, жалпы өмірді сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығарымыз
сөзсіз.
Жасөспірімдерге өмірді бағалауға тек махаббат, түсіністік және қолдау
көрсету көмектеседі.
Жасөспірімдерді қатерлі қадамнан тек өзін тыңдайтын, түсіністікпен
қарайтын адаммен сөйлесу мүмкіндігі ғана құтқара алады.
Шетелдiк ғалымдардың айтуынша, шын мәнiнде, өзiне-өзi қол жұмсауды
ойлаған адамдар өмiр сүргiсi келiп, көмек iздеп шарқ ұратын көрiнедi. Әрине,
өмiр деген тәттi ғой шіркін. Бағалай білген адам оның әрбір сағаты мен минутын
алтын берсе де айырбастамас еді. Өйткені, өмір адамға бір-ақ рет беріледі.
Өлшеніп берілген ғұмырды өкінбестей өткізу адамға парыз. «Ашу дұшпан, ақыл
дос» деп бұрынғылар дұрыс айтып кеткен. Сондықтан, кез-келген нәрсеге
сабырмен қарап, әр қимылыңды жеті рет өлшеп, бір рет қиған ләзім.
Балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу, мәселелерін шешуге
көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу, ұрысу, жекіру орнына жиі мақтап
мадақтап отыру, кешірімді болу, ал ең бастысы, бала қандай болса, солай
қабылдау, сол қалпында жақсы көру, кемшілігін жасырып, артықшылығын
асырып, оны жақсы көретіндікті сездірту бұл келеңсіз жағдайларды алдын
алатын жолдардың бірі.