2
УДК 370.153
ББК 88.840
Жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлық және оның алдын алу
жұмыстары (әдістемелік құрал) Қостанай қ., (ҚР), 2016 ж. -51 бет.
Құрастырушы –авторлар:
Құлмағанбет Ә.Қ.- «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ
әдістемелік кабинетінің тұлғаны әлеуметтендіру және тәрбиелеу бөлімінің
сектор меңгерушісі,Садыкова Ж.Б.- «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің
санаторлық және жалпы дамулық типті «Золотой ключик» бөбекжай-
балабақшасы» педагог-психологы, Нургали Ж.Т.- Амангелді ауданы әкімдігі
білім беру бөлімінің «Жасбуын орта мектебі» педагог психологы, Қабылова
К.А.- Федоров ауданы білім бөлімінің №2 орта мектебі педагог-психологы,
Тоқтасын Ж.Т.-Таран ауданы білім беру бөлімінің № 1 орта мектебі педагог-
психолог, Сейтжанова Т.Н. - Жангелдин ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің
«Ы.Алтынсарин орта мектебі» педагог-психологы, Аспандиярова А .М.
Қостанай қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің №17 орта мектебі педагог-
психологы, Әбдіғали Ұ.Н.- Амангелді ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Жасбуын
орта мектебі» педагог-психологы, Муратова М.- Әулиекол ауданы әкімдігі білім
беру бөлімінің педагог-психологы.
ISBN 978-601-80636
Бұл әдістемелік құралда 2016 жылы жүргізілген 3 жылға дейінгі еңбек
өтілі бар педагог-психологтардың «Жас мамандар мектебі» жобасы аясында
жүргізілген жұмыстардың қорытындысы, материалдардың мазмұны білім беру
мекемелеріндегі жасөспірімдер арасында кездесетін өзіне-өзі қол жұмсауды
болдырмау шараларын жоспарлауға, сонымен бipre топтық психологиялық
тренинг арқылы жасөспірімдерге дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
«Жас мамандар мектебі» жобасы аясындағы (педагогикалық озық
тәжірибиелер тарату Кеңесіндегі 1 хаттамасы 22.12.2016 ж Куәлік №152)
жұмыстар оң тәжірибе берді.
Психологтарға, педагогтерге, ата-аналарға арналған көмекші құрал.
УДК 370.153
ББК 88.840
ISBN 978-601-80636
© «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ
© «Synergy» ғылыми білім беру орталығы, 2017
3
МАЗМҰНЫ
Түсінік хат................................................................................................................4
Алғы сөз....................................................................................................................6
Өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) туралы жалпы түсінік.........................................8
Жасөспірімнің өмірге, мектепке, құрдастарына деген көзқарасын
анықтау сауалнамасы..............................................................................................17
«Оқушылар көзімен» сауалнамасы........................................................................18
«Оқушылардың ҰБТ-ға немесе емтиханға дайындығын анықтау»
сауалнамасы.............................................................................................................19
Күйзеліске қалай төтеп бере аламыз?....................................................................23
Мазасыздықтан қалай арылуға болады?(психологиялық кеңестер)...................32
Ата-аналарға арналған тест «Мен және менің балам»............................. ...........36
«Отбасылық тәрбиелеудің стратегиясы» тесті.....................................................39
Қорытынды...............................................................................................................44
Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................................51
4
Түсінік хат
Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі — өзін-өзі өлтіру дегенді
білдіреді. Өткен ХХ ғасырдың басында осы жайға назар аударған австриялық
психолог Зигмунд Фрейд адамның өзіне-өзі қол жұмсауы ызақорлық,
агрессиядан болатынын мәлімдеген. Ал, америкалық психолог Карл Менниндер
суицидтің барлығын санадан тыс жасалатын өзара байланысты үш негізгі
себеппен: өш алу, жеккөрушілікпен, тығырықтан шығатын жол таппағандықпен
және кінәлі сезімнің күштілігімен түсіндірген.
Өзін-өзі өлтіру деген түсінікке 19 ғасырда «Самоубиство:социологический
этюд» деген еңбегінде француз социологы Эмилем Дюргкгейм классикалық
тұрғыда анықтама берді.Өзінің осы түсінік туралы пікірінде ,тікелей немесе
жанама болса да,оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі болып табылатын әрбір
өлім жағдайын жәбірленушінің өзі жасаса ,және ол оның нәтижесі туралы
білсе,онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып табылады дейді.Өзін-өзі өлтіру-
философиялық (өмірдің мәнін жоғалту),психологиялық (психологиялық теріс
бейімделу,фрустрация),әлеуметтік(әлеуметтік
жағынан
өз
орнын
таппау,қанағаттанбау
сезімі,
әлеуметтік
мәртебесін
жоғалту
және
т.б.),медициналық (күрделі ауру,психикасының бұзылуы),адамгершіліктік және
құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі,көп қырлы
феномен. Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, дүниежүзінде әрбір
20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Тіпті жылына 1 миллион
адам өзін ажалға қиып, шамамен 20 миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке
қоштасуға әрекет жасайды. Сорақысы сол, бұлардың 8 мыңы — қазақстандықтар
екен. Ал бұл дегеніңіз, республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен
өмірмен қоштасады деген сөз. Назар аударарлық бір нәрсе, Қазақстанда адам
өлтіргендерге қарағанда, өз-өзін өлтіруге бейім тұратындардың саны әлдеқайда
көп көрінеді. Ал енді халықаралық анықтама қызметінің дерегіне жүгінсек, 1950
жылдан бергі кезеңде суицид оқиғасы 60 пайызға өсіпті. Міне, осы дерек-
дәйектердің өзі соңғы уақытта суицид оқиғасының дүниежүзінің түкпір-
түкпірінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткенін байқатса керек.
Адамның тағдыры Алланың қолында, ол өзінің азды-көпті кешкен
тіршілігінде пешенеге жазғанын көріп, сезінеді дегенімізбен, қазіргі жастарға
індет болып таралған «Өзіне-өзі қол жұмсау» деген пәле қайдан шықты? Оның
сырын қайдан іздейміз? Неге біздің елімізде жастар өлімі көбейіп барады?
Қалай ғана олар өз өмірлеріне жеңілдікпен қол салады? Жасөспірімдер
арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын қалай алуға болады? Өмірдің мәні
неде?
Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. Ал бітпес тіршіліктің сол тауқыметіне
қарсы күрес, өз несібеңді айырып, жесең, соның өзі бақыт. Бірақ
ойлы-қилы