«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы»мм қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» ӨҒПО



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет14/16
Дата05.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7092
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

40 

 

Г. Бұл тәсіл бізге ұнамаса да, бала өзінің сезімін білдіртуге құқығы бар. 



 8.Сіздің  жасөспірім  балаңыз  ата-анасы  жоқ  кезінде,  барлық  достарын  жинап 

досының саяжайында уақытын өткізгісі келеді. Сіз оны жіберер ме едіңіз? 

А. Ешуақытта! Мұндай жиналыстар жақсылыққа әкелмейді. Балалар көңілдерін 

көтеріп демалғысы келсе, үлкендердің бақылауымен жасасын. 

Б. Балаларын тәртіптьі, сенімді балалар деп танысам, мүмкін. 

В.  Өзі  шешім  қабылдайтындай  ақылды  адам.  Бірақ,  әрине,  ол  жоқ  кезде 

алаңдаймын. 

Г. Рұқсат бермеудің себебін көріп тұрған жоқпын. 

9. Балаңыз Сізге өтірік айтқанын білсеңіз не істейсіз? 

А. Бар шындықты айтқызуға және ұялтуға тырысамын. 

Б. Себебі маңызды болмаса, мән бермеймін. 

В. Ренжимін. 

Г. Өтірік айтуға не себеп болғанын анықтауға тырысамын. 

10.Балаңызға лайықты үлгі беріп жүрмін деп ойлайсыз ба? 

А. Сөзсіз.                                    

Б. Тырысамын.                                       

В.Сенемін. 

Г.Білмеймін. 

Нәтижені өңдеу және түсіндіру 

Тәртібінің стилі 

Сұрақтардың нөмірі 

1  2  3  4 

6  7  8  9  10 



беделді 

Б  В  В  Г  В  Г  А  Б  Г  Б 

өктемшіл 

А  А  Г  В  Б  Б  Б  А  А  А 

либеральдық  В  Б  Б  Б  А  А  Г  В  В  В 

бейтарап 

Г  Г  А  А  Г  В  В  Г  Б  Г 

  

  



Кестедегі Сіз таңдаған жауаптардың нұсқасын белгілеңіз және ата-аналар 

тәртібі  типтерінің  біреуіне  сәйкестігін  анықтаңыз.  Жауаптардың  типтерінен 

біреуі  басымдырақ болса,  сіздің  отбасыңыздағы  тәрбиелеу  стилі  анық  көрінеді. 

Егер  сіздің  жауаптарыңыздың  арасында  бір  категория  болсын  басым  болмаса, 

нақты  принциптер  мен  ата-аналардың  тәртібі  мезеттік  көңіл  күймен  мәжбүр 

болса,  онда  мәселе  тәрбиелеудің  қайшылығы  туралы.  Балаңызды  қандай 

жағдайда,өзіңізді қандай ата-ана ретінде көргіңіз келетінін түсініңіз. 

  

Беделді  стиль.Баланың  жеке  қалыптасуында  сіз  маңызды  ролді  түсінесіз, 

бірақ, өзін-өзі дамытуға құқығыңыз бар екенін мойындайсыз. Қандай талаптарды 

талап  етуге,  қайсысын  талқылау  керектігін  жақсы  білесіз.  Ақылмен  өзіңіздің 

көзқарасыңызды  қайта  қарауға  дайынсыз.  Ата-аналар  олардың  жас  ерекшелік 

мүмкіндіктеріне  сәйкес  өз  балаларының  жеке  жауапершілігін  және  дербестігін 

мадақтайды.  Жасөспірімдер  отбасылық  мәселелерді  талқылауға,  шешім 

қабылдауға  қатысады,  ата-аналардың  пікірін,  кеңесін  тыңдайды,  талқылайды. 

Ата-аналар  балаларынан  саналы  тәртіпті  талап  етеді  және  оларға  көмектесуге 

тырысып,  талаптарына  айқын  қарайды.  Сол  кезде  ата-аналар  дұрыс,  жауапты 

әлеуметтік  тәртіпті  қалыптастыратын  тұрақтылықты  білдіреді,  әділеттілік 

туралы ойлайды. 




41 

 

  



Өктемшіл стиль, Сіз балаңыздың қандай болып өсуін жақсы білесіз және 

бұған  көп  күшіңізді  жұмсайсыз.  Өзіңіздің  талаптарыңызда  сіз  мүмкін,  кесімді 

және  бірбекткейсіз.  Балаға  сіздің  бақылауыңызда  өзін  жайсыз  сезінуі  таң 

қаларлық жағдай емес. Мұндай тәрбие стилі бар ата-аналар баланың дербестігіне 

шектеу  қояды,  қатаң  бақылауға  алып,  қатыгез  тыйыммен,  сөгіспен  және 

физикалық  жазалаумен  өздерінің  талаптарын  сәл  негіздемейді.  Жасөспірімдік 

шақта  ата-аналардың  өктемшілдігі  шиеленіс  пен  дұшпандық  тудырады. 

Белсендірек,  күштірек  жасөспірімдер  қарсы  тұрады  және  ашу  шақырады, 

агрессивті  күйге  түсіп,  мүмкіндік  болған  жағдайда  ата-аналарының  үйінен  жиі 

қашады.  Ұялшақ,  өзіне  сенімі  жоқ  жасөспірімдер  ата-аналарының  айтқанын 

тыңдап, дербестік танытпайды. Егер де ересек жасөспірімдерге қатысты аналар 

«келісім беру» тәртібіне жақынырақ  тұрса, өктемшіл әкелер ата-аналар билігінің 

таңдалған түрін ұстанады. Мұндай тәрбиеде балаларда кінә сезімі және жазалау 

алдындағы  қорқыныш  негізінде  ішкі  бақылау  механизмі  ғана  қалыптасады, 

жазалау  қаупі  жоқ  болған  кезде  жасөспірімнің  тәртібі  қоғамға  қарсы  болуы 

мүмкін.  Өктемшіл  арақатынас  балаларымен  рухани  жақындықты  басады, 

сондықтан  күдіктілікке,  үнемі  сақтыққа  және  қоршаған  ортаға  дұшпандыққа 

алып келетін олардың арасында ынтықтық сезімі сирек болады. 

 

Либералды  стиль.Сіз  өзіңіздің  балаңызды  жоғары  бағалайсыз,  оның 

әлсіздігі кешірімді деп санайсыз. Балаңызбен оңай тіл табысасыз, сенесіз, шектеу 

мен тыйымға бейім емессіз. Бірақ ойлану керек: мұндай бостандық балаға керек 

пе?  Ересек  болған  кезде  мұндай  жасөспірімдер  құптай  бермейтіндермен 

шиеленіседі,  басқа  адамдардың  қызығушылығын  есепке  алмайды,  мықты 

эмоционалды  байланыс  орната  алмайды,  шектеу  мен  жауапкершілікке  дайын 

болмайды.  Бір  жағынан  ата-аналар  жағынан  немқұрайлық  және  эмоционалды 

күш  кемшілігін  қабылдап,  балалар  қорқыныш  пен  сенімсіздікті  сезеді.  Отбасы 

жасөспірімнің  тәртібін  бақылай  алмаса,  қоғамда  дербестік,  жауапкершілік 

тәртібі қалыптаспағандықтан, бейәлеуметтік топқа кіруі мүмкін. 

  

Бейтарап  стиль.Тәрбиелеу  мәселесі  сіз  үшін  аса  маңызды  емес,  өйткені 

сізде басқа мәселелер көп. Бала өз мәселесін өзі шешуге мәжбүр. Бірақ, ол сіздің 

қолдауыңызға және көбірек қатысымыңызға құқығы бар екенін ұмытпаңыз! 

 

Балаңызды орнымен мақтайсыз ба? 

Ата-аналар  балаларын  жиі  мақтаса,  бала  өзін  тым  ерекше  сезініп, 

өзімшіл боп кетуі ғажап емес, Ал кейде тіпті керісінше, оның істеген істеріне, 

талаптарына  мән  бермей  қою  және  немқұрайлы  қарау  баланың  бүкіл  еңбегін, 

құштарлығын жойып жіберуі мүмкін. Бала тәрбиесінде мақтауды өз орнымен 

қолданып жүрсіз бе, жоқ па, оны осы тестінің көмегімен анықтап көріңіз.   

«Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріңіз. 

1.  Балаңызға оның көзінің, шашының әдемі екенін, даусыныңжағымды 

естілетінін, өз құрдастарымен салыстырғанда бойының биік екенін жиі 

айтып тұрасыз ба? 

2.  Балаңыз  сіздің  өтінішіңізді  орындап,  үй  жинауға,  ыдыс  жууға 

көмектескенде, әлде мысыққа тамақ бергенде сіз оны істеген ісі үшін 

мақтайсыз ба? 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау