«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы»мм қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» ӨҒПО



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет3/16
Дата05.01.2018
өлшемі0,5 Mb.
#7092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

 

 



 

 

Өзіне-өзі қол жұмсау (суицид) туралы жалпы түсінік 

 

Адамның  тағдыры  Алланың  қолында,  ол  өзінің  азды-көпті  кешкен 



тіршілігінде  пешенеге  жазғанын  көріп,  сезінеді  дегенімізбен,  қазіргі  жастарға 

індет болып таралған «Өзіне-өзі қол жұмсау» деген пәле қайдан шықты? Оның 

сырын  қайдан  іздейміз?  Неге  біздің  елімізде  жастар  өлімі  көбейіп  барады?  

Қалай  ғана  олар  өз  өмірлеріне  жеңілдікпен  қол  салады?  Жасөспірімдер 

арасындағы  өзіне-өзі  қол  жұмсаудың  алдын  қалай  алуға  болады?  Өмірдің  мәні 

неде? 


 

Өмір  адамға  бір-ақ  рет  беріледі.  Ал  бітпес  тіршіліктің  сол  тауқыметіне 

қарсы  күрес,  өз  несібеңді  айырып,  жесең,  соның  өзі  бақыт.  Бірақ  ойлы-қилы 

өмірдің қиындығына кез-келген адам шыдай ала ма? шыдауы керек деп жұбату 

сөз  айту  жеңіл  болғанымен,  екінің  бірінің  жүйкесі  мықты  емес,  ал   жүйкесі 

жұқалар  бүгінгі  тіршілігінен  гөрі  бақилық  дүниені  дұрыс  көріп,  «сол  жаққа» 

мезгілсіз аттанып жатады. 

«Суицид»   латын  тілінен  алынған  «өзін-өзі  өлтіру,  өзіне  қол  салу»  деген 

мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы -  қасақана өз өмірін қию.    

Суицид  терминін    итальян  психологы    Г.Дэзен  1947  жылы  енгізіп,  оны 

“Өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді. 

«Өзіне-өзі қол жұмсау» жан жүйесі қатты күйзелген кезде, не психикалық 

аурудың ықпалымен адам жасайтын өзін-өзі өлтіру әрекеті. Бұндай мінез-құлық 

жасөспірім  шақта 13  жастан бастап байқалады.  Статистика  бойынша суицидтік 

мінез-құлық  14-28  жас  аралығында  30  пайыз,  жасөспірім  шақта  6-10  пайыз 

құрайды. 

Өз  -  өзіне  қол  жұмсауға  бейім  адамдардың  бірден-бір  бөлігі  психикалық 

тұрғыдан  зардап  шеккен,  дені  сау  адамдар  болып  табылады.      Бұл  ұғымға  19 

ғасырда Француз социологы Э.Дюркгейм анықтама берген: «Қазіргі таңда  өзіне-

өзі  қол  салу  мінез-құлқы  біржақты  патологиялық  тұрғыдан  қарастырылмайды. 

Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның  мінез-құлқы». 

Жасөспірімдер  басқалардан  көмек  күту  мақсатында  суицидтік  әрекетті 

демонстративті түрде көрсетіп, жан-жақтағыларын қорқытады. 

Оның  себептері:  депрессия,  яғни  жан  дертіне  ұшырау  және  стресс,  яғни 

психологиялық  күйзеліс.  Осындай  күйзелістердің  көмегімен  жастарды 

психологиялық   індетке  жетелейді.  Казіргі  жастардың  көпшілігі   жоқшылыққа, 

қиыншылыққа  төзе  алмайды.  Бос  уақыттары  көп,  сабақ  оқымайды,  пайдалы 

істермен айналыспайды, не жеймін, не киемін деп қайғырмайды, басына түскен 

мәселелерді  жеңгісі  келмейді,  сондыктан  да  олар  өз  өмірлері  үшін  күрескеннің 

орнына, мәңгілік сапарға аттанғанды жеңіл көреді. Осындай қиын кезде адам, ең 

алдымен, депрессия, стреске ұшырайды, ең соңында «суицидке» жол береді. 

Депрессиялық жағдайға  түскен адам жиі агрессиялы (ұрысқа, қақтығысқа 

бейім)  болады.  Сонымен  бірге,   оның  агрессиясы   бірінші  кезекте  өзіне,  содан 

соң   жақынына  және  қоршаған  ортасына  бағытталады.  Көп  жағдайда 

 жақындары  немесе  қоршаған  ортасы   оның  бойындағы  өзгерістерді   түсінбейді 



 

де, қабылдай да алмайды. Ал бұл оны көптеген тығырыққа тіреп, соңы өзіне-өзі 



қол жұмсауға әкеліп соғады. 

Депрессияға,  стресске  шалдыққан  адам,  өзіне  көңілі  ешқашан  толмайды. 

Осыны  пайдаланып,  буыны  бекіп,  өмір   туралы  өзіндік  дүниетанымы 

қалыптасып  келе  жатқан  жастарды   желкесінен  алып,  жолынан  тайдыратын, 

үмітін  үзетін,  басқа  түскен  қиындықпен  күресуіне  жол  бермейтін,  өмірден 

түңілдіретін – осы өзіне-өзі қол салушылық. 

Соңғы  жылдары  елімізде  адамдардың  өз-өзіне  қол  салу  әрекеттері  жиі    

 орын  алуда.   Көпшілікті  алаңдатып  отырған  «Өзіне-өзі  қол  салу»  деп  аталатын 

осы дерттің мектеп оқушыларын да жағалауы дабыл қағарлық жағдай. 

Жасөспірімдер  11  –  16  жас  аралығындағы  балалар.  «Жасөспірім»  сөзінің 

мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім 

шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің 

дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады. 

 Олардың  физиологиялық,  дене  құрылысының,  күшінің,  жыныстық 

бездерінің  қатты  дамуын  байқауға  болады.  Сондықтан  да  осы  жас  аралығында 

балалар өздерін ересектер қатарына қосады. 

Жасөспірімдер басқалардан ерекшелену мақсатында мінездерін көрсетеді. 

Әсіресе, бұндай көңіл-күй, ер балаларда 11-13 жаста,  қыз балаларда 13-15 жаста 

көптеп  кездеседі.  Осы  кезеңнен  балалар  мінез  қыңырлығымен  сипатталады. 

Жасөспірімдер  өте  еліктегіш  болады,  егерде  олардың  еліктеуі  орынсыз  болса, 

баланың  тәрбиесі  қиындайды,  еңбек,  күш  қабілеті  төмендейді.  Жасөспірім  өзін 

бала  емес  екенін  сезініп,  сенімсіз  болады.  Оларды  «Мен  кіммін?,  «Не  үшін 

өмірге  келдім?»  деген  сұрақтар  көп  мазалатады.  Ол  өзіне,  өзгеге  сын  көзбен 

қарайды. Көп жағдайға көңілі толмайды. Беделге ұмтылу дағдарысы отбасында 

әкесі  мен  шешесіне  қарсы  шығудан  көрінеді.  Жасөспірім  билікке,  тәртіпке, 

жалпы  қабылданған  ережелерге  қарсы  шығып,  мойындаудан  бас  тартады. 

Шындықтан қашу, қалыпсыз мінез-құлыққа, секталарға, жастар қоғамына кіруге 

ұмтылудан  көрінеді.  Олар  өте  қызыққыш  болады,  мысалы,  қызық  кітап, 

фантастика,  кино,  әнге  құмарлық,  биге  құмарлық  т.б.  кейбіреулері  жағымсыз 

қылықты құмарлатады, мысалы, саудагерлікке, шылым шегу, ақша құмарлыққа 

т.б. 

Сондықтан ата-ана мен мұғалім бір-бірімен өзара байланыс жасап, үйдегі 



мінез-құлқы мен мектептегі мінез-құлқын бақылап отыру керек. 

Ата-ана  мен  мұғалімдер  жасөспірімдерге  ересектердің  міндетін  артады, 

балалардың  құқығын  шектейді.  Бір  тапсырманы  орындамаса,  «неге 

орындамадың,  қашанғы  бала  боласың?»  дейді.  Ал,  жасөспірімдер  бір  нәрсеге 

ересектік талпыныс жасаса, «Сен әлі баласың» дейді. Ересектер баланың жаман 

жолға түсіп кетуінен сақтанады. 

Жасөспірімдер  балалық  кезеңнен  өткеннен  кейін,  ата-анамен  қарым-

қатынастан  құрбыларымен  қатынасқа,  ой  бөлісуге  көшеді.  Ересектің  пікірінен 

гөрі, құрбыларының пікірін артық санайды. Тек жасөспірімдер бір-бірін түсінеді, 

себебі  ортақ  әңгіме,  ортақ  идея,  ортақ  кейіпкер,  ортақ  пікір,  ортақ  ойын,  ортақ 

демалыс, ортақ сезім, ортақ мұң, ортақ қуаныш-бәрі ортақ. Сол ортақты бөліседі. 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау