27
аузын байлаймыз). Баламды қолынан ұстап алдымда, әрі қарай жылжыдық.
Балам үндемей келеді, бірақ жерден бір бұтақты көтере бастады. Мен оның
тілазар екенін айтып,қолынан салып жібердім.
- Осы сенің қолдарыңа тыным жоқ екен. Таста дедім мен саған. ТАРТ
ҚОЛЫҢДЫ!(орамалмен қолдарын байлаймыз) Осы кезде секеңдеп,
аяғын жан-жаққа сермей бастады. Менің төбе шашым тік тұрып, оған
айқайладым.
- Сен мұндайды қайдан үйренгенсің? Бұл немене тағы?Секеңдегеніңді
қой! ТҮЗУ ТҰР!(орамалмен аяқтарын байлаймыз) Мен сағатыма қарап,
кешігетінімізге ашуланып, баланы сілкілей бастадым.
- Неғып былжырап келесің, аяғыңды бас тезірек, жүруді де ұмытып
қалғансың ба, Бол тез! Әкел қолыңды! Қолы қол емес имек сиақты, не
дұрыс жаза алмайды, не дұрыстап ұстай алмайды. Жолыңа қара, сүрінбей,
соқырға ұқсап келе жатқанын қарашы! Неғып үндемей қалдың мен сенімен
сөйлесіп тұрмынғой керең неме! Қызым жыламсырай бастады. Мен одан
сайын даусымды көтеріп айқайлады.
- Неге жылайсың? Неге жылайсың деймін мен саған. Жылайтындай не
болды? Мені ұятқа қалдырдың ғой ! Мен кімге айтып тұрмын.
ЖЫЛАМА!(осы сөздерден кейін ішін қатты байлаймын) Сөйтіп, әрі
қарай баламды қолынан дым келмейтіндігі үшін сөгуді жалғастыра бердім.
Яғни мен оның бала екенін және оған менің көмегім керек екенін ұмытып,
оның істеген істеріне көңілім толмай жүре бердім.
Ата-аналардың ой пікірлерін тыңдау
- Сіздердің осы оқиғадан түйген ойларыңызбен бөліссеңіздер?
- Ата –ана бала көзімен болғанда қандай әсер алдыңыз?
- Кішкене болсада бала тәрбиесінде кетіп жатқан қателіктеріңізді
түзетуге түрткі бола алды деп ойлайсыздар ма?
Жақсы! Керемет ой білдірдіңіздер! Негізінде балаңыздың дұрыс
қалыптасуына күніне бірнеше рет құшақтаудың оң әсер беретінін білесіз бе?
Яғни балаңыздың өмір сүруі үшін 4 рет құшақтау өте қажет болса, ал өзін
жақсы сезіну үшін кем дегенде 8 рет құшақтау керек екен. Ал баланың
интеллектуалдық жағынан дамуы үшін- күніге 12 рет құшақтау қажет. Бала өзі
ата-ана құшағынан өзі шықпайынша итеріп жіберуге болмайды. Бала өзін
риясыз қабылдайтынын сезініп өсу керек.
5. «Мен және менің балам»қызықты сұрақтар
1. Балаңыздың туған күні?
2. Тәрбиешісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың досы кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
10.Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
11. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
28
12. Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
13. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
14. Балаңызды болашақта кім болады деп елестетесіз?
15. Балаңыздың тәтті қылықтары?
6 . Күн шуағы (Рефлекция)Ата-аналар ортаға шығып шеңбер бойымен
дөңгеленіп тұрады. Тренингке қатысушыларға күннің шуақтары таратылады.
Олай болса, әрқайсымыз мына ғажап кішкентай бүлдіршіндеріміздің
алақандары
арқылы
балаларымызға
деген
сүйіспеншіліктерімен, тілектерімізді, өз ой-пікірлерінізді
жазып күннің бейнесін құрастыра отырып жылуын
қабылдайық. Күннің жылуын қабылдаған оң қолымызды
жүрегіміздің үстіне қоялық. Күннің мейірім жылуы біздің өн
бойымызға тарап, біздің жылуымыз көбейді. Енді осы
жылуды қолдарымызды ұстасып, бір-бірімізге беріп үлкен
шеңбер жасайық. Міне көрдіңіздер ме, кішкене күннің
мейірім жылуын бір-бірімізге беру арқылы үлкен жарық күн
де пайда болды. Әрдайым осындай күн шуағындай бір-
бірімізді жылытып, бір-бірімізге мейірімді, сүйіспеншілікте
болайық. Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп
рахметімізді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін
дегім келеді. Сау болыңыздар!
Ата-аналарға арналған тренинг «Ренішті қалай кешіруге болады?»
Ата-аналармен сәлемдесіп, тренинг тақырыбымен таныстырамын.
- Біздің бүгінгі сіздермен өткелі отырған тренингіміздің тақырыбы
«Ренішті қалай кешіруге болады?»деп аталады. Ең әуелі біз «реніш» пен
«кешіру» туралы ойымызды топтап алайық.
2. Ой шақыру.
-Міне, ата-аналар сіздер «реніш» пен «кешіру» туралы өз ойларыңызды
топтадыңыздар.
- Сіздер қалай ойлайсыздар, ренішті қалай кешіруге болады?
-Дұрыс айтасыздар ренішті кешіре білудің өзіадамгершілік қасиетке
жатады екен. Өзгені кешіре білу үшін адам әуелі өзін өзі тани білу керек.
Олай болса келесі бөлім.
29
3. Өзіңді өзің тани біл.
-Қазір сіздерге үлестірмелі қағаздар таратылып беріледі, ондағы «Мен
кіммін, қандаймын және мен туралы басқалар не деп ойлайды?» деген
сұрақтарға жауап жазасыздар.
Мен _____________________________
Мен______________________________
Мен туралы басқалар не деп ойлайды?
Сіздер өздеріңіздің қандай екендеріңізді, сонымен қатар сіздер туралы.
Өзгелер не деп ойлайтынын айтып өттіңіздер.
Адам баласы кез келген нәрсені оқығанда немесе көрген де одан ғибрат
алу керек екен.Олай болса келесі бөлім:
4. Оқып, талдап,ғибрат қыл.
-Мен қазір сіздерге әңгіме оқып беремін, мұқият тыңдаңыздар. (Баяу
музыка ойналады.)
Ертеде бір кісі баласын әбден есіртіп,еркелетеді. Өсе келе тілі удай ащы,
есерсоқ, бейәдеп жігіт атанады. Жұрт безердей болғандықтан, оның қасына
ешкім жүрмеуге тырысады.
Әкесі әбден ойланып, мынадай айла жасайды. Баласын шақырып алып, бір
жалпақ тақтай береді. Күніне қанша адамды ренжітсең, мына тақтайға сонша
шеге қақ дейді. Бірінші бала тақтайға 37 шеге қағады.
«Балам,өзіңді тежеп ұстап, шегеңді азайтуға тырыс» депті. Баласы әкесінің
сөзін тыңдап, азайта отырып, бір күні ешкіммен ұрыспайтын, шеге қақпайтын да
күнге жетіпті. Сол күні әкесі былай деп ақыл айтады:
«Енді балам, ешкіммен ұрыспайтын болдың. Бір адамды қуантқанда бір
шегеден суырып отыр». Бала әкесінің сөзін орындауға тырысып, тақтайдағы
шегені де күндердің бір күнінде таусыпты. Әкесі қуанып «Балам мен сені дұрыс
адам болмайтын шығар деп қорқып едім. Міне өзіңді өзің тәрбиеледің, жақсы
адам болып жолға түстің. Бірақ балам, мына тақтайға қарашы,бұрынғысындай
тегіс әдемі емес. Беті шұрық тесік. Сен қанша кешірім сұрасаң да олар қанша
кешірдім десе де кезінде айтылған сөздерді қалай өшіресің? Бәрібір ол жүректің
түбінде қалады ғой. Әрине, бұл күндердің әркіммен бір ұрысып жүргеннен
жақсы. Бірақ бұл саған өмірлік сабақ болсын, тіліңе ие бол», -дейді.
-Бұл әңгімеден сіздер қандай ғибрат алдыңыздар, оны сұрақтар арқылы
талдап көрелік.
-Әкесі неге қарапайым талап қойды?
-Ата-анасының баласын еркелеткені дұрыс па?
-Тақтайдың бетін немен бітеуге болады, көңілде қалған сөздерді немен
өшіруге болады?
-Осы баланың орнында өздеріңіз болсаңыздар не істер едіңіздер?
-Жақын достарыңызды, әріптестеріңізді, балаларыңызды ренжіткен
кездеріңіз болды ма?
-Сіз өзіңіз біреуге ренжідіңіз бе?
Яғни, біреуді ренжітпеу,оны кешіре білу үшін бойымызда жақсы қасиеттер
басым болу керек екен. Ендеше келесі бөлім:
5. Жақсы мен жаман қасиеттер.