78
Кесте 18 – Зертханалық сабақтардың жоспары және мазмұны
Зертханалық сабақта жүргізілетін жұмыстардың
атаулары
Сағат
саны
Семестр
аптасы
Кіріспе сабақ
1
1
Жартылай ыдырау периодын есептеу
1
2
Сәуле шығарудың тұтас және сызықтық спектрлерін
бақылау
1
3
Дайын фотосуреттер бойынша бӛлшектердiң ӛзара
әрекеттесуiн зерттеу
1
4
Радиоактивті ыдырауды компьютерлік модельдеу
1
5
Сутегі атомының сәулелену спектрін зерттеу
1
6
Газ атомының қозу және иондалу процесін Франк-
Герц әдісімен зерттеу.
1
7
Ауадағы еркін жүру ұзындығы арқылы альфа-
бӛлшектерінің энергиясын анықтау.
1
8
Электрондардың энергетикалық спектрі (β- ыдырау).
1
9
Сыртқы фотоэффектіні зерттеу және Планк
тұрақтысын анықтау.
1
10
Космостық сәулелерді зерттеу.
1
11
Иондаушы сәулелерді тіркеудің сцинтилляциялық
әдісі.
1
12
Жартылай ӛткізгіштердегі Холл эффектісін оқып-
зерттеу.
1
13
Жартылай ӛткізгіштердің электр ӛткізгіштігінің
температураға тәуелділігі.
1
14
Қорытынды сабақ
1
15
Барлығы:
15сағ.
Зертханалық, практикалық сабақтар кейде мұғалімнің жаңа тақырыпты
түсіндіру бағытында жүргізіледі, егер оған сағат бӛлінбеген болса, тарауды
қорытындылау кезінде ӛткізуге болады.
Зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған
жағдайда оларды кӛрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен
алмастыруға болады.
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған сабақты оның мақсаты мен
мазмұнына байланысты әртүрлі етіп құруға болады. Қазіргі уақытта
зертханалық жұмыстарды орындауға байланысты сабақтарды ӛткізудің
мынадай ең кең тараған схемасын ұсынуға болады: кіріспе әңгіме,
экспериментті білім алушылардың орындауы және ӛлшеу нәтижелерін
дұрыстау, жұмыстың қорытындысын шығару.
Кіріспе әңгіменің мақсаты білім алушылардың зертханалық жұмыстарды
саналы орындауға дайындығын айқындау, ал оған материал бойынша жаппай
79
сұрауды ӛткізу арқылы қол жеткізіледі, бұл білім жұмысты сапалы орындау
үшін қажет. Одан кейін жұмыстың мақсаты тұжырымдалады және оның
орындалу барысы (жоспар) талқыланады. Осыған байланысты құралдармен
материалдармен жұмыс істеу ережелері туралы, сондай-ақ есепті әзірлеу
туралы қысқаша нұсқаулар беріледі.
Зертханалық жұмысты орындауға кірісе отырып, білім алушылар
құралдармен танысады, қажетті нәрселердің бәрі үстелде бар ма, соны
тексереді. Оның соңынан тағайындалған жоспарға сәйкес олар ӛз бетінше
тәжірибелер және ӛлшеулер жүргізеді, ӛлшеулердің нәтижесін кестеге жазады.
Жұмыс нәтижелерінің дәлдігін арттыру үшін бір шаманы ӛлшеуді бірнеше (3-5)
қайтара жасап, оның орташа мәнін табуды ұсынған жӛн.
Оқытушы қатарлар бойымен ӛтіп жүріп, білім алушылардың жұмыс
барысын бақылайды, пратикалық нұсқаулар береді, қажетті жағдайларда жеке
білім алушыларға кӛмек кӛрсетеді. Ӛлшеу ережелерін сақтауға және
құралдарды пайдалана білуге ерекше кӛңіл аударған жӛн. Жұмыс кӛлемі
барлық білім алушылар асықпай, жұмысты аяғына дейін дұрыс орындап және
ӛлшеу нәтижелерін дұрыстау ісін жүргізетіндей болуы тиіс.
Орындалған зертханалық жұмыстар бойынша білім алушылар ӛз
дәптерлеріне қысқаша есеп жасайды. Бұл есептерді оқытушы мазмұны
жағынан, жазылу сапасы тұрғысынан мұқият тексеруі тиіс. Барлық зертханалық
жұмыстарды бағалау қажет.
Зертханалық жұмыстың соңында немесе келесі сабақта, жұмыс
нәтижелерін қысқаша талқылау керек. Бұл жұмысты қорытындылау, негізгі
жетістіктерді және ондағы кемшіліктерді айқындау, жіберілген қателердің
себептерін түсіндіру мақсатын қояды.
11-сыныптың
бағдарламасында (жаратылыстану-математика бағыты
бойынша) «Сәуле шығарудың тұтас және сызықтық спектрлерін бақылау»,
«Дайын фотосуреттер бойынша бӛлшектердiң ӛзара әрекеттесуiн зерттеу»
тақырыбында зертханалық жұмыстар жоспарланған. Кӛрсетілген жұмыстардың
әдістемелік нұсқаулығы тӛменде келтіріген.
1- зертханалық жұмыс. Сәуле шығарудың тұтас және сызықтық
спектрлерін бақылау
Құрал-жабдықтар:электр шамы; сынапты шам; сутек, гелий, криптон
толтырылған газразрядты түтікшелер; спектроскоп; түрлі түсті қарындаштар.
Жұмыстың теориясы
Шығару спектрі деп берілген зат шығаратын жарық құрамындағы барлық
толқын ұзындықтарының немесе жиіліктерінің жиынтығын айтады.
Спектр шығару спектрлері, тұтас, сызықтық және жолақ болып бӛлінеді.
Қатты немесе сұйық күйдегі заттардың спектрлері тұтас болып табылады.
Тұтас спектрдің құрамында кӛрінетін жарықтың барлық жиіліктері кездеседі,
сондықтан ол бір-біріне үздіксіз, біртіндеп ауысатын түрлі түсті жолақтар
түрінде кӛрінеді. Спектрдегі түстер қызыл, қызғылт, сары, жасыл, кӛгілдір, кӛк,
күлгін ретін сақтап алмасады.
80
Сызықтық спектрлерді атомдық газ күйіндегі заттар береді. Кез келген
заттың жеке атомдары тек сол затқа ғана тән жиіліктер жиынтығынан тұратын
спектрді береді. Әр адамның ӛзіне ғана тән саусақтарының таңбасы болатыны
сияқты, әрбір заттың атомдарының да тек сол затқа ғана тән сызықтық спектрі
болады. Сызықтық спектрлер аралары айқын бӛлінген, түрлі түсті жіңішке
сызықтар түрінде кӛрінеді.
Жолақ спектрлерді заттың бір-бірімен әлсіз байланысқан немесе мүлдем
әрекеттеспейтін молекулалары шығарады. Жолақ спектрлер қара аралықтармен
бӛлінген жарық жолақтар түрінде кӛрінеді.
Сурет 11 – Екі түтікті спектроскоп
Жұмыс барысы
Шығару спектрлерінің заңдылықтарын бақылау.
1-тапсырма. Тұтас шығару спектрін бақылау
1. Спектроскоптың окулярын кӛзге жақындатып,
күндізгі жарықтың спектрін қарап шығыңдар да,
кӛргендеріңді суретке салыңдар.
2. Спектрометр саңылауының алдына электр шамын орналастырып,
шамды жағыңдар.
3. Спектроскоптың саңылауын шамға бағыттай отырып, жарықтың айқын
шығару спектрін алыңдар. Оған зер салып, суретін дәптерге түсіріңдер.
2-тапсырма. Сызықтық шығару спектрлерін бақылау
1. Спектрометр саңылауының алдына оптикалық тұғырға сынап шамын
орнатып, оны жағыңдар. Кӛрінген сызықтық спектрдің бәрін қарап шығыңдар.
2. Сынап шамының
орнына газразрядты түтікшелерді кезегімен
орналастырып, олардың әрқайсысының сызықтық спектрлерін кӛріп
шығыңдар. Сутек спектрін сызыңдар.
2- зертханалық жұмыс. Дайын фотосуреттер бойынша бӛлшектердің ӛзара
әрекеттесуін зерттеу
Құрал-жабдықтар:
Достарыңызбен бөлісу: |