105
- эксперименттік және бақылау топ оқушыларының атомық және ядролық
физика мәселелері бойынша
білім сапасын салыстыру;
- тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін статистикалық,
математикалық ӛңдеу.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың бірінші кезеңі – анықтау
эксперименті. Бұл кезеңнің эксперименті 2013-2014 жылдары аралығында
жүргізілді.
Анықтау эксперименті кезеңінде зерттелетін мәселенің нақты жағдайының
деңгейін анықтау мақсатында физика оқулықтарына, оқу-әдістемелік
құралдарға, жоғары оқу орнында физиканы оқыту әдістемесі жүйесіндегі
пәндердің, соның ішінде «Атомдық және ядролық физика» курсының
бағдарламалары мен оқу-әдістемелік құралдарына талдау жасалды.
Анықтау эксперименті барысында әртүрлi әдiстер пайдаланылды: зерттеу
жұмыстары бойынша педагогикалық, физикалық, әдістемелік еңбектер мен
зерттеу тақырыбына байланысты диссертациялық жұмыстар талданды,
еліміздегі жоғары оқу орындарында 5В011000 – «Физика» мамандығы
бойынша студенттерге оқытылатын пәндерге, олардың бағдарламаларына
талдаулар жасалды; физик мұғалімдерге деген сұраныс, физиканы оқытудағы
озық тәжірибелер зерттелінді; студенттермен, жоғары оқу орындарының
оқытушыларымен, физик ғалымдармен, мектеп мұғалімдерімен әңгіме
ӛткізілді.
Сонымен, анықтау эксперменті кезеңінде жоғарыда аталған оқу
орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің нақты жағдайы мен осы даярлаудың
бастапқы деңгейін анықтау үшін мына міндеттердің шешімі іздестірілді:
1) педагогикалық жоғары оқу орындарында «Атомдық және ядролық
физика» курсын оқыту сапасын анықтау;
2) педагогикалық жоғары оқу орындары білім алушыларының «Атомдық
және ядролық физика» курсы бойынша білім
дәрежесін анықтау;
3) мектеп оқушыларының атомдық және ядролық физика мәселелері
бойынша білім дәрежесін анықтау;
4) «Атомдық және ядролық физика» курсы оқытудың қиыншылықтарын
анықтау;
5) «Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға
мұғалімдерді даярлаудың әдістемелік негіздерін ұсыну үшін қажетті
дидактикалық материалдарды дайындау.
Бұл мәселелерді шешу барысында сауалнамалар жүргізу, бақылау
жұмыстарын алу, әңгімелесу сияқты тәсілдер қолданылды.
Анықтау эксперименті кезеңінде (2013-2014 оқу жылдары) зерттеу
мәселесін талдау жұмыстары; педагогикалық
жоғары оқу орындарында
«Атомдық және ядролық физика» курсын орта мектепте оқытуға мұғалімдер
даярлаудың қиыншылықтарын анықтау; туындаған қиыншылықтарды
компьютерлік модельдеулерді қолдана отырып, шешу жолдарын анықтау;
мектептерде зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізуді жетілдіру
жолдарын іздестіру; әдіскер ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау;