68
Атомдық және ядролық физиканың негізгі жетістіктерінің бірі
кристалдардағы люмининценция құбылыстарының негізін сипаттау үшін
қолданылады. La
2
Be
2
O
5
монокристалдың оптикалық және электрондық
қасиеттеріне зерттеу жұмыстары жүргізілді. Берилий лантан La
2
Be
2
O
5
(BLO)
кӛптеген практикалық қолданымдар үшін кең таралған оптикалық материал
болып табылады. BLO:Nd
3+
монокристалдың толқын ұзындығы 1.07-1.08 мкм
қатты денелік лазерлік тербелістер үшін жоғары сапалы материалдар ретінде
белгілі [76].
Атомдық және ядролық физика дәрістік сабақтарында білім алушылардың
танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оқытушының баяндауымен білім
алушылардың материалды терең, әрі толық меңгеруін қамтамасыз ететін әр
түрлі әдіс-тәсілдер қолданудан басталуы керек.
Дәрістік сабақты тиімді ұйымдастырудың ұтымды жолдарының бірі –
аудиовизуалды техникалық оқыту құралдарды қолдану. Аудиовизуалды
техникалық оқыту құралдарын пайдалану білім алушылардың белсенді іс-
әрекетін ұйымдастырып, кӛлемді әрі тиянақты білім алуына, логикалық ой-
ӛрісін дамытуға, қабілет-дарынын ашуға жағдай жасайды. Білім алушының
жеке басының кейбір мінез ерекшеліктерінің дамуына да аудиовизуалды
техникалық оқыту құралдарының үлкен маңызы бар. Ол білім алушының
алдына ӛз ұйғарымын айтып, болжам құруға, ӛз интуициясын дамытып ашуға
итермелейді. Сонымен бірге, аудиовизуалды техникалық оқыту құралдары
жаңа материалды оқушының кӛрнекі қабылдауына кӛмектеседі.
Тӛмендегі кесте 17-те «Атом және ядролық физика» курсы бойынша
жасалған аудиовизуалды оқу құрал жұмыстарының тізімі келтірілген.
Кесте 17– Визуалды техникалық оқыту құралы
жұмыстарының тізімі
«Атомдық және ядролық
физика» курсының
тақырыптары
Визуалды техникалық
оқыту құралының
қолданылуы
1
2
Атомның ядролық моделі.
Атомның моделі, Томсон моделі және
Резерфорд тәжірибесі атты анимациялар
келтірілді.
Бордың кванттық теориясы.
Атомның
Бор
ұсынған
моделінің
анимациясы және практикалық тапсырмалар
берілді.
Корпускалалық-толқындық
дуализм
Практикалық
тапсырмалар, бейне сабақ
Кванттық сандар.
Дәрістік материалдар
Қатты
дененің кванттық
физикасы.
Дәрістік материалдар
Атом
ядросының физикасы
Ядроның байланыс энергиясына қатысты
есептер берілген
69
17 – кестенің жалғасы
1
2
Табиғи және жасанды
радиоактивтілік.
Радиоактивті ыдырау
атты тақырыпқа
анимация және семинарлық тапсырмалар
келтірілген.
Ядролық
реакциялардың
физикасы.
Ядролық
түрленулер
тақырыбына
анимациялар жасалды. Оның ішінде: α-
ыдырау, β-ыдырау, γ-ыдырау. Ядролық
реакцияларға есептер келтірілді.
Атом ядроларының бӛлінуі
және синтезі.
Гелий синтезі, атом ядроларының бӛлінуі
және синтезіне анимациялар келтірілді.
Атомдардың рентгендік
спектрі.
Дәрістік материалдар
Зерттеу жұмысын орындау барысында «Атомдық және ядролық физика»
курсы бойынша қарастырылатын құбылыстар мен процестеріне анимациялық
оқу бағдарламалары жасалды.
Жаңа материалды түсіндіру сабағында анимациялық-компьютерлік
технологияны қолдану оқытушы мен білім алушыларға талассыз артықшылық
береді. Ӛйткені аудиовизуалды техникалық оқыту құралы оқытылатын
физикалық процестердің кӛрнекі түрде есте сақталуына, сондай-ақ тікелей
бақылау кезінде кӛзге кӛрінбейтін немесе кӛрсету жалпы мүмкін емес
құбылыстың нәзік жерлерін елестетуге мүмкіндік бере алады.
Технологияларды пайдаланудағы шектеусіз мүмкіндіктер модельденетін
құбылыстың уақыт бойынша ағымын ӛзгертуде, оларды нақты ӛлшемдер
шеңберінде түрлендіріп, эксперимент жүргізу ауқымын кеңейтуде маңызды рӛл
атқарады. Атомдық және ядролық физика дәрістік сабағында жаңа теориялық
материалдарды
түсіндіру
барысында
қолданылатын
анимациялық-
компьютерлік технологияның оқыту әдістемесіне толығырақ тоқталайық. 9
сыныптағы «Атомдық және ядролық физика» бӛліміне тренажер тапсырмалар
дайындадық.
Атомның планетарлық моделінің классикалық физика кӛріністерімен
үйлеспеуі. Ядро айналасында қозғалатын электрондардың центрге тартқыш
үдеуі болатындықтан олар үздіксіз электромагниттік толқындар шығаруы тиіс.
Сәуле шығарудан энергияның шығынға ұшырап, азаюы нәтижесінде
электрондар орбитасының радиусы үздіксіз кішірейе беруге тиіс, ең соңында
электрон ядроға құлауға тиіс, яғни классикалық физика тұрғысынан
планетарлық модель түріндегі атом жалпы ӛмір сүре алмайды.
Классикалық физика тұрғысынан атом шығаратын сәуле жиілігі
электрондардың айналу жиілігімен дәл келуге тиіс және осы негізгі жиілікке
еселі жиіліктерде құрамында болуға тиіс. Сәуле спектрінің осындай сипаты
атомдық спектрлерде байқалатын заңдылықтарға толық қарама-қайшы келеді.