Оспанбеков ербол анарбекович



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет33/43
Дата09.03.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12037
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43

89 
 
Практикалық жұмыс: радиоактивті ыдырауды компьютерлік модельдеу 
 
Сурет 15 – Бӛліну реакциясының экрандық бейнесі 
 
Зертханалық және практикалық жұмыстарды орындауда анимациялық 
модельдеуді қолдану білім алушылардың дүние танымын қалыптастырады. 
Оқыту үдерісінде модельдеуді қолдануға байланысты В.В.Давыдовтың 
«модель» ұғымына берген тӛрт негізгі сипаттамасы маңызды болып табылады 
[85]: 
1)  модель – таным құралы, 
2)  модель – түп нұсқаның ӛкілі, ол оқып-үйренуге ыңғайлы және алынған 
білімді объектіге қолдануға болады, 
3)  модельдер  қарсы  алмастырылатын  түрдің  маңызды  қасиеттерімен 
сипатталады, 
4)  модельдер түп нұсқаға бір мәнді сәйкес келеді. 
Анимациялық-компьютерлік  технология  қарапайым  кӛзбен  кӛріп,  қолмен 
ұстап  сезіну  немесе  құлақпен  есту  мүмкіндіктері  болмайтын  табиғаттың 
таңғажайып  процестерімен  әртүрлі  тәжірибе  нәтижелерін  кӛріп,  сезіну 
мүмкіндігін береді. 
Қорыта  айтқанда  визуалды  техникалық  оқыту  құралдарын  педагогикалық 
мақсатарға  қолдану,  білім  мазмұнын  анықтауда,  оқыту  түрлері  мен  әдістерін 
жетілдіруде  оң  әсерін  тигізеді.  Әртүрлі  оқыту  технологияларын  оқу  мазмұны 
мен  білім  алушылардың  жас  және  психологиялық  ерекшеліктеріне  сәйкес 
таңдап, тәжірибеде қолданудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы 


90 
 
оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты  маман 
болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық, 
кәсіби,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  де  басқа  кӛптеген  адами 
келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  ӛзін-ӛзі  дамытып,  оқу-тәрбие 
үдерісін  тиімді  ұйымдастыруына  кӛмектеседі.  Жалпы,  оқытудың  жаңа 
технологияларын сабақта қолдану білім алушылардың білім сапасын арттырып 
қана  қоймайды,  оларды  тұлға  ретінде  қалыптастыруға  ӛз  әсерін  тигізеді.  Тек 
олардың ерекшеліктеріне, мән-мағынасына қарай таңдап, орынды қолдана білу 
керек [86]. 
 
2.3 Мектепте атомдық және ядролық физиканы оқытуға даярлаудағы 
педагогикалық практиканың маңызы 
Жоғары  педагогикалық  оқу  орындарының  алдында  тұрған  үлкен  міндет 
білім алушылардың кәсіби іс әркетінің негізін қалыптастыру. Мұның мәні білім 
алушыны  мамандығы  бойынша  алдында  тұрған  міндеттерін  шешуге  кәсіби 
дайындау. 
Физика мұғалімін даярлау жүйесінде педагогикалық практика ерекше роль 
атқарады.  Ӛйткені  студенттерге  кәсіби  іс-әрекеттің  негізгі  түрлері  нақ  осы 
педагогикалық практикада қалыптасады. 
Педагогикалық  практиканың  ең  басты  мақсаты  –  пән  оқытушысының 
педагогикалық  іс-тәжірибесі  барысында  меңгеруі  тиіс  негізгі  функцияларын 
меңгеру  және  оқытушының  жеке  тұлғасына  лайықты  кәсіби  сипаттарды 
қалыптастыру.  Жалпы  ғылыми,  мәдени,  психологиялық-педагогикалық  , 
әдістемелік  және  арнайы  пәндер  бойынша  алған  білімін  шыңдап  тереңдету, 
ссндай-ақ  теориялық  білім  негізінде  педагогикалық  біліктілігін  ұйымдастыру. 
Мұғалім  және  жетекшінің  кӛмегімен  барлық  педагогикалық  функцияларды 
біліп, теоиялық білімін қолдану. 
Педагогикалық  практика  жалпы  ғылыми,  дидактикалық,  әдістемелік, 
психологиялық-педагогикалық  дайындықты  біріктіруге  бағытталған.  Осыған 
орай,  білім  алушы  бүгінгі  таңдағы  балаларды  оқыту  және  тәрбиелеу 
міндеттерін жүзеге асыру үшін оқу және тәрбие процесін тығыз бірлікте алып 
жүруге  машықтануы  керек.  Педагогикалық  практика  болашақ  ұстаздарды 
кәсіби  даярлау  процесіндегі  ең  маңызды  әрі  айқындаушы  компонент  болып 
болып табылады, сонымен қатар жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі болашақ 
зерттеуші-педагогты қалыптастыру ӛлшемі ретінде де қарастырылады. 
Педагогикалық практиканың міндеті: 
- Білім алушылардың кәсіби біліктілігін қалыптастырып дамыту; 
- Білім  алушының  педагогикалық  ұйымдастырушылық,  коммуникативтік 
қабілетін қалыптастырып дамыту; 
- Жоспарлау, 
болжамдау,  оқыту  мен  тәрбие  процесінің  негізгі 
компоненттерін талдау; 
- Қолданылатын  әдістеменің  деңгейін  және  оқытудың  дидактикалық 
мақсаты мен міндетін анықтау; 


91 
 
- Оқушыларды  тәрбиелеу  кезінде  оқу-таныстық,  еңбектік,  қоғамдық, 
табиғатты  қорғау  мен  денсаулықты  жетілдіруге  бейімделген  және  т.б.  әртүрлі 
формалары мен әдістерінің қолданылуы; 
- Оқу-тәрбие барысында оқушының жеке басының дамуын ескере отырып 
қалыптастыру; 
- Педагогикалық  диагностиканы  педагогикалық  процеске  қалыптастырып 
дамыту; 
- Оқушылардың, педагогтардың және ӛз жетістіктерін бағалау; 
- Толық педагогикалық прцесті басқаруға білім алушылардың дайындығын 
қалыптастыру. 
Педагогикалық практиканы ұйымдастыруда болашақ жоғары кәсіби маман 
даярлаудың  маңызды  шарттарының  бірі  ретінде  оның  дербес  шығармашылық 
әрекетіне бағыттау керек. 
Білім алушылар жалпы білім беру пәндері, базалық пәндер, кәсіптік пәндер 
бойынша  игерген  білім,  іскерлік  және  дағдыларынпедагогикалық  практика 
барысындаіс жүзінде жүзеге асырады. 
Қазіргі  заманда  адамзат  факторы  мәселесі  заттық-түрлендіруші  іскерлік 
субъектісі  ретінде  болашақ  мұғалімдерді  қалыптастырудың  дидактикалық 
жолдарын, тәсілдерін және шарттарын зерттеу ӛзекті мәселе болып табылады. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында:  білім  беру  жүйесінің 
басты  міндеттерінің  бірі  ұлттық  және  жалпы  адамзат  құндылықтары,  ғылым 
мен  практиканың  жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаның  дамуы  мен  кәсіби 
қалыптасуына бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдай жасау,  - деп 
кӛрсетілген  [3,  б.  17].  Педагогикалық  практика  білім  берудің  қазіргі  заманғы 
даму  кезеңінде  болашақ  педагогтарды  кәсіби  бағытта  даяралуға,  олардың 
шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  бағытталған.  Педагогикалық  практика 
барысында  студенттердің  жеке  қабілеттері  мен  қызығушылықтарына  сәйкес 
педагогикалық  мамандықты  саналы  түрде  таңдаулары  үшін  жағдай  жасау 
қажет. 
Кӛптеген  зерттеушілер  болашақ  педагогтарды  кәсіби  бағыттылығын 
қалыптастыруға  зор  мән  берген.  Мысалы,  А.И.Балабаеваның  [87]  зерттеуінде 
болашақ  педагогтарды  даярлаудың  кәсіби  бағыттылығын  қалыптастыру 
мәселесі  қарастырылған.  Ол  болашақ  мамандардың  кәсіби  бағыттылығының 
танымдық  компоненті  іс-әрекет  нысанына  бағыттылық,  ӛзінің  болашақ  кәсіби 
және  қазіргі  оқу  іс-әрекетінің,  практикалық  әрекеттерінің  маңызы  мен 
қажеттілігін саналы түрде түсінуіне байланысты, -деп кӛрсетеді. 
Біз  А.И.Балабаеваның  бұл  пікірімен  келісеміз.  Біз  қазіргі  білім  алушы 
ертеңгі  ұстаз  ӛзінің  болашақ  кәсіби  іс-әрекетін  қазіргі  оқу  іс-әрекетімен 
ұштастырғанда  нәтижесі  жоғары  болатындығына  педагогикалық  практика 
барысында кӛз жеткіздік. 
Білім  алушылардың  педагогикалық  практика  барысындағы  жұмыстары 
шығармашылық,  белсенділік  сипатта  болуы  қажет.  Жеке  тұлғаның 
шығармашылығы  туралы  сӛз  болғанда,  кӛп  жағдайда,  оның  шығармашылық 
қабілеті, шығармашылық потениалы және кәсіби шығармашылыққа бейімділігі, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау