Өрт сөндірушілер сауда үйлері мен бөлшектеп сату кәсіпорындарына ерекше көңіл бөледі. Күтілудегі өрт-техникалық тексеру тіпті өзіне сенімді сауда нысанының иесін шарасыз жағдайда қалтырады


Адамдар көп келетін ғимараттардағы өрт кезіндегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыру



жүктеу 0,6 Mb.
бет2/16
Дата21.11.2018
өлшемі0,6 Mb.
#23169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1.2 Адамдар көп келетін ғимараттардағы өрт кезіндегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
Адамдар көп келетін ғимарат бұл бір уақытта 50 және одан көп адамдар болатын ғимарат. Бұған театрлар, мәдениет сарайлары, кинотеатрлар, клубтар, концерт залдары, оқу орындары, сауда орындары, әкімшілік мекемелер, ауруханалар, көрмелер, мұражайлар жатады.

Адамдар көп келетін ғимараттардағы коридорлар қабат көлемінде бөлмелер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін негізгі көлденең коммуникация болып табылады, сонымен қатар бөлмелерден сатыға бару жолдары.

Қозғалыс көп коридорлардың минималды ені 1,5м (тазалықта) және екінші дәрежелі (ұзындығы 10м) 1,25м. Емдеу профилактикалық ғимараттарында коридорлардың ені 2,2 м кем емес. Оқу бөлмелерінің есіктері кіретін коридорлар коридорға ашылатын есіктермен ені 1,8 м кем емес етіп жасалынады.

Адамдар көп келетін ғимараттарда тік коммуникация ретінде баспалдақтар, кезеңді және үзіліссіз қозғалыстағы көтергіштер, ададар және жүк лифттері және экскалаторлар қолданылады.

Адамдардың өліміне немесе есінен тануына әкелетін өртте шынайы жағдайда негізгі факторлар болып табылады: жалынмен тікелей байланыс, жоғары температура, оттегі детіспеушілігі, түтін құрамындағы көмртегі тотығы және басқа улы заттар, механикалық әсер ету. Ең қауіптісі оттегі жәтіспкушілігі мен улы заттардың бар болуы, өиткені өлімнің 50-60% түншығудан және уланудан болады.

Өрт пайда болғаннан бастап 1-2 минут ішінде жабық бөлмелерде оттегі концентрациясы төмендеуі мүмкін. Мысалы, театрларда көрермен залы мен сақынаның көлемі 25000 м3 декорация жанған кезде оттегі концентрациясы 2-3 мин ішінде қауіпті мағынаға дейін төмендеді.

Өрттерде адам өміріне аса қауіп төндіретін жану өнімдерінің құрамында улы заттар бар түтінді газдар және әртүрлі заттар мен материалдардың бөлінуі. Көміртегі тотығының концентрациясы түтінде 0,05% мөлшерінде адам өміріне қауіпті.

Кейбір жағдайларда түтінді газ құрамында күкірт газы, азот тотығы, күкірт қышқылы және басқа улы заттар болады, олар адам ағзасына аз уақыт әсер еткен кезде (күкірт газы 0,05%; азот тотығы 0,025%; күкірт қышқылы 0,2%) өлімге әкеледі.

Адам өміріне синтетикалық полимерлі материалдардың жануы төтенше жоғары қауіпті.

Қауіпті концентрациялар тіпті термиялық тотығу кезінде және синтетикалық полимерлі материалдардың аз көлемде бұзылуы кезінде де түзіледі.

Осыны ескере отырып, қазіргі кездегі бөлмелердегі синтетикалық полимерлі материалдар 50% жоғары, өрт жағдайында адам үшін олар қандай қауіп төндіретіні белгілі.

Жоғарылатылған қабатты ғимараттарда адам өміріне қауіп төнуі оданда жоғарылайды. Жоғарылатылған қабатты ғимараттарда жану өнімдері ғимараттың қабаттары бойынша 2-3 мин ішінде тарайды. Сол уақытта адамдарды көшіру үшін, тіпті жақсы жағдай кезінде, 1,-15 мин кем емес уақыт керек, кейде оданда көп.

Сонымен қатар адам өміріне жану өнімдерінің жоғары температурасыда қауіпті. Қыздырылған газдар температурасы адам денесінің температурасынан асып кетсе мұндай жағдайда жылу соққысына әкеледі. Температура 42-46оС жоғарылаған кезде-ақ суыру сезімдері сезіледі. Қоршаған орта температурасы 60-70оС болғанда адам өміріне қауіпті болып табылады, көбінесе мәнге сәйкес ылғалдылық және ыстық газдарды шығарған кезде, ал температура 100оС кезінде есінен танады және бірнеше минуттан кейін өлім келеді.

Жоғары температурадан кем емес адам денесінің ашық жерлеріне жылулық сәуле әсері қауіпті болып табылады. Жылуылық сәуленің интенсивтілігі 1,1-1,4 кВт/м2 болғанда адамда 42-46оС температура кезіндегідей әсер тудырады.

Критикалық сәулелену интенсивтілігін 4,2 кВт/м2 тең интенсивтілігін санайды. Кестеде уақыт мәліметтері келтірілген, онда адам жылулық сәулесін қолдың қорғалмаған буынымен әртүрлі интенсивті сәулелену кезінде төзе алады.

Адамдарға тағыда үлкен қауіп жалынмен тікелей байланыста төнеді, мысалы, құтқару жолдары отпен кесілген жағдайда. Кейбір жағдайларда өрттің тарау жылдамдығы жоғары болады, бұл кезде өртке шалдыққан адамды құтқару өте қиын немесе арнайы қорғаныссыз құтқару мүмкін емес. Адам үстіндегі киімнің жаныуда аса қауіпті. Егер уақытында киімнен жалынды сөндірмесе адам өлімге әкелетін күйіктер алуы мүмкін.

Өрттегі ең қауіптісі ол үрей, ол көп адамда болатын кенеттен, есепсіз, ұстамсыз қорқыныш әкеледі.

Ол кенеттен қауіп төнгенде пайда болады. Адамдардың есі мен еркі өрт елесімен б7-яып қалады, содан туындаған жағдайдан тез арада шығу есігін таба алмайды.

Адамдарды құтқару үшін ең алдымен қысқа және қаупсіз жолдар таңдайды.

Адамдарды құтқару әдісі адамдар мен өрт жағдайына байланысты анықталады. Адамдарды құтқарудың негізгі әдістері болып табылатындар: адамдардың өз бетімен шығуы, адамдарды өрт сөндірушілердің көмегімен шығару; адамдарды көтеріп шығару; құтқарушыларды жоғарыдан түсіру.

Көп жағдайларда қауіп төнгенін байқап адамдар бөлмеден өрт бөлімдері келгенге дейін шығады.

Құтқару жолдары қатты түтінденген болса және құтқарушыларға жол белгісіз болса, сонымен бірге құтқарылушылардық жағдайы мен жасы өз беттерімен қауіпті аймақтан шығуларына күмән келтірсе (адамдар қатты қобалжыған болса немесе бұлар балалар, қарттар, адамдар болса), онда құтқарылушыларды шығару ұйымдастырылады.

Адамдарды қауіпті аймақтан көтеріп шығару олар өз беттерімен жүре алмаған кезде (есінен тану немесе жатқан науқастар, томен жастағы балалар, мүгедектер және т.б.) жасалады.

Адамдарды жоғарыдан түсіру құтқару жолдары отпен қиылған жағдайда және басқа әдістерді қолдануға болмаған жағдайда орындалады. Бұл үшін, жоғарыда көрсетілгендей, стационарлы, жылжымалы және тасымалы сатылар, көтергіштер, құтқару жібтері және т.б. құралдар қолданылады.

Кейбір жағдайларда құтқару әдістерін комбинациямен орындайды. Мысалы, өз бетімен анықталған орынға дейін шығу және әрі қарай өрт сөндіруші көмегімен шығу; адамдарды шатырға немесе балконға шығару және тік ұшақтардың, құтқару жібінің, жылжымалы сатының және басқалардың көмегімен төмен түсіру.

Шақыру орынына ӨСБ келісімен объекттің қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатуы керек және жанып жатқан бөлмедегі адамдар саны туралы мәліметтер алуы керек (кейде бұл мәліметтер өрт туралы хабарлаған кезде жеткізіледі), содан кейін түтінденген бөлмелерде жақсылап барлау жүргізеді.

Барлау адам өміріне қауіп бар екенін, орналасу орынын анықтайды және өздігінен қозғалу икемдігін; құтқару жолдары мен әдістерін; құтқару жұмыстарын жүргізу кезектігін; құтқару жолдарына от пен түтіннің қауіпін; адамдарды құтқару үшін күш пен құралдардың жеткіліктігін; құтқару жұмыстарына қатыстырауға болатын қызмет көрсету персоналының барын; құтқарылған адамдарды орналастыру орынын анықтайды (әсіресе қыс мезгілінде).

Жағдайға байланысты барлау бірнеше бағытта жүргізілуі мүмкін

Адамдарды бөлмелерде іздеу кезінде дауыстап айғайлау керек. Үлкендерді есік, терезе маңынан, коридорларда, яғни бөлмеден шығу жолдарында іздеу керек. Балаларды төсек астынан, пеш артынан, столдардың астынан, қызмет көрсету бөлмелерінен іздеу керек.

Бөлмелер тексерісін барлық жағдайларда жүргізеді, оны жанып жатқан ғимаратта адамдар жоқтығына көз жеткізіп толық тексергеннен кейін тоқтатады.

Өртті барлау кезіндегі алынған мәліметтер негізінде ӨСБ адамдарды құтқару бойынша шешім қабылдап қажетті бұйрықтар береді. Бұл кезде әртүрлі мүмкін бөлімдер әрекетінің нұсқалары:


  • егер өртке жеткілікті күш пен құралдар келсе және құтқару жұмыстарын жүргізу қажетті болса, ӨСБ тез арада адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға міндетті. Бұл кезде ӨСБ құтқару жұмыстарын өзі басқаруы керек, сонымен қатар өрт сөндіруді басқаруы керек;

  • егер адамдарға өрт қауіп төндірсе және құтқару жолдары отпен қиылған болса адамдарды құтқаруды қамтамасыз ету үшін оқпандарды беру міндетті;

  • егер өртке күш пен құрал жеткілікті келсе және адамдарға тікелей қауіп төнбесе, ал ӨСБ өртті өрт тарау жодарында енгізілген оқпандармен сөндіруге сенімді болса және бұл кезде адамдар үшін қауіпіздік қамтамасыз етілсе, бөлімдердің әрекеті үрейді басуға және бір уақытта өрт сөндіруге бағытталады;

  • адамдарды құтқару мен өртті сөндіру жұмыстарына бір уақытта күш пен құралдар жеткіліксіз кезде, барлық ьөрт бөлімдерінен келген жеке құрам құтқару жұмыстарына жіберілуі мүмкін, өртті содан кейін сөндірумен. Бұл жағдайда адамдарды құтқаруды қамтамасыз ету үшін оқпандарды беру міндетті, адамдарға өрт тікелей қауіп төндірген кезде және өрт тарау орындары мүмкін жерлерге.

Практикада өртке қарсы қызметінің бөлімдерінің жұмысы адамдарды құтқару бойынша өрттегі жағдай бойынша басқа әрекеттер нұсқасы қолданылуы мүмкін.

Адамдарды құтқару кезектігі адам санына байланысты емес, ал олардың өміріне қауіптілік дәрежесінен анықталады. Бірінші кезекте адамдарды өте кауіпті жерлерден құтқарады. Қауіптілік дәрежелері бірдей кезінде алдымен балаларды, науқастарды және қарттарды құтқарады.

Құтқару жұмыстарын жргізген кездегі барлық жағдайларда ӨСБ күш пен қралдарды жаю кезінде сонымен бірге жедел жәрдем шақыруы керек. өртке қызмет көрсету персоналы келгенге дейін алғашқы көмекті жарақаттанғандарға өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы көрсетуі керек.
1.3 Жарақаттанғандарды көшіру бойынша ұсыныстар
Барлық сауда орталықтары адамдар көп келетін объектке жатады, ал өртке қарсы қызметінің ең басты міндеті – бұл жарақаттанғандардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен байланысты мәселені шешу өзінің спецификасының барымен үлкен қиындық ұсынады.

Көшіруге қажетті уақыт - өрт кезіндегі жұмыс аймағының деңгейінде туындайтын өрттің қауіпті факторларының пайда болу факторлары.

Көшіруге қажетті уақытты анықтау үшін өрттің қауіпті факторының шекті мағынасын білу қажет, сонымен қатар бұл мағыналардың өрт кезінде туындау уақытын анықтауды білу.

Өрттің қауіпті факторлар қатарына орта температурасы, сәулелі ағындар, улы жану өнімдері және түтіндеу қорытындысында көру жоғалуы жатады.

Ресей федерациясының ТЖМ МӨҚ Мәскеу Академиясында жарақаттанғандарды көшіру бойынша кейбір параметрлерді анықтау бойынша бірқатар эксперименттер жүргізілді. Мобильді емес адамдарды көшіруді зерттеу бойынша эксперименттің бірінші сериясының қорытындысы бойынша (қысылмаған бос жағдайда қозғалыс параметрлері анықталды), носилкада жатқан адамдарды тасу жылдамдығы және қозғалыс жылдамдығына носилканың адаммен мәнге сәйкес салмағының әсері туралы мәлметтер алынды.

Мақсатқа келесі мәліметтерді алу қойылды:

• носилкада адамдарды тасудың шекті жылдамдығын (бұл қозғалыс жүгіріп орындалады деп жобаланды);

• көшіру жылдамдығының жағдайын келтіріп носилкада адамды тасу орташа жылдамдығын;

• баспалдақ бойымен жоғары қозғалу жылдамдығын;

• баспалдақ бойымен төмен қозғалу жылдамдығын;

• қозғалыс жылдамдығының төмендеуіне носилка салмағының әсерін;

• носилкада көлденең адамды тасуға болатын шекті арақашықтықты.

Көлденең бойынша қозғалыс кезіндегі қажетті параметрлерді анықтау үшін сәйкес түрде эксперимент өткізу үшін алаң белгіленді және таңдалды (стадион). Жүргізуші бұйрығы бойынша носилкада жатқан адамдарды тасу үшін №1 бақылау нүктесінде адамдардың қозғалысы басталды. Тасымалдау қозғалысты жалғастыру мүмкін болмағанша жасалады. Бақылау аймағында қозғалыс уақыты белгіленіп отырған бақылау посттары арқылы шеңбер бойымен қозғалыс болды. Шеңбер ұзындығы 100 м құрайды, пункттер арасындағы арақашықтық – 50 м, қозғалыс уақыты ұзындығы 50 м әр аймақта беліленіп отырды. Қозғалыс уақытының мәнін алып, аймақтағы қозғалыс жылдамдығы анықталып отырды. Әр бақылау аймағындағы қозғалыс жылдамдығын салыстыра отырып жұмыс уақытына байланысты құлау жылдамдығының көлемі анықталды. Содан басқа носилкада жатқан адамды тасудың мүмкін шекті арақашықтығы анықталады. Осындай схема бойынша бір қатар эксперименттер жүргізілді.

Баспалдақ бойымен қозғалыс жылдамдығы қозғалыс уақытына жол ұзындығын бөлумен анықталды. Жұмыс қабілеттілік келесі түрде анықталды. Носилкада адамдарды көшіретін адамдар мобильді емес адамдарды 2 қабатқа (келесі циклдерде 4, содан 6 және 8 қабаттарға, басқа серияларда төмен) орналастырады және кезекті мобильді емес адамға қайтып оралады, физикалық мүмкіндік шегіне жеткенге дейін. Бірінші және соңғы қабаттарда орналасқан әр бақылау нүктесінде қозғалыс (жылдамдық) уақыты белгіленіп отырды. Әр шеңберде жылдамдықтарды салыстыру қорытындысы бойынша жылдамдық көлемінің төмендеуі анықталып отырды.

Жүргізілген эксперимент қорытындысы бойынша келесі мәліметтер алынды:

• шекті жылдамдықтың (жугіру) орташа мағынасы – 140 м/мин;

• адыммен қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы -95 м/мин;

• баспалдақ бойымен төмен қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы – 65 ммин;

• баспалдақ бойымен жоғары қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы – м/мин;

• шамамен 350 м құрайтын адамды носилкамен тасығандағы көлденең бойынша орташа арақашықтық.

Алынған мәліметтердің анализі мобильді емес адамдарды көшірудің физикалық аспектілері туралы келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Үзіліссіз қозғалыстың шекті уақыты – адамдарды носилкада тасу – 2-3 мин. құрайды; көп емес үзілістермен (5-10 с) – 5 мин; ұзақ үзілістермен (30 с дейін) – 10 мин.

Жұмыстың 10 минуты өткеннен кейін жұмыс қабілеттіліктің тез төмендеуі бақыланады, қорытындысында жұмыс жасауға болады, бірақ ағза функциясының бұзылуына қауіп төнуімен байланысты немесе ұзақ үзілісті қажет етеді. Қозғалыс жылдамдығының төмендеуі 1 мин жұмыс ішінде (адамды носилкада тасу) шамамен 10% құрайды.

Жүкті тасу адам қозғалысының жылдамдығына қатты әсер етеді, осының қорытындысы болып адамдардың физикалық дайындық деңгейінен қозғалыс жылдамдығы байланыстылығы табылады.

Барлық эксперименттерді жүргізуде Ресей ІІМ МӨҚ Академиясының

I-IV курс курсанттары анықтаған, сондықтан алынған жылдамдықтардың мағынасы мобильді емес адамдарды шынайы көшіру процессі үшін сипатты болмайды. Дұрыс қолданулар үшін және алынған мәліметтерді салыстыру үшін дұрыстау коэффициентін енгізу қажет.

Физикалық дайындық Тәлімдемесінде келтірілген күшті кешенді жаттығуларды орындау бойынша нормативтерді қайта есептеу және анализ түсіндірілуінде, орташа (көшірілетін адам кез-келген жыныста және жаста болуы мүмкін) жылдамдықтың алынған мәліметтерін 0,58 коэффициентіне көбейту керек.

Көшіру жолдарының өлшемдері мен жарақаттанғандарды көшіру жылдамдығының арасында тікелей байланыс бар. Бұл байланыс негізінен мобильді емес адамдарды көшіру кезінде бақыланады. Коммуникациялық жолдар жолдар өлшемі мен носилкалар арасындағы байланыс меңгерілген және жобалы шешімдерде өзінің бейнесін табады, бірақ жобалау үшін және басқа тексеру шешімдері үшін мұндай мәліметтер жоқ. Бұны орындау үшін моделдеу әдісімен зерттеу жүргізілді.

Эксперименталды қондырғы өз алдына 1:25 мсштабты белгі салынған жалпақ ағаш бетін ұсынады, масштабты номилклардың моделі және қоршау конструкциялары орындалған.

Лифтті холл шегінде және баспалдақ маршы бойымен жолдың көлденең қозғалысы кезінде «адам – носилка – адам» жүйесінің маневрлеу жүйесі зерттелді.

Бізді қызықтыратын обылыста лифтті холлдарда және баспалдақ торларының жоспарлау шешімі ғимараттан ғимаратқа өзгермейді. Көлденең аймақ бойынша қозғалыс жолдарының коммуникациялық схемасы әртүрлі, бірақ барлық кездесетін схемаларды қарастыру мүмкін еместігінен барлық ғимараттардың жоспарлы схемасында кездесетін көбіне типтілер бізбен қарастырылды.

Көлденең аймақ. Ауызша баяндамада ұсынылған көлденең жол бойымен қозғалысты модельдеу кезінде алынған қорытындылар кестеде келтірілген.

Носилка 1800 айналу үшін коридордың минималды ені 2,4 м құрауы керек.



Баспалдақ бойымен қозғалу. Бір қатар құжаттардың нормативті талаптарын орындау кезінде «...баспалдақ алаңының ені марш енінен кем болмауы керек...» және ҚНжЕ 21-01-97* п.8.9 талаптары «...баспалдақ марштарының арасындағы арақашықтық 75 мм кем емес...» кедергісіз носилкаларды тасымалдау үшін баспалдақ маршының ені 1,2 м кем болмауы керек.

Адамдарды ғимараттан көшіру

Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, өзінің спецификалары бар болғандықтан үлкен қиындықты тудырады.

Көшірудің қажетті уақыты - өрт кезіндегі жұмыс аймағының деңгейінде өрттің қауіпті факторлары пайда болатын уақыт.

Көшірудің қажетті уақытын анықтау үшін өрттің қауіпті факторларының мағынасын білуі қажет, және одан басқа өрт кезінде осы мағыналардың пайда болу уақытын анықтай білу керек.

Өрттің қауіпті факторларының құрамына қоршаған орта температурасы, сәулелі ағындар, жанудың улы өнімдері және түтіндену саладарынан көрінудің жоғалуы жатады.

Қоршаған орта температурасы. Аса қауіптілікті қыздырылған ауаны жұту болып табылады, ол жоғарғы дем алу жолдарына зиян тигізеді, түншықтырады және өлімге әкеледі. 1000С жоғары температура әсері есінен танып қалуына және бірнеше минуттан кейін өлімге әкеліп соғады. Сонымен қатар тері күйіктері қауіпті. Қызмет көрсетуның күйіктерді емдеуінің үлкен жетістіктеріне қарамастан 2 дәрежелі денесінде 30% күйік алса, тірі қалуға оның мүмкіндігі аз.

Кестеде қоршаған ортадан 2 дәрежелі күйік алған уақыт байланыстылығы келтірілген.

1-кесте


Қоршаған орта температурасы,0С

1093

371-482

176

100

71

2 дәрежелі күйік алған уақыты, с

<1

3

7

15

26

Канада жүргізілген зерттеулермен анықталған, ылғал атмосферада екінші дәрежелі күйікті 550С температура 20 с. әсер еткен кезде тудырады және 700С кезінде 1 с. әсер еткен кезде тудырады, және өрт жағдайында 69-710С кезінде бірнеше минут адам өміріне кауіп төндіреді.

Сәулелі ағындар. Кейбір жағдайларда адамдарға сәулелі ағындар қауіп төндіреді. Зерттеумен анықталғандай, сауда мекемелерінде әртүрлі заттар мен материалдардың көшіру жолында жануы кезінде өрттің 0,5 мин кейін көшіріліп жатқан адамдарға сәулелі ағын қауіп төндіреді. Сәулелі ағындардыі тағы бір үлкен интенсивтілігі әртүрлі технологиялық қондырғылдардың жануы кезінде байқалады. Кейбір жағдайларда арнайы қорғаныс құралдарынсыз адам мұндай қондырғыларға 10 м жақын жықындай алмайды.



Кестеде адам үшін қауіпті сәулелі ағындардың мағыналары келтірілген.

2-кесте


Жылулық радияцияның интенсивтілігі

Вт/м2

840

1400

2100

2800

3500

7000

8750


Орын ауыстыру уақыты

360

150

40-60

30-40

10-30

5-11

3-8

Жанудың улы өнімдері. Полимерлі және синтетикалық өнімдері көп сауда мекемелеріндегі өрт адам өміріне жанудың улы өнімдері қатты әсер етуі мүмкін. Жану өнімдерінің құрамында уландыру әсері бар 50-100 химиялық қоспалар түрі бар болады, әртүрлі мемлекеттің ғалымдарының айтуы бойынша өрт кезіндегі адамдардың өлімінің негізгі себебі көміртегі тотығынан улану болып табылады.

Көміртегі тотығы қан гемоглобинімен оттегінен гөрі 200-300 есе жақсы әсер етеді, артынша адам ағзасы оттегімен қамтылуынан айырылады. Оттегі жетіспеушілігі, ойлау қабілетін жоғалтады, адам ештеңе сезбейді, қаутіліктен қашуға тырыспайды, басы айналады, қозғалыс координациясы бұзылады, ал тыныс алуы тоқтаған кезде - өлім келеді.

Кестеде өрттің қауіпті факторларының жобалы критикалық мағыналары келтірілген.

3-кесте


Өрттің қауіпті факторлары

Өлшемі

Критикалық мағынас

Қоршағанс орта температурасы

Сәулелі ағындар



орта әлсіреуі коэфф.

Ауадағы заттар концентр.:

цианистті сутегі

фосген


азот тотығы

күкірт сутегі

хлорлы сутегі

көміртегі тотығы

күкірт ангидриді

көміртегі екітотығы

оттегі


0С

Вт/м2

м-1

г/м3

70

3000


0,46
0,2

0,2


1

1,1


3

3,6


8

162


214 (немесе 15%)



1.4 Сауда мекемелерінде өрт және олардың себептерінің статистикасы
Сауда үйлерде өрт жиі болып тұрады және өртке қарсы қызметінің жұмыскерлері көп адамдардың өліміне байланысты оның пайда болу себептерін көп уақыт бөліп толық меңгеруде. Бұл өрттердің себептері негізінен мыналар болып табылады:

  • отпен дұрыс қолданбау;

  • электр қондырғыларымен қолдану ережелерін бұзу;

  • электр қондырғыларда және сымдарда қысқаша тұйықталу;

  • құрылыс жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;

  • өртеу.

Осы кезде көбінесе өртті сөндіруді ұйымдастыру қиындықтарынан ерекше қорытындыларға әкеп соғады.

Сауда үйлерде өртті сәтті сөндіруге өрттің еркін даму уақыты көп әсер етеді. Бұл уақытта оны табу уақытынан басқа өртке қарсы қызметіне өрт туралы хабар жету уақыты кіреді, ол кезекші персоналының барына байланысты, өртке қарсы қызметі бөлімдерімен тікелей байланыс 7-ден 20 мин-қа дейін (орташа мағынасы 12 мин).

Сауда үйлер ғимараттарының өрт төзімділік дәрежесі I және II болғанда өрттің сызықтық даму жылдамдығы 0,5-тен 1,5 м/мин дейін, ал өрт төзімділік дәрежесі III және IV ғимараттарда 2-ден 3 м/мин дейін, бұған жанғыш материалдардың көп мөлшерде бары әсер етеді.

Бұның бәрі өрттің ауданының үлкен жылдамдықта өсуіне әсер етеді, ол келтірілген өрттерде 3-тен 45 м2/мин-қа дейін өзгереді.

ӨСБ өртке келісімен әкімшілікпен және қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатады, науқастарды көшіру бойынша, көшіруге жататын науқастардың санын, олардың жағдайын, көшіру орынын анықтайды, сонымен қатар қай қызмет көрсету персоналын науқастарды құтқаруға қатыстыруға болатынын анықтайды. ӨСБ тез науқастарды құтқаруға күштің жеткілікті екенін бағалайды және қосымша күштер мен құралдардың өртке қажеттігін анықтайды.



жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау