Өрт сөндірушілер сауда үйлері мен бөлшектеп сату кәсіпорындарына ерекше көңіл бөледі. Күтілудегі өрт-техникалық тексеру тіпті өзіне сенімді сауда нысанының иесін шарасыз жағдайда қалтырады



жүктеу 0,6 Mb.
бет4/16
Дата21.11.2018
өлшемі0,6 Mb.
#23169
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

3.4.2 Өрт дабылдағыштары

Автоматты өрт дабылдағышы (АӨД) мыналардан тұрады: өртті табу жүйесі және өртті біріккен (жарықты және дыбысты) хабарлағыш жүйелерінен.

Өртті табу жүйесі ИП-212-46 түтін детекторынан, ИПР қол өрт хабарлағыштарынан тұрады, сондай-ақ ВЭРС қабылдау-бақылау аспабынан, УК-2П желілеу қорабынан, УКШ -6 шлейфтерді бақылау құрылғысы, маяк-12-3 хабарлау жүйесінен, молния-12 шығу бағытын көрсету құрылығысынан, дабыл беру желісінен және өрт хабарлағышынан тұрады. Қол өрт хабарлағыштары өрт болған жағдайда дәліз соңында кіре беріс есік жанында орнатылған қорғалмалы әйнекті «қолмен» басу үшін арналған. Қол өрт хабарлағыштары қабылдағыш панеліне бөлек шлейфтермен қосылған.

Ғимаратта орнатылған автоматты түтін және жылу хабарлағыштары бақылау панеліне қосу үшін жалғағыш желіні жасайды. Автоматты түтін және жылу хабарлағыштары төбеде орнатылған. Өрт хабарлағыштары ғимараттың санузелден басқа бөлмелердің барлығында орнатылған.


Өрт хабарлағыштардың қысқаша сипаттамалары:


  • ИП-212-46 – оптико-электронды түтін өрт хабарлағышы, әр түрлі ғимарат пен имараттардың жабық бөлмелерінде тұтану орнын табу және кіші концентрация түтіні пайда болғанда іске қосылу үшін арналған. Өрт хабарлағыш температура, ылғалдық, жалын әсеріне, кәдімгі және жасанды жарық өзгеруіне әрекет етпейді.


3.4.3 Желдетілуі
Бөлмелердің желдетілуі притосты – созылмалы, табиғи және механикалы қосылуымен қабылданған.

Табиғи желдету қосымша бөлмелердегі вентканалдар арқылы қамтамасыз етіледі. Калориферде ауаны жылытып, механикалы қосылатын притосты желдеткіш сауда залы бөлмелерінде болады. Кіру есіктері ауа – жылу жапқыштарымен жабдықталады.

Желдеткіш жүйелеріне қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптары: Ауа жүретін жолдардағы от жалынын бөгейтін түтіктер (жапқыштар, клапандар, шиберлер), өрт сөндірудің немесе өрт дабыл қаққышының автоматты қондырғысы бар желдету жүйесінің тосқауыл қою жабдығы және өрт кезінде желдеткішті автоматты түрде өшіретін түтіктер белгіленген уақытта тексеріліп, жарамды жағдайда болуы қажет.

Ауаны салқындату және желдету жүйесін пайдаланған кезде:

1) желдеткіш камерасының есігін ашық қалдыруға;

2) сорғыш каналдарды, тесіктерді және темір торларды жабуға;

3) ауа келтірушіге газ жылу аспаптарын қосуға;

4) ауа жүретін жолдарда жиналған шөгінділерді, шаңдарды және басқа да жанғыш заттарды күйдіруге тыйым салынады.

Желдеткіш камералары, циклондар, сүзгіштер, ауа жүретін жолдар өндірістің жанғыш тозаңдары мен қалдықтарынан ұйым бұйрығымен белгіленген уақытта тазартылады.

Жарылыс және өрт қаупі бар бөлмелер үшін ұйым (кәсіпорын) басшылары желдеткіш жүйесін қауіпсіз әдістермен тазалаудың тәртібін әзірлеуі қажет.

Өрт қаупі бар өндіріс (қондырғы) бөлмелерінде гидросүзгіштері жарамсыз, сүзгіші құрғақ, шаң ұстағыш және желдеткіштің (аспирация) басқа да қондырғылары сөндірілген болса, технологиялық жабдықтардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмейді.

Желдеткішке жанғыш шаңдардың, талшықтар мен басқа да қалдықтардың түсудің алдын алу үшін олардың алдында тас аулағыш, ал металл заттарды шығарып алу үшін магниттік сепараторлар орнатылуға тиіс.

Ауа жолдары мен пневматикалық көліктің құбырларындағы жергілікті сорғыш жүйелерінде оларды үнемі тазалап және өрт болған жағдайда оны сөндіру үшін мерзімді қарап тұруға арналған терезе орнатылуы қажет.

Бақылау люктерінің арасы 15 м аспауы, сондай-ақ бұрылыстарда, үш тармақта, қабырғалар мен жабындар арқылы өтетін құбырлар қасында орнатылуы қажет.

Машиналар мен агрегаттардың тозаңдану құрылғыларындағы ауаны тазалауға арналған сүзгіштер жекеленген бөлмелерде орналастырылуы қажет.

Жабдықтан шығарылған тозаң көтерген ауаның қайта айналымы кезінде екі баспалдақты сүзгіштің көмегімен тартылуы қажет.


3.4.4 Сумен жабдықталу талаптары және жағдайы
Өрт сөндіруге арналған су құбырының желілері жарамды жағдайда болуы және талап етілген өрт сөндіруге қажетті судың мөлшері бойынша қамтамасыз етілуі қажет. Олардың жұмысқа қабілеттілігін тексеру жылына екі рет (көктемде, күзде) жүргізіледі.

Өрт сөндіру гидранттары жарамды жағдайда болуы, ал қыста қапталған және қар мен мұздан тазартылған болуы қажет. Өрт сөндіру гидранттары құдығының қақпағы үстінде автокөліктердің тұруына тыйым салынады. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көздеріне барар жол мен өткелдер өрт техникалары үшін жылдың кез келген мезгілінде бос болуы қажет.

Учаскелердің су құбыры желілері мен гидранттары сөнгенде немесе қысымы азайғанда бұл туралы өрт сөндіру қызметіне жедел хабарлау қажет.

Кәсіпорын өрт сөндіргіш сорғыштардың электр қозғалтқыштарын электрмен үздіксіз қамтамасыз етуі тиіс.

Өрт сөндіру гидрантын орналастыру орнында әріптік индекспен «ӨГ» деп жазылған жарықтық немесе флуоресцентті көрсеткіш орнатылып, гидрант пен көрсеткіш аралығы сандық маңызда метрмен және құбырдың ішкі диаметрі миллиметрмен өлшенуі қажет.

Өрт суатында «ӨС» әріптік индексі бар, судың қоры метр кубпен және өрт сөндіру автокөліктерінің саны көрсетілген осыған ұқсас көрсеткіш орнатылады.

Ішкі өртке қарсы су құбырларының өрт сөндіру шүмектері 1,35 м биіктікте орнатылып, пломбаланатын өрт сөндіру шкафтарында бекітілген жеңдермен және оқпандармен жинақталуы қажет. Шкафтың есігінде «ӨШ» әріптік индексі, реттік нөмірі және жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімінің телефоны көрсетілуі қажет. Шкаф есігінің ішкі безендірілуі қызыл түсті болуы және 12.4.026-2002 ҚР СТ Р МЕСТ талаптарына жауап беруі қажет. Өрт сөндіру жеңдері құрғақ, әрі жақсы оралған және шүмек пен оқпанға жалғасқан болуы тиіс. Алты айда бір рет «ӨШ», судың іске қосылу және жеңдерді жаңадан шиыршықтап бүктеу жұмыстарына тексеру жүргізіліп тұру қажет.

Сорғыш станцияларының бөлмелерінде өртке қарсы сумен қамтамасыз етудің және сорғыштарды орап байлаудың жалпы кестесі ілінеді. Әрбір ысырма мен өрт сөндіргіш ілінетін-сорғышта олардың белгілері көрсетіледі. Ілінетін-сорғыштың қосылу тәртібі техникалық нұсқаумен анықталады.

Елді мекендердің өртке қарсы су құбырларының сорғыш станцияларында өрт сөндіру қызметімен тікелей телефон байланысы болуы қажет.

Су өлшегіш қондырғылардың айналма бағытында орналасқан электр жетектегіш ысырмалардың жұмысқа қабілеттілігі жылына бір рет, ал өрт сөндіру сорғыштары ай сайын тексеріледі.

Көрсетілген жабдық жарамды жағдайда болуы қажет.

Объектілердің аумағында немесе оның айналасында (радиусы 200 м) табиғи немесе жасанды су көздері (көлдер, өзендер, бассейндер, градирнилер) болса, өрт сөндіру автокөліктері жылдың кез-келген уақытында су алуы үшін бара алатын жолдар және аумағы 12х12 м кем емес жаппасы қатты алаңдар болуы қажет. Жасанды суаттардың су көздеріне баратын жолдарының және су қоймалық қондырғылардың үнемі дайын жағдайда болуы тиісті кәсіпорындарға жүктеледі.

Суды қысыммен ағызатын мұнаралар жылдың кез келген уақытында өрт техникаларымен су алуға ыңғайлы болуы қажет.

Өрт сөндіру қажеттілігіне арналған су қорын шаруашылық және өндірістік мақсаттарға пайдалануға рұқсат берілмейді.


Сумен қамтылу 150 мм диаметрлі су құбыр жүйесінен қарастырылған, жүйедегі қысым 3 атмосфера.

Су құбырының сыртқы жүйелері шойынды қысымды құбырлардан тартылған. Су құбыр құдықтары типті жоба бойынша орындалған.

Шаруашылық – ішуге қажетті судағы қажетті қысым – 14м, өрт сөндіру кезінде бос қысыммен қосылу нүктесіндегі су қысымы – 16м болады. Суық сумен қамтамасыз етудің ішкі су құбыр жүйелері орындалған болат цинкті жеңіл су – газ құбырлардан тартылған.

Ыстық сумен қамтамасыз ету – орталықтандырылған. Ыстық су жалпы қалалық су жылыту қазандығында жылытылады.

Нормаларға сай ғимаратта келесілер қарастырылған:


  • Сауда үйі үшін суық судың секундтық есептік шығыны – 2,97 л/с тең

  • сауда үйі орталығының ішкі өртті сөндіруге су шығыны 2 ағысты 2,5 л/с *2=5л/с қабылданған;

  • жинақтың шаруашылық – ішуге қажетті судың жалпы шығыны – 8,5л/с,

  • шаруашылық – ішу және өртке қарсы қажеттіліктерге қосынды шығын 8,05л/с + 5л/с=13,05л/с,

Сыртқы өртті сөндіру мақсатында 2 өрт гидранты қарастырылған. Олардың ғимараттың негізгі кіру есігінен қашықтығы № 31 А-150 мм ӨГ 20 метр, ал № 32 А-150 мм ӨГ 40 метр ара қашықтықты құрайды.

Сыртқы өртті сөндіруге судың есептік шығыны берілген аудандағы халық санына байланысты және сақиналы су құбыр жүйесін есептеу кезінде ескеріледі.



3.4.5 Электрмен қамтылуы

Электрмен қамту көзі болып ВЛ – 10кВ. «Астра» - ТП №359 табылады, тіреудің қосылу нүктесі №1. Трансформатор станциясы АН – 50 сымды радиалды сызбасымен 10кВт кернеумен қоректендіріледі. Құрылғыға ГКТП – 250/10 – У1 типті трансформатор станциясы қабылданған. Төменгі волтті жүйе сызбасы – радиалды. Жүйелер 3х95+1х35 кв.мм. қимасымен және ААШпУ-1 кв. кабелімен орындалған.

Сыртқы жарықтандырылуы ДРЛ – 125 бар РК 006 – 125 – 001 – У1 шамдарымен орындалған, олар қоршаудың кронштейндерінде орнатылған. Сыртқы жарықтандыру жүйесі АПВ – 3 (1х4) сымы және кабелмен орындалып, диаметрі 25 мм құбырға төселген. Жарықтандыруды басқару – автоматты, көшені жарықтандыру панелінен қамтамасыз етіледі.

Енгізудегі орнатылған қуат:



  • жарықтандыру - 79,8 кВт;

  • күшті – 53,11 кВт.

Енгізу – бөлу құралы ВРУ 1 – 11 – 10 УХЛЧ, ВРУ 1 – 47 – 00 УХЛЧ типті. Жарықтандыру және күш құралды бөлгіш қалқаны – ПР – 11.

Ғимаратта жұмыс, апатты, көшіру, жөндеу жарықтандыру түрлері қарастырылған. Жарық көздері – люминесцентті және қыздыру шамдары болып табылады.



3.4.6 Канализация

Ғимараттың шаруашылық және өндірістік стоктары канализацияның аулалы жүйесіне келіп түсіп, ары қарай диаметрі 300 мм канализация жүйесіне кетеді.

Канализацияның сыртқы жүйелері пластмасс қысымды құбырларымен тартылған. Ішкі канализация пластмас канализациялы құбырлары тартылған.

Канализация құдықтары типті жоба бойынша орындалған.



3.4.7 Ішкі су көздері

Ғимараттың әр қабатында 2 өрт кранынан қарастырылғын, жалпы 8 өрт краны бар.

Жабыннан атмосфералы суларды ығыстыру ғимарат жанындағы ашық төгілетін болат құбырлардан орындалған.

Жабында су ұстайтын воронкалар орнатылады. Шеттерінде қыс мерзімінде суларды канализацияларға ығыстыратын гидравликалық затворлар қарастырылған.




4 Жылжымалы өрт техникасымен өртті сөндіруді ұйымдастыру
4.1 Жертөле қабатындағы қоймадағы өртті сөндіру есебі
Өрт жертөледе орналасқан қоймада пайда болған, келесі өрттің даму деңгейін қабылдаймыз:

  • сыртқы ауаның температурасы + 15о;

  • қабаттарда адамдар бар;

  • өрттің сызықтық таралу жылдамдығы Vл = 1,2м/мин;

  • сөндіру құралдарды беру қарқындылығы Jқаж=0,20 л/(м2*с);

  • ғимартаттың гиометриялық өлшемдері а = 25000 мм, b = 37 000мм;

  • қойманың гиометриялық өлшемдері а = 5000 мм, b = 13 000мм;

  • өрт бөлменің ортасында пайда болған.

Объектті жедел-тактикалық қатынаста зерттеу нәтижесінде анықталған, қоймада өрт пайда болған кезде күрделі жағдай туады және ғимаратқа үлкен материалды зиян келтіріледі. Қойманың ішінде және көрші бөлмелерде сауда залдары тауар-материалды құндылықтардың тағайындалуы мен әр-түрлі үлкен концентрациясы. Өрт жүктемесі 100 кг/м2 дейін құрайды.

Өрттің ең үлкен ауданы болуы мүмкін, егер жану әр-түрлі материал бойынша максималды жылдамдықпен таралса, бөлменің ортасында пайда болса.



1. Өрттің еркін даму уақытын анықтаймыз:

tе.д. = tбай + tхаб + tа.ө. + tж. + tжүр. + tж.қ.ж (4.1.1)

мұндағы:


t бай - өртті табу уақыты, мин.;

tхаб – өрт туралы хабарлау уақыты, мин.;

tа.ө. – ақпаратты өңдеу уақыты, мин.;

tж. – жиналу уақыты (1 мин. қабылдаймыз);

tжүр. – өрт орнына жету уақыты;

tж.қ.ж – жауынгерлік қанат жаю уақыты, мин. (ӨСД нормативтері бойынша).

tе.д. = 5 + 1 + 0,5 + 1 + 3 + 1,5 = 12 мин.

tжүр. 60 * L(4.1.2)

Vсл

Мұндағы:


L - өрт сөндіру бөлімінен объектіге дейінгі арақашықтық, км;

Vсл - ӨА орташа қозғалу жылдамдығы, км/час;

tжүр. 60 *2мин.


tж.қ.ж  lмл , (4.1.3)

мұндағы:


lмл магистрал сызығының ұзындығы, м;

tж.қ.ж мин, 1,5 мин қабылдаймыз.
2. Өрттің бос даму уақыты кезіндегі оттың өткен жолын анықтаймыз:

L (R) = 5*VЛ + VЛ*t2 = 5*1,2 + 1,2*2 = 8,4 м (4.1.4)

Мұндағы: 1 = 10 мин0,5Vл кестелік өлшеміне, орнатылмаған температуралық режим үшін, сәйкес өрттің таралу уақыты.

tСВ -1 = 12 - 10 = 2 мин. (4.1.5)

3. Өрттің ауданын анықтаймыз:



Sөрт = а*b (4.1.6)

Мұндағы, аөрт фронтының ені;

bбөлме ұзындығы.

Sөрт = 8 * 13 = 104 м2

Қол оқпандарымен сөндірудің ең эффективті тереңдігі hm = 5 м, ал лафетттімен - hm = 10 м.

4. Өртті сөндіру ауданын анықтаймыз:

Тікбұрышты формалы өрт кезінде және дамып жатқан өрт фронты бойынша оқпандарды берген кезде:



Sө.с. = n*a*hТ = 2*8*5 = 80 м2 (4.1.7)

Мұндағы, a – бөлме ені, м.



n – оқпанды беру бағытының саны.

5. Өрт сөндіру үшін қажетті өрт сөндіру құралының (судың) шығынын анықтаймыз:

Qө.с.қаж = Sөс * Jқаж =104 * 0,2 = 20,8 л/(м2*с) (4.1.8)

Мұндағы, Jтрсудың беру қажетті қарқындылығы, л/(с м2),

Jқаж = 0,2 л/(м2*с)

6. Қосылған бөлмелердің қорғауына кететін қажетті шығынды анықтаймыз:

Qққаж = Sқ * Jқ/4 = 173,6 * 0,2/4 = 8,68 л/(м2*с) (4.1.9)

Мұндағы:

Sқ = Sқаб.а1+ Sқаб.а2+ Sқаб.b1+ Sқаб.b2 + S1қаб.= 19,2+19,2+31,2+104=173,6

7. Жалпы қажетті шығынды анықтаймыз:

Qө.с.жал = Qө.с.қаж + Qққаж

Qө.с.жал = 20,8+8,68 = 29,48 л/(м2*с) (4.1.10)

8. Өртті сөндіру үшін оқпандардың санын анықтаймыз:

Nөс = Qө.с.қаж /qоқ = 20,8/7 = 3 ст. «А» (4.1.11)

Қосылған бөлмелерді қорғау үшін оқпандар санын анықтаймыз:



Nқ = Qққаж /qоқ

Nқ = 8,68/3,5 = 3 ст. «Б» (4.1.12)

10. Судың нақты шығынын анықтаймыз:



Qнақжал = Nөс * qСТ + Nқ * qСТ

Qнақжал = 3 * 7 + 3 * 3,5 = 31,5 л/с (4.1.13)

Салыстыр Qнақжал және Qө.с.қаж 31,5 > 29,48 салыстыру орындалады.

11. Объекттің сумен қамтамасыз етілуін анықтау:

QВ = (VВ*dСЕТИ)2 (4.1.14)

мұндағы QВ – су құбыр желісінің су беруі, л/с;

VВ судың құбыр бойынша жылдамдығы, м/с;

dСЕТИқұбыр диаметрі, дюйм (1 дюйм = 25,4).

QВ = (1,3 *6)2 = 61 л/с

Объект сумен қамтамасыз етілген.

12. Өрт көліктерінің қажетті санын анықтау:

NМ = Qнақжал /0,8*QН (4.1.15)

мұндағы QНөрт көлігінің сорғыштың шығыны, л/с.

NМ = 31,5/0,8 * 40 = 1 ПА

13. Бөлімшелер санын анықтау:

Nбөл = Qнақжал /Qбөл (4.1.16)

Мұндағы QОТД - бір бөлімше бере алатын, өрт сөндіру құралының шығыны, л/с.

NОТД = 31,5/14 = 3 бөл.
Ірі өрттерді сөндірудің практикалық тәжірибесінен шыға отырып, көп уақыт бойы түтінденген бөлмелерде жұмыс істеп жүрген, ГТҚҚ жеке құрамын ауыстыру үшін резервін қарастыру керек. Резерв, өрт сөндірудегі жұмыс істеп жүрген ГТҚҚ тізбектерінің 30 % санын құрауы керек.

NЗВ.ГДЗС = NЗВ.РАБ + 30 % = 7 + 3 = 10 ГТҚҚ (4.1.18)
14. жеке құрамның қажетті санын анықтау:

NЛС = N*3 + N*2 + NМ + NПБ + Nқұт + Nрез ГТҚҚ +NРАЗ

NЛС = 3*3 + 3*2 + 1 + 7 + 3+2*2+3*2+2 = 38 чел. (4.1.19)

мұндағы N*3 – өртті сөндірудегі оқпандардың, оқпаншыларды іргізе отырып, адамдардың саны (ГТҚҚ тізбектері де есептеледі);

N*3 – қорғаудағы оқпандардың, оқпаншыларды кіргізе отырып, адамдар саны;

NМ – сорғыш-жең жүйелерінің жұмысын қадағалаумен шұғылданған, адамдар саны (көлік саны бойынша);

NЛ – жылжымалы үшиінді сатылардағы сақтаушылар саны (саты саны бойынша);

NПБ – қауіпсіздік орнындағы бар адамдар саны (ГТҚҚ тізбектерінің саны бойынша);

NСВ – байланысшылар саны;

NРАЗ – тарамдарда және т.б. жұмыс істейтін адамдар саны.

14. Өрт бөлімдердің (бөлімшелердің) гарнизондық кестесі бойынша негізгі тағайындалуының және өртке шақыру номері бойынша қажетті санын анықтау:

NОТД = NЛС/4 (4.1.17)

NОТД = 38/4 = 10 бөлімше.
16. Өрт сөндіру құралының, АЦ-да екі бөлімше құрамында караулы беруін қамтамасыз ете алатын, шығынын анықтаймыз. караулында екі ГТҚҚ буыны бар, олар түтінденген бөлмеге сөндіруге бір оқпаннан бере алады, сонда:

Qф = Nотд * nотд.ст * qст = 2 * 2 * 7 = 28 л/с, (4.1.20)

мұндағы, Nотд – өрт орнына келген АЦ-ғы бөлімшелер саны;

qст – оқпаннан шығатын су шығыны, л/с;

nотд.ст – берілген типті бір бөлімше сөндіруге (немесе қорғауға) бере алатын оқпандар саны;

Qф = 28 л/с Qтр = 29,48 л/с

Бірақ сауда үйі адамдар көп келетін ғимарат екендігін ескере отырып адамдарды және материалдық құндылықтарды құтқаруға күш пен құралдарды қажет етеді.

Осылай, бірінші келген бөлімше өрт сөндіруге керекті оқпандар санымен қамтамасыз ете аламайды.

Бірінші бөлімше күш пен құралдарды енгізілген және бірінші ӨСБ шешімін қабылданған кезде өрттегі жағдай:


  1. Барлау барысында табылған:

  • Жанып жатқан бөлмеде адам жоқ, бірақ үйдің басқа қабаттарында адамдар бар, өрттің қауіпті факторлары адам өміріне қауіп төндіреді;

  • өрт ауданы 104 м2 құрайды;

  • өрттің таралу жылдамдығы 1,2 м/мин.

Бірінші өрт бөлімшесі келген кезде шешуші бағыт: күш пен құралдарды құтқару жұмыстарымен қамтамасыз етуге жіберу болып табылды.

Бірақ та, бірінші өрт бөлімшесі өрт сөндіру үшін керекті күш пен құралдарды енгізуді қамтамасыз ете алмайды, өртке келгендер:

№ 1 МӨСБ - АЦ-4-40, АЦ-2,5-40.

Өрттегі болып жатқан жағдайды және тактикалық мүмкіншіліктерді ескере отырып № 1 МӨСБ жеке құрамымен адамдарды эвакуациялау шараларын өтікізу үшін үш барлау тобы ұйымдастырылды және ГТҚҚ буынымен өртті сөндіру үшін бір РС-70 оқпаны берілді. 1-ші ӨСЖ КҚБОО (бұдан әрі - күш пен құралдарды жедел басқару орталығы) жоғарлатылған шақыру номерін жібереді хабарлайды, қосымша күш пен құралдардың келуі үшін.

Жоғарлатылған № 2 шақыру бойынша күш пен құралдарды енгізу кезінде өрттегі жағдайды анықтау.
1. № 2 шақыру бойынша келген, өрттің пайда болуынан соңғы бөліше оқпандарды енгізуге дейін, даму уақытын анықтау:

τсв2 = τсв1 + τсл2 + τбр = 12 + 12 + 2 = 26 мин. (4.1.21)
мұндағы τсл = 60 *6мин. (4.1.22)

 

2. № 2 шақыру бойынша келген, оқпандарды енгізу кезіндегі өрттің ауданын анықтау.



Қойманың қабырғаларының өртке төзімділік шегі 0,75 сағ. тең болса, ал қосымша күш пен құралдар өрттің пайда болғанынан 26 минуттан кейін келсе, онда өрттің даму формасы өзгермейтін болып қала береді, сондықтан:

Sт = 104 м2 Qтр = 29,48 л/с

Шешімі: шығу кестесімен қарастырлған, өрт бөлімшелерінің № 2 шақыруы жер төледе орналасқан қоймада тиімді өрт сөндіруімен қамтамасыз етеді. Күш пен құралдардың қойылуы.
Өрттің орташа көлемді температураны анықтау

Жалу ауысудың үстін анықтау:

S = S1қаб + Sқаб, (4.1.24)

мұндағы, S - бөлме қабырғаларының, аражапқыштардың және еденнің ауданы, м2.

Sқ = Sқаб.а1+ Sқаб.а2+ Sқаб.b1+ Sқаб.b2 + S1қаб.= 19,2+19,2+31,2+104=173,6 м2

S1қаб = Sпол = 104м2

Sқаб = 69,6 м2

Жылу ағынының тығыздығын анықтау:

q = VмSпQнр

3,6 S (4.1.25)

мұндағы, - химикалық жанған емес коэффиценті;

Vм – материалдың толық жануының массалық жалдамдығы, кг/( м2 ч);

Sп - бөлмедегі өрт ауданы, м2;

Qнр - жанудың ең төменгі жылуы, кдж/кг;

= 0,95, Vм = 0,7 кг/( м2.мин);

Qнр = 47138,0 кдж/кг; Sп = 210 м2;

q = 5*0,7 *210 *47138,0 = 28045,4 вт/м2

3,6 * 173,6
Газалмасыда қатысатын өткізулер, бір деңгейде орналасқан, сондықтан тесіктердің ауданын S1 өткізулер ауданының 1/3 тең деп аламыз.

S1 = 5,1 м2

Қабылданған мәндер бойынша S1 и V0 (4.1.26)

S

Грфикке сәйкес (7 /14/ қосымша), m табамыз

мұндағы, V0 = 5,30 м3/кг- жануға кеткен ауа шығыны.

S1 = 5,1 = 1

жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау