«Davmir» СҮ өрт сөндірушілер бөлімшенің жауынгерлік есеп табелі
Жауынгерлік есеп нөмірі
|
Лауазымы
|
Өрт кезінде жауынгерлік
есептің іс-қимылы
|
Командир
|
«Davmir» СҮ өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлға
|
Сауда үйінің басшылығына және 101, 112 нөмірлері арқылы өрт туралы хабарлайды. Адамдар мен персоналдың қауіпсіз жерге көшіру туралы бұйрық береді,
ғимараттың ішінен қауіпсіз жерге көшірілген адамдардың саны туралы мəлімет алады.
|
№1 өрт сөндіруші
|
Электрик
|
Электр қондырғысын ажыратып, өрт сөндіру бойынша іс-шараларды орындайды.
|
№2 өрт сөндіруші
|
Күзетші
|
Қосалқы жəне сыртқы есіктерді ашып, өрт сөндіру бөлімшелерін күтіп алады, өрт жағдайын баяндайды. Қосымша есіктерді ашып, адамдарды қауіпсіз жерге көшіруге көмектеседі.
Құтқарылған адамдарды есепке алып, баяндайды.
|
№3 өрт сөндіруші
|
Күзетші
|
Қосымша есіктерді ашып,
қауіпсіз жерге көшіруге
көмектеседі. Өрт сөндіру бойынша іс-шараларды орындайды.
|
№4 өрт сөндіруші
|
Күзетші
|
Алғашқы көмек көрсету, жедел
жəрдемді күтіп алу.
|
Ескерту: жауынгерлік есеп құрамын дәлірек сауда үйі басшысы тағайындап, өрт сөндіру ерекшеліктерімен және техника қауіпсіздігімен таныстырып, оқу-жаттығу сабақтарын жүргізеді. Негізгі жауынгерлік есепке қоса резевттік бөлімше дайындалады.
5 Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері
Өрттен болған шығын оның жану ұзақтығына және температурасына байланысты. Өрттің анықталған ұзақтылығы және температурасы кезінде құрылыс конструкцияларының бұзылуы болады.
Ғимараттың тасушы конструкцияларының бұзылуы көбінесе максималды шығынмен байланысты, өйткені өрт кезінде ауыр конструкциялар құлаған кезінде бөлмедегі бар заттың барлығын қиратады. Құрылыс материалдарының бұзылуы локальді және жалпы сипаты бар, ол тапсырманы конструктивті-жоспарлы шешуіне байланысты, сонымен бірге өрт сөндіру бойынша өрт бөлімдерінің сәтті жұмыстарына байланысты. Негізгі өрт сөндіру құралы су болып табылады.
Экономикалық көрсеткіштерді анықтау:
K1,2 – капиталды шығындар,
l1,2 – экономикалық шығындар,
I1,2 - өрттен болған шығын.
Өртті сөндіру үшін шығу кестесіне сәйкес гарнизон техникалары пайдаланылады. Осы кезде автоматты түрде № 2 шақыру бойынша күш пен құралдар бірінші нұсқадағыдай екінші нұсқада да шығады.
Сумен сөндіру уақытын статистикалық көрсеткіштер анализінен 30 минутқа тең деп аламыз, пайдалану шығындары келесі формула бойынша анықталады:
С1= Сгсм+Сзп+Сос+Стрто (5.1)
Мұндағы:
Сгсм – жанар-жағар май материалдарына шығындар;
Сзп – төлем ақыға шығындар;
Сос - өрт сөндіру заттарына шығындар;
Стрто – сөндіруге, жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге шығындар.
Барлық пайдалану шығындарының көлемі екі нұсқадағы шығындары тең, сондықтан оларды анықтамаймыз, жанар-жағар майдан басқаларын.
Өртті сумен сөндіру үшін пайдалану шығындарын анықтаймыз.
Qобщ = 45,5 л/с, өрт сөндіру уақытында (Tтуш=30 мин.) Су шығындалады:
1 м3 судың құны – 140 теңге 80 тиын.
W =Qобщ * Tтуш * 60 = 0,045 * 30 * 60 = 81 м3 (5.2)
Со.с=Свод. = W * 40 = 81 * 140,8 = 11405 теңге. (5.3)
Өрт сөндіруге 5 өрт автомобилін орнату қажет және сөндіруге 3 «А» оқпанын, қорғауға 3 «Б» оқпанын беру және адамдарды құтқаруға қажет. Өрттегі жұмыстар үшін жеке құрамның 5 бөлімшесі қажет.
Жанар-жағар май шығынын анықтаймыз. Су беруге АЦ-40 5 автомобиль және 1 дана АЛ-30 жұмыс жасайтын болады.
Кесте 1.
Жанар-жағар майдың шығыны.
ӨА маркасы
|
Мөлшері (шт.)
|
Жұмыс уақыты (мин.)
|
Жағармай шығыны
|
Жалпы шығын
(л.)
|
Жағармай маркас
|
1 литрге құны
|
Сумма
|
АЦ-40
|
6
|
30
|
0,33
|
69,3
|
АИ-80
|
88
|
6098,4
|
Майлауға шығындалғанды ескере отырып шығындалған бензиннің құны құрайды:
Сгсм = С * 1,25 = 6098,4*1,25 = 7623 тенге. (5.4)
Стр. То=1345 теңге әр автомобильге
- қорытынды 1345*6 = 9415 теңге. (5.5)
Төлем ақыға шығындарды анықтаймыз, ол үшін құжат бойынша берілгендерді аламыз:
Қарауыл бастығы 115 000*3 = 345 000теңге
Бөлімше командирі 80 000 *6=540 000 теңге
Жүргізушілер 80 000*7=560 000 теңге
Өрт сөндірушілер 70 000*20=1 400 000 теңге
Қорытынды: 2 845 000теңге
Бір күндік төлем ақыны анықтаймыз, яғни 8 жұмыс сағатына:
2 845 000 /30 = 94 833 теңге;
Бір сағат жұмыс үшін:
94 833/ 8 = 11 854 теңге;
30 минут жұмыс үшін:
11 854 / 2 = 5927 теңге;
Пайдалану шығынын анықтаймыз:
С1= Сгсм+Сзп+Сос+Стрто = 6098,4 + 5 927 + 11405 + 9415 = 32845 теңге.
Өрт кезіндегі мүмкін шығынды анықтаймыз. Анализ көрсеткендей, жану ауданы 201м2 құрайды.
Өрт туындау қорытындысындағы шығын шамамен 10 000 000 теңгені құрайды.
Өрттен жалпы шығынын құрайды:
Y1’ = 10 000 000 теңге.
Сауда дүкендерінде өрттер 3 жылда бір рет болу мүмкіндігін ескере отырып, бірінші нұсқа бойынша келтірілген шығындар тең болады:
П1 = C1 + Y1/3 =32845 + 10 000 000/3 = 3 344 282 теңге.
Өрттен адамдардың өлуі 100 адамнан асуы мүмкін.
ІІ нұсқа
Егер де «Davmir» СҮ қызмет көрсету персоналы өрт болған жағдайда дер кезінде адамдарды көшіруге және өрт сөндіруге дайын, әрі өз-ара жұмыс істеу әдісін меңгерсе, онда материалдық шығын да аз болып, адамдар өміріне де зиян келмейді. Қызмет көрсету персоналмен өрттің алғашқы кезеңінде өрт сөндіру шығынын төмендегі әдіс бойынша анықталады.
Экономикалық көрсеткіштерді анықтау:
K1,2 – капиталды шығындар,
l1,2 – экономикалық шығындар,
I1,2 - өрттен болған шығын.
«Davmir» СҮ өртті сөндіру үшін шығу кестесіне сәйкес гарнизон техникалары пайдаланылады. Осы кезде автоматты түрде №2 шақыру бойынша күш пен құралдар бірінші нұсқадағыдай екінші нұсқада да шығады.
Сумен сөндіру уақытын статистикалық көрсеткіштер анализінен 30 минутқа тең деп аламыз, пайдалану шығындары келесі формула бойынша анықталады:
С1=Сгсм+Сзп+Сос+Стрто
мұндағы:
lзп – төлем ақыға шығындар;
lтрто – сөндіруге, жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге шығындар;
1ам – аммортизациялық есептеулер
lос - өрт сөндіру заттарына шығындар;
lгсм – жанар-жағар май материалдарына шығындар.
Барлық пайдалану шығындарының көлемі екі нұсқадағы шығындары тең, сондықтан оларды анықтамаймыз, жанар-жағар майдан басқаларын.
Өртті сумен сөндіру үшін пайдалану шығындарын анықтаймыз.
Qобщ = 3,9 л/с, өрт сөндіру уақытында (Tтуш=5 мин.) су шығындалады:
1 м3 судың құны – 140,80 теңге.
W=Qобщ * Tтуш * 60 = 0,0039 * 5 * 60 = 11,7 м3
Со.с=Свод. = W * 140,80 = 11,7* 140,80 = 1647 теңге.
Өрт бөлімдерін шақырғандықтан өрт орынан 1 бөлімше келеді, ол № 1 МӨСБ 2 АЦ-40. Бөлімшелер саны 2.
Жанар-жағар май шығынын анықтаймыз. Су беруге АЦ-40 2 автомобиль және басқа 1 арнайы техника жұмыс жасайтын болады. Жанар-жағар майдың шығынын анықтау үшін кесте құрамыз.
Кесте 2.
ӨА маркасы
|
Мөлшері
(шт.)
|
Жұмыс уақыты
(мин.)
|
жағармайдың шығыны
|
Жалпы шығын
(л.)
|
Жағармай маркас
|
1 литрге құны
|
Сумма
|
ӨА
|
2
|
10
|
0,33
|
6,6
|
АИ-80
|
89
|
588
|
Қорытынды:
|
|
|
|
|
|
|
588
|
Майлауға шығындалғанды ескере отырып шығындалған бензиннің құны құрайды:
Стр. то=1500 теңге әр автомобильге -
қорытынды 1500*2 = 3000 теңге.
Жалақы шығының анықтаймыз,ол үшін веомосьтін берілгенін аламыз:
1 бөлімшеге қарауыл бастығы – 120000 теңге
2 бөлімше командирі – 160000 теңге
2 Жүргізушілер – 70000 теңге
8 өрт сөндіруші –560000 теңге
Барлығы: 910 000 теңге
Бір күндік жалақыны анықтаймыз:
91000/30 = 30333 теңге
Пайдалану шығынын анықтаймыз:
С1=Сгсм+Сзп+Сос+Стрто
С1 = 588 + 33333 + 1647 + 3000 = 35568 теңге.
Өрт кезіндегі мүмкін шығынды анықтаймыз. «Davmir» СҮ да қымбат тұратын заттар мен құраладар бар.
Анализ көрсеткендей, жану ауданы 19,6 м2 құрайды, яғни сауда дүңгіршегінің бір бөлігі ғана өртенеді.
Дүңгіршекте өрт салдарынан шығын 300000 теңгені құрайды.
Өрттен жалпы шығын құрайды:
П2 = C2 + Y2= 35568 + 300000 = 335568 теңге.
«Davmir» СҮ өрттен адамдардың өлуі 100 адамнан асуы мүмкін. Ал шығын 3 344 282 теңгеден асып түседі. Ал өртті бастапқы кезеңде сөндірсек, онда шығын экономикалық үнемділік мынадай болады:
П3 = П1 - П2= 3 344 282 - 335568 = 3 008 714 теңге.
Қорытынды: Егер де «Davmir» СҮ өртті алғашық өрт сөндіру құралдарымен өрттің алғашқы дәрежесінде, қызмет көрсету персоналдың көмегімен, алғашқы уақыттарда сөндіріп, адамдарды көшірсек, онда экономикалық үнем 3 008 714 теңгені құрайды. Сонымен қатар өрттен адамдар еш зардап шекпей, қауіпсіз және тез уақыт ішінде көшіріледі. Сондықтан менің ұсынысым айтарлықтай табысқа жеткізеді.
6 Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі
Техника қауіпсіздігі бойынша шаралар объект мамандарымен бірге дайындалады және техника қауіпсіздігі бойынша жауаптылардың міндеттері көрсетілетін вкладыштары бар жедел жоспарда көрсетілуі керек. Ғимарат жоспарында температуралық әсерден қорғау қажет конструкциялардың құлауы мүмкін аймақтар белгіленуі керек.
Өрт сөндіруге қатыстырылатын қарауыл жеке құрамымен жыл сайын өрт-тактикалық сабақтар өткізілуі кезінде техника қауіпсіздігі сұрақтары қарастырылуы керек.
Өртке қарсы қызмет бөлімдерінің техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нұсқаулығы №355 15.10.2010 ж., көрсетілген талаптардан басқа ӨСБ техника қауіпсіздгі үшін жауапты тұлғалар арқылы қатты түтінденген және температурасы жоғары, жылулық радиациясы жоғары аймақтарда жұмыс жасайтын адамдарды қорғау бойынша шаралар қабылдауы қажет. Жеке құрам жылдам түтін люктерін ашуға дайындалған болуы керек.
Конструкциялардың, сөрелердің құлау қауіпі кезінде жеке құрамды қауіпті аймақтан көшіруге уақытында шаралар қабылдау керек.
Қоғамдық ғимараттарда өртті сәтті сөндіруді қамтамасыз ету үшін, гарнизондарда бірқатар дайындық шаралар жүргізу қажет. Бұл шаралар автоматты өртке қарсы қорғаныс жүйелерімен өртті табу және жою мүмкіндігін, күш пен құралдардың сөндіруде қажетті тез ойластыру, сонымен бірге өрт бөлімдері жеке құрамын тактикалық қамтиды.
Өртке бөлім келуі бойынша жеке құрамға барлау жүргізу кезінде, жауынгерлік қанат жаю және өрт сөндіру кезінде техника қауіпсіздігін сақтау туралы ескерту қажет. Барлау тобы кем дегенде 3 адамнан тұру керек, және дайындалған адам басқаруы қажет – командир.
Түтінденген ортада және улы заттар сақталатын қоймаларда барлауды жүргізу кезінде барлауды ГТҚҚ буыны үш адам құрамында жүргізу қажет.
ГТҚҚ жеке құрамы құтқару және өзін-өзі құтқару құралдарымен, жарықтандыру және байланыс приборларымен, конструкцияны ашу құралдарымен және сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек. Барлауды жүргізушілер ӨСБ-мен, жедел штабымен тұрақты байланыста болып барлау қорытындысын баяндап отыруы керек. ӨСБ газ-түтіннен қорғаушылардың резервін құруға, оқшаулағыш противогаздарда жұмыс жасаушылар жеке құрамын уақытында ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті. Жеке құрам жанып жатқан бөлме есіктерін байқап ашуға міндетті, есік жақтауларын оттың мүмкін лапылдауынан немесе қыздырылған газдан қорғану үшін пайдалану керек. Терезе қуыстарымен капиталды қабырға бойымен қозғалып құрылыс конструкцияларының құлау мүмкіндігінен қорғану шараларын сақтау керек. Қол өрт сатыларын пайдаланған кезде оларды түтіндену аймағында, өрттің дамуы кезінде жану аймағында қалып қоймайтындай етіп орнату керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сауда орталықтары адамдар жаппай келетін объектке жатады. Мұндай объекттерде өрт аз болмайды және адамдар өлімі мен үлкен материалды шығын әкеледі. Сондықтан да сауда мекемелерінде өрт болған жағдайда өртті сөндіру және апаттық құтқару жұмыстарын ұйымдастыру тақырыбы маңызды деп санаймын.
Дипломдық жобада сауда-сатық ғимараттарында және адамдар жаппай келетін ғимараттарда өрт қауіптілігі сараптамасы жүргізілген. Сонымен қатар сауда мекемелерінде, қоймаларда өртті сөндіру және адамдарды құтқару бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу ерекшеліктері көрсетілген. «Davmir» СҮ жедел-тактикалық сипаттамасы, өрт қауіптілігі көрсетілген.
Берілген дипломдық жобаны орындау барысында мен өртті сөндіруге керекті күш пен құралдардың есебін жүргізуді, яғни өрттің еркін даму уақытын, өрт жолының ұзындығын, өрт және сөндіру ауданын, өртті сөндіруге және ғимараттың жанбаған бөлігін қорғауға қажетті құралдарының санын, жеке құрам мен керекті өрт сөндіру авто көліктерінің санын есептеп үйрендім.
Дипломдық жобаны орындау барысында өртті сөндірудің екі нұсқасын да қарастырдық. Есептеулер нәтежиесінде өртке қарсы қызмет органдарының күш пен құралдарының көмегімен өртті ауыздықтап, адамдарды дер кезінде құтқардық. Бірақ оған қарамастан өртке қарсы қызметінің ең басты міндеттерінің бірі өрттен болатын материалдық шығынды азайту болатын міндет орындалмай қала береді, сондықтан да мен адамдар көп шоғырланатын ғимараттарда ҚР ҚН мен ҚНжЕ сәйкес өрт қауіпсіздік ережелерін мұқият қадағалап, автоматты түрде өртті сөндіру және хабарлау жүйесін, алғашқы өрт сөндіру құралдары мен ішкі өрт сөндіру құралдарын, көшіру жолдарын үнемі қалыпты жағдайда ұстауға мекеме басшыларын және жауапты тұлғаларды шақырамын.
Біз дипломдық жобада өртке қарсы қызметтің және қызмет көрсету персоналының өрт сөндіру параметрлерін есептеп, сараптамасын жасау кезінде өрттің алғашқы уақытында өртті сөндіру үлкен материялдық үнемге және адамдарды қауіпсіз көшіруге қол жеткіземіз.
Ұсынылған шаралар өртті мағыналы аз материалды шығынмен жоюға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиет тізімі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «14» қарашадағы №267 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «14» қарашадағы №266 бұйрығымен бекiтiлген, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысы
ҚР ТЖМ МБҚК-нің 2010 жылғы «22» желтоқсан № 446 бұйрығымен бекітілген ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметі жөніндегі тәлімдемесі
ҚР ТЖМ МБҚК-нің 2005 жылғы «07» Шілдесі № 170 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызметі жөніндегі тәлімдемесі
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы «15» қазан № 355 бұйрығымен бекітілген өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауыпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулық
ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамын даярлау ережесі. Бұйрық № 245 12.07.2010 ж.
Өрт жеңдерін пайдалану және жөндеу нұсқаулығы. Бұйрық № 250 12.09.2005 ж.
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті үшін автокөлік және материалдық-техникалық құралдардың тиісті нормалары. Бұйрық № 52 14.07.2005 ж.
Бубырь Н.Ф. «Установки автоматической пожарной защиты» М.Стройиздат.1979г.
Собурь С.В. «Установки пожарной автоматики» М.спецтехника 2001г.
Собурь С.В. «Установки пожарной сигнализации» М.спецтехника 2001г.
ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 «Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы»
ҚР ҚНжЕ 4.01.02-2001 «Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы желілер мен ғимараттар»
Иванников В.П., Клюс П.П. «Справочник руководителя тушения пожара», М. Стройиздат, 1987 г.
Повзик Я.С. «Пожарная тактика», М. Стойиздат, 1990 г., 2001 г.
Грушевский Б.В. «Пожарная профилактика в строительстве», М. Стройиздат, 1989 г.
Будасов Б.В. «Строительное черчение», М. Стройиздат 2002 г.
Теребнев В.В. «Пожарно-строевая подготовка». М. 2004 г.
ҚР ҚН 2.02-11-2002 «Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары
Достарыңызбен бөлісу: |