«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан» бойынша



жүктеу 284,37 Kb.
бет4/8
Дата03.06.2022
өлшемі284,37 Kb.
#38845
1   2   3   4   5   6   7   8
Ажар жоба

Бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда қарапайым түрі болып табылады және диалог немесе мәтін негізінде құрылуы мүмкін. Бірінші жағдайда балалар базалық диалогпен танысады және оны өңдейді.
Белгіленген деңгейде бақыланатын рөлдік ойын әлдеқайда күрделі болып табылады, онда қатысушылар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипаттамасын алады. Мәселе мынаған негізделеді: рөлдік мінез-құлық ерекшеліктері тек орындаушыға ғана белгілі болады. Қалған қатысушылар олардың әріптесі қандай мінез-құлық көрсететіндігін табу маңызды және өзінің жауабы туралы тиісті шешім қабылдауы тиіс.
Еркін рөлдік ойынды жүргізген кезде балалардың өздері қандай лексиканы пайдаланғаны дұрыс, әрекет қалай дамуы тиіс екендігін шешу тиіс, тәрбиеші рөлдік ойынның тақырыбын ғана атайды, ал содан кейін балалардан осы тақырыптың әртүрлі аспектілерін қозғайтын әртүрлі жағдайларды құрастыруды сұрайды.
Құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрлі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әрекеттерді бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді. Және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу- қоршаған өмір. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, театрлар цирктер т.б. ірі құрылыстар салады. Құрылыс ойындарында олар қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің шығармашылық ойын, жобалық міндеттерінің өзіндік шешімін енгізеді.
Рөлді ойындарға қойылатын негізгі талаптар. Қазіргі кездегі мектепалды даярлық тобындағы оқу қызметінде қарым-қатынастың нақты жағдайын модельдеу үшін рөлдік ойындарды пайдаланудың өзіне тиісті талаптары бар. Олар:
1.Ойын оқу мотивациясына ынталандыруы, балалардың тапсырманы жақсы
орындауға қызығушылығы мен ұмтылысын тудыруы тиіс, оны қарым-қатынастың нақты жағдайына тең жағдай негізінде жүргізу қажет.
2.Рөлді ойынды мазмұны тұрғысынан да, нысаны жағынан да жақсы дайындау, дәл ұйымдастыру қажет. Білім алушылардың белгілі бір рөлді жақсы орындау қажеттілігіне көздері жетуі қажет. Тек сонда ғана олардың сөздері табиғи және шынайы болады.
3.Рөлді ойынды бүкіл топ қабылдауы тиіс.
Ол міндетті түрде жағымды шығармашылық ортада жүргізіледі, Балалардың қанағаттану, қуаныш сезімін тудырады. Рөлдік ойында балалардың өздерін неғұрлым еркін сезінсе, олар соғұрлым қарым-қатынасқа қызығушылық білдіретін болады. Уақыт өте келе онда өз күштеріне деген сенімділік сезімі, яғни әртүрлі рөлдерді ойнай аламын деген сенім пайда болады.
Ойын балалар белсенді сөздік қарым-қатынасқа мүмкіндігінше көп тиімділікпен өңделетін сөздік материалды пайдалана алуы үшін ұйымдастырыла алады.Тәрбиеші міндетті түрде рөлдік ойынға, оның тиімділігіне сенеді. Тек осындай жағдайларда ол жақсы нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін.
Тәрбиешінің балалармен байланыс орната білуі үлкен мәнділікке ие.Рөлді ойынды дайындау, жүргізу және талқылауды басқарудағы және оқу-байланыс орнату жағдайларын құрудағы негізгі қызметті тәрбиеші де, бала да жүзеге асыруы мүмкін. Сонымен, оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойындардың құрылымдық негізі болып тадылады. Қарым-қатынасты үлгі ете отырып, оқу-сөйлеу жағдайлары рөлдік ойын құрамындағы маңызды компонент ретінде балаларды ұсынылған жағдайларға қояды.
Оқу қызметі барысында рөлді ойындарды қолданудағы тәрбиешінің рөлі.
Балалардың көзқарасы бойынша рөлді ойын – бұл ойын әрекеті, ол процесте олар белгіленген рөлдерден көрінеді. Мектепалды даярлық тобындағы сабақ барысында тәрбиеші бірнеше рөл атқара алады. Онда осы рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай? Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады.

  • Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.

  • Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.

  • Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек

ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болуы тиіс.

  • Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап, жұмысына жәрдем беруіне болады.

  • Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана

түртіп алады да, келесі оқу қызметінде сол қателермен жұмыс істейді.

  • Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет

берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек. Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде тәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Тәрбиеші позициясынан рөлдік ойын оқу процесін ұйымдастыру нысаны ретінде көрінеді, оның мақсаты балалардың сөздік қоры мен икемділіктерді қалыптастыруға және дамытуға негізделеді.



Қатысушы
Балалармен бірге орындайды


Басқарушы

Бұл схемада көрініп тұрғандай, оқу қызметі барысында тәрбиеші көптеген ситуациялық рөлдерді ойнауға тура келеді. Олар біріңғай әлеуметтік қатынастарға берілмейді, педагогикалық қарым-қатынас жағдайында анықталады және оқу қызметі нысанына байланысты анықталады, мысалы, бақылаушы рөлі, қарым-қатынас бойынша әріптес рөлі, қатысушы немесе әрекетті ұйымдастырушы рөлі т.б.



жүктеу 284,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау