Рөлді ойын баланы әлдейқайда икемді етеді, яғни тілдік мінез-құлыққа шеберлікке қол жеткізе отырып, ол алынған дағдылар мен икемділіктерді жаңа жағдайларда оңай қолдана алады.
Рөлдерді үлестіру барысында басты назарды
балалардың қызығушылықтарына, психологиялық ерешеліктеріне, олардың мінез-құлықтарына, сонымен қатар олардың топтағы позицияларына көңіл аудару қажет. Осы аталғандардың барлығын ескере отырып, топта үнемі инициативаны жаулап алатын балаға қарапайым баланың рөлін ұсынсақ, ал ұялшақтау, сабақта пассивті болып жүретін және пәнге аса қызығушылығы жоқ балаға мұғалімнің, ата-ананың рөлін ұсынуға болады. Кез келген бала
ертерек балалық шақтан арылып, ересек адам болуды армандайтыны белгілі, сол себептен ұяңдау, пассив балаларға басты рөлдерді, яғни мұғалім, ата-ана рөлін орындағаны жөн. Мұндағы басты мақсат - осы рөлдер арқылы балаларға артылған үлкен жауапкершілікті сезіндіру, сол арқылы осы рөлдерді барынша жақсы орындауға итермелеу, қалай да болса олардың тілін дамыту. Топтағы қалған балаларға екінші рөлдік ойын біріледі.
Сондықтан кішкентайлардың
ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. 5-6 жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, көпір салу, космос корабльдерін ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды. Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10-15 минут болса, 4-5 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі жастағылар ойыны бірнеше сағатқа созылады. Ойын сюжеттері балалардың бәріне ортақ болғанымен ойынның ойналу сипаты түрліше.
Рөлдік ойындар шағын топтарда (3-5 қатысушы) жүргізіледі. Қатысушылар карточка арқылы (тақтада, парақтарда және т.б.) тапсырма алады,
рөлдерді бөледі, жағдайды ойнайды және барлық топқа ұсынады (көрсетеді). Тәрбиеші балалардың мінез-құлқын ескере отырып рөлді өздері бөледі.
Рөлдік ойын да үлкен оқыту мүмкіндіктеріне ие. Рөлдік ойынды қарым-қатынастың ең нақты үлгісі ретінде бағалауға болады. Ол шындыққа оның ең маңызды белгілерінің ұқсауын болжайды. Сол себепті психологтар мектепалды даярлық тобында оқытуда
«театрдан үйрену» тезисін ұсынады. Рөлдік ойындарда өмірдің өзіндегідей әріптестердің сөздік емес мінез-құлықтары тығыз негізде қиысады.
Мектеп алды даярлық тобына арналған рөлдік ойындардың мазмұны
Рөлдік ойын: Үш қыз. (татар халық ертегісі)
Мақсаты: Балалардың ойынға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойнай білу қабілетін дамыту, ойын үстінде өзін - өзі ұстай білу мәдениетіне, бір - біріне көмектесуге және жағымды қарым - қатынас жасай білуге үйрету. Ойын жағдаятын қалыптастыру.
Мазмұны:Ерте заманда бір әйелдің үш қызы болыпты. Қиыншылыққа қарамай, күні-түні
еңбектеніп, оларды елден кем қылмапты. Үш қыз да бірінен-бірі асқан әдемі, сұлу болыпты. Уақыт өтіп, қыздар өсіп, бойжетіп, кезегімен күйеуге шығып, жан-жаққа кетіп, аналары жалғыз қалыпты.Көп жылдар өткен соң аналары қартайып, ауырып жатып қалады. Қатты ауырған әйел жақын маңдағы орманда
тұратын Сары тиінді шақырып, өтініш жасайды.
- Тиін, тиін, маған қыздарымды шақырып берші!
Сары тиін қыздарын іздеп кетеді. Тиін үлкен қыздың үйіне келіп, терезесін қағып:
-
Аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет!-дейді.
- Әттеген-ай! Мен барар едім, бірақ мына екі шараны тазалауым керек, -деп алдындағы шараларды көрсетеді.
- Анаңнан саған шаралар қымбат болғаны ма?-деп Сары тиін ашуланады. Олай болса, әрқашанда шараларыңнан айырылмай жүр! Тиін осы сөзді айтқаны сол екен, қос шара қыздың денесіне жабысып, үлкен тасбақаға айналдырып жібереді.
Сиқыршы Сары тиін әйелдің ортаншы қызына барады.
- Аналарың қатты ауырып жатыр, тез жет!-дейді.
- Қап! Мен қазір-ақ барар едім. Бірақ жәрмеңкеге әдемі тоқыма дайындап үлгеруім керек, -деп ортаншы қызы жауап береді.
Ашуланған Сары тиін.- Саған анаңнан тоқыма қымбат болса, өмір бойы тоқыма тоқы,-деп өрмекшіге айналдырып жібереді.
Сиқырлы Сары тиін әйелдің үлкен екі қызына көңілі толмай, ренжіп, үшінші кенже қызына келеді.
- Анаң қатты ауырып жатыр, тез жет!- деп Сары тиіннің айтқаны сол еді, кіші қызы илеп жатқан нанын қоя салып, былғанған қолымен анасына жүгіріп кетеді.
- Сенің жүрегің қандай жұмсақ! Саған да адамдар әрқашан қайырымды болсын! Өмірің ұзақ болсын! Бақытты бол! Жасаған жақсылығың ұмытылмасын!
Адамдар сені әрқашан құрметтеп, жақсы көрсін!-деп Сары тиін қызға алғысын білдіреді.Сөйтіп әлгі әйелдің кенже қызы көп уақыт бақытты өмір кешті. Сары тиін оны адамгершілігіне, қамқорлығына қарай еңбекқор бал араға айналдырады. Содан бері бал араның алдыңғы екі аяғы әрқашанда тәтті балға малынып, жүрген жеріне шаттық пен қуаныш сыйлайды екен.