«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан» бойынша



жүктеу 284,37 Kb.
бет3/8
Дата03.06.2022
өлшемі284,37 Kb.
#38845
1   2   3   4   5   6   7   8
Ажар жоба

1.2 Рөлдік ойынның кезеңдері.


Кез келген ойынның негізгі ерекшеліктері – балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде де сөйлесіп жүреді. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесіп жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Рөлді ойындар тренингтік сабақтардың өзегі іспетті. Гуманистік бағыттағы ғалымдар көзқарасына сәйкес, психологиялық ойындар арқылы баланың өзіндік дамуына көмек беруді мақсат етеді.
Рөлді ойындардың психологиялық әсерімен балада:

  • Өз-өзіне деген сенімнің бекуі;

  • Этикалық және адамгершілік негізінде мінез-құлық, жүріс-тұрыстың меңгерілуі;

  • Қарым-қатынас дағдылары мен біліктерінің дамуы болатындай түрлері

жинақталып, іріктеледі.
Сонымен қатар, оқу ретіндегі ойын тиімділігі мынадай бірқатар талаптарды сақтауға байланысты, яғни олар: оқушылар әрекет ететін қиялдағы жағдайдың, жоспардың болуы және балалардың ойын нәтижесін, ойын ережесін міндеттті түрде түсінуі. Ойын бұл тек ұжымдық көңіл көтеру емес, бұл оқытудың барлық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі тәсілі, сондықтан ол қандай дағды және икемділікті талап ететіндігін, баланың нені жасай біледі және ойын барысында неге үйренгендігін білу қажет. Ойын балалардың ойлау қабілетін күшейту қажеттілігін алдына қоюы керек.
Рөлді ойындарды қолдану басты үш сатыдан тұрады. Олар:

  1. дайындық кезеңі, ол:

    • дидактикалық материалдар жинақтау

    • жинақталған материалды реттеу, ұйымдастыру

  1. орындалу барысы;

  2. ойынды қорытындылау

Рөлді ойындар міндетті түрде топтық, талдаумен аяқталады. Талдау 2 бағытта жүргізіледі:

  • Қарым-қатынас жағдайының құрамын балалардың толық та, адекватты түсінігін қамтамасыз ету;

  • Коммуникативті іс-әрекет механизмдерін біліп, түсінуге, дағдылануға мүмкіндік

беру.
Рөлді ойындардың 2 түрі – импровизациялық және сюжеттік түрлерін қолдануға болады. Импровизациялық ойындардың мазмұны балалардың өздерінің үйреншікті өмір жағдайларынан, қарым-қатынас сферасынан алынып отырады. Мұнда тек алдын-ала рөлдер мен позициялар бөлініп беріледі. Импровизацияланатын ситуациялардың ең қарапайымы таңдалынады. Ал басты назар әрбір баланың импрвизациялауға қабілетін, яғни спонтанды түрде оның кез келген рөлді ойнап, сол рөл тұрғыдан диалог құра алуы мен вербалды емес коммуникацияны қабылдап, меңгеруі талданып, зерттеледі. Импровизациялық ойындардың арасынан ұзақ даярлықты қажет етпейтін, тренинг барысында өрістейтін түрлері қолданылады. Бірақ мұндағы басты талап ойын мазмұны балалардың қарым-қатынас саласындағы мәселелерге бағытталуы.
Алдыңғы диагностикалық зерттеулер мен диагностикалық ойындар нәтижесіне жүгіне отырып, импровизациялық ойын мазмұны құрастырылды. «Анар бүгін балабақшаға ең әдемі қуыршағын алып келген екен», «Анасы мен Болат дүкенге келді», «Сәуле үйде отырғанда есік қағылды», «Саматпен оның досы Дәурен телефонмен сөйлесіп отыр»,
«Жанардан көшеде бір бейтаныс аға аты-жөнін, үйінің мекен-жайын сұрады», «Гүлнар мен Мөлдір ойнап жүріп ренжісіп қалды» т.с.с балалардың жас ерекшелігіне, қарым-қатынас қажеттіліктеріне және тренинг мақсатына орай тақырыптар бойынша спонтанды түрде бір оқиғалар ойналып отырды. Мысалы, «Анар бүгін балабақшаға өзінің ең әдімі қуыршағын алып келген екен» ойынының мазмұнын алайық. Тәрбиеші алдын ала Анарға өзіне ғана, кім сұраса да, қалай сұраса да қуыршағын ешкімге бермеуін тапсырады. Ол үшін Анар балалардың әрқайсысының өтінішіне нақты, тура жауап беруі керек.
Ал балаларға тәрбиеші бар мүмкіндіктерін пайдаланып қуыршақты сұрап алып, ойнауларына бағдар береді. Бұл ойын барысында балалар бірін-бірі түсінуге, тыңдауға, қарсы жауап таба алуға, сендіруге, ынталандыруға, сыйлауға, өтініш айтуға, сөзін өткізе алуға үйренеді. Рөлдік- импровизациялық ойындардың әсерін талдау «кілттері».
Оқиғалы рөлді ойынды ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері
Қарым-қатынас құралдарының қолданылуы, сөздік қор, ым-ишара, арақашықтық, интонация.

  • Қарым-қатынас біліктері мен дағдылары, өзара келісімге келу, қысым жасау, манипуляцияның көрінісі;

  • Өзара әрекеттестік, өзара қатынас позициялары «тепе-теңдік», «жоғарыдан» қарау,

«төменнен» қарау болды.
Ал рөлді ойындардың алдын-ала даярланған сценарий қажет. Онда ойынға қатынасушылардың өзара әрекеттесу, өзара қатынас жасау позицияларының толық сипаттамасымен нұсқаулары құрастырылады.
Рөлдік ойындар алдын-ала ойластырылып, бүкіл сабақтардың жоспарын құруда ескеріледі. Бұл рөлді ойындардың бастапқы кезеңі. Рөлдік ойын типтік коммуникативті ситуацияларды, яғни балалардың баршасына дерлік тән жағдайларды талдауға бағытталады. Мұндай ойындарда күрделі коммуникативті ситуациялар моделденеді. Әдетте импровизациялық ойынға қарағанда, рөлдік ойынға уақыт көп кетеді. Рөлді ойын барысында тәрбиеші көп кірісе бермеуі тиімді; ойын өздігінен ұйымдасатын болуы керек. Рөлдік ойындар қорытынды сабақтарда ойналады. Себебі балалардың топ ішіндегі қарым- қатынасы интенсивті болып, өздері қарым-қатынас кезінде әр түрлі позициялар, стратегиялар, инициатива коммуникация ережелерін біліп, ситуацияларға талдау жасай алатын кезде ғана рөлдік ойын тиімді болады. 5-6 жастағы балалардың ойналатын рөлдік ойынға 1-1,5 сағат уақыт керек. Мүмкін болса рөлдік ойынды тұтастай бейнетаспаға түсіріп алған жөн. Мұндай таспалар талдау жасағанда кейбір ойын сәттеріне қатысты балалардың әржақты көріп-қабылдауынан туындайтын даулы жағдайларды қарастыруда аса қолайлы.
Рөлді ойындарды сипаттағанда импровизация элементтерінің болмай қалуы мүмкін
емес.Рөлді ойындар өзара байланысты позициялардың негізінде
жинақталады. «Ойыншықтар сөйлейді», «Аңдардың әңгімесі», «Әжесінің еркесі»,«Қызғаншақ бала» ойындарының желісін құруға болады. Осы ойындарға сипаттама берейік:
«Ойыншықтар сөйлейді». Бұл ойында әрбір бала топтағы ойыншықтардан бір- біреуден қолдарына алып, соның рөлінде, соның атынан өзінің ренжігенінде, қуанғанда, өкінгенде, ашуланғанда, өтініш білдіргенде, ұялғанда не дейтінін, нені армандайтынын ортаға салады.
«Аңдардың әңгімесі». Әрбір бала бір-бір ойыншық аңның рөлінде қу түлкі, ашулы арыстан, қорқақ қоян, аңқау қасқыр, батыр қоян, кекшіл кірпі, маңғаз керік т.т. бірігіп өздері куә болған бір-бір қызықты оқиға айтады.
«Әжесінің еркесі» - бұл ойынға мынандай кейіпкерлер қатысады: Ерке, әжесі, ағасы, інісі бірге ойнайтын құрбысы – Айдана. Қалған балалар талдау жасауда белсенді болу үшін әрбір кейіпкердің сөйлеген сөздерін, қылықтарын байқап, бақылап, аңғарып отырады. Ойын сюжеті: «Ерке әжесінің баласымын деп, көбіне әжесімен қарым-қатынас жасайды. Анасын тыңдамайды, өз айтқанын оларға орындатпай қоймайды. Ағасы мен інісі бір бірімен өте тату. Бірақ Ерке олармен де тату ойнай алмай, дауласып, тентек бола береді. Айдана құрбысы Еркенің қылықтарына қынжылып жүреді. Бір кездері Ерке әжесі, анасы, ағасы, інісі, құрбысы танымастай өзгереді.» Бұл ойын Р.Шапбаеваның «Әжесінің қызы» әңгімесі бойынша құрылды.
«Қызғаншақ бала» ойынының балаларға тақырыбы беріліп, өздерінің «режиссерлік», қоюшылық қабілеттеріне орай ойын мазмұнын жасау ұсынылады.
Рөлді ойын кезінде тәрбиеші байқап, бақылап отырады, ойын барысына кесте бойынша талдау жасайды.Содан кейін оқу қызметінде балалардың жаңа қарым-қатынас дағдыларын, біліктерін бекітуге арналған кезеңді енгіземіз.
Бұл кезеңде әрбір баланың өзіндік ішкі потенциалы, коммуникативті іс-әрекетке деген ішкі ресурсы анықталады. Бұл сабақтың екінші блогын құрайды. Бұл блок балаларға алған әсерін, яғни топтарының жоғары ұйымдастырушылық көрсетуін, әрбір баланың коммуникативтілік деңгейін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар ол өзіндік бір диагностикалық тәсіл болады. Әрбір баланың қарым-қатынасының жетілуі, белгілі бір коммуникативті дағдылар мен біліктердің қалыптасып, дамуы белгілі болады.
5 жастағы балаларға арналған тапсырмалары шығармашылық негізде болады. Онда балаларға қойылым қою, ертегі құрастыру сияқты драматизациялау тапсырмалары беріледі.
«Таңертең», «Түстен кейін» атты тақырыппен балаларға «үнсіз қойылым қою ұсынылады. Оны- балалардың балалардың балабақшаға кіргеннен бастап сәскеге дейінгі және одан кешке дейін және ситуациялық қарым-қатынасты вебралды емес жолмен көрсетліп отыратын рөлдік ойынның бір түрі. Бұл ойындар сабақтың бас кезінде бірі, соңында бірі ойналады. Екі ойынға да 20 минуттан уақыт беріледі. «Таңертең», «Түстен кейін» қойылым салыстыра отырып, балалардың вебралды емес қарым-қатынас жасау техникаларының жетістігін бақылауға мүмкіндік береді.
«Үнсіз» спектакльді екі шағын топ балалары ойнайды. Бірінші шағын топ балалар біріне- бірі қарамай, әрқайсысы басқа бір топтағы құбылысының рөлінде ойнай береді. Екінші шағын топ балаларды олардан өздерінің бейнесін тауып алулары қажет. 10 минуттан соң екінші кіші топ осы тапсырманы орындайды. Бұл ойын бойынша талдау көрсеткіштері:

  • Қимыл-қозғалыс – өзінен басқаларға бағытталса – баланың теріс, жағымсыз

деп санайтын ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.

  • Қимыл – қозғалыс – өзіне қарай бағытталса, баланың ұнататын, оңды

ситуациялары, адам бойындағы қылықтары.

  • Ашықтықты, тұйықтықты бейнелейтін қимыл қозғалыстар болады.

Рөлді ойынында балалардың өз бетімен жұмыс істеуді дамыту керек. Шынайы өмірде біз балалардан «Өзім істеймін» дегенді жиі естиміз, ойында да олардың өз бетінше ойнауға құқы бар.Балалардың өз бетімен жұмыс істеуін дамыту мақсатында ойында тәрбиеші басқарудың келесі міндеттерін атқарады:

  • Әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту.

  • Балаларды қойылған ойын міндеттерін шешу үшін әр түрлі заттық тәсілдерді

өз бетінше таңдауға ынталандыру.
Балалардың өз бетінше жұмыс істеуін ойын барысында қалай дамытуға болады? Мұндай күрделі жұмысты ұйымдастыруда нақты бірізділік болу керек. Бала жаңа бір нәрсе үйреніп жатқанда, оған ересек адаммен ынтымақтастық қажет. Бұл кезде тәрбиеші ойын міндетін қоюға көмектеседі. Бала ойын міндеттерін қоюды үйренгенде, оған өз бетінше жұмыс істеуге барынша мүмкіндік беру керек.

2 Рөлдік ойындарды ұйымдастыру

2.1 Мектепалды даярлық тобында өткізілетін рөлді ойынның түрлері мен мазмұны


Рөлді ойын басқа тілде қарым-қатынас жасау, сөйлесу саласын кеңейтуге, білім алушылар пікір айтуда мазмұнды жағына назар аударуға мүмкіндік беретін тиісті дағдыларды дамыту және машықтандыру жаттығуларындағы тіл материалдарын алдын-ала меңгеруді болжайды. Сабақта жиі қолданылатын рөлдік ойындардың түрін төмендегі кестеден көрінеді.
Рөлдік ойын түрлері



Рөлді ойынның түрлері

Рөлді ойынның қасиеттері

1.Бақыланатын

Балалар қажетті сөздерді алады

2.Белгіленген деңгейде бақыланатын

Балалар сюжеттің жалпы сипатын және өз рөлдерінің сипатын алады

3.Еркін

Балалар қарым-қатынас жағдайын алады

4.Эпизодтық

Жекелеген эпизод ойналады

5.Ұзақ

Ұзақ уақыт кезеңінде эпизодтар сериясы ойналады (мысалы, топ өмірінен)




жүктеу 284,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау