- Дарынды балалар-еліміздің интеллектуалдық элитасын қалыптастыратын ұлттық құндылық
- Н.Ә.Назарбаев
- Дарындылық – жеке тұлғаның өте күрделі , көп аспектілі қыры. Олар әр түрлі , бір – біріне ұқсамайды.
- “Қабілет” психологияда – адамның тиісті меңгеруге икемделген мүмкіншілігі деп сипатталады.
- Нышан – адам бойындағы биологиялық (физиологиялық) фактор болып саналса,қабілет нышанның дамып жетілу нәтижесі.
Мақсаты: - “Бала бойындағы дарындылықты жас ерекшелігіне ,өз қабілетіне сәйкестендіре отырып анықтау.”
Міндеттері: - Мектеп оқушылары арасынан табиғи қабілетті оқушыларды анықтау және сол оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды шығару;
- Мектептің білім беру ортасында дарынды және қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау;
- Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету. Білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру;
- Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс- тәсілдерді жүйелі қолдану.
Жұмыс жоспары мынадай жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді: - Бірінші кезең. Ерекше қабілетті оқушыларды анықтау
- Екінші кезең. Оқушы қабілеттілігінің бағытын анықтау
- Үшіші кезең.
- Ой өрісін дамыта түсу үшін жұмыс жүйесін құру
Дарындылықты анықтаудағы әдістәсілдер: - Баланың отбасы жағдайын зерттеу
- Шығармашылық қабілетін анықтау
- Сауалнама
- лар,психо
- диагностикалық тренинг
- терді өткізу
Дарынды оқушылардың ерекшеліктері: - Әлеуметтік тұрғыдағы ерекшелігі
- Академиялық тұрғыдағы ерекшелігі
1.Ойлау ерекшелігі: - Шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету,тез ілгерілеу;
- Әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы;
- Кең көлемді білімді меңгеру, есте сақтау қабілетінің жоғары болуы;
2. Ішкі – сезім ерекшелігі: - Сезім мүшелерінің ерекше қабылдауы (дыбыс, түс);
- Интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы (ойлауы,байқағыштығы өте жоғары,білімге,жаңалыққа құмар,оқуы жеңіл,өз ойын жақсы жеткізе алады,алған білімдерін кез – келген уақытта еске түсіріп,пайдалана алады,сыныптастарынан көп біледі);
- Жан дүниесінің тереңдігі;
- Кейбір пәндер бойынша өте үздік үлгерім таныту;
3. Әлеуметтік тұрғыдағы ерекшелігі: - Өз талап тілектерін орындау,адамгершілік мәселесінде ерте даму;
- Жоғары дәрежедегі әділдік сезімі;
4. Академиялық тұрғыдағы ерекшелігі: - Оқуда есте ұзақ сақтап, жаңғырта алады;
- Математика пәнінде оқушы өлшеу, сызу, математикалық ұғымдар арасындағы байланыстарды ашуға берілген тапсырмаларды зор қызығушылықпен орындап,математикалық белгілерді есте сақтап,өздеріне қажет жағдайда қолдана алады;
- Қоршаған дүниені танып білуде сұрақтар қояды, заттардың пайда болуы, құбылыстар туралы зерттейді, тәжірибе жасайды, арасындағы қарым-қатынасты жақсы түсініп, өзіндік жаңалықтар ашады;
- Шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алады, көбіне тың нәрсе жасайды, көркемдік – қолданбалы еңбекте заттарды өзі жасап аяқтайды.
Дарынды оқушылармен жұмыс барысында қолданылып жүрген психологиялық әдістемелер - Айзенктің сандық тесті;
- Айзенктің вербальды тесті;
- Ақыл-ой дамуының мектептік тесті «ОҚДАТ» және «ОҚСАТ» ;
- Бастауыш сыныптардың біліктілік деңгейін анықтау тесті;
- Равеннің прогрессивті матрицасы;
- Е.Торренстің шығармашылық ойлаудағы бейнелі кескіні;
- Р.Кеттелдің «Интеллектінің мәдени ерікті тесті» ;
- Күрделі аналогия методикасы;
- Лидер тесті;
- КОС әдістемесі ;
- А.Е.Голмшоктың танымдық қызығушылықты анықтау әдістемесі ;
- Е.А.Климовтың жекелеп диагностикалау әдістемесі;
- “Дарындылық картасы” әдістемесі (Савенков)
- Джонс креативтілігі сұрақнамасы
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы
- Оқу мотивін анықтау сұрақнамасы
- Баланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесі
- Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)
- Кім неге бейім? әдістемесі;
- Дж.Голландтың адамның мінез – құлқы типін анықтау әдістемесі жүргізіліп өз кезегінде оқушыны тануда және өзіндік бағыт – бағдар алуда септігін тигізіп отыр.
Дарындылық түрлеріне анықтама - Жалпы дарындылық түрлері:
- Көркем дарындылық
- Дарындылықтың бұл түрі арнайы мектептерде, үйірмелерде дамытылады. Музыка, бейнелеу өнері, орындаушылық, әртістік, сәулет өнері саласындағы жоғары жетістіктерінен көрінеді.
- академиялық дарындылық
- Мұндай дарынды балалар негізгі ұғымдарды тез есте сақтап, жылдам меңгереді. Ақпаратты өңдеу бейімділігі аса зор. Барлық пән бойынша үздік көрсеткіштерге қол жеткізеді.
- Шығармашылық дарындылық
- Шығармашылық бағытта дарынды балалар:
- • шарттылықтар мен беделге көнбейді;
- • пікір айтуда еркін әрі тәуелсіз;
- • әзіл, қалжыңды жақсы көреді;
- • жұмысты ұйымдастыру мен тәртіпке көңіл бөлмейді;
- • жарқын темперамент.
- Интеллектуалдық дарындылық
- • интеллекті ортадан жоғары;
- • шешім қабылдай алады;
- • дерексіз ұғымдармен, болашақ жоспарлармен жұмыс жасауға қабілеттілік;
- • икемділік, бейімделгіштік;
- • жауапкершілік сезімі;
- • өз біліміне сенімділік;
- • ойын анық жеткізе білу.
- Спорттық (психомоторлық) дарындылық:
- Спорт өмірінде белгілі бір жетістікке жеткен оқушылар
- ерік жігерінің жоғарылығы;
- мақсаткерлік
- физикалық дайындығы
- мақсатты, қозғалыстың бағытын сезіну
- Шығармашылық дарындылық
- 21 %
- Интеллектуалдық дарындылық 15%
- Психомоторлық дарындылық
- 24%
- Академиялық дарындылық 8%
- Интеллектуалдық дарындылық
- Ғылыми практикалық конференциялар жобалар
- Шығармашылық сайыс, ән, би театр үйірмелері
- Интеллектуалы ойындар ақбота, кенгуру
- Факультатив, таңдамалы, қолданбалы курстар, олимпиадалар
Мұғалімдердің жұмыс жүйесі: - Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.
- Дарынды балалармен жұмыс істеуге арналған бағдарламаларды жасау, жетілдіру;
- Дарынды оқушыларды олимпиадаларға, байқауларға, мектепшілік, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі білім сайыстарына қатыстыру;
- Олимпиада резертерін дайындау.
- Дарынды балаларды дамытуда мектеп пен отбасы байланысын жүзеге асыру:
- Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, дарынды балалармен сабақтарды ұйымдастыру, жүргізу
- Оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастыру.
- Дарынды оқушылар апталығын ұйымдастыру.
- Мектептің материалдық базаны дамыту.
- Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар базасын дайындау, құру.
- Қосымша сабақтарды тиімді ұйымдастыру.
- Пәндерді таңдауда , практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.
- Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (ақпарат стенді, )
Проблемалар: - Осы бағытта жұмыс істейтін педагогтарды ғылыми – әдістемелік қолдаудың әлсіздігі
- Оқушылардың табиғи талабын дамыту үшін жағдай жасауда педагогтар мен ата – аналар ынтымақтастығының орындалмауы
- Оқушының пәнді дұрыс таңдауына көңіл бөлінбегендігі
- Пән бойынша олимпиада тапсырмалар базасының аздығы.
- Олимпиада тапсырмаларын орындауда мұғалімдерің қиындықтарға тап болуы.
Шешу жолдары: - Дарынды балалармен жұмыс жасайтын педагогтардың біліктілігін арттыру
- Өз білімін жетілдіру тақырыптарын қайта қарастыру.
- Пән апталықтарында үнемі олимпиадалар ұйымдастыру.
- Әр пән бойынша олимпиада тапсырмаларын жинақтауға база құру.
- Олимпиада резервтерін қайта құру
- Пән мұғалімдерінен олимпиадаға дайындық жұмысының есебін тоқсан сайын қабылдау.
Достарыңызбен бөлісу: |