265
• Кез-келген тапсырманы орындай алатындықтарына сенімді
• Болашақ мамандықтарына байланысты (актер, журналист, тілші) шығармашылық
қабілетін танытқысы
келеді
• Әр сабақтан жаңа тапсырмалар күтеді, әркімнің пікірі өзіне құнды.
Негізгі мәселеден шығу үшін олардың шешу жолдарын іздестірдім.
1. Оқушыларды шығармашылық қабілеттері бойынша топтастырып, анықтадым.
Ұқсас қасиеттер:
1.Шығармашыл; 2. Сыни тұрғыдан ойлана алады; 3. Өз ойларын ашық білдіре
алады; 4. Алған ақпарат
пен білімді қолдана алады;
5. Шығармашылық тапсырмаларды қызыға орындайды.
Нәтижесінде
:«Болашақта мен кім болам?!», «Арманымды жалғасам...» эссе жаздырту
арқылы:
1. 5 оқушы журналист
2. 7 оқушы актер,
режиссер
3. 2 оқушы мұғалім
4. 8 оқушы әртүрлі мамандық иелері (елші, математик, әнші, сәнгер, дәрігер,
саясаткер)болғысы келеді.
С. Мұратбековтің “Жусан иісі” әңгімесі бойынша:
Журналист тобына:Журналист рөлінде сұхбат алу немесе журналистік зерттеу
жүргізу;
Актер,режиссер тобына:Әңгіменің ұнаған жері бойынша актерлік шеберлігін
көрсету, фильм сценарийін жазу;
Тілшілер тобына:Әңгіме кейіпкерлері
бойынша мақала дайындау;
Кәсіпкерлер тобына:Әңгімені оқи отырып, кәсіп көздерін қарастыру “Мен не істер
едім?”
2.Әр баланың өз деңгейіне қарай білім сапасын анықтап, талдап отыру үшін
критериалды бағалауды сабағыма енгіздім.
Критериалды бағалауды енгізудегі мақсатым не болды?
Оқушының сабақтағы білім деңгейін анықтау арқылы мектептің білім сапасын
арттыруға ықпал ету;
Өз мақсатыма жету үшін критериалды бағалаудың бірнеше міндеттерін қойдым.
Критериалдыбағалаудағы міндеттер:
Сабақ барысында әр оқушының дайындық деңгейін анықтап отыру;
Тақырыпқа құрылғаноқу мақсаттарын орындау қабілеттілігін байқау;
Жеке оқушының даму мүмкіндігін бақылап отыру;
Оқыту барысындағы артықшылықтар мен кедергілерді анықтап отыру;
Шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы алған бағасының шынайылығына
көзін жеткізіп отыру;
Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы, мұғалім, ата-ана арасындағы
кері байланысты қамтамасыз ету.
Бағалау өлшемдеріне қойылған дескрипторлар
“Жусан иісі” әңгімесі бойынша
Журналист
Актер, режиссер
Тілші
Кәсіпкерлер
1. Сұхбат
құра алады.
2. Әңгіме
бойынша
сұрақтар қоя
алады.
3. Журналистік
қабілетін
таныта алады.
1.Әңгіменің
идеясын
түсінеді.
2.Қабілетін көрсете біледі.
3.Әңгімедегі Аян бейнесін
аша алады.
1.
Мақала
жазуға
дағдыланады.
2.
Қаламгер
болуға
деген
құлшынысы
артады.
3.Сүйікті тұлға бейнесі
арқылы өз құндылықта
рын толықтыра алады.
1.Әңгімеге баға бере
алады.
2.Жоспар құра алады.
3.Өз
ойларын
ашық
білдіре алады.
4.Алған білімді қолдана
алады.
266
4. Әңгімені
талдай алады.
Дескриптор құруда оқушылар нені ескерді?
1. Берілген тақырыпты
негізге алуды;
2. Өз көзқарасын білдіру арқылы ортақ ойға келуді;
3. Қажетті дерек көздерін теориямен ұштастыра білуді;
4. Сыни тұрғыдан ойлана отырып, өз ойын жеткізуді;
5. Дескрипторларды жазылым, оқылым, тыңдалым, айтылым әрекеттері негізінде
іске асыруды.
Критериалды бағалау қаншалықты маңызды?
Мұғалімдер үшін:
Білім сапасын арттыруға ықпал ететін критерийлер
құрастыра алады;
Өз іс-әрекетін саралап, болашағына жоспар құра алады;
Жеке оқушыны бағалап, ата – анасына ақпарат бере алады;
Сабақберудіңсапасынарттыра алады;
Оқушының деңгейіне қарай оқытудың мүмкіндіктерін анықтай алады;
Әр оқушының ерекшеліктерін ескере отырып, білім деңгейін нақты бағалай алады.
Формативті бағалау арқылы өсу динамикасын кез-келген уақытта анықтап, білім
сапасының артуына ықпал ете біледі.
Оқушылар үшін:
Өзінің білім деңгейінің қаншалықты
екенін анықтай алады;
Бағалау критерийлері арқылы дамудың мүмкіндіктеріне жол аша алады;
Өзін және өзгелердібағалауарқылыкерібайланысқатүсе алады;
Сынитұрғыдан ойлана алады, еркін ой айта алады, ата-анасына өз бағасын көрсете
алады.
Ата-аналарүшін:
Баласыныңбілімсапасыныңқандай деңгейде екенін біліп отырады;
Оның оқуындағы табысты әрекеттерді бақылап,
кедергілерін жоя алады;
Оқуына қолдау көрсетіп отыру үшін не істеу керектігін біледі.
Алғашқы сабақта өзім дескрипторлар құрып, оқушылардың алдына таратып бердім.
Оқу бағдарламасына сәйкес берілген тақырып бойынша оқу мақсатын өздері анықтады.
Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындап отырғанмен, дескрипторлар бойынша
бағалауда түсінбей жатты. Түсінбеудің салдарынан өз-өздеріне берілген ұпайдың жоғары
деңгейін қойып отырды немесе қоя алмай жатты. Сабақ соңында бағалау шкаласы бойынша
өздерінің ұпай сандарын есептеп, шынайы бағаларын шығарды. Сабаққа қатысып,
тапсырмаларды орындау қабілетіне қарай соңғы қорытынды бағаны өзім қойдым. Бірнеше
сабақ өту барысында оқушылар берілген деңгейлік тапсырмаларды шығармашылықпен
орындап, шынайы баға қоя білуге және дескрипторларды өздері құруға үйренді.
Дескрипторлар құра отырып бағалаудың тиімділігі неде болды?
- Оқушылар өз білімінің шынайылығына көз жеткізіп отыр;
- Өздерінің қай жерден кемшілік жіберіп, нені түсінбей отырғанын біліп, сол бойынша
жұмыс жасауға мүмкіндік алып отыр;
- Білім деңгейін көтеруде алдына мақсат қоя білуге дағдыланып отыр;
- Қажетті дерек көздерін теориямен нақты ұштастыра біліп отыр.
Алда нені жақсарту керек?
Оқушылардың тақырып бойынша дескрипторларды өздерінің құра отырып
бағалауы арқылы өмірге керек білім алу дағдысын қалыптастыру.
Развитие диалогической речи учащихся на уроках казахского языка