Семинары-тренинги, проводимые учителем английского языка Тильманбетовой Р.К. по программе IMPACT для учителей кафедры казахского языка в гимназии №40 г. Тараз.
№40 гимназиясының қазақ тілі мұғалімдері үшін IMPACT бағдарламасы бойынша жасалған семинардың жоспары.
Қазан айында 2010 жыл.
Warm Up Activities. - Қызығушылық тудыратын жаттығулар.
Әр сабақтың жоспарын жасағанда қолданылатын алғашқы қадамның бірі.
«Мұзды бұзу» мен «қызығушылық тудыратын» жаттығулардың айырмашылығы неде?
«Қызығушылық тудыратын» жаттығулар - өзіндегі бар білімді қолданып, жаңа тақырыппен танысуға шақыру, оқушылардың қызығушылығын тудыру, бір- бірінен ұялып, қысылу сезімдерінен айырылуға көмектесу, өткенді қайталау немесе тексеру, жаңа тақырыпқа дайындық және оны енгізу үшін қолданылатын жаттығулар.
Бұл жаттығуларға фонетикалық немесе грамматикалық тақырыптарды хормен қайталау жатпайды. Әр сабақта осындай тақырыпқа сай 5минуттік бір ғана жаттығу керек. Тапсырмада Неге? деген сұрақ қолданған дұрыс. Міндетіміз - оқушылардың ойын тақырыпқа бұру, олардың осы тақырып бойынша не білетінін анықтау.
I. «Әр елдің салты басқа, иттері қара, қасқа» деп жатады. Сол айтқандай, пармен мына жаттығуды жасап көрейік: елдің аты мен салтты сәйкестіріңіз.
1. Голландия а) қонаққа дастарқан жайып, майлы ет тарту.
2. Индонезия ә) тамақты жеп болған соң, қалдығын үстелдің үстіне не
еденге тастау.
3. Ресей б) қонақтар кейбір церемонияларда ұзақ уақыт бойына
аяқтарын бүгіп отырады.
4. Индия в) ер кісілер мен әйелдер беттерінен сүйіп амандасады.
5. Канада және АҚШ г) келісетінін білдіру үшін адамдар бастарын шайқайды.
6. Оңтүстік Америка ғ) бұл өңірдің адамдары «иә» дегенді қастарын көтеру
арқылы білдіреді.
7. Қытай д) бұл елде есіктің табалдырығында тұрып зат бермейді
не амандаспайды.
8. Жапония е) бұл елде бір шыны кофе мен бір десерт беріледі, ал
екінші шыныны сұрап алуға болады, содан соң ыдыс
аяқ жиналады.
9. Қазақстан ж) бұл өңірде тойда сусын құйылған шыныны күміс
қасықпен соғыстырады, онысы қалыңдық пен күйеу
жігіт сүйіссін дегені.
Жауабы: 1-е , 2 -ғ , 3-д , 4- г, 5- ж, 6-в , 7-ә , 8-б , 9- а .
II. Үш адамнан топ құрып, берілген таблицаны толтырыңыздар:
III. Үш адамнан топ құрып, берілген өлеңнің шумақтарын орнына қойыңыздар, мәтіндегі немесе диалогтағы сөйлемдерді орнына қойыңыздар және тақырыбын табыңыздар.
Тұрақты сөз тіркестерін немесе мақал мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіздер.
1. Мына мақалдардың мән- мағынасын түсіндір:
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
Отан - оттан да ыстық..
Берілген сөз тіркестерінің мағынасын аш:
Қабағынан қар жауу
Ұнжырғасы түсу
Екі қаһарманның атын жазып, олардың қандай қасиеттеріне не мінездеріне байланысты қаһарман деп атағанын жазыңыз. Жазылған қасиеттердің ішінен қайсысы қаһарманды дәл сипаттайды? (Приоритеты)
VI. Белгілі бір тақырыпты таңдап, соған сәйкес қызығушылық тудыратын жаттығулар жазыңыз.
Ice Breakers. Warm Up Activities. – Оқушылардың өздерін еркін сезінуіне себеп болатын, психологиялық жайлы климат туғызу үшін қолданылатын сабақтың ең алғашқы сатылары.
Сіздердің араларыңызда мен білмейтін ұстаздар бар екен. Біз қазір бір-бірімізбен танысамыз. Өздеріңіздің есімдеріңізді қағаздың ортасына жазып, әр бұрышқа туған жеріңізді, бітірген оқу оpнын - университетті, сүйікті кітабыңызды, хоббиіңізді жазып қойыңыз.
Бұл жаттығу ағылшынша Ice breakers деп аталады. Мағынасы мұзды жару не бұзу. Бұл жаттығу не үшін қолданылады? (Бұл бейтаныс оқушылардың алғашқы сабақта танысуына, ыңғайсыздық не қолайсыздықты жою үшін, бір-бірін жақсы білуі үшін, нені жақсы көреді, нені жек көреді, көзқарасы қандай, пікірі қандай, нені бағалайтынын білуге, сыныпта ұйымшылдықты дамытуға, оқушылардың қазақ тілі білімінің деңгейін білуге, сыныпта топпен жұмыс жасауға керекті жаттығу. ) Бірақ бұл жаттығуды қызығушылықты тудыру үшін қолданылатын жаттығулармен шатастырмау керек. Бар болғаны 5 не 7 минутқа созылады.
«Мұзды бұзудың» қандай түрлерін білесіздер?
атын жазып, сұрақ қою арқылы танысу
өздерінің аты жазылған қағазды ауыстырып, арқаға жабыстырып, бір бірінен өзінің кім екенін білу
біреудің аты жазылған қағазды арқаға жабыстырып, бір бірінен кім екенін білу
алфавит бойынша қатарға тұру
доппен ойнап аттарын атау
аты қай әріптен басталса, сол әріптен басталатын сөзді қосып сөйлем құрау
IV. Жұмысқа жаңадан қабылданып, бірінші күні шыққанда бірін бірі танымайтын сыныпта мына төменде көрсетілген жаттығуларды жасауға бола ма?
Үй тапсырмасын беру (сурет әкелу)
Әдеттегідей оқулықпен жұмыс (керегі жоқ)
Оқушылар бағынатын ережелер ойластыру (қазақша сөйле, құрметте, ұялма, сұрақ қой)
өзіңіз туралы және оқушылардан нені күтетініңіз туралы көп қайталау (өзіңіз туралы аздап нені күтетініңіз туралы көбірек және жиірек)
оқушыларды бір-бірімен таныстыру +
оқу деңгейін білу үшін тесттер алу (болады, бірақ ауызша )
оқушыларды нені қызықтыратынын білу +
бір бірінен ұялып, қысылып тұрса да топпен жұмыс жасау +
тек қазақ тілінде сөйлеу +
V. Жас мамандар үшін кейбір ақыл-кеңестер бар: бөлмені, тақтаны дайындау, танысу үшін қолданылатын шараларды алдын ала дайындап қою, көзбен тек бір не бірнеше оқушыға ғана қарамай, сыныптың бәрін шолу,тақтаға қарап емес, оқушыларға қарап сөйлеу, көп сөйлейтіндерге ғана емес, бәріне көңіл бөлу, күлімдеп, кешігіп келгендерге көп ұрыспай, орнына отырғызу, білмей жатқандарға көмек көрсету, қателердің бәрін түземей, мақтауды көп қолдану керек, сабаққа кешікпей келіп, уақытында тәмәмдау керек.
Практикалық жұмыс.
Төмендегі тәртіп бойынша өзіңіз туралы мәлімет жазыңыз және көршіңізге сұрақ қойып, ол туралы да мәлімет жинаңыз:
есіміңіз -
туған жеріңіз -
бітірген оқу оpныңыз – университет-
сүйікті кітабыңыз-
хоббиіңіз-
II. «Мұзды бұзудың» қандай түрлерін білесіздер?
III. Жұмысқа жаңадан қабылданып, бірінші күні шыққанда бірін бірі танымайтын сыныпта мына төменде көрсетілген жаттығуларды жасауға бола ма?
үй тапсырмасын беру .
әдеттегідей оқулықпен жұмыс .
оқушылар бағынатын ережелер ойластыру .
өзіңіз туралы және оқушылардан нені күтетініңіз туралы көп қайталау .
оқушыларды бір-бірімен таныстыру .
оқу деңгейін білу үшін тесттер алу .
оқушыларды нені қызықтыратынын білу .
бір - бірінен ұялып, қысылып тұрса да, топпен жұмыс жасау .
тек қазақ тілінде сөйлеу .
IV. «Мұзды бұзу» мен «қызығушылық тудыратын» жаттығулардың айырмашылығы неде?
V. Қызығушылық тудыратын жаттығудың түрлерін атаңыз.
VI. Белгілі бір тақырыпты таңдап, соған сәйкес қызығушылық тудыратын жаттығулар жазыңыз.
Қараша айында 2010 жыл.
№ 2 - Speaking Activities. – Ауызша айту немесе сөйлеу қабілетін дамытатын жаттығулардың түрлері.
Сөйлеу қабілеті қай түрге жатады? - Productive skill (writing and speaking) or receptive skill (listening and reading). Шығармашылық қабілет пе әлде Қабылдаушылық қабілет пе?
1. Үш топқа бөлінейік. Біздің оқушыларымыз қазақша жақсы сөйлеуі үшін олардың қабілеті болуы керек. Сол қабілеттер қандай қабілеттер болуы керек? Осы сұрақтың жауабын жазыңыздар.
Әрине тілді жақсы білу үшін алдымен сөздік қор бай болуы тиіс, сол сөздік қорды іс жүзінде қолдана білу керек, өз ойыңды басқаларға жеткізе білу керек, басқалардың ойын түсініп, оған жауап қата білу керек.
2. Ауызша айту не сөйлеу жаттығулары ойдан шығу үшін олар қандай жаттығулар болуы керек? Осы сұрақтың жауабын жазыңыздар.
Мысалы, мына екі әңгімені алайық .
Марстан әкелінген метеоритті Англияда аукционда бір жарым миллион фунтқа сатып жатыр екен. Соны сатып алу пайдалы ма жоқ па деген сұрақ туындайды. Сіз сатып алар ма едіңіз?
Англиядан бір топ оқушылар Қазақстанға Таразға келеді екен. Олар бідің қаламыз туралы, біздің салт дәстүрііміз туралы білгілері келеді екен. Сол қонақтарды қыдырту үшін жоспар құруымыз керек.
Осы екі жаттығудың қайсысы қызықты және көп сөйлеуге ыңғайлы? Не үшін?
Себебі 1ші әңгіме бәріне қызық емес, аз адам сөйлейді, сөйлеуге себеп жоқ, тек кей осы салада қызығушылығы барлар ғана сөйлейді, иә не жоқ деген жауап беріледі, бұл жаттығудың мақсаты неде?
2ші әңгіме барлық оқушыға қызық, сөйлеуге себеп бар, ортақ тақырып, өмірмен байланысты, деңгейге сәйкес, оқушылардың дайындығы бар.
Сөйлеуге үйрету үшін арналған жаттығулар оқушылардың дайындығына, деңгейіне сай, өмірге жақын, қызығушылық тудыратын, өз пікірін айтатындай болу керек.
3. Оқушылардың сөйлеуіне не кедергі болады? Соны жазыңыздар.
А. Қателесуден, келемеждеуден қорқу, ұялу.
Б. Ештеңе айтпау
С. Кей оқушылар көп сөйлеп, басқалар үндемейді
Д. Өз тілінде сөйлейді.
Осы проблеманы шешу үшін не істеу керек ?
Жұпта не топта жұмыс істеу
Рольдерін бөліп беру
Деңгейіне қарай тапсырма бөлу
әркімнің сөйлеуі шарт
әр топта бір бастық қою, ол бәрінің сөйлегенін бақылайды
Ешкім сөйлемеген жағдайда
Қызықтыратын тақырып беру
Сабақты жоспарлағанда сөйлеуге үйрететін жаттығулар ойластыру
Тапсырманы анық түсіндіру керек
әркімнің қабілетіне қарай рольдерді бөлу керек
ұстаздың өзі ынтамен жұмыс істеу керек
жарыстыру керек, уақытты белгілеу керек
өз өмірімен ұштастыру керек
өз тілінде сөйлеуге тыйым салу керек, сөйлесе, жаза қолдану керек
4. Сіздер оқушыны сөйлету үшін қандай тақырыпты, сол тақырып бойынша қандай сөздікті, қандай әдістерді және қандай деңгейді таңдайсыздар? Соны жазыңыздар.
Материалды дайындау
Топқа бөлу
Рольдерді бөлу топтың ішінде
Тапсырманы дұрыс орындағаны үшін мақтап марапаттау
Топқа бөлгенде білім деңгейін ескеру
Тапсырманың ережесін түсіндіру
Тапсырманы анық айту, жеңіл жолын көрсету
Мысал келтіру
Тапсырманы бөлгенде керекті заттарды үлестіру, қағаз не сурет
5. Ұстаздың ролі қандай?
Тапсырманы дұрыс түсіндіру
Тапсырманы дұрыс бөлу
Топқа бөлу
Топтағы әр баланың ролін бөлу
Жұпқа бөлу
Бақылау
Бұрын біткендерге жаңа тапсырма беру
Қатесін түзету
Жай сөйлегендерді асықтыру
Қателерін жазып, тақтада түсіндіру
Қателерді дұрыс және керек кезінде айту
6. Ауызша айту немесе сөйлеу қабілетін дамытатын жаттығулардың қандай түрлерін білесіздер?
Ертегілер, логикалық тәртіп бойынша әңгімені қайта құру, әңгіменің қалып кеткен жерлерін толықтыру, ең жоғарғы сатыға қою, проблеманы шешу, пікір алмасу не пікір таластыру, суреттеу, ортақ қасиеттерін не өзгешеліктерін табу, категория бойынша бөлу, анкетаны толтыру, келісу не келіспеу, диалог құрау, пьесаны сахнаға қою, топ ойдан шығарылған әңгімені шындық ретінде ойнайды, рольдерді бөліп ойнау, интервью алу.
1. Оқушыларымыз қазақша жақсы сөйлеуі үшін олардың қабілеті болуы керек. Сол қабілеттер қандай қабілеттер болуы керек? Осы сұрақтың жауабын жазыңыздар.
2. Ауызша айту не сөйлеу жаттығулары ойдан шығу үшін олар қандай жаттығулар болуы керек? Осы сұрақтың жауабын жазыңыздар.
3. Оқушылардың сөйлеуіне не кедергі болады? Соны жазыңыздар.
4. Сіздер оқушыны сөйлету үшін қандай тақырыпты, сол тақырып бойынша қандай сөздікті, қандай әдістерді және қандай деңгейді таңдайсыздар? Соны жазыңыздар.
5. Ұстаздың ролі қандай?
6. Ауызша айту не сөйлеу қабілетін дамытатын жаттығулардың қандай түрлерін білесіздер?
Желтоқсан айында 2010 жыл.
№3 Сабақта видео/DVD-ді қолдану.
1. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:
Видео мен DVD-ді сабақта не үшін қолданамыз?
Қандай қиыншылықтар туындауы мүмкін?
Видеоның қандай түрлерін және қалай қолдануға болады?
Не үшін?
Оқушылар тілді естумен қатар іс-қимылды көзімен көреді.
Бет әлпеттің өзгеруі мен қолмен көрсететін іс-қимылдарды көру арқылы мәтінді дұрыс түсінеді.
Қазақ тілін қазақтардың өздерінің әдеби ана тілі ретінде сөйлегенін естиді.
Оқушылар осы елдің мәдениетіне көңіл бөледі.
Видеоны аса зор ынтамен қабылдайды.
Қиыншылықтар.
Бейне таспаның сапасы төмен болуы мүмкін.
Көрсетілімнің нашар болуы.
Клиптің қаншалықты ұзақ болуында, өте ұзақ болса, тыңдау қиын.
Клипті көрсету алдында оқушыларға мақсатын түсіндіру керек.
Электр жарығы болмауы мүмкін.
Түрлері.
Деректі фильмдер, көркем фильмдер, комедиялар.
Тілді дамытуға, үйренуге арналған видеофильмдер.
Жаңалықтар.
Фильмді толығымен көру.
Фильмнен үзінділер көрсету.
Видеоны қолданудың кейбір әдістері:
Алдымен сөйлеу қабілетін тақырып бойынша дамыту үшін керекті жаңа сөздерді енгізіп, олармен жаттығу жұмыстарын жүргізіп, бекіту жасау керек.
Оқушылардың видеоны дұрыс түсініп қабылдауы үшін қандай қабілеттері болуы керектігін алдын ала білуіміз үшін мынындай жаттығу жасаймыз:
Бір-біріне түсінгенін айту. Үш адамнан топқа бөлінеміз. Бірі А, екіншісі Б, үшіншісі С болады. Экранды теріс қаратып қоямыз. Бір минут А тобындағылар клипті көреді. А тобындағылар Б және С тобындағыларға көргендерін айтады. Б тобындағылар мен С тобындағылар да кезекпен клипті көріп түсінгенін айтады. Дұрыс түсінгенін тексеру үшін оқушыларға сұрақ қоюға болады.
Клипті тоқтатып қою. Оқушылар фильмді көріп отырғанда ең қызықты не маңызды жеріне келгенде тоқтатып, ары қарай не болатынын сұрап, болжал жасау. Содан кейін ары қарай көріп, болжалдың дұрыс не бұрыс екендігін айту.
Клиптің дауысын өшіріп көру. Оқушылар клипті дауысын өшіріп көреді. Топта кейіпкерлердің не айтып жатқанын болжап, бір-бірімен ой бөліседі. Әр топтың болжалын тыңдап болған соң, клипті дауысымен көреді де, қай болжалдың дұрыс болғанын айтады.
Бұл үш түрлі әдіс мәтіннің негізгі идеясын түсінуге арналған. Мәтінді естіп, іс-қимылды көріп, алда не болатынын болжап бір-біріне түсінгенін айтып береді. Бұдан басқа мәтінді бүге-шігесіне (детально) дейін түсіну үшін арналған жаттығулар бар.
Соның бірі екі кісінің әңгімесіндегі сөйлемдерді орын орнына қою. Жазбаша мәтіндегі сөйлемдерді жеке-жеке қырқып, әр жұпқа беру керек. Клипті дыбыссыз көріп, берілген сөйлемдерді нөмірлеу керек. Содан кейін клипті дауысымен көріп тексеру керек.
Жалпы видеомен жұмыс жасағанда мынадай жаттығулар қолдануға болады:
Дауыссыз көру- әр топта кейіпкерлердің не айтып жатқанын болжау, содан кейін дауысын шығарып көріп тексеру.
Маңызды жерінде тоқтату - әрі қарай не болатынын болжап, пікірлерін айтып болған соң, тексеріп көру.
Экранды көрсетпей, дауысын есту арқылы оқиғаның қай жерде өтіп жатқанын немесе кім кіммен сөйлесіп жатқанын айту керек.
Экранды көрсетпей музыкасын тыңдап, не болып жатқанын болжау.
Көру және біреуге айту қабілетін дамытуға арналған жаттығу, сынып екі топқа бөлініп, бір топ теріс қарап отырып тыңдайды, ал екінші топ экранға қарап тұрып, әрең естіліп тұрған мәтінді жеткізеді.
Не дұрыс емес? Клиптің бірнеше жерінің мәтінін жазбаша түрде, біраз дұрыс емес деректерді қосып, оқушылардың бір тобына беріңіз. Екінші топ клипті көреді. Бірінші топ екінші топқа әңгімені оқиды, ал екінші топтағылар дұрыс емес деректерді түзетуі керек.
Үш адамнан тұратын топта клипті кезек-кезек көріп, бір біріне айту.
Клипті соңғы жағынан бастап көріп, оның алдында не жағдай болғанын айту.
Рольдік ойын. Ең қызықты жерінен тоқтатып, әрі қарай қалай әңгімені өрбітер едіңдер деген жаттығу. Әркімге роль беру арқылы.
Ақпан айында 2011 жыл.
№4 - Intensive Reading. – Белсенді түрде оқуға үйрету.
Оқудың қандай түрлері бар?
Іштей оқу
Дауыстап оқу
Мәнерлеп оқу
Ләззат алып оқу
Белгілі бір мақсатпен оқу
Сұрақтың жауабын табу үшін оқу
Мәтіннің тақырыбын табу үшін оқу
Белгілі бір шектеулі уақыт аралығында оқу
Оқу бағдарламасында қандай мақсатқа жету көзделгеніне байланысты оқудың түрі таңдалады. Ләззат алып оқу көбінесе өз ана тілінде оқытуда немесе кейбір конференция, жарыстарда қолданылады. Бұл оқудың түрін қолданғанда ешбір қиын тапсырмалар берілмейді. өйткені бұл оқудың мақсаты тек әсер алу үшін ғана оқу. Ал мектепте әсіресе шет тілін оқытуда белсенді түрде оқу қолданылады. Оқудың бұл түрінде оқушылар оқу қабілетін дамыту үшін мәтінді бірнеше рет қайталап оқиды. Мәтіннің негізгі идеясын, тақырыбын, негізгі кейіпкерлерін, оқиғаның қай кезде не қай жерде өтіп жатқанын білу үшін, алдын ала болжалдау үшін, мәтін бойынша түрлі сұрақтарға жауап беру үшін оқу - белсенді түрде оқуға жатады. Ал әр тапсырманы белгілі бір уақыт ішінде оқып шығу – шектеулі уақыт аралығында оқуға жатады. Аса көп мектеп тәжірибесінде қолданылмайды.
Оқытудың қай саласын алсаңыз да белсенді түрде оқу әдістері пайдалы. Көбірек оқу әдістерін қолдансаңыз, көбірек жаңа сөздер, жаңа грамматикалық ережелерді, сөздердің жазылуын білесіз. Мәтінді дауыстап оқып, сұрақтарға жауап іздеп тауып, топта талқыланса, оқушылардың оқу қабілеті артады. Сондықтан мектеп бағдарламасында сабақтың белсенді түрде оқу жоспарларымен танысу өте пайдалы.
Сабақтың мақсаты оқушыларға оқу қабілетін арттыруға көмектесу. Қызығушылық тудыратын жаттығудан бастап оқушыларға оқу кабілетін жақсартуға көмектесетін жаттығулар беру керек. Жаңа сөздер 10-15тен аспау керек. Тақырып не сурет арқылы жаңа сөздерге сүйеніп болжам жасау әдісін қолдануға болады. Мәтіннің негізгі идеясын табу, мәтіннің алғашқы және соңғы үзінділерін оқып, мәтіннің не туралы екендігіне болжам жасау, әр үзіндінің алғашқы сөйлемдерін оқу арқылы сол үзіндінің не туралы екенін айту, алдын ала сұрақтарын беріп, содан кейін мәтінді оқып, сұраққа жауап беру, мәтінді толығымен оқыған соң, талқылап анализ жасау үшін әртүрлі жаттығулар жасату керек.
Мәтінмен жұмыс жасағанда қолданылатын жаттығулардың түрлері.
Мәтінді оқу алдындағы әдістер:
Тақырып не бірінші бөлімнің тақырыбы бойынша мәтінде жауабы бар шығар деген үш сұрақ жазу.
Тақырып не сурет арқылы мәтіннің не туралы екендігіне болжам жасау
Жаңа сөздер енгізіп, сол сөздерді қолданып болжалдау .
Негізгі кейіпкерлердің аттарын тақтаға жазып, олар туралы аздаған мәлімет беріңіз. Оқушыларыңыз сіз берген мәліметке сүйеніп өз оқиғаларын өрбітеді.
Бір тақырыпқа мәтін таңдаңыз. Тақырыпты тақтаға жазыңыз. Оқушылардан осы тақырып бойынша не білгілері келетінін сұрап, тақтаға жазыңыз. Мәтінді оқып болған соң қандай сұраққа жауап алғандарын сұраңыз.
Негізгі идеяны табудағы әдістер:
Болжамның дұрыстығын растау үшін мәтінді оқу.
Бірнеше сөйлем құрастырып, олардың қайсысы мәтінде кездесетінін айту.
Үш тақырыпты тақтаға жазып, қайсысының сәйкес келетінін айту.
Бірнеше суретті көрсетіп, мәтінді оқып шығып, қай суреттің мәтінге сәйкес келетінін айту.
Мәтінге көз жүгіртіп шығып, тақырып таңдау.
Мәтінді оқып, әр бөліміне тақырып, сурет, т.б. сәйкестендіру.
Мәтінге көз жүгіртіп шығып, суреттерді не бөлімдерді рет-ретімен қою.
Мәтінді толығымен оқымай тұрып сұраққа жауап беру.
Жалпы сұраққа жауап беру үшін не дұрыс не бұрыс екенін айту үшін тез қарап шығу.
Мәтінді бірнеше бөлікке бөліп әркімге бөліп беру керек. Оқып болған соң әр бала өз бөлігін қысқаша баяндайды. Мәтінді рет ретімен қалпына келтіреді.
Мәтінді бүге-шігесіне (детально) дейін түсіну үшін арналған жаттығулар.
Дұрыс не бұрыс сұрақтар
Көп жауапты сұрақтар
Сұрақ пен жауапты сәйкестендіру
Таблицаны толтыру
Сөздерді, сөйлемдерді, суреттерді реттеу
Сұраққа жауап
Артықшылығы не кемшіліктері
Мәтіннің бөлімдерін реттеу
Мәтінді оқып біткеннен кейінгі жаттығулар
Мәтінді рольдерімен ойнау
Тақырыпты талқылау
Авторға не кітап баспасына хат жолдау
Мәтіндегі сөздерді қолданып жоспар не ұсыныс жасау.
Мәтін бойынша өз ойын білдіру
Оқиғаның соңғы жағын басқаша аяқтау
План семинаров-тренингов, проводимых по программе IMPACT
для учителей казахского языка в гимназии №40.
2011-2012 учебный год.
1.
|
Listening – Аудирование или упражнения для устного восприятия. Работа по произношению иноязычных звуков. Парная работа. Работа в группе. Методы по TPR.Разные упражнения с использованием песен.
|
октябрь
|
2.
|
Speaking Activities – Виды упражнений по развитию умений детей устно выражать свое мнение, развивать воображение, сравнивать и анализировать, размышлять и делать выводы.
|
ноябрь
|
3.
|
Teaching Grammar – Обучение грамматике - развивать умение детей распознавать грамматические категории – множественное или единственное число существительных или же типы предложений в казахском языке, умение сравнивать и анализировать, делать выводы, улучшать навыки детей в выполнении тестов.
|
январь
|
4.
|
Reading – Виды чтения. Работа по чтению аутентичных текстов. Развивать умение детей читать и говорить, развивать воображение и интерес к чтению, умение сравнивать и анализировать, делать выводы.
Предтекстовая работа. Основываясь на тему, картинки, заголовки или подтемы предсказать о чем может быть текст. Чтение для понимания главной идеи текста. Чтение для выяснения подробного содержания текста – деталей.
|
февраль
|
5.
|
Практическое занятие с применением приемов по программе IMPACT.
Учителя казахского языка делятся своим опытом. Какие методы по этой программе были использованы на их уроках?
|
апрель
|
Достарыңызбен бөлісу: |