«Қарсылық мәдениеті»



жүктеу 105,5 Kb.
Дата12.01.2020
өлшемі105,5 Kb.
#26403

Тизер: Болат Атабаев
«Үрейімді күлу арқылы жеңдім»
Германияның Кельн қаласында тұрып жатқан қазақстандық азаматтық қоғам белсендісі, режиссер Болат Атабаев Азаттық радиосына сұхбат беріп, өнер мен саясат туралы ойларын айтты.
Ғалым БОҚАШ
- Сіз туралы пікір айтқан қазақ жазушыларының бірі Азаттыққа: «Болат Атабаев өз ұстанымдарын көбірек қызықтап кетеді. Ол тіпті театр жөніндегі өз көзқарасына өзі ғашық сияқты көрінеді – содан шыға алмай қалады» деген еді. Сіздің «қарсылық мәдениетіңіз» өзіңіз сынайтын консервативтік-кертартпа, я советшіл дүниетанымға қатысты пікір білдірген кездеріңізде дәл солардың өзі сияқты тым төзімсіз болып кетпей ме?
- Мен төзімді адам емеспін. Жалпақшешей болғым келмейді. Өз жолым бар. Менің таңдауым сол. Менің түсінігімдегі өнерде максимализм болуы керек. «Золотая середина» деген бар, орыс мәдениет танушыларының совет үкіметі кезіндегі ұстанған жолы. Меніңше бұл өнерге жатпайды. Ондай жағдайда мен адамның позициясын, көзқарасын, ұстанымын білмей қалам. Қитұрқы бір әдеттер болады ешкімді ренжітпей, өзінің ұстанымын көрсетпей сөйлеу деген. Жақсы өмір сүру үшін. Маған қатысты Қазақстандағы сондай адамдардың айтқан сөздері ғой. Қазақстанның өнер, мәдениет пен әдебиет саласындағы адамдардың 99 пайызы сондай адамдар. Мен үшін өнер максимализм. Дәл ортада тұрмаймын. Өйтсем, театрдан кетуім керек.
Өнерде «натура» деген бар, «культура» деген бар. Екеуі де латынның сөзі. «Культура» «натураға» міндетті түрде қарсы шығады. Өйткені «культура» «натураны» танып білгісі келеді. Сөйтеді де, быт-шытын шығарады.
- Сәл сөзіңізді бөлейін, өз түсінігіңіздегі «культура» мен «натураға» нақты қандай анықтама бересіз?
- Мен үшін адамзат басымен ойлап тауып, қолымен жасағанның бәрі «культура». Мысалы, дін мен үшін культура. Өйткені адам ойлап тапты оны. Ал «натура» деген маған дейін де болған, менің кезімде де, менен кейін де болатын дүние. Ол мына ай, жер, күн, мұхит, кейбіреулер Алла тағаланың жаратқаны дейді, кейбіреулер Тәңірдің жаратқаны дейді, кейбірі Йегованың жаратқаны дейді, мұның бәрі «натура» мен үшін. Адам да натура ғой. Бір-бірімізді танимыз дейміз де, өлтіре береміз. Немесе өз табиғатымызды басқа біреуге зорлықпен таңамыз.
Өнер деген сол «культураның» бір тармағы. Өнер мен үшін деректі дүниеге деген эстетикалық көзқарасым, «мое эстетическое отношение к действительности». Көбінесе қазақтың журналистері мен жазушылары өнерден тек тәрбиелік мән іздейді. Мен айтар едім, ең бірінші біз өнерден эстетикалық мән іздеуіміз керек. Өйткені өнер эстетикалық категорияға жатады. Театр тәрбие мектебі емес. Театр музей емес. Рас, өнердің тәрбиелік фунциясы бар. Бірақ ол үшінші, төртінші функциясы. Ал ең біріншісі эстетикалық функциясы. Жағымдылық пен жағымсыздықтың эстетикалық категориясы арқылы сахнада көп дүниені білдіруім керек.
- Сізге қатысты «Болат Атабаев кейінгі спектакльдеріне саяси реңк берді, ол тәуелсіз болуы керек еді» деген де пікір айтылған. 2000 жылдардың ортасында сол кезде бизнеске қайтып оралған саясаткер Мұхтар Әблязовтың басқаруы кезіндегі БТА банкі өзіңіз құрған театрға қаржылық көмек көрсетіп, негізгі демеушісіне айналған еді. Мұндай қаржылық қолдау шығармашылық тәуелсіздігіңізге қалай әсер етті?
- «Қарсылық мәдениетіне» бірінші рет 1998 жылы Әкежан Қажыгелдиннің тұсында келгем. Қажыгелдин ол кезде РНПК деген партия ашқан болатын. 1995-96 жылдары Нұрсұлтан Назарбаев парламентті таратқаннан кейін ойлана бастадым. Саясатқа араласқан жоқпын. Саясат менің қолым емес деп ойладым. Кейін, 1990 жылдардың соңына қарай егемендіктің алғашқы жылдары болған еркіндік құри бастайтын сияқты болып көрінді. Соны сездім. Еркіндіктің дәмін татып қалған адам қалай қайтадан тоталитарлық қоғамда өмір сүреді? Сүрдім ғой мен совет өкіметі кезінде. Неміс театрында жұмыс істегем сол кезде. Білем цензураның не екенін. Сондықтан көзқарасы өзіме ұқсайтын адамдарды іздей бастадым. Сөйтіп мұндай көзқарасты РНПК-дан тапқан болатынмын. Ол кезде Мұхтар Әблязовтың қайда жүргенін де білмейтінмін. 2001 жылы ДВК («Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы ред.) құрылған кезде оның саясатқа кіргенін көрдім. Президент Назарбаев 2006-2007 жылдары ірі бизнес пен ұлттық корпорацияларды мәдени-әлеуметтік саладағы жобаларды қолдауға шақырды. Соның аясында БТА банктің өкілі менімен хабарласып, «Ақсарайға» демеушілік жасағылары келетінін айтты. Сол уақытта өзім оқытатын курс дипломдық жұмыс ретінде «Қыз Жібек» операсын қойған. Алматыдағы Республика сарайында сол қойылымды көргеннен соң БТА банк бұл жобаны қолдайтын болып шешті. Бірақ банк менің шығармашылық жұмысыма араласқан емес. Олар «Әлем-арт» деген қор құрды да, театрды қаржыландырып тұрды. Ол кез театрдың ең бір дамыған, гүлденген кезі еді. Қырық шақты актер болды, жалақылары Қазақстан бойынша басқа театрлармен салыстырғанда өте жоғары болды.
Ол кезде саяси көзқарасым қалыптасты деп айта алмаймын. Жүйелі оппозиция жоқ болатын. Шығармашылық өмір мен үшін бір иммиграция болды. Төңірегіңде болып жатқан келеңсіздіктерді айта берсең, жұртқа әбден жексұрын болады екенсің. Содан кейін шығармашылық жұмысқа кіріп кетем, репетицияма. Біраз уақыттан соң шығып қараймын. Әлі сол сөз, әлі сол өтірік. Айтарымды айтып алам да, қайтадан шығармашылыққа кіріп кетем. Ол да бір өмір сүрудің тәсілі деп ұғам. Өйткені көп мазаланбайсың, айына бір-ақ рет мазаң кетеді. Бүйтіп ұзақ жүре алмай түбегейлі қарсылық мәдениетіне кірдім. Менің өнерім әлеуметтік-саяси бағыттағы театрға айналды. «Қыз-Жібегімде» саяси-әлеуметтік сипат болған жоқ. Сахнадағы кейіпкерлерімнің әлеуметтік статусы саясиланатынын ол кезде білгем де жоқ, ондай мақсат болған жоқ. Кейін Шиллердің «Махаббат пен зұлымдығын» қойғанда жүйелі түрде саяси театрды бастадым.
- Театрыңыздың бас демеушісі болған банк басшысы кейін қуғынға ұшыраған кезде «қарсылық мәдениетін» ұстануға еріксіз мәжбүр болған жоқсыз ба? Егер Мұхтар Әблязовтің басына күн туған дәл сол уақытта «Ақсарайды» я Әнуар Сәйденов, я «Самұрық-Қазына» қоры қолдауға ниет білдірсе, мұндай ұсыныс шығармашылық ұстанымыңызға әсер етер ме еді?
- Олар тек ақша берушілер. Шығармашылығымды шектейтін болса, олардан кетер едім, жұмыс істемес едім. Адамдардың арасында өркениетті қарым-қатынас болуы керек. Бұлар менің тек қаржылық мәселемді шешіп беруі керек.
- Сіздің саяси өмірге белсенді түрде араласуыңыз өз аудиторияңызды театрдан тыс жерде ұлғайтуға тырысу әрекеті емес пе?
- Жеке көзқарасымды артистеріме де таңған емеспін. Олар менің не істеп жүргенімді көріп, ұғып жүр. Бірақ өнердегі жолым мен саяси жолым екеуін араластырмадым.
Мемлекет өмірімізді өзі саясиландырып жатыр. Саясат менімен айналысып жатқанда неге қарап отыруым керек екен? Болашақ ұрпақтың қандай мемлекетте өмір сүретінін ойлаймын. Менің итеңдеп 40 жыл жүрген жолымды балам да, немерем де 40 жыл жүруі керек пе? Онда бұл өмірге неменесіне келіп, неге кеттім? Мен жүріп өткен жолды балам 20 жылда жүріп өтетін жағдай жасауым керек, сонда балам немереме бұл жолды 10 жылда жүріп өтетіндей етіп жағдай жасайды. Қазақстан сөйтіп дамиды, алға қарай жылжиды. «Өзі реттеледі ғой, басқа салғаны осы» деп отыра берсек, түк те шықпайды.
- Сахнадағы жұмыс кезінде әртістермен арада жеке саяси көзқарасыңызға қатысты, шығармашылық тәсіліңізге қатысты келіспей қап жататын жағдайлар бола ма?
- Болады, әрине. Өйткені әртіс ол тірі адам, шығармашылық адамы. Сондықтан «істесең де істейсің, істемесең де істейсің» деген қарым-қатынасқа бара алмаймын. Әртіс қарсы шықса, демек бір себеп бар. Не әртіс менің сөзімді дұрыс түсінбеді, не мен ойымды дұрыс жеткізе алмадым. Дайындық пен репетицияда бір-бірімізді түсінуге тырысамыз. Өйткені бәрібір сахнаның падишасы мен патшасы - әртіс. Егер әртіс менің трактовкам мен интепретацияма келіспесе, онда бірге жұмыс істей алмаймыз. Не менің, не оның кетуі керек. Бірақ өз еркіммен бір әртісті жұмыстан шығарған кезім болған жоқ. Репетиция кезінде бір-екі әртісті маған қарсы шығатын етіп дайындаймын. Өз ойымды өзім қызықтап кететін шығармын. Менің спектаклімде қазақ театрларындағыдай екі-үш әртіс қана жарқырамайды. Ансамбль жоқ кезде бір-екі әртіс қана жақсы ойнап шығады. Менің спектакльдерімде ансамбль болуы шарт, барлық әртістің жұлдыз болуы керек.
- Өзіңіздің саяси көзқарасыңызға тура келмейтін, қарама-қайшы қандай да бір құбылыс, я тұлға туралы спектакль қою жөнінде ұсыныс түссе, сахнаға қояр ма едіңіз?
- Жоқ. Ондай ұсыныс түскен де болатын. «Нұрсұлтан Назарбаев туралы спектакль қой» деген ұсыныс түсті. Не деймін оған? Ағашпен сөйлесіп отырған адам туралы қалай спектакль қоям (бұл пьесаны басқа бір режиссер 2011 жылғы маусымда «Терең тамырлар» деген атпен Астанада сахналады ред.). Ұстанымыма оң келмейтін нәрсені жасай алмаймын. Өзімнің масқарамды шығаратындай өзіме-өзім жаумын ба?
- Жақсы. Енді саяси дүниетанымыңызға, өнерден сырт саяси көзқарасыңызды жеткізу жолдарыңызға қайтып оралайық. Батыста берген соңғы сұхбаттарыңыздың бірінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты «диктатор» деп атадыңыз. Демократиялық емес режимдерді зерттеуші Батыс ғалымдарының көпшілігі Орталық Азиядағы көпшілік елдердің саяси жүйесін «жұмсақ автократия» немесе «транзиттік псевдо-демократия» деп сипаттайды. Назарбаев режиміне қатысты «диктатура» деген сипаттама кейбір Батыс БАҚ-тарында ара-тұра жылт ете қалып жүр. Бірақ тұрақты тіркеске айнала қойған жоқ. Сіз Назарбаевты «диктатор» деп атағанда «қарсылық мәдениетін» ұстанатын шығармашылық өкіл ретінде айтып қалдыңыз ба, әлде қоғамдық белсенді ретінде жинаған тәжірибеңізге сүйендіңіз бе? Бұл тұжырымды нақты неге сүйеніп жасадыңыз?
- Қазақта «Көргенімді айтайын ба, жоқ естігенімді айтайын ба?» деген сөз бар. Көргенімді айтайын. Өз елінің қырылып қалғанына қарап отыратын адам «жұмсақ автократ» па? Халық Жаңаөзенде ғана қырылған жоқ. Оған дейін де «террористер» деп қырылғандар қаншама? Мен үшін Назарбаев диктатор. Жалғыз өзі бүкіл елге өз еркін диктовать етіп отыр. Қазақстанда барлық мәселені бір-ақ адам шешеді. Ертең Назарбаев «жаздым, жаңылдым, өзгердім, түсіндім. Енді бұдан былай нағыз демократиялық құндылықтарды дәріптейміз» десе, қолдар едім. Бірақ ол ондайға бармайды. Сол себепті Назарбаев мен үшін диктатор болып қала береді. Шатасып айтып жүрген жоқпын. Жеке басым жек көргендіктен айтып жүрген жоқпын. Жан-жағымды көріп, тұшынып, ойланып барып айтылған сөз.
- Қазақстандағы саяси-қоғамдық белсенділігіңіздің шырқау шегі болған оқиғаға қарай ойыссақ. Былтыр Ақтауда қамауда жатқаныңызда режиссер Ермек Тұрсынов ҰҚК-мен сізді босату жөнінде құпия келіссөз жасап, «шын өкіну» бабы бойынша босап шығуыңызға себеп болды. Сол кезде тергеу абақтысында жатқан өзге де саясаткерлердің жақындарына «мен құсап ҰҚК-не арыз жазыңдар» деп кеңес берді. Кейінірек дәл осындай «құпия келіссөз» жүргізу арқылы Төлеген Жүкеев белсенді Жанболат Мамайдың босап шығуына көмектескенін мәлімдеді. Бірақ билік орындарына арыз жазғысы келген басқа жұрттың ауызы дәл осы Тұрсынов пен Жүкеевтей дуалы емес екені анық көрінді. Кейде мұндай өтініш-арыз қандай халықаралық деңгейде айтылса да, әсері байқалмай қап жатады. Евгений Жовтисті боасту туралы өтініш кезінде АҚШ президентінің аузынан шықса да, еленбей қалғанын білесіз. Сол тұрғыдан келгенде сіздің түрмеден босап шығуыңызға жалғыз Ермек Тұрсынов, ал Қазақстаннан сыртқа шығуыңызға Германиядағы жанашыр қоғамдық белсенділер әсер етті деп біржақты баға беруге бола ма? Сіздіңше, түрмеден шығып, Германия асуыңызға нақты қандай жайт шешуші фактор ретінде ықпал етті?
- Шешуші фактор түрмеде менен тезірек құтылу керек болды. Өйткені Назарбаев ішкі сыннан, Қазақстанның ішіндегі адамдардың сынынан қорықпайды. Кезінде Еуропада оны «демократиялық бағыттағы адам» деп қабылдаған. Сол статустан ажырап бара жатқанын, айырылып бара жатқанын көрген соң тезірек менен құтылу керек болды. Ермектің маған қатысты жеке жоспары мен биліктегі менен құтылғысы келгендердің ойы сәйкес келді. Ермекті қолданды, пайдаланды. Ермек оған әдейі барды. Ермекке ризамын, оның жүректілігі мен пәктігіне күмән келтірмеймін. Мені құтқарғысы келді. Маған айтқаны: «Не болса да, шықшы! Сен шыққан соң анықтап аламыз кімнің кім екенін». Жанболат Мамайдың да жағдайы солай болды. Билік біздің шықпауымызға мүдделі болса, Ермек Тұрсынов та, Төлеген Жүкеев те түк істей алмас еді. Ал Евгений Жовтис, Владимир Козлов пен Вадим Курамшинді ұстау биліктің мүддесіне сай келеді. Ал бізден құтылғысы келді. Олар ойлады: «Анау жас бала, мынау «вшивый интеллигент» деп. Ақтаудың түрмесін көрген соң ауыздарын жабады деп ойлады. Мені ары қарай қозып кетеді деп ойлаған жоқ. Мен тоқтамадым.
- Былтыр Алматыда өткен әйгілі баспасөз мәслихатында режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстандағы саяси ахуалдың жақсарып келе жатқанын, кез-келген органмен диалог орнатуға болатынын, «жылымық» туғанын айтқан еді. Бірақ «жылымыққа» қарамастан әуелі сіз шетел астыңыз, жуырда жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында Тұрсынов мырзаның өзі де қартайған шағында Қазақстанда қалғысы келмейтінін айтты. Өз басыңыз «жылымық» пен «диалогты» сездіңіз бе?
- Сезбедім. Сезіліп те тұрған жоқ. Қазақстанда саяси ахуал жақсы болса, неге тәуелсіз БАҚ-ты қудалап жатыр. Неге түрмеге жауып жатыр? Егер билік өзіне сенімді болса, неден қорқады? Халық билікті қолдап отырса, «ақыры ешкім оқымайтын БАҚ-ты» неменеге жабады? Билікті қолдан шығарып алам ба деген зор қауіп бар. Билік басында қай тарапқа қарай бұрылатындарын білмей отырған мүдделі үш-төрт топ бар сияқты. Назарбаевтан құтылғылары келеді. Жабылып жатқан БАҚ-ты жаңағы топтар пайдаланып кете ме деген үлкен үрей бар. Әблязовтан қорқады. Бірақ Әблязов емес басқы себепкер. Басқы себепкер сол қасында жүргендер. Солар Әблязовпен ауыз жаласып кете ме, сондықтан бүкіл ресурстарын құртайық деген үрей ғой. Қазақстандағы қарапайым адамдар, журналистер мен саясаткерлердің бәрі түсінеді. Мәселенің бәрі бір адамға тіреліп тұр. Соның кесірінен барлық былық болып жатыр. Қазақстанда ішкі саясат жоқ. Оның орнында бір-бірімен «разборка» жүріп жатыр. Ал экономиканың орнында бөлісіп, алып-сату жүріп жатыр.
- Жаңа айтқан баспасөз мәслихаты кезінде Ермек Тұрсыновтың сөзінен ұққанымыз сіз қамаудан босап шыққасын саяси риториканы пайдаланбайды деген шартпен өзі кепіл болғанға ұқсайды. Бірақ қазір сіздің саяси риторикаңыз керісінше күшейе түскен сияқты. Ермек Тұрсыновпен Германияға келгесін сөйлестіңіз бе? Онымен сөйлескенде қалай сезінесіз?
- Ермекпен араласып тұрамын, хат алысып тұрамын. Өнер адамы ретінде сыйлаймын, өте жоғары бағалаймын. Қазақстанның өнерін басқа бір сапалы деңгейге көтерді. Оған еш уақытта күмән келтірмеймін. Ермектің мазмұны мен көзқарасы биік. Ал саяси мәселелер туралы әрине көп сөйлеспейміз. Бәрін түсінуі үшін кездесуіміз керек. Телефонмен, я интернет арқылы көп ештеңе айта алмаймын. Бірақ Ермек көп нәрсені түсінді. Мен де ол сияқты Қазақстанды сүйем, бірақ қазіргі азаматтық қоғамын жек көрем.
- «Болат Атабаев» қорын құрғаныңыз туралы Кельнде бүгін (наурыздың 1-і күні ред.) ресми түрде мәлімдедіңіз. Бұл қордың мақсаты мен мәні не? Қандай жұмыстармен айналысады? Кім қолдау көрсетіп отыр?
- Бұрын-соңды саяси мәселе көтеру үшін шетелге шықпаппын. Германияға келген соң мені «Парламентарийлер парламентарийлерді қорғайды» деген Бундестагтың үлкен бағдарламасының аясында Виола Фон Крамон деген жасылдар партиясының спикері мені қамқорлығына алды. Бірнеше рет сөйлестік. Дагмар Энкельман деген солшылдар партиясының депутаты қолдап шықты. Бұл екі партия тек Германияда емес, бүкіл дүние жүзінде адам құқықтарын қорғау ісін бағдарламасына енгізген. Қалғандары да енгізген, бірақ белсенді түрде айналыспайды. Мына екі партия ғана жүзеге асырып жатыр.
Солармен әңгімелескенде шет елде жүріп Қазақстандағы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қалай көмектесетінім туралы кеңестім. Кезінде Ермұхамет Ертісбаев айтты ғой «Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптаспаған» деп. Ол рас. Шындықты айтты. Соны қалыптастырудың бір жолын іздегім келді. Ол үшін Батыстың азаматтық қоғамын пайдалануым керек. Германияда, Батыс елдерінде саясаткерлер өз азаматтық қоғамынан я қорқады, я сыйлайды. Білмеймін әлі айта алмаймын, танып жатырмын. Қоғам саясаткерлерін сайлағысы келмесе сайламай қояды. Сондықтан саясаткерлер азаматтық қоғамға тәуелді. Қазақстанда да осындай азаматтық қоғамның пайда болуына сеп болу үшін не істеуім керек?
Ең бірінші жасаған шарам «Ақсарай» театрын алып келіп, «Көшкінді» қойып, қандай бағытта жүргенімді, қандай мәселе көтеріп жатқанымды мұндағы азаматтық қоғамға көрсеттім. Қазақстанда бір-бірімізді көре алмаймыз, бір-бірімізге деген сенім жоқ. Шетелдегі азаматтық қоғам арқылы Қазақстандағы қоғамдық-саяси ортаға ықпал жасасам, олар өздерінің саясаткерлеріне айтса, «Диктаторлармен ауыз жаласпаңдар, мұнай-газ үшін азаматтық қоғамын сатпаңдар. Қандай да бір келісім-шартқа қол қойғанда ең бірінші адам құқығын қорғауың керек, демократиялық құндылықтарды сақтауың керек, сөз еркіндігін қолдауың керек деп талап етіңдер Назарбаевтан» деп. Сол арқылы билікті мәжбүрлеу керек. Менің алға қойған мақсатым Қазақстандағы азаматтық қоғамға қарсы шығып, жер байлығын сатып жүрген адамдарға қарсы пікір туғызу. Олардың Батыстағы қаржы көздерін әшкерелеуге, зерттетуге көмектесу. Олардың көпшілігінің бала-шағалары шетелде тұрады. Мен құрып отырған қордың мақсаты осы бағытта жұмыс істейтіндерге жағдай жасау. Сол жобаларды көбейту. Енді «ақшаны қайдан аласың» дегелі отырсың ғой?
- Сол сұраққа таяп келе жатқам. Былтыр тамызда Веймар қаласында Гете сыйлығын алған соң паспортыңыздың жоғалғанын мәлімдедіңіз.
- Иә, сосын Қазақстанға барып, құжаттарымды жасатып, АҚШ-қа, Сан-Францискода өткен конференцияға барып қатыстым. Одан соң қайта елге қайттым. Кейін Брюссельге барып Еуропарламентте сөз сөйледім.
- Сонымен былтырғы қазан айынан бері Германиядасыз. Мұнда еркін жүріп-тұруыңызға, тіршілік етуіңізге кім көмектесіп, қаржыландырып жатыр? Қазіргі стаусыңыз қандай?
- Қазақстанда маған, «Ақсарай» театрына ақшалай көмек көрсетіп жатқан адамдар бар. Мен Брюссельге келген соң адвокатымнан «қайтпаңыз» деген хабар келді. Сосын он күннен соң жаңағы демеушілердің өкілдері кеп, маған ақша әкеп берді. Осында қалғанымды құптады. Қазақстандағы менен жас бизнесмендер буыны биліктен шаршаған. Олардың да бала-шағалары өсіп келе жатыр. Таза жұмыс істегілері келеді. Өркениетті елде өмір сүргілері келеді. Бала-шағасына жағдай жасағылары келеді. Өйтудің орнына күнде өтірік айтуға, билікпен ауыз жаласуға, бөлісуге мәжбүр. Осындай заңсыздықтан әдбен шаршаған адамдар маған көмектесіп жатыр. Желтоқсан айына дейін үлкен көмек жасады.
Алматыдағы неміс театрында жұмыс істеген елу шақты адам Германияға көшіп кеткен. Солардан көп көмек көрдім. Желтоқсан айына дейін солардың үйінде тұрып келдім. Сегіз әртістің үйінде тұрдым. Ал желтоқсаннан бастап Кельндегі Театр академиясында (http://www.theaterakademie-koeln.de ред.) көркемдік жетекші ретінде сабақ берем. Ұстаз болып жұмыс істеймін. Үйді де солар жалға әперіп отыр, айлық та төлеп отыр. Бір ай болды, ақпанның 14-інен бастап «Ақсарай» Кельнге келіп, «Көшкінді» көрсетіп жатыр. Кейде ойлаймын, «режиссер болып жұмыс істеуге келдім бе мен Германияға» деп. Ондай жұмысты Қазақстанда да істер едім. Қазір «басты бағытым шығармашылық жол бола ма, я саяси жол бола ма» деп ойланып жүрмін.
- «Көшкін» 2010 жылы сахналанды. Жаңаөзен оқиғасынан кейін қойылым мен әртістердің спектакльге қатысты көзқарастары қалай өзгерді?
- Шынын айту керек, 2010 жылы біз бір түрік авторының пьесасын ойнап жүрдік. Бізде де осындай жағдай тууы мүмкін деген сияқты азаматтық қоғамның жағдайын көрсеткен-сымақ боп жүрдік. Азаматтық қоғам үрейлі, үндемейді деп. Себебі «көшкін» жүреді деп қорқады деген бір сюжетті ойнап жүрдік. 2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзендегі қырғыннан кейін ойнағанда неге екені белгісіз әртістерім де, мен де, көрермендерім де басқаша қабылдады. Дірілдеген дауыс пайда болды, шалдың өксігі алқымына тығылып, көзіне жас келді, шалдың туған ағасын сатқаны туралы әңгімесі пайда болды, жас жігіттің «балам үрейсіз өмір сүретін жерге кетеміз» деген сөздердің бәрі басқаша реңк алды. Кемпірдің рөлін ойнап жүрген актриса залға қаратып «Бәріміз қатынбыз. Бізге ойлануға болмайды!» деп көрерменге бармағын шығаратыны басқаша сипат алды. Спектакль біткен соң мен олардан «Не болды?» деп сұраймын, олар менен «Не болды?» деп сұрайды. Акценттің бәрі өзгерді де кетті. Режиссерлігім айдалада қалды. Әртістердің бұрынғы рөлдері айдалада қалды. Жаңаөзен іште танылмай, көрінбей жүрген наз, леп, зарды басқаша сыртқа шығарды. Мен театрым арқылы әлеуметтік проблема көтердім деп өзімше кітап боп жүргем. Саяси бағыт алды да кетті. Еркімнен тыс. Бұл реңк бізге ұнады, осылай қалдырамыз деп келістік.
- Дәл осы «Көшкін» Қазақстандағы бірнеше аймақтық театрда қойылыпты. Кейбірін өзіңіз арнайы барып көріпсіз. Қандай ой түйдіңіз?
- «Көшкін» спектаклінің соңында бала туғанда, сәби дүниеге күліп келеді. Авторда солай. Өйткені келер болашақ бізге күледі деген сөз. Оны кейбір театрда «ондай өмірде болмайды» деп жылатып туғызып қойыпты. Тағы бір спектакльде сахнада бәрі айқайлап сөйлеп жүр. Айғай-шу. Мен айтам: «Неге бұлар дауыс көтереді. Көшкін кеп басып қалмай ма?» десем, «Көрермендерге дауыстары естілмейді ғой» дейді. Бір нұсқасында шынымен соңында көшкін жүрген. Бәрін қырып тастаған. «Сонда не болды?» дедім. Көшкін келмейді ғой, авторда да солай. Спектакль соңында кейіпкерлер «Көшкін қайда?», «Көшкін жүрмеген бе?», «Ешқашан болмаған да шығар?» деп сұрайды. Осыдан-ақ түсіне бер біздегі режиссерлердің түсінігін.
- СССР-да тек архитектурада емес, өнердің қай саласында болсын «советтік гигантизм» білініп тұрды. Шығармашылық өкілінің туындылары бұқаралық сипат алуы тиіс болды, жаппай оқылуы, я көрілуі керек болды. Партия идеологиясының жан-жақты аспектілері осылайша жүздеген, мыңдаған орындық алып мәдениет сарайлары мен мемлекеттік театрлардың сахналарында еңбекші бұқара мен интеллигенцияның санасына сіңіріліп жатты. Совет кезеңінің көптеген жазушылары үшін қазіргідей 2-3 мың тиражға көндігу деген күлкілі көрінер еді. Бүгіннің өзінде кейбір режиссерлер мен ақын-жазушылар қойылым, я шығармашылық кеш өткізгенде далиған залдардың жартысы ғана толды деп қам көңілденіп жатады. Батыста өзіңіз көріп жүргендей жазушы болсын, режиссер болсын қолөнерші сияқты өз талантына шақ аудитория, яғни нарық қалыптастырады да, презентациялары мен премьераларын шағын кітап дүкендері мен елу-жүз адамдық залдарда өткізе береді. Бұл өнердің коммерциялануы ма, бұқарадан қол үзуі ме, әлде аудиториясының талғам мәселесі бойынша табиғи түрде сұрыпталуы ма? Батыста оқыған, тұрып жатқан пост-советтік кеңістіктен шыққан шығармашылық адамы ретінде не айтасыз?
- АҚШ-тағы Сан-Францискода болдым. Өнердің неформалдық саласы дамыған қала. Гигантизм жоқ. Ал Германияның бір миллион тұрғыны бар Кельні де өнердің неформалдық, андеграунд саласы дамыған жер. Қазақстандағы Әуезов театры мен опера театры сияқты орындар да бар мұнда. Бірақ олар көбінесе консервативтік театрлар, өзгеріс жоқ. Ал андеграунд театрлар Германияда шағын болады. Таңдау еркің кең. Қандай театр көргің келсе, өзің білесің. Мысалы біз «Ақсарайдың» әртістерімен бірге алдағы апта бөлмедегі театрға барып көреміз. Екінші қабаттың пәтеріне орналасқан театр. «Көшкіннің» өзінің талабы сол, сыбырлап ойнаған соң бізге кішігірім ғана зал керек болды. Әйтпесе барлық эффект құриды. Сол себепті маған шағын театрлар ұнайды. Гигантомания жоқ. Шағын зал, шағын сахна, әртісті алақаныңа салып ап анық көріп отырасың. Бұл - өркениеттің бір белгісі. Үлкен форматтан қашып, өнердің басқа бір түрлерінен сусындау.
- Германиядағы саяси театр саласының қазіргі ахуалы туралы не айтасыз?
- Саяси театрдың отаны Германия. Кезінде Бертольд Брехт әлеуметтік-саяси театрдың бір жүйесін жасап беріп кеткен. Бертольд Брехт 1920 жылдары өмір сүрді де, Гитлермен арпалысып, тоталитарлық-диктаторлық режимнің не екенін көрді. Соның зардабын шекті. 1930 жылдары елінен кетуге мәжбүр болды. Швецияға, одан ары Америкаға кетті. Соғыс біткесін қайтып келді. Бірақ соғыстан жеңілгесін азаматтық қоғам мен халық есеңгіреп, еңсесі басылып қалды. Сол кезде халықты рухтандыру үшін әлеуметтік-саяси тақырыптар туралы спектакльдер қойылды.
Қазір Германияда қайтадан саяси театрдың дәурені басталды. Жақында «Конституцияны қалай қорғау керек?» деген спектакль көрдім. Германияда конституцияны қорғаумен айналысатын бір мемлекеттік орган бар (Германия конституциясын қорғаушы федералдық қызмет ред.). Олар конституцияға қарсы келген ұйымдарды бақылайды. Құпия түрде тың тыңдайды. Сол туралы пьеса қойылып, жаңағы қызмет адамдарын әшкерелеп, нео-фашистік ұйымдарға дем беріп жүрген осылар деп сыналды. Оның өзі шағын «Арт-театрда» қойылды. Халық келіп көргесін, бірден депутаттарға сауал жіберіп жатыр. «Сендер мына сахнада көрсетілген жағдайды білдіңдер ме?» деп. Кәдімгі газетке шыққан материалдар негізінде қойылған пьеса. Әрине мұндағы саяси театр әлі публицистикамен шатасып жатыр. Сахнасында газеттің тілі басым. «Германияда саяси театрдың көтерілуіне себеп болатындай жағдай бар ма, жоқ па?» деген дискуссия жүріп жатыр. Ал Қазақстанда саяси театрдың пайда болуына жағдай әбден бар. Мүмкіндік туған.
- «Көшкіннің» аймақтарда мүлдем басқаша қойылуы сіздің Қазақстанда саяси театрдың пайда болуына жағдай бар деген оптимизміңізге көлеңке түсірмей ме?
- Қазақстанда саяси театрдың дамуы үшін барлық алғышарттар бар. Бірақ көп нәрсе бізге, адами факторға байланысты. Режиссерлерде үрей бар. «Театрда ары қарай жұмыс істегім келеді» деп ойлайды. Қорқады. Ішкі цензурасынан қорқады. Өзін өзі тексеріп отырады: «Былай десем, былай болып кетуі мүмкін» деген үрейден туған нәрсе барлығы.
- Сіз өзіңіз бұл үрейден қалай құтылдыңыз?
- Мен өз үрейіме өзім күлем. Басқа құтылатын жағдай жоқ. «Көшкіндегі» ой сол ғой. Өзіміз спектакльдегі жаңа туған бала сияқты күлуіміз керек. Өз кемшілігіңді артықшылыққа айналдыру үшін өзіңе өзің күл де, Абай сияқты жер-жебіріңе жетіп сынап ал.
- Сұхбатыңыз үшін көп рақмет!
жүктеу 105,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау