Оқшауланған, яғни көршілес жүйелермен зат пен энергия алмасуы болмайды.
Жабық, яғни көршілес жүйелермен энергия алмасады, бірақ зат алмасуы болмайды ( мысалы, космос кемесі).
Ашық, яғни көршілес жүйелермен зат және энергия алмасуы болады. Барлық биологиялық жүйелер- ашық жүйелер. Себебі, олар сыртқы ортамен затпен, энергиямен және ақпаратпен алмасып отырады.
Биологиялық жүйелердің ұйымдасуының маңызды нәтижесі компоненттердің күрделірек функционалдық жүйелерге бірігуі барысында бұл жаңа жүйелерде сапалық жағынан жаңа алдыңғы деңгейде болмайтын қасиеттер пайда болады. Мұндай сапалық жаңа қасиеттерді- эмердженттік деп атайды ( кенеттен пайда болған). Мысалы, экожүйенің қасиеттерін жеке популяциялар туралы мәліметтерге ғана сүйеніп айтуға болмайды. Орманды тұтас алып зерттеп қана қоймай, осы ормандағы жеке ағаштарды да зерттеу қажет.
Белсенді ірі молекулалар – ақуыз, нуклеин қышқылдары, көмірсулардың қызметі түрінде көрінеді. Осы деңгейден тірі материяға тән қасиеттер: сәулелі энергияның органикалық заттардың химиялық энергиясына айналуы арқылы жүретін зат алмасу, тұқым қуалаушылықтың кодтаушы құрылымдардың ( ДНК,РНК) көмегімен тасымалдануы байқалады. Бұл деңгейге құрылымдардың ұрпақтарда тұрақтылығы тән.
7. Популяциялық-түрлік, биогеоценотикалық, биосфералық деңгейлердің айырмашылықтары.
Популяциялық-түрлік деңгей.Табиғатта кез келген түрдің даралары жекеленбей популяцияға бірігіп, таралу аймағының нақты бір бөліктерін мекендеп тіршілік етеді. Бір түрге жататын популяцияның саны бір немесе бірнешеден мыңға дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ әр популяциядағы даралар саны да түрліше келеді. Популяция – эволюцияның элементарлық бірлігі. Өйткені популяцияда эволюциялық өзгерістер жүріп, алуан түрлі бейімділік формалардың қалыптасуы байқалады. Бұлар келешекте жаңа түрлердің түзілуіне бастама береді.
Биоценоздық деңгей.Әр түрге жататын организмдер тіршілік барысында өзара тәуелді бірлестіктер құрайды. Мұны биоценоз деп атайды. Биоценоздар қоршаған ортаның абиотикалық факторларымен байланыса отырып жаңа экологиялық жүйе – биогеоценозды құрайды. Биогеоценоздың құрамындағы организм бірлестіктерінің бір тобы органикалық зат түзуші – продуценттер, екінші тобы ол заттарды пайдаланушы – консументтер, ал үшінші тобы қалдық, өлекселерді ыдыратушы – редуценттер болып бөлінеді. Бұл организмдер арасында қоректік байланыстар қалыптасып, тіршілігі нәтижесінде табиғатта зат және энергия айналымы жүреді. Кез келген биогеоценоз өзін-өзі реттей алатын динамикалық тұрақты жүйе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |