Орындаған: Назарханқызы Шапағат Мамандық: 6В01513 Биология Қабылдаған: Дина Қайсарбековна Алматы 2022 Биология кіріспе пәнінен емтихан сұрақтары



жүктеу 125,92 Kb.
бет14/14
Дата23.12.2022
өлшемі125,92 Kb.
#40764
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
бк 5 Назархан Шапағат

Органикалық зат — міндетті құрамбөлігі көміртегі болып табылатын күрделі заттар. Органикалық заттарға нәруыздар, көмірсулар, липидтер және нуклеин қышқылдары жатады. Бұл қосылыстардың құрамында көміртекпен қатар сутек, азот, оттек, сондай-ақ күкірт және фосфор болады. Нәруыздар қозғалуға мүмкіндік береді, оттек тасымалдайды және жасушадағы мыңдаған химиялық реакцияларды тездетеді. Нуклеин қышқылдары жеке тірі ағза туралы бүкіл тұқым қуалайтын ақпаратты сақтайды және ұрпаққа береді. Майлар энергияны қорға жинап, бізді суықтан қорғайды (термооқшаулау), ал көмірсулар энергия алу үшін және жасушаның құрылыс материалы ретінде қажет
XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің негізі көміртекті заттар екені анықталды. Органикалық химияның ғылымның жеке саласы ретінде бөлінуінің басты себебі, сол кездегі минералды және органикалық заттардың тегіне деген көзқарас болды. 1808 жылы швед ғалымы Якоб Берцелиус организмнен алынатын заттарды «органикалық заттар» деп, ал оларды зерттейтін химияның саласын «органикалық химия» деп атауды ұсынды. Сол кездегі кейбір ғалымдар органикалық заттар тек тірі организмде ғана «тіршілік күші» әсерінен түзіледі, оларды бейорганикалық заттар сияқты лабораториялық әдіспен алуға болмайды деп есептеді.
60. Өсімдіктерде макроэлементтердің тапшылығы (азот, калий, фосфор, т.б.), себеп-салдары мәселелері.
Өсімдіктер де кез келген тірі организмдер сияқты тіршілік ету үшін қоректенеді. Қоректену — бұл өсімдіктерідің қоршаған ортадан неорганикалық заттарды сіңіруі, оларды өзгертуі және тыныс алу, өсу, көбею процестерінде пайдалануы. Өсімдіктердің басым көпшілігіне топырақтық (минералды) және ауалық (фотосинтез) қоректену тән.
Топырақтық қоректену — тамырлардың суды және онда еріген минералды заттарды сіңіруі. Топырағында минералды қоректік заттары аз алқаптарда органикалық заттардың түзілу процесі бұзылады, өсімдіктердің өсуі және дамуы баяулайды, сәйкесінше өнім азаяды. Өсімдіктердің қорегіндегі ең басты элементтер азот, фосфор және калий болып табылады.
Азот жерүсті өркендердің өсуін күшейтеді, калий тамырлардың, түйнектердің, пиязшықтардың өсуіне жағдай жасайды; фосфор жемістердің салмағына, мөлшеріне әсер етеді, олардың пісіп-жетілуін жылдамдатады; калий мен фосфор өсімдіктердің суыққа төзімділігін арттырады.
Өсімдіктер де кез келген тірі организмдер сияқты тіршілік ету үшін қоректенеді. Қоректену — бұл өсімдіктерідің қоршаған ортадан неорганикалық заттарды сіңіруі, оларды өзгертуі және тыныс алу, өсу, көбею процестерінде пайдалануы. Өсімдіктердің басым көпшілігіне топырақтық (минералды) және ауалық (фотосинтез) қоректену тән.
Топырақтық қоректену — тамырлардың суды және онда еріген минералды заттарды сіңіруі. Топырағында минералды қоректік заттары аз алқаптарда органикалық заттардың түзілу процесі бұзылады, өсімдіктердің өсуі және дамуы баяулайды, сәйкесінше өнім азаяды. Өсімдіктердің қорегіндегі ең басты элементтер азот, фосфор және калий болып табылады.
Азот жерүсті өркендердің өсуін күшейтеді, калий тамырлардың, түйнектердің, пиязшықтардың өсуіне жағдай жасайды; фосфор жемістердің салмағына, мөлшеріне әсер етеді, олардың пісіп-жетілуін жылдамдатады; калий мен фосфор өсімдіктердің суыққа төзімділігін арттырады (52-сурет).
Маңызды химиялық элементтер
Топырақта минералдық қоректің белгілі бір элементінің жетіспеушілігі өсімдіктерге қалай әсер етеді? Байқампаз және білетін адам өсімдіктің түсіне, жапырақтарының пішініне көз жүгіртсе болды, ол сол өсімдікке қай заттың жетпейтіндігін айта алады.
Азот жетіспеген жағдайда жапырақтар өңсіз жасыл болады, тіпті сарғайып, уақытынан бұрын түсіп қалады. Өсімдіктердің өсуі баяулайды, бүйір өркендері нашар түзіледі, тамырлардың тарамдануы азаяды. Өсімдіктердің азоттық ашығуын болдырмау керек, себебі азотсыз жаңа нәруыздар түзілмейді. Мысалы, жүгеріде жапырақтың ортаңғы жүйкесінің ұлпалары өлі ұлпаларға айналады, жапырақтың шеттері ширатылады. Орамжапыраққа азот жетпеген жағдайда төменгі жапырақтары ал қызыл және ашық сары ерекше түске ие болады.
Фосфорлық ашығу жапырақтарда көкшіл жасыл, сирек жағдайда қола тәрізді түстің пайда болуына әкеледі. Өсімдіктің өсуі, гүлдеуі, содан кейін жеміс және тұқым беруі тоқтайды.
Топырақта калий жетіспеген жағдайда тамырлар нашар өседі, түйнектер мен пиязшықтар баяу дамиды. Жапырақтары су жетіспегендей солыңқы көрінеді, ал олардың жиегінде күйік тәрізді қоңыр дақтар пайда болады. Өсімдіктердің өнімділігін арттыру үшін топыраққа тыңайтқыштар түрінде қоректік заттарды енгізу қажет. Тыңайтқыштар органикалық және минералдық болып екіге бөлінеді.
Органикалық тыңайтқыштар — организмдердің тіршілік әрекеттерінің қалдықтары (көң, құс саңғырығы, шымтезек, қарашірік) немесе өлі дене бөліктері. Оларда өсімдіктің қоректенуі үшін қажетті заттардың барлығы болады, бірақ органикалық тыңайтқыштар толықтай шіріп, микроорганизмдер әсерінен минералды заттарға айналғаннан кейін ғана өсімдіктер сіңіреді. Сондықтан органикалық тыңайтқыштарды топыраққа олар көктемге дейін ыдырап (шіріп) үлгерулері үшін күзде енгізеді.
Минералдық (химиялық) тыңайтқыштардың құрамында топырақта жетіспейтін азот, фосфор, калий элементтері болады. Оларға суперфосфат, калий хлориді, мочевина (несепнәр), аммоний сульфаты, селитра жатады.
жүктеу 125,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау