Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(2 мин)
|
Сәлемедесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару, оларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Түрлі - түсті маркер арқылы топқа бөлу. (3 топ) Бағалау парағымен таныстыру.
|
Презентация, сілті және сірке қышқылының ерітінділері, мырыш, кальций карбонаты, әммебап индикатор, лакмус ерітіндісі
|
(8 мин)
Жеке жұмыс
|
Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері
|
|
Альдегидтер туралы білімдерін еске түсіру.
«Жеке жұмыс»
1-тапсырма.
Деңгейлі тапсырмаларды орындау
А деңгейлі тапсырма: «Сөйлемді аяқта»
1.Альдегидтер ............................ туындылары
2.Олардың жалпы формуласы:......................
3.Альдегидтер халықаралық атаулар жүйесі бойынша............................. қосып атайды
4.Альдегидтер .........................алынады.
5. Құмырсқа және сірке қышқылының формуласы: ......
6. Формалин.............. және................ кеңінен қолданылады
Б деңгейлі тапсырма: «Реакция теңдеуін жаза біл»
Реакция теңдеулерін соңына жеткізу және сипаттау
Сірке альдегиді + күміс оксиді
3 деңгейлі тапсырма: «Есептеп көр»
Есеп: «Күміс айна» реакциясы нәтижесінде 10,8 грамм таза күміс бөліну үшін қанша грамм құмырсқа альдегиді реакцияға кірісуі тиіс?
Формативті бағалау.
|
Қосымша 1.
|
Сабақтың ортасы
Мәтінмен жұмыс
(топтық жұмыс)
(8 мин)
Зертханалық жұмыс
(топпен жұмыс)
(12 мин)
4 тапсырма. (жұптық жұмыс)
(10 мин)
(2 мин)
|
2 тапсырма. (топпен жұмыс)
1 топ:(қызыл түс) Карбон қышқылдарының жалпы сипаттамасы
2 топ: (көк түс) Құмырсқа қышқылы
3 топ:(қоңыр түс) Сірке қышқылы
3 тапсырма (топпен жұмыс)
№9 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Сірке қышқылының индикаторға әсері және металдармен содамен әрекеттесуі.
Мақсаты: Сірке қышқылының қасиеттерінмен танысып, олардың бейорганикалық қышқылдадың қасиеттеріне ұқсас екеніне көз жеткізу.
Құралдар мен реактивтер: Сынауықтар мен тұрғы, сірке қышқылының ерітіндісі, әмбебап индикатор немесе көк лакмус ерітіндісі (қағазы), мырыш (немесе магнийдің) түйірлері (ұнтақтары), натрий (кальций) карбонаты.
Жұмыстың барысы
Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауды ескерту.
Тәжірибенің орындалуы:
1.Физикалық қасиеті: Үш сынауық алып, әрқайсысына сірке қышқылының сұйылтылған ерітіндісінен 1-2 мл-ден құйыңдар. Сірке қышқылының ерітіндісінің түсіне көңіл аударыңдар, абайлап иісін байқау.
2 Индикаторға әсері: Сынауықтағы ерітіндігіе берілген индикатор ерітіндісінен тамызу (немесе индикатор қағазымен тексеру). Не байқалды?.
3. Сіке қышқылының химиялық қасиеті: Екінші сынауықтағы сірке қышқылының ерітіндісіне мырыш ұнтағы не түйірін (немесе магнийдің) салу. Реакция баяу жүрген жағдайда аздап қыздырып жіберуге болады.
4. Сіке қышқылының химиялық қасиеті: Үшінші сынауықтағы сірке қышқылының ерітіндісіне аздаған натрий карбонатының ұнтағы (немесе бордың кішкене түйіршігін) салып, газ бөлінуін бақылау.
5.Кестені толтыру.
4 тапсырма. (жұптық жұмыс)
№1. Берілген карбон қышқылы молекуласының моделін құрастыру
№2. 236 беттегі №6
12грамм магний сірке қышқылымен әрекеттескенде қанша грамм магний ацетаты түзіледі?
№3.Бейорганикалық және карбон қышқылдарының қасиеттерін салыстыру.
№
|
Қышқылдың қасиеттері
|
Химиялық қасиеттері
|
Бейорганикалық
|
Органикалық
|
1
|
Сулы ерітін
|
іде диссоциациялануы
|
|
2
|
Белсенді металмен әрекеттесуі
|
|
|
3
|
Металл оксидтерімен әрекеттесуі
|
|
|
4
|
Металл гидроксидтерімен әрекеттесуі
|
|
|
5
|
Өздерінен әлсіз және ұшқыш қышқылдар тұздарымен әрекеттесуі
|
|
|
Формативті бағалау.
|
Қосымша 2.
Қосымша 3
Бейнероликтер: 0051-физ.қасиеті
0017, 0018 химиялық қасиеті
Қосымша 4
|
|
Сабақтың соңы
Рефлексия
(3 мин)
|
«Серпілген сауал» стратегиясы
Үйге тапсырма:56 тақырыпты оқу, 236 беттегі №6 есеп
|
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|
Сабақ барысында
барлық оқушылар карбон қышқылдары жайында түсінік алады, сірке қышқылының қасиеттерін үйреніп, зертханалық жұмыс орындауда түсініктерін қолданады.
кейбір оқушылар алған білімдерін қорытындылай отырып, күнделікті өмірмен байланыстыра алады.
Қабілеті жоғары оқушылар сыныптастарына топтық жұмыс нәтижесінде жан-жақты көмек көрсетеді.
|
Бағалау өтілген альдегидтер тақырыбы жайындағы білімдерін тексергендегі - жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс– топтық жұмыс, карбон қышқылының қасиеттері жайында көрсетілім жасаған соң, топтық жұмыс жасағанда, реакция теңдеуін құру, бейорганикалық және карбон қышқылдарының қасиеттерін салыстыруға байланысты берілген топтық және жұптық жұмыстарды орындау барысында жүргізіледі
|
Қауіпсіздік техникасын міндетті түрде сақтау
Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлерін кезектестіру
|
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылды ма?
|
|
|
Барлық оқушы ОМ қол жеткізді ме?
|
|
|
Егер, жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
|
|
|
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
|
|
|
Сабақта уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
|
|
|
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, болса, неліктен?
|
|
|
Жалпы бағалау
|
|
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|
|
1 қосымша
1 деңгейлі тапсырма: «Сөлемді анықта»
1.Альдегидтер ..........................................................................................................................туындылары. 2.Олардың жалпы формуласы:...................................
3.Альдегидтер халықаралық атаулар жүйесі бойынша........................................ қосып атайды
4.Альдегидтер .........................алынады.
5. Құмырсқа және сірке альдегидінің формуласы: ......................
6.Формалин ............... және ................ кеңінен қолданылады;
2 деңгейлі тапсырма: «Реакция теңдеуін жаза біл»
Реакция теңдеулерін соңына жеткізу және сипаттау
Сірке альдегиді + күміс оксиді
3 деңгейлі тапсырма:»Есептеп көр»
Есеп: «Күміс айна» реакциясы нәтижесінде 10,8 грамм таза күміс бөліну үшін қанша грамм құмырсқа альдегиді реакцияға кірісуі тиіс?
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескрипторлар
|
Балл
|
-альдегидтердің анықтамасын, құрылысын, қолданылуын біледі, формуласын жаза алады;
|
1
|
А)альдегидтердің анықтамасы және жалпы формуласын жазу;
Б)Альдегидтердің алынуы және аталуын жазу;
В)қолданылуын сипаттай алады.
|
1
1
1
|
-химиялық реакциялардың молекуляр теңдеулерін жазады,қолданылуын сипаттайды;
|
2
|
А) реакция теңдеуін соңына жеткізу
Б) реакцияны сипаттай алу
|
1
1
|
-альдегидтер жайындағы білімдерін қолдана отырып есеп шығарады;
|
3
|
А)есеп шартын жаза алады;
Б)реакция теңдеуін жазып теңестіреді;
В)формуланы қолданып есеп шығарады
|
1
1
1
|
жалпы
|
|
|
8
|
2 қосымша. Мәтінмен жұмыс – топпен жұмыс
1 топ. Карбон қышқылдарының жалпы сипаттамасы
А) анықтама:Молекуласында бірнемесе бірнеше карбоксил( СООН) тобы бар көмірсутек туындыларын карбон қышқылы деп атаймыз. карбоновыми кислотами. Карбон қышқылдарының жалпы формуласы R(СООН). Халықаралык атау бойынша сәйкес көмірсутек атауына қышқылы сөзін жалғаймыз , карбоксил тобы жақын тұрған жердегі ең ұзын көмірсутек тізбегінен бастап нөмірлейміз, карбон қышқылы тривиальды атау алғашқы пайда болуымен байланысты аталады.Мысалы: құмырсқа қышқылы құмырсқада болады.
НСООН- метан қышқылы – құмырсқа қышқылы
СН3СООН – этан қышқылы – сірке қышқылы
Карбон қышқылдарының бейорганикалық қышқылдардан айырмашылығы олардың барлығының құрамында көміртегі атомы болады.
Олар табиғатта сүт өнімдерінде, өсімдіктер және кейбір жануарлар организмінде кездеседі.
2 топ. Құмырсқа қышқылы
Құмырсқа қышқылы Н – СООН, өткір иісті, суда жақсы еритін, түссіз сұйық зат. Құмырсқалардың бездерінен бөлінетін күйдіргіш зат, сонымен қатар ол шырша жапырақтарында, қалақайда болады. Қалақайдың денеге ашыту құмырсқа қышқылының әсеріне байланысты. Құмырсқа қышқылының спирттегі ерітіндлергі ревматизм ауруларын емдеу үшін медицина пайдаланылады. Күшті тотықтырғыш қасиетіне байланысты өнеркәсіпте хош иісті заттар мен еріткіштер ретінде пайдаланылатын күрделі эфирлер алу үшін, тері өңдеуде, тоқыма өнеркәсібінде қолданылады.
3 топ.Сірке қышқылы
Сірке қышқылы СН3 – СООН, өткір иісті, суда жақсы еритін, түссіз сұйық зат. Сірке қышқылы өсімдіктерден, жануарлардан бөлініп шығатын әртүрлі заттардың (зәрдің, тердің, өттің) құрамында кездеседі. Кейбір органикалық (ірімшік, сүт пен май) заттар тотыққанда, спиртті заттар ашығанда түзіледі. Сусыз сірке қышқылын «мұзды сірке қышқылы» деп атайды, себебі 16С та қатып, мұзға ұқсас кристалл түзеді. Сірке қышқылының 70-80%-тік ерітіндісі асханалық сірке суы деп аталады. Ол әртүрлі тағамдық заттарды тұздап, консервілеу үшін қолданады.
Сірке қышқылы бояулар алу үшін қолданылады, , медициналық препараттар,күрделі эфирлер, ацетатты талшық алу өндірісінде қоладнылады.Үйде көкөністерді консервілеуде, дәмдеуіштер ретінде қолданады.
3 топ сірке қышқылының қасиеттері
3 қосымша. Топпен жұмыс
№9 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Сірке қышқылының индикаторға әсері және металдармен содамен әрекеттесуі.
Мақсаты: Сірке қышқылының қасиеттерінмен танысып, олардың бейорганикалық қышқылдадың қасиеттеріне ұқсас екеніне көз жеткізу.
Құралдар мен реактивтер: Сынауықтар мен тұрғы, сірке қышқылының ерітіндісі, әмбебап индикатор немесе көк лакмус ерітіндісі (қағазы), мырыш (немесе магнийдің) түйірлері (ұнтақтары), натрий (кальций) карбонаты.
Жұмыстың барысы
Химия кабинетінде қауіпсіздік техникасы ережесін сақтауды ескерту.
Тәжірибенің орындалуы:
1.Кестені толтыру
№
|
Жұмыстың орындалуы
|
Байқалған құбылыс
|
Реакция теңдеуі
|
қорытынды
|
1
|
Физикалық қасиеті: Үш сынауық алып, әрқайсысына сірке қышқылының сұйылтылған ерітіндісінен 1-2 мл-ден құйыңдар. Сірке қышқылының ерітіндісінің түсіне көңіл аударыңдар, абайлап иісін байқау
|
|
|
|
2
|
Индикаторға әсері: Сынауықтағы ерітіндігіе берілген индикатор ерітіндісінен тамызу (немесе индикатор қағазымен тексеру). Не байқалды?
|
|
|
|
3
|
Сіке қышқылының химиялық қасиеті: Екінші сынауықтағы сірке қышқылының ерітіндісіне мырыш ұнтағы не түйірін (немесе магнийдің) салу. Реакция баяу жүрген жағдайда аздап қыздырып жіберуге болады.
|
|
|
|
4
|
Сіке қышқылының химиялық қасиеті: Үшінші сынауықтағы сірке қышқылының ерітіндісіне аздаған натрий карбонатының ұнтағы (немесе бордың кішкене түйіршігін) салып, газ бөлінуін бақылау.
|
|
|
|
Тапсырмалар:
1.Сірке қышқылының қандай қасиеттері бейорганикалық қышқылдарға ұқсас?
2.Сірке қышқылы күші жағынан қандай (әлсіз, күшті) қышқылдарға жатады?
3.Барлық байқалған құбылыстарды түсіндіріп, жұмыстарыңды қорытындылаңдар.
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескрипторлар
|
Балл
|
- теорияны практикамен ұштастырады;
|
1
|
А) техника қауіпсіздігін сақтайды.
Б) құрал жабдықтарды құрастырады.
В) құбылысты сипаттайды.
|
1
1
1
|
2
|
А) реакцияның моекуляр теңдеуін дұрыс жазады.
Б) толық иондық және қысқа иондық теңдеуін жазады.
|
1
1
|
3
|
Кестені дұрыс толтырады және қортындылайды.
|
1
|
жалпы
|
|
|
6
|
4 қосымша
1. Берілген карбон қышқылы молекуласының моделін құрастыру
2.Есеп: 234 бет
№6 есеп. Құрамында 4,35% сутек, 26,09% көміртек және 69,56% оттек болатын карбон қышқылының молекулалық формуласын есептеп шығарыңдар.
№7 есеп. Массасы 12 г магний сірке қышқылымен әрекеттескенде неше грамм магний ацетаты түзілетінін табыңдар.
3.Сематикалық картаны толтыр
Карбон қышқылдарының қандай химиялық қасиеттері бейорганикалық қышқылдарға ұқсас екенін айтып, тұз қышқылы мен сірке қышқылдарының қасиеттерін салыстырып, сәйкес химиялық реакция теңдеулерін жазып кестені толтырыңдар.
№
|
Қышқылдың қасиеттері
|
Химиялық қасиеттері
|
Бейорганикалық
|
Органикалық
|
1
|
Сулы ерітіндіде диссоциациялануы
|
|
|
2
|
Белсенді металмен әрекеттесуі
|
|
|
3
|
Металл оксидтерімен әрекеттесуі
|
|
|
4
|
Металл гидроксидтерімен әрекеттесуі
|
|
|
5
|
Өздерінен әлсіз және ұшқыш қышқылдар тұздарымен әрекеттесуі
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
№
|
Дескрипторлар
|
Балл
|
Карбон қышқылының құрылысын біледі
|
1
|
А)карбон қышқылы молекуласының моделін дұрыс құрастырады
|
1
|
Карбон қышқылы жайындағы білімдерін қолдана отырып есеп шығарады;
|
2
|
А)есеп шартын жаза алады;
Б)реакция теңдеуін жазып теңестіреді;
В)формуланы қолданып есеп шығарады
|
1
1
1
|
Сірке қышқылы және тұз қышқылының қасеттерін салыстыру
|
3
|
А)Сірке қышқылынан тұз қышқылын ажырата алады;
Б)Реакция теңдеулерін дұрыс жазады
В)Қасиеттерін салыстырады;
Г)Жинақтап, қорытындылайды.
|
1
1
1
1
|
жалпы
|
|
|
8
|
|