Орындаған: Назарханқызы Шапағат Мамандық: 6В01513 Биология Қабылдаған: Дина Қайсарбековна Алматы 2022 Биология кіріспе пәнінен емтихан сұрақтары


Популяция — бір-бірінен алшақ орналасып, өзара еркін шағылыса алатын бір түрге жататын жеке даралар тобы. Түр



жүктеу 125,92 Kb.
бет9/14
Дата23.12.2022
өлшемі125,92 Kb.
#40764
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
бк 5 Назархан Шапағат

Популяция — бір-бірінен алшақ орналасып, өзара еркін шағылыса алатын бір түрге жататын жеке даралар тобы.
Түр — табиғатта белгілі бір аймаққа бейімделген, еркін шағылысып ұрпақ бере алатын, тұкым құалағыш қасиетке ие болып келетін жеке организмдердің (даралардың) жиынтығы.
Популяция карапайым эволюциялык құрылым ретінде. Популяцияның ішінде генофондты өзгеріске ұшырататын процестер жүреді. Олар қарапайым эволюциялык оқиға ретінде жүреді. Бұндай оқиғалар бірінші кезекте, жиілігі сыртқы орта факторларына тікелей байланысты болып келетін, мутациянын көрініс беруіне байланысты болып келеді.
Мутация қарапайым эволюцнялык материал ретінде. Гендер келешекте жалпы тұрақты бола тұрып, кезек сайын мутация жолымен өзгереді. Әрбір жекелеген ген өте сирек мутацияға ұшырайды, бірақ кез келген ағзаның генотипінде гендердің саны көп болады. Бұдан келе әрбір ұрпақта гендердін көбі мутацияға ұшырайтындығы түсінікті. Сонымен дрозофилланың ұрпағында шамамен 100 гаметаға 1 мутация байқалады.Ағзалардың эволюциясы генотиптердің бірінің екіншісіне ауысып отыруына байланысты. Бұл процесс мутациялану мен сұрыптаудың тығыз әрекеттенуінің нәтижесінде жүреді. Мутациялар гендерді өзгерте отырып, рекомбинация мен сұрыптауға шикі материал береді.
43. Ағзалардың көбею жолдары (жыныссыз, жынысты).
Көбею тірі ағзалардың өзінен кейін өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру қабілеті.
Көбею тірі ағзаларға тән қасиеттердің біреуі және осы процестің
арқасында жер бетінде тіршілік үздіксіз жалғасып отырады.
Табиғатта көбеюдің екі түрі кездеседі -жыныссыз және жыныстық.
Жыныссыз көбею.
Организмнің көбеюі дегеніміз - жеке санының артуы, өзінен кейін
ұрпақ қалдырып, түрдің сақталуын әрі табиғатта таралуын қамтамасыз
ету қасиеті болып саналады. Жыныс жасушаларының қатысуынсыз
жүреді, ұрпақтың ата тегімен генетикалақ ақпарат, морфологиялық,
анатомиялық және физиологиялық жағынан бірдей болуымен
сипатталады, оның негізінде митоз процесі жатыр.
Жыныссыз көбеюдің бірнеше түрі бар:
І.Қарапайым бөліну. Митоз арқылы бөлінудің нәтижесінде ата тегімен
бірдей ұрпақ пайда болады. Бұл қарапайымдыларға тән
жыныссыз бөлінудің ең қарапайым түрі.

Жыныстық көбею.


Жыныстық көбею кезінде ұрпақтың пайда болуына екі ата-аналық
даралар қатысады. Олар арнайы жыныстық жасушаларгаметалар
түзеді. Осы жасушалардың қосылуы нәтижесінде жаңа
организмнің бастамасы - зигота пайда болады. Зиготада ата-анасының
екеуінің де белгілері болады. Яғни жыныстық көбеюдің маңызы ұрпақтан ұрпаққа генетикалық ақпараттың әрдайым өзгере беріліп
отыруы және даралардың бір-біріне ұқсамауы болып табылады.

44. Жершарында өсімдіктердің алуан түрлілігіне сипаттама.


Өте ерте заманда-миллиондаған жылдар бұрын жер шары бетінің көп бөлігін су алып жатқан. Бұл алғашқы теңіздер мен мұхиттар еді.Мұнан миллиардтай жыл бұрын осы теңіздер мен мұхиттарда алғаш тірі ағзалар пайда бола бастады.Олар ұсақ сілемейлі түйіршікке ұқсас болды. Ертедегі ағзалардың қазіргі замандағы жасушалы өсімдіктерден айырмашылығы олардың құрылыстарының өте қарапайымдығы. Осы алғашқы ағзалардан бактериялар мен балдырлар пайда бола болды. Күні бүгінге дейін бактериялардың түрі өте көп. Бұлар өздерінің жаратылысы жағынан өз алдына ерекше, бірақ қайткенмен де өсімдіктер әлемінің қатарына жатқызылатын ағзалар тобы болып саналады. Бактериялар табиғатта да, шаруашылықта да, үлкен рөл атқарады.
Ерте замандағы өсімдіктердің пайда болған орны-су. Балдырлардың күрделене түсуінен жер қыртысы мен атмосфера өзгереді. Өйткені олар күн көзінен жарық энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттардан, көмірқышқыл газынан және судан алғашқы органикалық қосылыстар түзді.Осындай жағдайда кейбір жасушаларда жасыл пигмент хлорофилл пайда болып, олар су мен көмірқышқыл газын қорекке айналдыру үшін күн сәулесінің энергиясын пайдалануға бейімделеді. Сөйтіп фотосинтез (Фотос-жарық)әрекеті өмірге келді Фотосинтездің нәтижесінде атмосфераға оттегі бөлінді. Ал, қазіргі өсімдіктердің пайда болуына дейін жер атмосферасында ешқандай да оттегінің болмағандығы дәлелденді. Атмосферада оттегінің көбейе түсуі өсімдіктердің өніп-өсуіне қолайлы жағдайлар жасады. Жер қыртысының қозғалуының әсерінен теңіздердің орнына құрлық пайда болды. Жердің құрғай бастауынан кейбір балдырлар бірте-бірте жер бетінде тіршілік етуге бейімделе бастады. Өсімдіктер біртіндеп құрлыққа шығып, құрылысы күрделене түсті.
Жоғары сатыдағы өсімдіктер

V.Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялар тармағы
16.Риниофиттер
17.Псилофиттер
18.Мүктәрізділер
VI.Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялар тармағы
19.Плаунтәрізділер
20.Қырықбуындар
21.Папоротниктер
22.Жалаңаш тұқымдылар
VII.Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтар тармағы
23.Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер
3.Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом деп атайды. Таллом бір клеткалы, калониялы, клеткаланбаған көп клеткалы болады. Олар ұлпаларға және органдарға (мүшелерге) бөлінбейді. Жыныстық жолмен көбею органдары (мүшелері) – оогонийлері және антиридийлері бірклеткалы болады. Түрлер саны көптігінен бірінші орынды иеленіп кең таралған.
46.Ағзалардың ортамен өзара қатынасы.
Ағзаның қоршаған ортасы дегеніміз- оның тіршілігіндегі абиотикалық ,биотикалық жағдайларының жиынтығы.
Тіршілік ортасы дегеніміз – кез-келген организмнің өсіп-өніп, көбеюіне,ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Тіршілік ету ортасы үнемі өзгеру үстінде, соған сай ағза қоршаған ортасына бейімделеді.
Ағзалар негізгі үш тіршілік ету ортасын игерген: су, құрлық-ауа, топырақ, биологтар бұдан басқа 4-ші мекен ету ортасын ашқан - тірі ағзаның өзі.
46. Адам эволюциясының негізгі кезеңдері.
Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі — мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз — адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.
Адамның тікелей тарихи дамуы барысында негізгі үш кезеңді ажыратады.
Оларға ежелгі адамдар (архантроптар),
ертедегі адамдар (палеоантроптар) және
қазіргі адамдар (неоантроптар) жатады.
Адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі - мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз - адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.
Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз - адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түсуіне әсер етті.
Ежелгі адамдар (архантроптар). 1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты. Бұл қаңқа қалдықтарының бұдан бұрынғы 1,9 млн – 650 мың жыл аралығында өмір сүрген адамның сүйектері екендігі анықталды. Оны Эжен Дюбуа питекантроп деп атады. Ол гректің "Pithekos" – маймыл және "anthropos" – адам сөзінен – алынып, маймыладам деген ұғымды білдіреді. Оның бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген. Ал шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы. Бұл адамтектес маймылдарға ғана тән белгілер. Оның миының салмағы 900 г, яғни адамтектес маймылдардың миынан біршама үлкен.
47. Экожүйе түрлері, құрылымының ерекшеліктері.
Экологиялық жүйені немесе экожүйені ғылым тірі организмдердің олардың жансыз тіршілік ету ортасымен ауқымды өзара әрекеті ретінде қарастырады. Олар бір-біріне әсер етеді және олардың ынтымақтастығы өмірді сақтауға көмектеседі. «Экожүйе» ұғымы жалпыланған, оның физикалық өлшемі жоқ, өйткені ол мұхит пен шөлді, сонымен бірге кішкене шалшық пен гүлді қамтиды. Экожүйелер өте алуан түрлі және климат, геологиялық жағдайлар және адамның әрекеті сияқты көптеген факторларға байланысты.
«Экожүйе» терминін толық түсіну үшін оны орман мысалында қарастырыңыз. Орман дегеніміз - бұл көптеген ағаштар немесе бұталар ғана емес, тірі және жансыз (жер, күн сәулесі, ауа) табиғаттың өзара байланысты элементтерінің күрделі жиынтығы. Тірі организмдерге мыналар жатады:

  • өсімдіктер;

  • жануарлар;

  • жәндіктер;

  • мүктер;

  • қыналар;

  • бактериялар;

  • саңырауқұлақтар.

Әрбір организм өзінің нақты белгіленген рөлін орындайды, ал тірі және тірі емес элементтердің жалпы жұмысы экожүйенің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін тепе-теңдік туғызады. Экожүйеге бөгде фактор немесе жаңа тіршілік иесі енген сайын, жағымсыз салдар пайда болуы мүмкін, бүліну мен зиян келтіруі мүмкін. Экожүйе адамның әрекеті немесе табиғи апаттар нәтижесінде жойылуы мүмкін.

  1. Макроэкожүйе. Шағын жүйелерден тұратын ауқымды жүйе. Мысал ретінде теңіз жануарлары мен өсімдіктерінің мыңдаған түрлері мекендейтін шөлді, субтропикалық орманды немесе мұхитты алуға болады.

  2. Мезоэкожүйе. Шағын экожүйе (тоған, орман немесе жеке глазурь).

  3. Микроэкожүйе. Әр түрлі экожүйелердің табиғатын миниатюрада модельдейтін шағын экожүйе (аквариум, жануарлардың өлексесі, балық аулау сызығы, діңгек, микроорганизмдер мекендейтін көлшік).

Экожүйелердің бірегейлігі олардың нақты белгіленген шекараларының болмауында. Көбінесе олар бірін-бірі толықтырады немесе шөлдермен, мұхиттармен және теңіздермен бөлінеді.
48. Эволюциялық үдерістегі өзгергіштіктің (мутациялық, комбинтивтік) рөлі.
Өзгергіштік – организм мен сыртқы ортаның қарым-қатынасын көрсететін күрделі процесс; тірі организмдердің өсіп-дамуы барысында өзін қоршаған орта әсеріне байланысты жаңа белгі-қасиеттер түзуі немесе өзінде бұрыннан бар белгі-қасиеттерін жоғалтуы. Өзгергіштік организмнің немесе клетканың жеке дамуы барысында, сондай-ақ, ұрпақ ішіндегі организмнің бір тобының жынысты немесе жыныссыз көбеюі кезінде байқалады. Пайда болу механизміне, белгілердің өзгеру қасиетіне байланысты өзгергіштік бірнеше түрге бөлінеді. Тұқым қуалайтын өзгергіштік – организмде жаңа генотиптердің пайда болуы нәтижесінде фенотипте өзгерістің байқалуы. Өзгергіштіктің бұл түрін мутац. өзгергіштік деп те атайды (қ. Мутация.). Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің өзіне тән мынадай қасиеттері бар:мутациялар секірмелі, кенеттен пайда болады; тұқым қуалайды; пайдалы және зиянды болып бөлінеді; бір рет пайда болған мутация қайта өзгеріске ұшырай алады; мутация сапалы өзгергіштікке жатады. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік сыртқы орта факторларының әсерінен пайда болады. Бұл жағдайда белгі тұқым қуаламайды, яғни ол сыртқы орта жағдайларының әр түрлі деңгейдегі әсерлерінен қалыптасады. Мұны модификац. өзгергіштік деп атайды (қ. Модификация). Онтогенетик. өзгергіштік организмнің не клетканың жеке даму барысында заңды түрде болатын өзгергіштігін іске асырады. Бұл кезде генотип өзгеріссіз қалады. Өзгергіштіктің бұл түрі – тірі организмнің онтогенезінің әр түрлі сатысындағы не клетканың тіршілік циклінің бір геном мөлшеріндегі қызметімен іске асырылады. Өзгергіштік – популяция мен түрдің тіршілік ету ортасының өзгеру жағдайына бейімделуін қамтамасыз ететін, эволюцияның маңызды факторларының бірі. Мутациялық өзгергіштік – дегеніміз организмнің генотипінің өзгеруіне байланысты болатын, яғни тұқым қуалайтын өзгергіштік. Дарвин тұқым қуалайтын өзгергіштікті табиғи және қолдан сұрыптаудың алғы шарты деп есептеді. Бірақ Дарвиннің тұсында тұқым қуалаушылық туралы тәжірибе жүзінде алынған деректер және оның ұрпаққа берілу заңдылықтары белгісіз елі. Сондықтан әр түрлі формадағы өзгергіштіктерді тұқым қуалау тұрғысынан айыру мүмкін болмады. Өзгергіштіктің түрлері туралы мәселе XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бас кезінде ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді. «Мутация» деген терминді ең алғаш 1901 жылы Голландия ғалымы Г де Фриз өзінің «Мутациялық теория » деп аталатын еңбегінде қолданды. Ол есек шөптің белгілерінің қалыпты жағдайдан ауытқитындығын және бұл ауытқуардың тұқым қуалайтындығын байқады. Г де Фриздің теориясының кейбір мәселелері осы күнге дейін өз мәнін жойған жоқ..Олар: 1. Мутацияның кенеттен пайда болатындығы 2. Жаңадан пайда болған формалардың тұрақты келетіндігі 3. Мутациялардың сапалық өзгеріс болып саналатындығы 4. Мутацияның өзі әр түрлі бағытта – пайдалы да, зиянды да болатындығы 5. бір рет болған мутацияның қайтадан қайталана алатындығы. Бірақта Г де Фриздің қателік жақтары да жоқ емес. Ол табиғи сұрыптау мен мутацияны бір-біріне қарсы қойды.


49. Табиғи сұрыпталу нәтижесіндегі бейімделушілік.

Қалыпты сұрыпталу



    1. Сұрыпталу жолымен мутация залалсыздандырылады, олардың қарама-қарсы бағытталған әрекеті бейтараптанады.

    2. Генотип және тұрақты фенотип барысында жеке даму процесі жетілдіріледі.

    3. Залалсыздандырылған мутация резерві пайда болады. Осы сұрыпталудың нәтижесінде орташа нормадағы реакциясы бар ағзалар аз өзгерісті жағдай тіршілігінде доминантты болады, жәндіктермен тозаңданатын өсімдіктер гүлінің формуласы мен пішіні сақталады( гүлдер жәндік тоңандандырушының мөлшері мен пішініне, оның алдыңғы ауыз сору құрылысына сәйкес келу керек)

Тіршілік үшін күрес



  1. Қозғаушы сұрыпталу залалсызданған рецессивті мутациядан тұратын моболизденген резервін ашады. Залалсызданған мутация және оның сәйкес келуін сұрыпталуды іске асырады. Жаңа фенотиппен генотип пайда болады. Осы сұрыпталу нәтижесінде фенотипі мен генотипі бойынша айырмашылықтары бар, жаңа орта формадағы, өзгерген жағдайға неғұрлым сәйкес келетін популяциядағы дарақтар пайда болады. Жәндіктер улы химикаттарға тұрақты келеді.

  2. Дизруптивті сұрыпталу. Бұл жерде қозғаушы сұрыпталу кезінде қандай процесс болды, сондай болады. Бұл сұрыпталу ағзаның орта норма реакциясының ауытқуынан екінші бір ағзаға қысым көрсетіледі.

  3. Жыныстық сұрыпталу - Түрдің көбеюі, ұрпақтарының ары қарай өсіп-өніп тіршілігін қамтамасыз ететін, тіршілік үшін күресте реңдерінің әдемілігімен , әрекеттерінің белсенділігімен , тіршілікке икемділігімен күштілерді жеңеді. Жыныстық сұрыпталудың ағзаға зиянды жері де бар. Мысалы, жұмақ құсы мен қырғауыл аталықтарының әдемі ұзын қауырсындары ұшуына кедергі жасайды, әрі оларды жаулары тез байқайды. Бұғы аталығының үлкен мүйізі қатты жүгіруіне кедергі келтіреді. Жыныстық сұрыпталудың нәтижесінде жетілген мүйіздері, ит тістері, иісті бездері, жарық шығаратын мүшелері жыныстық айырмашылықтарын көрсетеді.

50. Әлемдегі жануарлар дүниесіне сипаттама, олардың систематикасы және жүйелік топтары.
Жануарлар — тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір жасушалы организмдер және көп жасушалылар болып екіге бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар , балдырларсаңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды . Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1,5 млрд. жыл бұрын жасуша формасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиолярияларфораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған.
Жануарлар кез-келген жерден табылады. Қазір ғаламшарымызда
1,5 миллионнан астам жануардың түрі бар. Жануарлардың түрлері өсімдіктерге қарағанда әлдеқайда көп. Олар сан алуандығымен ерекшеленді
Жүйелеу дегеніміз – ғаламшарда жойылып біткен және қазіргі кезде кездесетін барлық жануарды белгілі тәртіпке сәйкестендіріп, ретке келтіру.
Жануарлар дүниесі
Жәндіктер Жануарлар
(омыртқасыздар) (омыртқалылар)
1.Қарапайым жәндіктер 1. Балықтар
2. Ішекқуыстылар 2. Қосмекенділер
3. Құрттар 3. Жорғалаушылар
4. Ұлулар 4. Құстар
5.Тікентерілілер 5. Сүтқоректілер
6. Буынаяқтылар

51. Табиғатты қорғау және тиімді пайдалану жолдары.



жүктеу 125,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау