Экспедицияға қатысу. 1831 жылы Дарвинге «Бигль» әскери кемесінде табиғат зерттеушісі ретінде жер шарын айналған бес жылдық сапар шегу ұсынылды. Жас зерттеуші жер шарының шалғай аймақтарын зерттеу мүмкіндігін алды.
Оңтүстік Америкада Дарвин алып жалқауаңдар мен сауыттылардың қазба қалдықтарын тапты. Бұл жануарлардың қазіргі кезде тіршілік ететін түрлері өліп біткендеріне өте ұқсас болды, бұл Дарвинде осы организмдердің арасында туыстық байланыстың болуы мүмкін деген ой туғызды.
39. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жүйелік топтары маңызы.
Жүйелеудің негізгі бірлігі ретінде түр ұғымын ғылымға енгізген швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) болды.
Ғалымдар жаңа түрлерді ашып сипаттады және оларға атау берді. Алғашқыда атаулар сол түрді ашқан зоологтің ана тілінде берілген болатын. К.Линней түрлерді атауда жалпыхалықаралық латын тілін пайдалануды ұсынды. Әртүрлі мемлекеттердің зоолог ғалымдары қандай жануар жөнінде айтылып жатқанын түсіну үшін К.Линней әрбір түрге екі сөзден тұратын латын атауын берді. Атаудың бірінші сөзі — зат есім, ол жануардың белгілі бір туысқа жататынын (мысалы, «шағала») білдіреді, атаудың екінші сөзі — сын есім, түр анықтамасын («көл») береді. Нәтижесінде белгілі құстың — көл шаваласының түр атауы анықталады. Бұл атау тек соған ғана тиесілі, мұндай атаумен басқа жануар аталмайды.
Жақын түрлерді бір туысқа біріктіреді. Мысалы, қарға, құзғын, шауқарға және ұзақ қарғалар туысына біріктірілген. Жақын туыстарды тұқымдасқа біріктіреді — қарға туысы, сауысқан туысы, жорғаторғай туысы, самырсын туысы қарғалар тұқымдасына біріктірілген. Өз кезегінде жақын тұқымдастарды отрядқа біріктіреді. Көкшымшық тұқымдасы, қарғалар тұқымдасы, қарлығаштар тұқымдасы торғайтәрізділер отрядына жатады. Жақын отрядтар класты құрайды — торғайтәрізділер отряды, жапалақтәрізділер отряды, қазтәрізділер отряды құстар класына жатады. Жақын кластар типке біріктірілген. Құстар класы, қосмекенділер класы, сүтқоректілер класы желілілер (хордалылар) типіне жатады.
Қазіргі кезде жануарлардың 25 типін ажыратады. Бұлардың барлығы жануарлар патшалығына біріктірілген. Жануарлардың заманауи жіктелуі олардың арасындағы туыстық, эволюциялық қатынасты көрсетеді (32-сурет). Өсімдіктерді жүйелеу: түрлер туысқа, туыстар тұқымдасқа, тұқымдастар қатарға, қатарлар класқа, кластар бөлімге, бөлімдер патшалыққа бірігеді.
40. Түр, түрдің критерийлері
Түрлер бір-бірінен өздеріне ғана тән белгілер жиынтығы арқылы ажыратылады, ондай белгілер жиынтығын түрдің критерийлері дейді. Түр критерийлері
морфологиялық,
генетикалық,
физиологиялық,
биохимиялық,
географиялық,
экологиялық және
этологиялық деп бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |