Лекция Тақырып: Абай және жаңа дәуірдегі қазақ әдеби тілі Абай Құнанбаев поэзиясының тілі қазақ әдеби тілінің дамуындағы жаңа белес Абайдың сөз қолдану аясының әр тараптығы



жүктеу 26,94 Kb.
бет1/3
Дата20.05.2020
өлшемі26,94 Kb.
#30573
түріЛекция
  1   2   3
ЛС, ПС


№11 Лекция

Тақырып: Абай және жаңа дәуірдегі қазақ әдеби тілі

1. Абай Құнанбаев поэзиясының тілі – қазақ әдеби тілінің дамуындағы жаңа белес

2. Абайдың сөз қолдану аясының әр тараптығы

3. Абай «Қара сөздері» оның жанрлық, стильдік сипаты. Абай шығармаларының тілі

1. Абай Құнанбаев шығармаларының тілі, қазақ әдеби тілін дамыта түсудегі оның ролі бірсыдырғы зерттеліп, ол туралы құнды-құнды пікірлер айтылуда. Абай қазақтың ұлттық әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі дегенде, ең алдымен, Абай қолданған әдеби тіл, бір жағына, өзіне дейінгі поэзиялық түрде дамып келген әдеби тілдің жалғасы болғанын, екіншіден, ақын ол тілдің сапалық қасиеттерін ұштап, дамыта түсіп, қоғамдық қызметін арттырғанын еске аламыз, сонымен бірге үшіншіден, ол тіл бүгінгі кемеліне келген, даму шыңына жеткен ұлттық жазба әдеби тіліміздің басы болып табылатынын негізге аламыз. Сондықтан да Абай шығармаларының шоқтығы бүгінгі поэзия деңгейінен қарағанда да өз қадірін жоймай, сапалық қасиеті айқындала, даралана түсіп, соның арқасында оның поэзиясы көркем сөз шеберлеріне өрелі өнеге, ұлағатты үлгі болып үнемі көріне бермек[4.36].

Абай, ең алдымен, көркем әдебиеттің, өлең сөздің қоғамдық-әлеуметтік мәні мен қызметінің жан-жақты терең сырын, қолданылу жүйесі мен шеңберін, жеке адам өмірінде алатын орнын дұрыс түсініп, оның қоғамдық даму көшіндегі көріністерін қайшылық, жарасымдықтарымен көрсетіп, осының бәрін өз творчествосына рухани азық ете білді. Сөз кестесіндегі әр тілдік элементтің жалпыға таныс ортақ мәндерімен бірге ішкі мүмкіндіктерін, мағыналық, стильдік жүк көтере алуын терең сезінді, сол арқылы әдеби-көркемдеу тәсілдерінің жаңа үлгілері, түрлері пайда болып, жаңа сөздердің, тіркестердің әдеби айналымға түсу қабілеті мен аясы кеңіді, осы жаңалықтың бағыт жобасын да жасап берді. Сондықтан да ол «Өлеңді ермек үшін, жоқ-барды, ертегіні термек үшін жазбайтынын» ашық та айқын баса көрсетіп, көркем сөз, әдеби тіл арқылы «тіл ұстартып өнер шашуды, наданның көзін емес, көңілін ашуды» мақсат тұтатынын айтады. халқымыздың «тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», «өнер алды-қызыл тіл» деген нақылдарын, орынды айтылған сөзін ұштай түседі. Сондықтан да Абай «тіл өнерін дертпен тең» деп түсініп, сөз кестесін «ұлы сусын төгілсің!» деп құрады. Өйткені:

Жұртым-ай, шалқақтамай, сөзге түсін,

Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін.

Ыржаңдамай тыңдасаң, нең кетеді,

Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін

Сондықтан да:

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

Абай шығармаларының тілін арнайы зерттеп, оның сөз кестесіндегі тігілген өзіндік ерекшеліктерін, ұлы ақынның жаңа сападағы қазақ әдеби тілінің ұлттық негізін қалап, оны ілгері дамытудағы ролін анықтап, Абай тіліне тән көркемдік-әдеби тәсілдерге, өлеңдерінің мазмұны мен мәніне, әлеуметтік, қоғамдық, фтлософиялық ой түйініне талдау жасапа жүрген ғалым Рабиға Сыздықованың көрсетуінше, Абай аса игілікті, әдеби-мәдени, әлеуметтік игілікті істі атқарып, 19 ғасырдың соңындағы қазақтың ұлттық әдеби тілінің негізін қалап, бір жағынан, өз творчествосына «жалпы халықтық сөйлеу тілін әрдайым негіз етіп ұстап отырса, екінші жағынан, оған бір қарағанда қарама-қарсы келетін «жалғастылық принципті» де берік, орынды ұстанды.

Абай поэзияға мән, мазмұндық жағынан ғана емес, түр, құрылыстық жағынан да (ұйқас, буын саны, шумақ, т.б.) өқосқан көп жаңалығы бар екенін белгілі. Қазақ поэзиясын түр жағынан байыту әдеби тілдің жаңа мүмкіндіктерін тауып, оны іске асыру- Абайдың қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесі. Сондай-ақ өсиет үгіт болып табылатын «Ғақлия» деп аталатын қарасөздері арқылы да Абай қазақ тілінде әдебиеттің жаңа жанрын қалап, негізін салды. Қорыта айтқанда, Абайдың көркем сөз творчествосы қазақ әдеби тілін жаңа сапаға көтерді, қазақ әдеби тілі тарихының ұлттық дәуірін бастады.

Образды айқындап оны әр қырынан танытар өрісін кеңейтетін көріктеу құралын әдебиеттану ілімінде эпитет деп атайтынын білеміз. Бұл терминді, Ахмет Байтұрсынов көркейту немесе көркейте айқындау деп атаса Қажым Жұмалиев халықаралық ортақ термин – эпитетті қолданады, Зейнолла Қабдолов А.Байтұрсыновтың терминін жөн көреді.

Ұлы ақындардың қайсысының болсын тілін зерттеушілер ең алдымен поэтик тілдердің негізгі түрі деп те және көп кездестін түрі деп те эпитет пен теңеулерді алады. Сондықтан, ең алдымен Абай өлеңдеріндегі эпитетке тоқталмақпын. Басқа тілдердегі тәрізді, қазақ тіліндегі эпитеттер де негізінен сын есім арқылы жасалынады. Сосынғы бір түрі – көсемше мен өткен шақтық есімше. Сөйлемнің мүшесі жағынан көпшілігі анықтауыш, кейде толықтауыш, пысықтауыш болып келеді.

Мысалы:

«Ызалы жүрек, долы қол,


жүктеу 26,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау