Б
Орал қаласының экономикасы
ЮДЖЕТ КІРІСТЕРІ
2018 жылдың 5 айының есебі бойынша қала контингентінен мемлекеттік бюджетке түскені – 38 363,9 млн. теңге, оның ішінде қалалық бюджетке түскені – 10 216,9 млн.теңге, ол жалпы салық базасының 26% құрайды.
Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет кірістері контингентте 106% құрап отыр, соның ішінде, республикалық салықтар бойынша – 109,3% және реттейтін салықтар бойынша – 105,4%.
2018 жылдың 5 айының есебі бойынша қалалық бюджет түсімдерінің жиынтық жоспары 130,1% орындалып, немесе жоспардағы – 12 152,9 млн.теңге, қала бюджетіне нақты түскені – 15 805,5 млн.теңге, соның ішінде бюджеттің бос қалдықтар сомасы – 2 528,4 млн.теңге.
Меншікті салықтар мен жергілікті алымдарының түсімдері бойынша жоспар (ипотекалық кредит шеңберінде пәтер сатудан түскен түсімдерді есептемегенде) 106,4%-ға орындалды, немесе жоспардағы – 8 231,2 млн.теңге, қала қазынасына нақты түскені – 8 758,6 млн.теңге.
Реттейтін салықтар бойынша жоспар 110,8% орындалды, немесе жоспардағы – 5 935,2 млн.теңге, қалалық бюджетке нақты түскені – 6 576,5 млн.теңге соның ішінде, жеке табыс салығы бойынша жоспардың орындалуы 114,7%, әлеуметтік салық бойынша –106,1 % құрады.
Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша есепті кезеңнің жоспары 103,1% орындалып немесе жоспардағы 1 768,1 млн.теңге, қалалық бюджетке нақты түскені – 1 822,9 млн.теңге.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық бюджеттің кірістер түсімінің жалпы сомасы 15 805,5 млн.теңгені құрады немесе былтырғы жылдың нақты деңгейінен 3 614,0 млн.теңгеге жоғары, ол негізінен бюджет қаражаты бос қалдықтары есебінен құралған.
Сонымен бірге, былтырғы 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда реттейтін салықтар бойынша түсім 339,5 млн.теңге, 6 237,0 млн.теңгеден 6 576,5 млн.теңгеге дейін өсті, ол реттейтін салықтар бойынша норматив аударымдарының өсуімен және еңбек ақы қорының өсуімен байланысты, атап айтқанда жеке табыс салығы бойынша өсу қарқыны – 105,7% немесе түсімдер 200,1 млн.теңгеге өсті, әлеуметтік салықтар бойынша өсу қарқыны 105,1% құрап, немесе 139,4 млн.теңгеге өсті.
Жергілікті салықтар мен алымдар бойынша өсу қарқыны ағымдағы 2018 жылы 2017 жылмен салыстырғанда -98,5% құрады.
2018 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша толық алынбаған салықтың жалпы сомасы (республикалық салықтар есебімен) контингентте – 7,4 млрд. теңге (соның ішінде толық алынбаған салық сомасы – 4,6 млрд.теңге), соның ішінде қалалық бюджет бойынша реттелетін салықтар үшін аударымдарда белгіленген нормативтерде тіркеу: жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық – 69,2%, берешек сомасы – 885,8 млн. теңге (оның толық алынбаған салықтың сомасы – 699,9 млн. теңгені құрады).
Б
Орал қаласының экономикасы
ЮДЖЕТШЫҒЫНДАРЫ
Орал қаласының экономикасы
БЮДЖЕТ ШЫҒЫНДАРЫ
Есепті кезеңге қала бюджетінің шығыны 98,6% орындалды немесе жоспарланған 11 999 625,8 мың теңгеге нақты шығын төмендегі функционалдық шығындар бойынша 11 830 242,3 мың теңге құрады:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 138 609,0 мың теңге жоспарланса, одан 135 811,7 мың теңге немесе 98,0% игерілді;
- қорғаныс саласына 22 783 мың теңге жоспарланып, 15 595,3 мың теңге немесе 68,5% орындалды;
- қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызмет саласына 75 355,0 мың теңге жоспарланып, жоспарланған сомадан 74 002,6 мың теңге орындалды;
- білім саласына есепті кезеңде жоспарланған 5 765 424,0 мың теңге сомадан 5 738 384,3 мың теңге игерілді;
- әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту саласына 693 041,0 мың теңге жоспарланып, одан 97,7% немесе 676 808,7 мың теңге атқарылды;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған 3 418 222 мың теңгеден 3 324 994,2 мың теңге орындалды немесе 97,3%;
- мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке бағытталған
456 371,8 мың теңгеден 445 864,0 мың теңге орындалды немесе 97,7%;
- ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары саласына 39 900 мың теңге жоспарланып, оның 86,0%-ы игеріліп, 34 315,5 мың теңге құрады;
- өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне бағытталған 22 595 мың теңгеден 82% игеріліп, атқарылған сома 18 523,5 мың теңге құрады;
- көлік және коммуникация саласына жоспарланған 628 764 мың теңгеден 627 756,5 мың теңге немесе 99,8% орындалды.
- басқалар функционалдық тобы бойынша 6 054 мың теңгеден атқарылған сома 5 679,5 мың теңге (93,8%) құрады.
- трансферттер функционалдық тобы бойынша жоспарланған 732 507 мың теңгеден атқарылған сома 732 506,6 немесе 100% құрады.
Орал қаласының экономикасы
ДЕМОГРАФИЯ
Қала халқының саны 305 789 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 47% құрайды. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2,2% өскені байқалады.
Соңғы жылдары халықтың өсуінде тұрақты тенденциясы байқалады.
Бұл жағдай халықтың табиғи өсуімен және ішкі миграциясы арқылы қалыптасқан.
Есепті кезеңге 2257 туылған нәресте тіркелген, былтырғы жылмен салыстырғанда- 10% көбейіп отыр.
Өлгендер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 23% көбейіп, 975 адамды құрап отыр.
Ауыл тұрғындары көбінесе тұрғылықты тұратын жерін Орал қаласының облыс орталықтарын таңдайды. Орал қаласының негізгі миграциялық селдердің донорлары жақын аудандар болып саналады: Казталов, Сырым, Ақжайык.
Ең белсенді мен сыртқы миграциялық айырбас бұрынғыдай Ақтөбе, Атырау, Ақмола облыстарымен және Алматы мен Астана қалалары арқылы жүзеге асырылып жатыр.
Сондай-ақ, келгендер мен кетушілер саны 50 пайызға және 39 пайызға сәйкесінше азайды.
Е
Орал қаласының экономикасы
ҢБЕК РЫНОГЫ
адам
Орал қаласының экономикасы
ЕҢБЕК РЫНОГЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде қалалық жұмыспен қамту мәселелерімен уәкілетті органға жұмысқа орналастыру бойынша 2322 адам өтініш жасаған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14% азайған.
Тіркелген жұмыссыздар саны 2020 адамды құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,4 есеге артып отыр.
Есепті мерзімде 1726 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, былтырғы жылға 102% құрап отыр.
Қоғамдық жұмыстарға -624 адам тартылды, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 18% азайып отыр.
Үстіміздегі жылдың есепті кезеңінде 574 жаңа жұмыс орындары құрылды, немесе былтырғы жылға 35% құрап отыр.
Оның ішінде: білім саласында-144, деңсаулық саласында –14, ауыл шаруашылығында-1, өнеркәсіп саласында-29,саудада-1, көлік саласында-4, құрылыста-352, басқаларда-29.
Биылғы жылдың есепті кезеніне күнкөріс деңгейінің шамасы мамыр айына 24522 теңгені құрады, былтырғы жылмен салыстырғанда 17% өскені байқалады.
Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
Достарыңызбен бөлісу: |