Бейіндік оқыту аспектісіндегі мектептік менеджмент



жүктеу 57,65 Kb.
Дата30.01.2018
өлшемі57,65 Kb.
#8105

Бейіндік оқыту аспектісіндегі мектептік менеджмент
Қазақстан Республикасы өз елінің білім беру саласын халықаралық кеңістікке енгізуде. Елбасы жыл сайын Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында ұлт пен мемлекеттiң өркендеуi азаматтарының білімділігіне байланысты екенін атап өтті.

Әлемнiң жаһандануы, әсіресе ақпараттық төңкерiс экономикасы тұрақты дамыған барлық бәсекеге қабілетті елдердің бір-бірімен ақпарат және технологиялармен алмасуына мүмкіндік берді.

Даму жолындағы Қазақстан бүгінгі күні ой-өрісі жоспарланған, шығармашыл мәдени тұлғаны қалыптастыратын, нәтижеге бағытталған, ашық білім беру моделі бағдарламасын іске асыруға кірісті. Елімізде бүкіл білім беру жүйесінің реформалануы және соңғы кезеңде бейіндік мектепке бағытталған жалпы орта білім беру жүйесінің 12 жылдық оқытуға көшуі - осының айғағы.

Қазақстан мектептерінің 12 жылдық мерзімге ауысу мақсатында бүгінгі күні барлық білім беру мекемелері Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын басшылыққа алып, орындауға кірісті. Осыған байланысты мұғалімдер кадрларын бейіндік сыныптарда жұмыс істеуге дайындығын ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік және ғылыми құрылымдарының қазіргі таңда қуатты реформалануы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, мектептің педагогикалық ұжымы да бұл жауапты кезеңде шеттен тыс қалмай, бірге ілесіп келеді.

Бұл баяндаманың мақсаты – 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшуді көздеген мектептік менеджмент мүмкіндіктерін ашып көрсету.

Біз жаһанды әлемде тұрып жатырмыз, жаһанданудың ең негізгі қауіп-қатері, ғалымдардың айтуы бойынша, күннен күнге болып жатқан әлемдегі өзгерістерге біздің бейімделу қабілетіміздің ілесе алмауында. Сондықтан, адам өзгермелі әлемге тез арада бейімделіп, өмір сүре алуы қажет.

Көптеген қиыншылықтарға қарамастан, әлем когнитивті қоғам құру жолында. Бұндай қоғамда білім мен шығармашылық – адамның ең бағалы құндылықтары болып саналады. Европа қоғамда білім беру ұйымдарының қазіргі жастар бойында қалыптасуына міндетті 5 кілтті құзыреттіліктерді анықтап отыр:


  • өмірге қажетті мәселелерді қайшылықсыз жолмен шешу;

  • көпұлтты қоғамда, өзге елдің дәстүрін, тілін, дінін қадірлеу арқылы өмір сүре білу;

  • әр түрлі тілде ауызша және жазбаша формада қарым – қатынас жасай алу қабілеттілігі;

  • ақпараттық технологияларды игере білу және бұқаралық ақпарат құралдарына шығармашылық көзқараспен қарай білу;

  • өмір бойы оқуға қызығушылық, кәсіби білім алуға дайындық.

Қазіргі таңда педагогикалық ғылым мен білім беру саласын алаңдататын келесі басымдықтар: әлемдік стандарттарға сәйкес келетін 12 жылдық жалпы орта білім, Қазақстан Республикасы азаматтарының менталитеті қалыптасқан үш тілдік түлек тұлғасы, құзыреттілік түрдегі білім сапасын бақылауға жүйелі қатынас жасау, яғни өзгерістер жағдайында өмір сүруге бейімделу.

Біздің барлық жоспар, ұмтылыстарымыздың шешіліуінің негізін құрайтын ең маңызды мәселе – ол мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Оның «тұлға жарқырауын» тәжірибе барысында іске асыруға дайындығы мен қабілеттілігі.

Елдігімізді алып, еңсемізді тіктеп, тәуелсіздігімізді баянды етіп келе жатқан жылдар ішінде 1999 жылы іргетасын қалаған мамандандырылған «Жас дарын» мектебі бүгінде білім беру жүйесін күннен-күнге жетілдіріп, жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық екі бағытты ұстанып, еңбек етіп келеді.

Біздің әдістемелік тұжырым ойларымызды кез келген мектеп өз жұмысында іске асыра алады.

Мектептің алған бағытында және бағдарлы пәндерден білім беру стратегиясының мазмұнын байытуда математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, ағылшын тілі, тарих пәндері тереңдетіле оқыту, бейіндік пәндерді кіріктірілген курстар арқылы беру, химия, физика пәндерін ерте оқыту принципі қарастырылды. Көптілдік білім беру бағытында биология, математика, экономика факультатив курстары ағылшын тілінде оқытылады.

Біздің жүйеміздің мынадай ұстанымдары бар:



Біріншіден, кез келген мектеп, сонымен қатар 12 жылдық білім беру ұйымы жекеленген түрде өмір сүрмейді: белгілі мазмұнға толы құрылымды – әлемдік қауымдастық білім беру кеңістік жүйесінің бөлігі болып табылады.

Екіншіден, кез келген мектеп өз миссиясын, философиясын, саясатын анықтайтын әдістемелік позицияларымен мықты. Осы және басқа түйінді ойлардың қалыптасуы мектеп басқарудың ғылыми негізін құрайды. Толық көлемде олар мектептің Тұжырымдамасына, Ережесіне, Даму бағдарламасына еніп отыр.

Үшіншіден, бүкіл мектеп жүйесінің басты фигурасы – мектеп түлегінің тұлғасы. Бұл бүкіл жұмыс жүйесінің мазмұнын анықтайтын мақсат.

Төртіншііден, қызметкерлерді, оқу тәрбие үрдісін, жалпы мектепті басқаруға жүйелі қатынас жасауды нақты нәтижелерге қол жеткізудің қажетті шарты ретінде қарастырамыз.

Бізге, мектеп менеджментіне мұндай шолу мектептің 12 жылдық жалпы орта білімге ауысуымен байланысты қиындықтар тудыратын мәселелерді нақты белгілеу үшін қажет болды. Біздің анықтағанымыз:



1.Бейіндік оқытудың мазмұнын таңдау, яғни тек жаңа бағдарламалар мен кітаптарды ғана меңгермей, сонымен қатар бейіндік білім беруге байланысты бүгінгі жаңа элективті курстар, арнайы курстар, біріктірілген сипатта практикумдар мен факультативтер бағдарламасын құрастыру қажет. Бүгінгі таңда біз «Ақпараттық тұлғаның мәдениеті», «Әлем - ақпарат тәрізді» элективтерді шығару жұмысын іске асырып жатырмыз.

2.Оқу тәрбие үрдісінде ұйымдастыру жүйесінің басымды құндылықтарының өзгеруі, ең алдымен оқытудан оқуға күштің алмасуы, яғни білім алушының өздігінен жұмыс істеуі (бейінді сыныптың оқушысы). Осыған байланысты, мұғалімдер әрбір пән бойынша оқушылардың өздік жұмыс бағдарламасын жасап, оларды бейіндік мектептің пәндерінің жұмыс бағдарламасына қосты.

3.Квалиметрия жүйесінде жаңа қатынастар жасау –әр түрлі деңгейлі, түрлі жолмен, орындалуға бағытталған, құзіретті оқу тапсырмаларын (сөз, графика, білім беру және т.б.) құрастыру. Оқу жетістіктерін бағалау және өзіндік бағалау жүйесінде алдыңғы орында портфолио, оқу жобалары және пәндер бойынша оқу әдістемелік кешендер құрастырылды.

4.Бейіндік мектептердегі оқу үрдісіндегі ғылыми ізденіс жұмыстарының алатын орны нығайып келеді. Мұндай іс-әрекет сабақтан, оқу жобасынан, кезең-кезеңмен өтетін мектептік жобалар сайысының жүйесіндегі мектептік ғылыми жобаға дейін анықталады. «Жас дарын» мектебінде бұл бағытта өте бай тәжірибе жинақталған.

5.Жалпы орта білім берудің бейіндік сатысының мұғалімі статусын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде. Әрине бұл жерде басты рөлді арнайы құрылымдар – жоғарғы оқу орындары және мұғалімдердің біліктілігін арттыру институты атқарады. Бұл жерде мектептер де бірге жүріп, өз қадамдарын қарастыру қажет:

Мәселен,


  • кәсіптік білім беруге байланысты, ғылыми идеяларды жаңарту бойынша ғалымдардың жетелеуімен мәселелік топтар құру;

  • бейіндік педагогиканың қиын сұрақтары жөнінде он-лайн «дөңгелек үстел, семинарлар» әдістемелік дискуссияларын құру;

  • 12 жылдық және инноватика тақырыптары бойынша сайыстар ұйымдастыру;

  • бейіндік сыныптарда жұмыс істеуге дайындау үшін мұғалімдердің шеберлігін арттырудың жаңа жолдарын іздестіру; осыған қатысты Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының тәжірибесі өте мол. Мәселен, «Филолог мұғалімнің жеке менеджментінің мәселесі» атты тақырыпта өтетін курстарға біздің пән мұғалімдері қатысады.

Көтерілген тақырыпты қорытындылай келе, оның үш маңызды негіздерін айта кеткен жөн:

  • Менеджмент бүгінгі таңда кеңінен қарастырылады, сонымен қатар мұғалімнің жеке менеджментінің мәселесі негізгі рөлді алады, ол мектептің әдістемелік қызметімен тығыз байланысты.

  • Әрбір істің жетістігі ішкі жағынан қалыптасады (үйрету мүмкін емес – өздігінен үйрену мүмкін), сондықтан мұғалім өз мәртебесі жөнінде қамданып, мектеп және мемлекет ұсынатын ұсыныстарға қарай өз мәртебесін көтеруге ынталануы керек.

  • Біздің барлық педагогикалық жүйеміз – 12 жылдық мектебінің түлек тұлғасы моделінің айналасында әрекеттенуде, ол өзіне білім берудің барлық деңгейлерін және соңғы нәтижеге қол жеткізу үшін біздің жұмсаған күш-қуатымызды бағындырады.

жүктеу 57,65 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау