Орал ќаласыныѕ экономика


Орал қаласының экономикасы



жүктеу 9,63 Mb.
бет2/6
Дата19.11.2018
өлшемі9,63 Mb.
#21232
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6

Орал қаласының экономикасы
ӨНЕРКӘСІП
2018 жылдың қаңтар-мамырына өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі 67,1 млрд.теңге, нақты көлем индексі былтырғы жылмен салыстырғанда 120,6% құрайды.

Өсім өнеркәсіптің барлық салаларында байқалады: өңдеу өнеркәсібінде 29%, электрмен жабдықтау саласында 4,1%, сумен жабдықтау саласында-20,8%.

Өндірістің жалпы көлемінде негізгі үлес өңдеу өнеркәсібіне тиесілі (67%), өндіріс көлемі 44,8 млрд. теңге.

Аталған саладағы өндіріс көлемінің өсуі, өнім өндіру көлемінің өсуімен байланысты: тамақ өнімдері 31%, сусындар 25%, киімдер 20%, жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту 21%, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 12%, металлургия өнеркәсібінде 86%, қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру 0,2%, машина және жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру 48%,машина жасау 13%, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 15%.

Өңдеу өнеркәсібінің тек төрт бағыттары бойынша өндіріс көлемі кеміді:

жиһаздан басқа ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру-12%, резіңке және пластмасс бұйымдарды өндіру 35%, жиһаз өндіру 9,8%, тоқыма бұйымдары 33%.

Сонымен бірге, электр қуатын, су мен газды өндіру және тарату кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 19,6 млрд.теңгені құрап, ол былтырғы жылдың индексінен 4,1% жоғары болып отыр.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 2,2 млрд.теңге құрады, ол былтырғы жылдың индексінен салыстырғанда 20,8% жоғары.



2018 жылы ИИДМБ және Индустрияландыру картасы шеңберінде 154 жұмыс орын құрылумен 3,0 млрд теңге 6 жоба іске қосылуда: «Агран» ЖШС-сэндвич-панель өндірісі. Құны-800 млн. теңге.Қуаттылығы-жылына/500 мың шаршы метр.Жұмыс орны-20.

«134» ЖШС-кірпіш зауытының құрылысы. Құны-455,2 млн.теңге.Қуаттылығы-жылына 20 млн дана.Жұмыс орны-70.

«Топан» ЖШС-химиялық өндіріс базасының құрылысы. Құны-854 млн.теңге.Қуаттылығы-жылына 4000 тонна. Жұмыс орны-40.

«Кублей» ЖШС-жануарлардан алынатын қалдықтарды өндеу бойынша цехтың құрылысы. Құны-551,6 млн.теңге. Қуаттылығы-тәулігіне 30 тонна.Жұмыс орны-5.

«Хасанов» ЖК-кондитерлік өнімдер өндіріс цехын жанғырту. Құны-94,4 млн. теңге.Қуаттылығы-жылына 52 мың тонна. Жұмыс орны-10.

«GLOBAL Procurement» ЖШС-бетондық араластыратын түйін. Құны-256 млн. теңге. Қуаттылығы-жылына 2112 жол плитасы,2208 шргетас блогы.Жұмыс орны-9.


Орал қаласының экономикасы


АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
бас


Орал қаласының экономикасы




АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қаланың аграрлық секторында 58 ауыл шаруашылық құрылымдар бар, соның ішінде–1 мемлекеттік кәсіпорын (сорт сынау бойынша инспектура), 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 36 шаруа қожалығы және 9 басқа да жер пайдаланушылар жұмыс істейді. Ауыл шаруашылық құрылымдарының негізгі бағыты, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және соның тек қана 12%-ы қосымша мал шаруашылығымен айналысады.

2018 жылдың мамыр айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1091,2 млн. теңгені құрады, өткен жылғымен салыстырғанда өсу қарқыны 112,1%, соның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімін өндіру – 2,6 млн. теңгені құрайды, мал шаруашылығы – 1085,5 млн.теңге құрады.

Мал шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі тұрғындардың шаруашылық үлесіне басым болып отыр. Мәселен, 2018 жылы 111,6%, сүт өндіру–100,2% құрап отыр. Жұмыртқа өндіру көлемінің негізгі үлесін «Орал құс фабрикасы» ЖШС ауыл шаруашылық кәсіпорыны алады.

2018 жылдың мамыр айларында былтырғы 2017 жылдың өткен кезеңімен салыстырғанда - ірі қара мал 4029 бас немесе 1,9%, қой 4069 бас немесе 8,4%, ешкі 1175 бас немесе 11,3%, жылқы 266 бас немесе 1,1%, құс 361630 бас немесе 12,0%,-ға өскені байқалып отыр.

Сондай-ақ сүт өндірісі 0,2%, жұмыртқа 22,0%-ға өсті.

Ет өндірісі 9,8%-ға, шошқа басы 23,4%-ға, сиыр 7,9%-ға кемігені байқалып отыр.

Шошқа және сиыр басының кемуі жем-шөптің кымбаттауына және өз қажеттілігіне жұмсауына байланысты.

Тұрғындарды көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында Орал қаласында жалпы көлемі 31,1 мың шаршы метр болатын 9 жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.



К
Орал қаласының экономикасы
ӨЛІК

Орал қаласының көлік кешені мынадай көлік түрлерін ұсынады, ол автомобиль, өзен және әуе көлігі. Барлық тасымалдаудан негізгі үлесті 99% астамын автомобиль көлігі алады.

Қаланың жүк автомобиль көлігі 32 кәсіпорындарымен ұсынылады: «Эра» ӨК, «Авто» ӨК, «Амрита» ЖШС, «Оралавто»ЖШС, «Мөлшер»ЖШС, «Пластикавтотранс» ЖШС, «Uniserv» ЖШС, «Казавтотранс» АҚФ, «Avto-Trast-Contract» ЖШС, «Қазавтотранс-Батыс» ЖШС, «Трансагенство» ААҚ, «Автокомбинат» ЖШС, «Казросимпорттранс» ЖШС, «КК Орал-Камаз» ЖШС, «Дат-Көлік» ЖШС, «Темірат» ЖШС- олардың жүк тасымалдауының негізгі түрі құрылыс материалдары (құм, қиыршық тастар), дәнді дақылдар, комбикорм,тыңайтқыштар, газ және газ тәрізді материалдар және т.б. болып табылады.



Қоғамдық көлікте 7 тасымалдаушы-кәсіпорын 36 қала маршруты бойынша қызмет көрсетеді. Жол желісіне күніне 338 автобус және 204 шағын автобус шығады.


Ш
Орал қаласының экономикасы
АҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ




жүктеу 9,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау