Б
Орал қаласының экономикасы
АҒАЛАР
Батыс Қазақстан облысы статистика департаментінің мәліметтеріне сәйкес барлық тауарлар мен қызметтердің жалпы тұтыну құн индексі 2018 жылдың мамырында ағымдағы жылдың өткен аймен салыстарғанда 100,2%, 2017 жылдың мамыр айымен салыстырғанда 106,4% құрады, оның ішінде азық-түлік тауарларына тұтыну құн индексі 99,8% сәйкесінше 105,9% құрап отыр.
2018 жылғы мамырында облыстың тұтыну рыногындағы тауарлар мен қызметтердің бағасы 2017 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 2,1%-ға өсті.
2018 жылғы мамырда азық‐түлік тауарларының баға индексі 99,8% құрады. Кондитер өнімдерінің бағасы ‐ 0,2%ға, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдері, алкогольсіз сусындар ‐ 0,5%‐ға, алкогольді ішімдіктер ‐ 0,8%ға, май және тоңмай ‐ 0,9%ға, құмшекер ‐ 4,5%‐ға, макарон өнімдері ‐ 6,4%‐ға өсті. Сүт өнімдерінің бағасы 0,3%‐ға, қарақұмық жармасы ‐ 1,5%‐ға, картоп ‐ 3,5%‐ға, жұмыртқа ‐ 10,7%‐ға, қияр мен қызанақ сәйкесінше 20,3%‐ға және 16,4%‐ға арзандады.
2018 жылғы мамырда азық‐түлік емес тауарлардың бағасы 0,3%‐ға өсті. Жиһаз және үйге қажетті заттардың бағасы 0,5%‐ға, шыны және қыш бұйымдар ‐ 0,6%‐ға, киім және аяқ киім ‐ 1,1%‐ға, тұрмыстық бұйымдар ‐ 1,2%‐ға қымбаттады. Бензин 2,4%‐ға арзандады, дизель отыны 1,6%‐ға қымбаттады.
2018 жылғы мамырда ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 100,4% құрады. Тұрғын жайларды ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеу бойынша қызметтер бағалары ‐2,8%‐ға, ыссы су ‐ 2,8%‐ға өсті. Жолаушылардың темір жол көлігі қызметінің бағасы ‐ 0,7%‐ға, жолаушылардың әуе көлігі қызметі ‐ 14,2%‐ға қымбаттады.
Н
Орал қаласының экономикасы
ЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ
млн. теңге
И
Орал қаласының экономикасы
НВЕСТИЦИЯ
Есепті кезеңде негізгі капиталға тартылған қала инвестициясының көлемі 37532,9 млн. теңгені құрап, былтырғы жылға 162% құрап отыр.
Соның ішінде: жергілікті бюджет қаражат арқылы- 1788,4 млн.теңге құрады (қаңтар-мамыр 2017 жыл -900,3 млн теңге), республикалық бюджет-3530,6 млн.теңге (қаңтар-мамыр 2017 жыл -3078,1 млн теңге).
Ұйымдар мен кәсіпорындардың есебінен– 31614,3 млн.теңге (қаңтар-мамыр 2017 жыл -15226,3 млн теңге).
Басқа да қарыз қаражаты есебінен – 599,6 млн. теңге (қаңтар-мамыр 2017 жыл -2412,1 млн теңге).
Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар-123,1мың теңге құрады, былтырғы жылға-159% құрады.
Негізгі капиталға инвестиция құйылуының негізгі көздері болып жеке инвестиция-84% болып отыр. Кәсіпорындардың және жұртшылық қаражаты өндіріс, көлік және байланыс, үй салу салаларына жұмсалып отыр.
Қаланың негізгі капиталға тартылған инвестицияның құрамы келесідей:
ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстары -79% немесе 29783,9 млн. теңге;
машиналар, жабдықтар, құралдар-19% немесе 6954,4 млн. теңге;
өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар-2,2% немесе 794,6 млн теңге.
Барлық қаражат есебінен жалпы құны 20952,5 млн. теңгені құрайтын 424 нысана іске қосылды, соның ішінде: 3 кеңсе, 6 шагынмаркет, 5 кафе, 2 сауда үйі, 2 мейрамхана, жол сервис кешені, 5 автокешен,7 қойма,цех, кеңсе, 376 жеке үйлер және 9 көппәтерлі үйлер, мектеп, монша, стоматология және гүлдер павильоны, макарон цехы.
Есепті кезеңге құрылыс жұмыстарының көлемі –6137,1 млн. теңге құрады, былтырғы жылға 66,5% құрап отыр.
Жалпы облыстық құрылыс жұмыстарының көлемінде қаланың үлесі 20% құрап отыр.
Орал қаласының экономикасы
Барлық қаржыландыру көздері есебінен алаңы 124,6 мың шаршы метр құрайтын 1207 пәтер іске қосылды, былтырғы жылға 118% құрап отыр.
Оның ішінде: жұртшылық есебінен –124,6 мың. шаршы метр.
Есепті кезеңде тұрғын үй құрылысына 18024,8 млн.теңге бағытталды (былтырғы жылға-165,4%) соның ішінде: бюджеттік қаражат-2114 млн. теңге, жеке меншік- 15911 млн. теңге.
Тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны 126,5 мың теңге құрады (былтырғы жылға 135,6%). Соның ішінде: жұртшылық есебінен – 130,4 мың теңге құрады (былтырғы жылға- 143%).
Орал қаласының экономикасы
БЮДЖЕТ ТАБЫСТАРЫ млн.теңге
Достарыңызбен бөлісу: |