Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне
құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу туралы
ӨТІНІШ
1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау
құжаттарына) құқықтарды басқаға беру шартын тіркеуді сұраймын.
2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және
нөмірі (нөмірлері):
____________________________________________________________________
3. Иесі (иелері):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)
және телефондары:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Егер иесі бірнешеу болса, көрсету керек
4. Құқықтық мирасқор (құқықтық мирасқорлар):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)
және телефондары:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Егер құқықтық мирасқор бірнешеу болса, көрсету керек
5. Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өтініш берушінің өзге де өкілі:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Мекенжайлары (пошталық индексін, елдің атауын қоса алғанда)
және телефондары:____________________________________________________
____________________________________________________________________
7. Хат алмасуға арналған мекенжайлар:
____________________________________________________________________
8. Қосымшалар:
Тіркелетін шарт ____ парақта (№№____қосымшалар ____парақта) ___
данада;
Патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе басқа да өкілетті өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;
Мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат;
Басқа да құжат (көрсету керек)
____________________________________________________________________
Өтініш беруші
_____________________________________________________(бар болса) М.О.
(Лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса), және қолы)
Күні 20 _____ жылғы «____» ______________
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы «__» __________
№__ бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 2-қосымша
«Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы) және оның филиалы;
2) «электрондық үкіметті» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттарды берген кезден бастап - 40 (қырық) жұмыс күні ішінде:
Құжаттардың ресімделуіне қойылатын талаптар бұзылған немесе шартты тіркеуге кедергі келтіретін, бірақ жоюға болатын негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға сұрау салу жолданған күннен бастап үш айлық мерзімде жоқ немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынысы бар сұрау салу жіберіледі. Мұндай жағдайда мәні бойынша сараптама жүргізудің мерзімдері жоқ немесе түзетілген құжаттар ұсынылған күннен бастап есептеледі.
Өтінішке қоса берілген шарт материалдарында сараптама жасауға төлемді растайтын құжат болмаған жағдайда, өтінім берушіге шот қойылады. Бұл жағдайда көрсетілген мерзімдер сараптама ұйымына төлем түскен күннен бастап есептеледі.
Төлем өтініш берілген кезде немесе өтініш келіп түскен күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі. Бір ай мерзімде төлем туралы құжат ұсынылмаған кезде өтініш берілмеді деп танылады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түрінде берілетін шартты тіркеу күні мен оның ағымдағы нөмірімен бірге, мөртабаны қойылған шартты мемлекеттік тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап.
Портал арқылы өтініш берген кезде – шартты мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе шартты тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы).
Сараптама ұйымының қызметтері үшін «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығымен белгіленген мөлшерде төлем алынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген).
Шарттарды тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 150 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметін төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) Көрсетілетін кызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.
3) порталда –Тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек куту тәртібімен көрсетіледі;
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш);
2) шарттың титулдық парақпен жабдықталған және қазақ және орыс тілдерінде орындалған төрт данада түпнұсқасы қоса беріледі. Шарттың әрбір данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолдары қойылады.
Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: лицензиарды басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімі.
Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Егер бір уақытта олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы берілген жағдайда, осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде берілуі мүмкін.
Тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш жасағанда, бір тарапы 2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартына (Сингапур шарты) қатысушы мемлекеттердің жеке не заңды тұлғасы болып табылатын жағдайда осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус немесе өтініш иесін білдіретін патенттік сенім білдірілген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасы иесінің өзгеруін көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжат ұсынылмайды.
Көрсетілген қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 9-тармағында көрсетілген тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;
2) титулдық парақпен жабдықталып, қазақ және орыс тілдерінде орындалған шарттың түпнұсқасының электрондық көшірмесі қоса беріледі. Шарттың данасы тігіледі, қағаз пломбамен бекемделіп тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалады, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылады.
Шарттың түпнұсқасының электрондық көшірмесінің орнына шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін: лицензиарды басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі.
Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде берілуі мүмкін, егер бір уақытта олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы берілген жағдайда.
Тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш жасаған кезде тараптанының
2006 жылғы 27 наурыздағы Тауар таңбалары бойынша заңдар туралы Сингапур шартына (Сингапур шарты) қатысушы шетелдік мемлекеттерін жеке немесе заңды тұлғасы болса, осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылуы мүмкін, олардың қазақ немесе орыс тіліне аудармаларын нотариус не өтініш берушіні білдіретін патенттік сенім білдірген өкіл куәландыруы мүмкін; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың орнына тауар таңбасын пайдалануға құқық беруді көрсететін шарттан нотариат куәландырған үзінді көшірменің төрт данасы берілуі мүмкін; осы тармақтың 6) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі сараптама ұйымына:
1) өтініш;
2) нысанасы өнеркәсіп меншіктің біртектес объектілері болып табылатын, қазақ және орыс тілдеріндегі титулдық парақпен жабдықталған шарттың төрт данадағы түпнұсқасы. Шарттың әрбір данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылатын қағаз пломбамен бекемделеді.
Шарт түпнұсқаларының орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхат;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжат;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін лицензиарды басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімі.
Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде берілуі мүмкін, егер бір уақытта олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы берілген жағдайда.
Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуге порталға өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) нысанасы өнеркәсіп меншіктің біртектес объектілері болып табылатын, қазақ және орыс тілдеріндегі титулдық парақпен жабдықталған шарттың түпнұсқасының электрондық көшірмесі. Шарттың данасы тігіледі, тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын, мөр бедері және екі тараптың не соған уәкілеттік берілген екі тарап адамдарының қолтаңбалары қойылатын қағаз пломбамен бекемделеді.
Шарт түпнұсқасының электрондық көшірмесінің орнына шарттың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылуы мүмкін;
3) өтініш патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өзге де өкіл арқылы берілген жағдайда, сенімхаттың электрондық көшірмесі;
4) сараптама ұйымы көрсететін қызметтерге төлем төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
5) мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) ұлттық көрсетілетін қызметті алушылар үшін лицензиарды басқару органдарының, құрылтайшылардың немесе акционерлердің жалпы жиналысының шарт жасасу және кәсіпорын басшысының шартқа қол қоюы жөніндегі өкілеттіктерін беру мәселесі бойынша шешімінің электрондық көшірмесі.
Өтініш және басқа да қажетті құжаттар қазақ және орыс тілдерінде беріледі. Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар шет тілінде берілуі мүмкін, егер бір уақытта олардың қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы берілген жағдайда.
ЭҮТШ арқылы жеке куәлік құжаты, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік баж төлеу құжаты туралы мәліметтер қызметберуші мемелкеттік ақпараттық жүйесінен «Электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы алады.
Қызметті беруші егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.
10. Тауар таңбасын пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуден бас тарту үшін:
1) өзіне қатысты шарт жасалатын және оны қалпына келтіру мүмкіндігі жоқ тауар таңбасын тіркеу қолданысының тоқтауы;
2) Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша барлық қажетті материалдардың және мәліметтердің үш айлық мерзімде ұсынылмауы;
3) тараптардың шарт жасасуға қажетті құқықтарының болмауы;
4) лицензиялық шартта лицензиаттың қосалқы лицензиялық шартты тіркеуге өкілеттігінің болмауы және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарттың болмауы негіз болып табылады.
Өнертабысты, пайдалы модельді, өнеркәсіптік үлгіні, селекциялық жетістікті пайдалануға құқық беру туралы лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеуден бас тарту үшін:
1) оған қатысты шарт жасалатын қорғау құжатының тіркеу қолданысының тоқтауы;
2) Сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша үш айлық мерзімде уақытылы жауаптың ұсынылмауы;
3) Сараптама ұйымының сұрау салуына жауапта барлық қажетті мәліметтер мен құжаттардың болмауы;
4) лицензиялық шартта лицензиаттың қосалқы лицензиялық шартты тіркеуге өкілеттігінің болмауы және уәкілетті органда тіркелген лицензиялық шарттың болмауы;
5) шартқа қол қойылған күнінен алты ай өткеннен кейін құжаттардың тіркеуге ұсынылуы негіз болып табылады.
6) өнеркәсіптік үлгіге айрықша құқығын беру тауарға немесе оның жасаушысына қатысты жаңылыстыру себебі болуы мүмкін
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
Нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескере отырып
қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, сараптама ұйымының ресми сайтында www.kazpatent.kz орналастырылған.
14. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы – 1414, 8 800 080 7777.
«Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік кірістер комитеті, Астана қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесi.
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – «Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі.
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері
Қабылдаушы:
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Ұлттық зияткерлік меншік институты»
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
|
|
Мекенжайы:
|
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, №1, №2 кіреберіс
|
|
БИН:
|
020940003199
|
|
КБЕ:
|
16
|
|
КНП:
|
859
|
|
Банктің атауы
|
ЖСК
|
БСК
|
|
"Нурбанк" АҚ
|
KZ8584905KZ006015415
|
NURSKZKX
|
|
"Казкоммерцбанк" АҚ
|
KZ489261501148407000
|
KZKOKZKX
|
|
"Қазақстан халық банкі" АҚ
|
KZ386010111000288323
|
HSBKKZKX
|
|
"Цеснабанк" АҚ
|
KZ98998ВТВ0000358095
|
TSESKZKA
|
|
"АТФБанк" АҚ
|
KZ87826Z0KZTD2008449
|
ALMNKZKA
|
|
"Сбербанк" АҚ еншілес банкі, Астана қаласы
|
KZ14914012203KZ0047J
|
SABRKZKA
|
|
«ForteBank» АҚ филиалы, Астана қаласы
|
KZ1096503F0007611692
|
IRTYKZKA
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |