Өнеркәсіптік меншік саласында


Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері



жүктеу 2,55 Mb.
бет6/7
Дата21.12.2017
өлшемі2,55 Mb.
#5106
1   2   3   4   5   6   7

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері


Бенефициар – ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» МБ
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 1081
25
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін


Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк

деректемелері


Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

«Ұлттық зияткерлік меншік институты»

республикалық мемлекеттік кәсіпорны


Мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,

Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, №1, №2 кіреберіс



БИН:

020940003199

КБЕ:

16

КНП:

859

Банктің атауы

ЖСК

БСК




"Нурбанк" АҚ

KZ8584905KZ006015415

NURSKZKX




"Казкоммерцбанк" АҚ

KZ489261501148407000

KZKOKZKX




"Қазақстан халық банкі" АҚ

KZ386010111000288323

HSBKKZKX




"Цеснабанк" АҚ

KZ98998ВТВ0000358095

TSESKZKA




"АТФБанк" АҚ

KZ87826Z0KZTD2008449

ALMNKZKA




"Сбербанк" АҚ еншілес банкі, Астана қаласы

KZ14914012203KZ0047J

SABRKZKA




«ForteBank» АҚ филиалы, Астана қаласы

KZ1096503F0007611692

IRTYKZKA




«Пайдалы модельге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін 
 
қызмет стандартына    
 
2-қосымша         

Келіп түскен күні

(85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру күні

(21) Тіркеу №

(22) Берілген күні

(86) алушы ведомство белгілеген халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және халықаралық өтінімді берген күні
(87) халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық жарияланған күні

      1. Пайдалы модельге
        Қазақстан Республикасының
        патентін беру туралы
        ӨТІНІШ


Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінің "Ұлттық зияткерлік
меншік институты" РМК
010000, Астана қ.,
Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, №1, №2 кіреберіс

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім иесінің (иелерінің) атына пайдалы модельге Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз)
(71) Өтінім иесі (иелері):

(Толық аты-жөні немесе атауы және тұратын немесе болатын жері көрсетіледі.
Өтінім иелері
нің-авторлардың тұрғылықты жері туралы деректер (72) коды бар бағанның тұсындағы бағанда келтіріледі)

ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды (егер белгіленген болса)





Өтінімді ҰЗМИ-ға берген күннен ертерек күн бойынша басымдық сұралған кезде ғана толтырылады
Пайдалы модельдің басымдығын күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз):
брінші өтінімді (өтінімдерді) Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке беру (Заңның 20-бабы 2-т.)
Заңның 20-б. 
4-т. сәйкес неғұрлым ерте берілген өтінімді ҰЗМИ-ға беру 
Заңның 20-б. 
5-т. сәйкес бастапқы өтінімді ҰЗМИ-ға беру
бастапқы өтінімнің басымдығы (Заңның 20-б. 5-т.)
(өтінімнің нөмірі __________, өтінімді берген күні _____________)
неғұрлым ерте берілген өтінімге қосымша материалдардың түсуі (Заңның 20-б. 
3-т.)

(31) Бірінші, неғұрлым ерте берілген, бастапқы өтінімнің №

(32) Басымдық сұралған күн

(33) ST.3 бойынша берген елдің коды (конвенциялық басымдық сұралған кезде)

 





(54) Пайдалы модельдің атауы

Заңның 9-б. 4-т. талаптары сақталған

Хат алмасуға арналған мекенжай (толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты)

Телефон:              Ұялы телефон:               Факс:



(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты (Т.А.Ә.(бар болса), тіркеу нөмірі, мекенжайы) немесе өтінім иесінің (иелерінің) өкілі (толық аты (Т.А.Ә.(бар болса) немесе атауы, мекенжайы)

Қоса берілетін құжаттардың тізбесі

Саны

Саны



өтінімге қосымша







пайдалы модель сипаттамасы







пайдалы модель формуласы







сызулар және өзге материалдар







реферат







өтінім беруге төлем туралы құжат







төлем мөлшерін азайтуға негіздің бар-жоғын растайтын құжат







бірінші өтінімнің
(өтінімдердің) көшірмелері
(конвенциялық басымдылық
сұралған кезде)










өтінімнің шет тіліндегі құжаттары







патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат







басқа құжат (көрсетілсін)







Формуламен (рефератпен) жариялау үшін ұсынылатын сызбалар фигурасының №

(72) Автор(авторлар)

(толық аты-жөні көрсетіледі)

Елдің атауы және егер ол белгіленсе, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұратын жерінің толық пошталық мекенжайы

Автордың (авторлардың)-өтініш иесінің (иелерінің) және/немесе авторлардың қолтаңбасы(қолтаңбалары)








Мен (біз) _____________________________________________________________________
                       (Т.А.Ә.
) (бар болса)

       пайдалы модельге патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде мені (бізді) автор (лар) ретінде көрсетпеуді сұраймын (сұраймыз)



       Автордың (авторлардың) қолтаңбасы (қолтаңбалары):

      Қолы

Автор(авторлар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолтаңбасы (қолтаңбалары) (заңды тұлғаның атынан қол қойған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі)


Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2017 жылғы «__» __________

№__ бұйрығына 8-қосымша
Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 251 бұйрығына 8-қосымша



«Өнертабысқа патент беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. «Өнертабысқа патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:

1)  Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы) және оның филиалы;

2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 18 (он сегіз) ай ішінде, қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап белгіленген мерзімнен бұрын жіберіледі. Өтінім берушінің өтінішхаты негізінде сараптама ұйымы мәліметтерді мерзімінен бұрын жариялайды, қызмет беруші патенттi беру туралы мәлiметтердi бюллетеньге жариялай отырып, патент иеленушiге тиiстi қорғау құжатын бередi.

Мерзім:

көрсетілетін қызметті алушы белгіленген мөлшерде өтінім бергені үшін төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда төрт айдан аспайтын мерзімге;



көрсетілетін қызметті алушы конвенциялық басымдық сұратқан кезде бірінші өтінім көшірмесін ұсыну қажеттілігі жағдайында алты айдан аспайтын мерзімге;

көрсетілетін қызметті алушы мәні бойынша сараптама жүргізу үшін төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;

көрсетілетін қызметті алушы өзгертілген немесе жетіспейтін құжаттарды, қосымша материалдарды, оның ішінде сараптама ұйымының сұрауы не хабарлауы бойынша өнертабыстың өзгертілген формуласын ұсынуы қажет болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;

көрсетілетін қызметті алушы сараптаманың сұрауына жауап мерзімін ұзарту және сараптама сұрауына қосымша материалдарды ұсыну жөнінде өтініш берген кезінде алты айдан аспайтын мерзімге;

көрсетілетін қызметті алушы сараптама ұйымының сұрауына жауап және қосымша материалдарды, сондай-ақ мәні бойынша сараптама жүргізу үшін төлем құжаттарын ұсыну мерзімін қалпына келтіру туралы өтініш берген жағдайда он екі айдан аспайтын мерзімге;

көрсетілетін қызметті алушы патентті беруге арналған құжаттарды дайындау үшін төлемді растайтын құжатты және патент беру үшін мемлекеттік бажды ұсыну мерзімін қалпына келтіру жөнінде өтініш берген кезінде үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (он) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі – өнертабысқа патент не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электронды, қағаз түрінде.

Өнертабысқа өтінімді пайдалы модельге өтінімге ауыстырған жағдайда мемлекеттік қызметтер кейін «Пайдалы модельге патент беру» стандартының ережелеріне сәйкес ұсынылады.

Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсетумен электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.



Егер, қызмет алушы белгіленген мерзімде жетіспеген сұратылған құжаттарды, соның ішінде сараптама жасау ұйымының көрсеткен қызметі үшін төлем туралы құжаттарды, белгіленген мерзімдерді ұзарту және(немесе) қалпына келтіру туралы өтініш хатты ұсынбаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы қызмет алушыға тиісті хабарлама жіберіледі.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.



Сараптама ұйымының қызметтері үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтерге бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде төлемдер алынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген).

Өнертабысқа патент берілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының


1-қосымшасында көрсетілген.

8. Жұмыс кестесі:



1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат
13-00-ден 14.30-ға дейін;


2) сараптама ұйымының - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат
13-00-ден 14.30-ға дейін.


Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

3) порталда – тәулік бойы, (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

сараптама ұйымына:

  1) осы стандарттың 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Републикасының өнертабысына патент беру туралы белгіленген нысандағы 3 өтініш

2) маманның тиiстi бiлiм саласында оны жүзеге асыру үшiн толық, жеткiлiктi ашып көрсететін өнертабыстың сипаттамасы- 2 дана

3) өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн

формуласы. Формула айқын, нақты және сипаттауға негізделуі қажет – 2 дана;

4) егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса, сызбалар мен өзге материалдар – 2 дана;

5) реферат – 2 дана

6) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда берілген сенімхат;

7) өтініш беруге төлемді растайтын құжат;

8) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, білім беру ұйымында оқитындар, жалпы білім беру бастапқы оқу бағдарламасын жүзеге асырушылар, негізгі орта, жалпы орта білім, білім беру ұйымында оқитындар, кәсіби оқу бағдарламасын техникалық және кәсіби білімді жүзеге асырушылар, орта білімнен кейінгі білім, жоғарғы білім, Қазақстан Республикасының кіші және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі).

Порталға:



  1. көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат белгіленген нысанындағы өтініш;

  2. маманның тиiстi бiлiм саласындағы оны жүзеге асыруы үшiн толық, жеткiлiктi ашып көрсететін өнертабыстың сипаттамасының электрондық көшірмесі;

  3. өнертабыстың объектiсiн айқындайтын және оның мәнiн бiлдiретiн формуласының электрондық көшірмесі. Формула айқын, нақты және сипаттауға негізделуі қажет;

  4. егер өнертабыстың мәнiн түсiну үшiн қажет болса сызбалар мен өзге материалдардың электрондық көшірмесі;

  5. рефераттың электрондық көшірмесі;

  6. іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда берілген сенімхаттың электрондық көшірмесі;

  7.  өтініш беруге төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

  8. төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының мүгедектігі, мүгедектік туралы, білім беру ұйымында оқитындар, жалпы білім беру бастапқы оқу бағдарламасын жүзеге асырушылар, негізгі орта, жалпы орта білім, білім беру ұйымында оқитындар, кәсіби оқу бағдарламасын техникалық және кәсіби білімді жүзеге асырушылар, орта білімнен кейінгі білім, жоғарғы білім, Қазақстан Республикасының кіші және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі).

Төлемді және төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Бұл мерзім екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Өнертабысқа өтінімге өтінімді, оның ішінде формальды сараптаманы жүргізуге өтінімді берудің белгілі мөлшерде төлемін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі және оның мөлшерін азайту үшін негіздерді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі және оның мөлшерін азайту үшін негіздерді растайтын құжат қоса беріледі, олар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Жеке басын куәландыратын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, құжаттардың мәліметтері ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баждың төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.

Ақпараттық жүйеден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан сұратуға жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасының көшірмесіне қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жолданады.

10. Мыналар:



1) ұсынылған өнертабыстың өтiнiш берушi сұраған құқықтық қорғау көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмеуі;

2) өтiнiмнің өнертабыстар ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болуы;

3)  өтініш беруші ұсынылған формулада өтiнiштің бастапқы материалдарында болмаған белгiлерді қамтитыны немесе өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiден басқа өнертабыс ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты сипаттайтыны туралы немесе оған қатысты өнертабыс бiрлiгiнің талаптары бұзылуына байланысты қарау жүргізілмегені туралы хабарланғаннан кейiн өнертабыс формуласын өзгертпеуі Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздеме болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

шағым көрсетілетін қызметті беруші немесе басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға жіберіледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға қызметті беруші көрсеткен сапасыз мемлекеттік қызметті көрсетуді растайтын, құжаттарға шағым қоса беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.



Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.


4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде және сараптама ұйымының www.kazpatent.kz ресми сайтында орналастырылған.

14. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (717) 274-07-54, 74-09-69,


74-96-60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы – 1414, 8 800 080 7777.

«Өнертабысқа патент беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша



Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы РММ
БСН – 081240013779

ЖСК – KZ24070105KSN0000000

БСК – KKMFKZ 2 A

Бенефициар банкі – «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ

КБЕ-11

Бюджеттік сыныптама коды (БТК) – 108118



Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін

Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін



Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк

деректемелері


Қабылдаушы:

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің

«Ұлттық зияткерлік меншік институты»

республикалық мемлекеттік кәсіпорны


Мекенжайы:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,

Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, №1, №2 кіреберіс



БИН:

020940003199

КБЕ:

16

КНП:

859

Банктің атауы

ЖСК

БСК




"Нурбанк" АҚ

KZ8584905KZ006015415

NURSKZKX




"Казкоммерцбанк" АҚ

KZ489261501148407000

KZKOKZKX




"Қазақстан халық банкі" АҚ

KZ386010111000288323

HSBKKZKX




"Цеснабанк" АҚ

KZ98998ВТВ0000358095

TSESKZKA




"АТФБанк" АҚ

KZ87826Z0KZTD2008449

ALMNKZKA




"Сбербанк" АҚ еншілес банкі, Астана қаласы

KZ14914012203KZ0047J

SABRKZKA




«ForteBank» АҚ филиалы, Астана қаласы

KZ1096503F0007611692

IRTYKZKA




«Өнертабысқа патент беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2- қосымша
Нысан


Келіп түскен күні


(85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру күні

(21) Тіркеу №

(22) Берілген күні






(86) алушы ведомство белгілеген халықаралық өтінімді тіркеу нөмірі және халықаралық өтінімді берген күні

(87) халықаралық өтінімнің нөмірі және халықаралық жарияланған күні

(96) алушы ведомство белгілеген еуразиялық өтінімнің нөмірі және өтінімді берген күні

(97) еуразиялық өтінімнің нөмірі және жарияланған күні




Өнертабысқа Қазақстан Республикасының

патентін беру туралы

ӨТІНІШ


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, №1, №2 кіреберіс

Төменде көрсетілген құжаттарды ұсына отырып, өтінім иесінің (иелерінің) атына өнертабысқа Қазақстан Республикасының патентін беруді сұраймын (сұраймыз)

  1. Өтінім иесі (иелері):

(Толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) немесе атауы және тұратын немесе болатын жері көрсетіледі.

Өтінім иелері-авторлардың тұрғылықты жері туралы деректер (72) коды бар бағанның тұсындағы бағанда келтіріледі)


ДЗМҰ ST.3

стандарты бойынша


елдің коды

(егер белгілі болса)






Өтінімді ҰЗМИ-ға берген күннен неғұрлым ертерек күн бойынша басымдық сұралған кезде ғана толтырылады

Өнертабыстың басымдығын күні бойынша белгілеуіңізді сұраймын (сұраймыз):

бірінші өтінімді (өтінімдерді) Париж конвенциясына қатысушы мемлекетке беру (Заңның 20-бабы 2-т.)

Заңның 20-б. 4-т. сәйкес неғұрлым ерте берілген өтінімді ҰЗМИ-ға беру

Заңның 20-б. 5-т. сәйкес бастапқы өтінімді ҰЗМИ-ға беру

бастапқы өтінімнің басымдығы (Заңның 20-б. 5-т.)

(өтінімнің нөмірі __________, өтінімді берген күні _____________)

неғұрлым ерте берілген өтінімге қосымша материалдардың түсуі (Заңның 20-б. 3-т.)



(31) Бірінші неғұрлым ерте берілген, бастапқы өтінімнің №


(32) Басымдық сұралған күн

(33) ST.3 бойынша берген елдің коды (конвенциялық басымдық сұралған кезде)










(54) Өнертабыстың атауы

Заңның 9-б. 4-т. талаптары сақталған




Хат-хабар алмасуға арналған мекенжай ( толық пошталық мекенжайы және адресаттың аты)

Телефон: Ұялы телефон: Факс: электрондық пошта:




(74) Патенттік сенім білдірілген өкіл (толық аты (Т.А.Ә. (бар болса), тіркеу нөмірі) немесе өтінім иесінің (иелерінің) өкілі (толық аты (Т.А.Ә. (бар болса ) немесе атауы)


Қ

оса берілетін құжаттардың тізбесі


1 данадағы парақ саны

Дана саны

Өтінім беруге және өнертабысқа патентті алуға құқықтың туындау негізі (құжат ұсынусыз):

өтінім иесі жұмыс беруші болып табылады

және Заңның 10-б. 2-т. талаптары сақталған

жұмыс берушінің немесе оның құқықтық

мирасқорының құқықтарды беруі

автордың немесе құқықтық мирасқордың

құқықты қайта беруі

мирасқорлық құқық



өтінімге қосымша







өнертабыстың сипаттамасы






өнертабыстың формуласы







сызбалар және өзге материалдар







реферат







өтінім беруге төлем туралы құжат







төлем мөлшерін азайтуға негіздің бар-жоғын растайтын құжат







бірінші өтінімнің

(өтінімдердің) көшірмелері

(конвенциялық басымдық

сұралған кезде)








(ҰЗМИ мөртаңбасы орны)



өтінімнің шет тіліндегі құжаттары







патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат







басқа құжат (көрсетілсін)








Формуламен (рефератпен) жариялау үшін ұсынылатын сызбалар фигурасының №

  1. Автор(лар)

(толық аты (Т.А.Ә. (бар болса) көрсетіледі)

Елдің атауы және егер ол белгіленсе, ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша оның кодын қоса алғанда, тұратын жерінің толық пошталық мекенжайы

Өнертабысқа патент алуға құқығын берген автор (лардың)-өтініш иесінің (лерінің) және/немесе авторлардың қолы(дары)










Мен (біз) ______________________________________________________________________________________

(Т.А.Ә. (бар болса)

Өнертабысқа патент беру туралы мәліметтерді жариялау кезінде мені (бізді) автор (лар) ретінде көрсетпеуді сұраймын (сұраймыз)

Автордың (авторлардың) қолы (қолдары):


Қолы

Автор (лар) болып табылмайтын өтінім иесінің (иелерінің) қолы (қолдары) (заңды тұлғаның атынан қол қойған кезде басшының қолы мөрмен бекітіледі)



Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін


Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2017 жылғы «__» __________

№__ бұйрығына 9-қосымша


Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 251 бұйрығына 9-қосымша



«Селекциялық жетістікке патент беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Селекциялық жетістікке патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдау және оның нәтижесін беру:

1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы) және оның филиалы;

2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.


2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік комиссиялары сұрыптарға, тұқымдарға сынақтар өткізуінің мерзімдерін есепке алусыз порталға жүгінген кезде басқаға беру немесе лицензиялық шарттарды тіркеу кезінде - 11 ай (он бір ай) ішінде.

Мерзім:

қызмет алушының өтінімді беру үшін белгіленген мерзімде төлемді төлегенін растатайын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда төрт айдан аспайтын мерзімге;



қызмет алушының жетіспейтін құжаттарды немесе өзгертілген материалдарды ұсынуы қажет болған жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге;

Мемкомиссияның ұсынылған атаудың дұрыстығын тексеруі нәтижелері бойынша селекциялық жетістіктің жаңа атауы ұсынылған жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге;

көрсетілетін қызметті алушы өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы шешімге қарсылық берген жағдайда төрт айдан аспайтын мерзімге;

көрсетілетін қызметті алушы патентті беруге құжаттарды дайындау және тіркеу туралы мәліметтерді жариялау үшін төлеудің, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру жағдайында үш айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – селекциялық жетістікке патент не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде, электрондық.

Портал арқылы жүгінген кезде заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні және орны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.



Егер, қызмет алушы белгіленген мерзімде жетіспеген сұратылған құжаттарды, соның ішінде сараптама жасау ұйымының көрсеткен қызметі үшін төлем туралы құжаттарды, белгіленген мерзімдерді ұзарту және(немесе) қалпына келтіру туралы өтініш хатты ұсынбаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы қызмет алушыға тиісті хабарлама жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызмет алушыға ақылы негізде көрсетіледі.



Сараптама ұйымының қызметтері үшін өтінімдерді қабылдау мен сараптама жүргізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде ақы алынады.

Патент берілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес, айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік баж бен сараптама ұйымының қызметін төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

8. Жұмыс кестесі:

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;

2) Сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

3) портал – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

сараптама ұйымына:

1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікке Қазақстан Республикасының патентін беру туралы 3 өтініш;

2) селекциялық жетістіктің сауалнамасы 2 дана;

3) іс жүргізу өкіл арқылы болған жағдайда сенімхат;

4) белгiленген мөлшердегі төлемді растайтын құжат;

5) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, техникалық және кәсіби білім, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын мүгедектер, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін).

порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысандағы өтініш;

2) селекциялық жетістік сауалнамасының электрондық көшірмесі;

3) іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда сенімхаттың электрондық көшірмесі;

4) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда белгіленген мөлшерде тиісті ақы төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

5) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын, техникалық және кәсіби білім, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын мүгедектер, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін).

Төлемді және төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Бұл мерзім екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Белгіленген мерзімде төлем туралы құжаттар ұсынылмаған кезде өтінім берілмеген болып танылады.

Жеке басты куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеу туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) қағаз тасығыштағы өтінімді қабылдаудың растауы оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркеу туралы белгі жасау болып табылады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемелері мыналар болып табылады:

1) егер алдын ала жүргiзiлген сараптамада өтiнiмнiң белгiленген талаптарға сай келмейтiндiгi анықталса, оны әрi қарай қараудан бас тарту туралы шешім қабылданады, ол туралы өтiнiш берушi бiр айлық мерзiмде хабардар етіледі;

2) егер сараптама жүргiзу барысында сұрыптың, тұқымның патентке қабiлеттілік талаптарына сай келмейтiндiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган мемлекеттiк комиссия қорытындысының негiзiнде он жұмыс күні ішінде патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды, бұл туралы өтiнiм берушiге он жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жiберіледi.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.

Қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті сапасыз көрсеткенін растайтын құжаттарды қоса береді.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің жүгінуін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, сараптама ұйымының www.kazpatent.kz ресми сайтында орналастырылған.

14. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинет» арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

«Селекциялық жетістікке патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін    
 
қызмет стандартына       
 
1-қосымша             


      1. жүктеу 2,55 Mb.

        Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау