Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның аумақтық филиалдарының
жеке және заңды тұлғалардың «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қаржылық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау
нәтижелері туралы есеп
2015 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық аппаратына (бұдан әрі – ҚРҰБ ОА) қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың 542 өтініші, ҚРҰБ аумақтық филиалдарына (бұдан әрі – ҚРҰБ АФ) – 400 өтініш келіп түсті.
2015 жылғы шілдеде ҚРҰБ ОА 538 өтініш, ҚРҰБ АФ – 372 өтініш қаралды.
Банк секторындағы өтініштердің өзекті мәселесі берешекті, оның ішінде ҚРҰБ Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі №69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша берешекті қайта қаржыландыру болып табылады.
Сақтандыру секторы бойынша өтініштердің көбі міндетті сақтандыру түрлеріне келеді, олардың елеулі үлесі сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмауға байланысты.
Бағалы қағаздар нарығы бойынша өтініш берушілер шағымдарының негізгі үлесі акциялар бойынша дивиденттер төлемеуге қатысты болды.
Есепті кезеңде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ әрекетіне өтініштердің көп бөлігі зейнетақы жинақтарын төлеуден бас тартуға байланысты болды.
Микроқаржы ұйымының қызметі бойынша өтініш Микрокредит беру шартына қосымша келісімде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін көрсетпеу мәселесіне қатысты болды.
2015 жылғы шілдеде ҚРҰБ және оның аумақтық филиалдары өтініштерді қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және/немесе шарттар талаптарын бұзғаны үшін 20, оның ішінде екінші деңгейдегі банктерге – 17, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына – 2, микроқаржы ұйымдарына – 1 шектеулі ықпал ету шарасын қолданды.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізілген жұмыс.
2015 жылғы шілдеде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың қаржы ұйымдарына және қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға талап-арыздары бойынша 3 сот процесі өтті.
2015 жылғы шілдеде ҚРҰБ Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш жасаған 75 азамат қабылданып және оларға консультация берілді.
Қарыз алушылардың қарыздары бойынша жеке тәртіппен қарыз алушылардың екінші деңгейдегі банктердің, ипотекалық ұйымдардың өкілдерімен 35 кездесу ұйымдастырылып және өткізілді.
Бағдарламаны іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен, Қоғамдық бірлестіктердің мүшелерімен, екінші деңгейдегі банктердің, «БТА Банк» АҚ ЕИҰ «БТА Ипотека» АҚ өкілдерімен 1 отырыс, 2 кездесу өткізілді.
Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қызметкерлерінің, Қоғамдық бірлестіктердің, «Нұр Отан» партиясының қатысуымен 2 отырыс өткізді.
ҚРҰБ жеке және заңды тұлғалар егер олардың қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде құқықтары бұзылған жағдайда мыналарға тиісті өтінішпен жүгіне алатынын ескертеді:
1) ҚРҰБ филиалдарына ҚРҰБ www.nationalbank.kz сайтында көрсетілген мекенжайлар бойынша
2) ҚРҰБ-ға
050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67
тел. 7 (727) 2619 213
Е-mail: info@kzp.nationalbank.kz
Достарыңызбен бөлісу: |