Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері
Қабылдаушы:
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Ұлттық зияткерлік меншік институты»
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
|
Мекенжайы:
|
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, №1, №2 кіреберіс
|
БИН:
|
020940003199
|
КБЕ:
|
16
|
КНП:
|
859
|
Банктің атауы
|
ЖСК
|
БСК
|
|
"Нурбанк" АҚ
|
KZ8584905KZ006015415
|
NURSKZKX
|
|
"Казкоммерцбанк" АҚ
|
KZ489261501148407000
|
KZKOKZKX
|
|
"Қазақстан халық банкі" АҚ
|
KZ386010111000288323
|
HSBKKZKX
|
|
"Цеснабанк" АҚ
|
KZ98998ВТВ0000358095
|
TSESKZKA
|
|
"АТФБанк" АҚ
|
KZ87826Z0KZTD2008449
|
ALMNKZKA
|
|
"Сбербанк" АҚ еншілес банкі, Астана қаласы
|
KZ14914012203KZ0047J
|
SABRKZKA
|
|
«ForteBank» АҚ филиалы, Астана қаласы
|
KZ1096503F0007611692
|
IRTYKZKA
|
|
«Тауар таңбасын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан
ҰЗМИ РМК толтырылады
Түскен күні
|
Берілген күні
|
Өтінім N
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Тауар таңбасын тіркеуге арналған
ӨТІНІМ
010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, №1, №2 кіреберіс
Қазақстан Республикасында тауар таңбасы (қызмет көрсету белгісі) ретінде көрсетілген белгінің тіркелуі сұратылады.
Ұжымдық тауар
таңбасы
|
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып өтінім берушінің толық атауы (немесе егер өтінім беруші жеке тұлға болса, аты, тегі, әкесінің аты (бар болса).
|
ДЗМҰ st. 3 стандарты бойынша елдің коды (егер орнатылған болса)
|
|
|
Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі туралы мәлімет, БСН нөмірі не жеке кәсіпкердің ИИН нөмірі
Жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтері, жеке тұлға үшін – ЖСН нөмірі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін)
|
Өтінім берушінің мекенжайы**, телефон, мобильді телефон, телефакс, E-mail
|
Патенттік сенім білдірілген өкіл немесе өзге өкіл
|
Хат-хабар алмасу мекенжайы, (адресатты көрсете отырып толық пошта мекенжайы) телефон, мобильдік телефон, телефакс, E-mail
|
Бұрын берілген өтінім (өтінімдер) бойынша конвенциялық басымдық сұратылады
|
Бірінші өтінім нөмірі
|
Сұратылған басымдық күні
|
ST.3 бойынша берілген елдің коды
|
Көрмелік басымдық сұратылады Ашық көрсетілімнің басталу күні
Мәлімделетін белгі:
|
|
Стандартты қаріптік орындаудағы тауар таңбасы
Транслитерация
Аударма
Көлемді тауар таңбасы
Түсті белгідегі тауар таңбасы
Қорғалмайтын элементтер (дискламация)
Түстерді көрсету:
|
* Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін атауы қазақ және/немесе орыс тілдерінде толтырылады; **
Шетелдік өтінім берушілері үшін транслитерация орыс тілінде толтырылады;
ТҚХК сыныптары бойынша топтастырылған тауар таңбаларын қорғау сұратылатын тауарлар мен қызметтер
Мәлімделген белгі Қазақстанда неғұрлым ертерек тіркелген.
Тіркелу №___________
|
Қоса берілетін құжаттар тізбесі:
Ұсынылып отырған белгінің суреті__данада.
Тауар/қызмет тізбесі (егер ол бланкке сыймай қалса)
Төлем туралы құжат: есеп/төлем тапсырысы №___ _____________
Сенімхат
Бұрын берілген өтінім(дер)нің куәландырылған көшірмесі
Бұрын берілген өтінім аудармасының көшірмесі
Ұжымдық белгі туралы келісім
Басқа құжаттар (көрсету), соның ішінде белгіленгендер_____________
Барлығы __________________бет
_______Қоса берілетін құжаттар тізбесі
|
Мәлімделетін белгіні тіркеуге беру басқа тұлғалардың зияткерлік меншік құқығын бұзбайтындығын растаймын
Қолы
Лауазымы (Т.А.Ә. (бар болса)
МО
Күні
|
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы «__» __________
№__ бұйрығына 5-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 5-қосымша
«Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптамалық ұйым) және оның филиалы;
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 9 (тоғыз) ай ішінде;
Мерзім:
көрсетілетін қызметті алушы тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеуге кедергі келтіретін негіздерді жоюға қажетті қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс болған жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы толық сараптаманың алдын ала қорытындысына қарсылық берген жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы қарсылық берудің немесе сараптаманың сұрау салу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат берген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге;
көрсетілетін қызметті алушы өткізіп алған мерзімдерін қалпына келтіру туралы өтінішхат берген жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тауар шығарылған жер атауларын тіркеу және (немесе) тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын беру не осы стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық, қағаз түрінде.
Портал арқылы өтініш берген кезде заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен орны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанындағы хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға ақылы негізде көрсетіледі.
Сараптама ұйымының қызметтері үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтер бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бекітілген бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде төлем алынады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген).
Тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бажды және сараптамалық ұйымның қызметіне төлеуге қажетті банк деректемелері осы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін кызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптамалық ұйымда - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
3) порталда – тәулік бойы (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
сараптамалық ұйымға:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеуге арналған үш өтінім;
2) іс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенiмхат;
3) сараптамалық ұйымның көрсеткен қызметтеріне төлемді растайтын құжат;
4) егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасса, аталған географиялық объектінің шекарасында өтінім беруші ерекше қасиеттері, сапасы, беделі және басқа да сипаттамалары негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен айқындалатын тауар өндіретіні туралы жергілікті атқарушы органның қорытындысы өтінімге қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бұрын тiркелген тауар шығарылған жердiң атауына айрықша құқық беруге арналған өтiнiмге уәкiлеттi органның осы географиялық объектiнiң шекарасында өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген ерекше қасиеттерге ие тауарды өндiретiнi туралы қорытындысы қоса берiледi.
Егер атауы тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мәлiмделетiн географиялық объект Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерде орналасқан болса, өтiнiм берушiнiң мәлiмделген тауар шығарылған жердiң атауына құқығын растайтын құжат өтiнiмге қоса берiледi.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) іс жүргiзу өкiл арқылы жүргiзiлген жағдайда, сенiмхаттың электрондық көшірмесі;
3) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, тиісті төлемді растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) егер атауы тауар шығарылған жердің атауы ретінде мәлімделетін географиялық объект Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан болса, аталған географиялық объектінің шекарасында өтінім беруші айрықша қасиеттері, сапасы, беделі және басқа да сипаттамалары негізінен осы географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен және (немесе) адам факторларымен айқындалатын тауарды өндіретіні туралы жергілікті атқарушы орган құжатының электрондық көшірмесі, қорытындысы өтінімге қоса беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бұрын тiркелген тауар шығарылған жердiң атауына айрықша құқық беруге арналған өтiнiмге уәкiлеттi органның осы географиялық объектiнiң шекарасында өтiнiм берушi Қазақстан Республикасының тауарлардың шығарылған жерлер атауларының мемлекеттiк тiзiлiмiнде көрсетiлген айрықша қасиеттерге ие тауарды өндiретiнi туралы уәкілетті орган қорытындысының электрондық көшірмесі қоса берiледi.
Егер атауы тауар шығарылған жердiң атауы ретiнде мәлiмделетiн географиялық объект Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан болса, өтiнiм берушiнiң мәлiмделген тауар шығарылған жердiң атауына құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі өтiнiмге қоса берiледi.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, сараптамалық ұйымның кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, мемлекеттік баждың ЭҮТШ арқылы төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Қызметті беруші егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.
10. Егер тауар шығарылған жердiң атауы:
1) географиялық объектiнiң атауын бiлдiрсе де немесе қамтыса да, Қазақстан Республикасында тауардың өндiрiлген жерiмен байланысты емес оның белгiлi бiр түрiнiң белгiлерi ретiнде жалпы қолданысқа енгiзiлген белгiлері болса;
2) тауардың шығарылған жерiне қатысты жаңылыстыруы мүмкін географиялық объектінің атауын білдірсе;
3) тауардың нақты шығарылған жерiн үстiрт түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк берсе;
4) географиялық объектінің тауар шығарылған жермен байланысты емес атауын қамтыса, олар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негіздемесі болып табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану
тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қажетті жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетушінің сапасыздығын растайтын құжаттарды шағымға қоса береді.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының - 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, сараптамалық ұйымның www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.
14. Электрондық цифрлық қолтаңба бар болған жағдайында, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі болады.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі болады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60 Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы – 1414, 8 800 080 7777.
«Тауар шығарылған жердiң атауын
пайдалану құқығын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар –Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
ҚР ҚМ МКД
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ.
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108125
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Сараптама ұйымының қызметтеріне ақы төлеуге қажетті банк
деректемелері
Қабылдаушы:
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Ұлттық зияткерлік меншік институты»
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
|
Мекенжайы:
|
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, №1, №2 кіреберіс
|
БИН:
|
020940003199
|
КБЕ:
|
16
|
КНП:
|
859
|
Банктің атауы
|
ЖСК
|
БСК
|
|
"Нурбанк" АҚ
|
KZ8584905KZ006015415
|
NURSKZKX
|
|
"Казкоммерцбанк" АҚ
|
KZ489261501148407000
|
KZKOKZKX
|
|
"Қазақстан халық банкі" АҚ
|
KZ386010111000288323
|
HSBKKZKX
|
|
"Цеснабанк" АҚ
|
KZ98998ВТВ0000358095
|
TSESKZKA
|
|
"АТФБанк" АҚ
|
KZ87826Z0KZTD2008449
|
ALMNKZKA
|
|
"Сбербанк" АҚ еншілес банкі, Астана қаласы
|
KZ14914012203KZ0047J
|
SABRKZKA
|
|
«ForteBank» АҚ филиалы, Астана қаласы
|
KZ1096503F0007611692
|
IRTYKZKA
|
|
«Тауар шығарылған жердiң атауын
пайдалану құқығын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан
Түскен күні
|
(220) Берілген күні
|
(210) Өтінім №
|
Тауар шығарылған жердің атауын тіркеуге және (немесе) пайдалану құқығын беруге
ӨТІНІМ
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны
010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, №1, №2 кіреберіс
|
Төмендегі құжаттарды ұсына отырып, өтінімде көрсетілген белгіні тауар шығарылған жердің атауы ретінде тіркеуді және оны пайдалану құқығын беруді сұраймын.
|
(711) Өтінім беруші/Өтінім берушілер:
|
ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды
|
Заңды тұлғаның, БСН немесе дара кәсіпкердің ұйымдастыру-құқықтық нысанының толық атауы, ЖСН нөмірі көрсетілген мемлекеттік тіркеу туралы мәлімет
|
Өтінім берушінің толық мекенжайы:
Телефон: Факс: e-mail:
|
(750) Хат-хабар алмасу мекенжайы: (толық пошталық мекенжайы, аты немесе адресаттың атауы
Телефон (ұялы телефон): Факс: e-mail:
|
(740) Патенттік сенім білдірілген өкіл (Т.А.Ә., тіркеу нөмірі) немесе өтінім берушінің өзге өкілі
|
(540) Мәлімделген белгі (бас әріптермен басып шығару)
|
Тауардың түрі
|
Тауардың ерекше белгілерінің сипаттамасы
|
Тауар шығарылған (өндірілген) жер (географиялық объектінің шекараларын көрсету)
|
Қоса берілетін құжаттар тізбесі
|
1 данадағы парақтар саны
|
Даналар саны
|
төлем туралы құжат: шот/төлем тапсырмасы № __ ___________
|
|
|
құзыретті органның қорытындысы
|
|
|
құжаттардың мемлекеттік және орыс тіліне аудармасы
|
|
|
сенімхат
|
|
|
Басқа да құжаттар (көрсету), оның ішінде п.-да белгіленгендері
|
|
|
барлық парақтар
|
|
|
Қолы
Лауазымы (Т.А.Ә. (бар болса)
МО
күні
Өтінім берушінің (егер өтінім беруші заңды тұлға болып табылса, мөрмен куәландырылған) немесе патенттік сенім білдірілген өкілінің қолы және күні
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
|
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы «__» __________
№__ бұйрығына 6-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 6-қосымша
«Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Өнеркәсiптiк үлгiге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы) және оның филиалы;
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген кезден бастап – 12 (он екі) ай өткеннен кейін, қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап белгіленген мерзімнен бұрын жіберіледі. Өтінім берушінің өтініші бойынша сараптама ұйымы мәліметтерді көрсетілген мерзімнен бұрын жариялайды.
Мерзім:
қызмет алушы өтініш бергені үшін белгіленген көлемде төлемді растайтын құжатты ұсынуы қажет болған жағдайда, төрт айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы өзгертілген, қосымша немесе жетіспейтін құжаттарды, сондай-ақ бірлік талабы бұзыла отырып берілген өтініш бойынша нақтылауларды ұсынуы қажет болған жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру мерзімін ұзарту жөнінде өтінішхат берген жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы патентті беруге дайындауға және жариялауға төлеу үшін, сондай-ақ мемлекеттік бажды төлеу үшін өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы құжатты ұсынған жағдайда, үш айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы сараптаманың сұрау салуына жауап беру үшін олар өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат және мәні бойынша сараптама жүргізуге төлем туралы құжатын берген жағдайда, алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – өнеркәсіптік үлгідегі патент не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде, электрондық.
Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күні мен орны көрсетіле отырып, электрондық құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
Егер, қызмет алушы белгіленген мерзімде жетіспеген сұратылған құжаттарды, соның ішінде сараптама жасау ұйымының көрсеткен қызметі үшін төлем туралы құжаттарды, белгіленген мерзімдерді ұзарту және(немесе) қалпына келтіру туралы өтініш хатты ұсынбаса, өтініш кері қайтарып алынған болып есептеледі, ол туралы қызмет алушыға тиісті хабарлама жіберіледі.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
Сараптама ұйымының қызметтері үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде төлемдер алынады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10045 болып тіркелген).
Патент берілгені үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің
539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық өтінім берілген жағдайда, төлемақы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж бен сараптама ұйымының көрсетілетін қызметін төлеуге қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптама ұйымының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
3) порталда – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
сараптама ұйымына:
1) осы Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік үлгіге Қазақстан Республикасының патентін беру туралы үш өтініш;
2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығы (жалпы түрде – 8 дана, қосымша түрде – 4 дана) ;
3) өнеркәсiп үлгiсiнiң елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын сипаттамасы - екі дана;
4) іс жүргізу өкіл арқылы берілген жағдайда куәландырған сенімхат;
5) өтініш беруге төлем төленгенiн растайтын құжат;
6) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжат (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, жалпы білім беру мектептері мен колледждерінің оқушылары, жоғары оқу орындары студенттері үшін – тиісті құжат немесе анықтамалардың көшірмесі, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі).
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) мәлiмделген үлгi (үлгiлер) туралы толық егжей-тегжейлi түсiнiк беретiн бұйымның (бұйымдардың) немесе макеттiң кескiнi бейнеленген қайта жасауға жарамды жиынтығының электрондық көшірмесі;
3) оның елеулi белгiлерiнiң тiзбесiн қамтитын өнеркәсiптiк үлгiсі сипаттамасының электрондық көшірмесі;
4) іс жүргізуді өкіл арқылы жүргізу жағдайында сенімхаттың электрондық көшірмесі;
5) ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда төлем төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
6) төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, жалпы орта білім беру мектептері мен колледждерінің оқушылары, жоғары оқу орындары студенттері үшін – тиісті құжат немесе анықтамалардың көшірмесі, Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – кәсіпорын жарғысының көшірмесі).
Төлемді және төлемнің мөлшерін азайту негіздемесін растайтын құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде ұсынылуы мүмкін. Бұл мерзім екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Жеке басын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәландыратын құжаттардың мәліметтерін ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлеу туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Қызметті беруші егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
Көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – құжаттар топтамасының көшірмесіне оның қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жолданады.
10. Мыналар:
1) өтініш беруші сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi мәлiмделген өнеркәсіптік үлгінің патент қабiлеттiлiгi талаптарына сәйкес келмеуі;
2) егер өтiнiм өнеркәсіптік үлгі ретiнде қорғалмайтын объектiлерге қатысты болса;
3) егер өтініш беруші тиісті хабарламадан елеулi белгiлердің жиынтығын өзгертпесе;
4) ұсынылған елеулi белгiлерiнiң жиынтығы өтiнiмнiң бастапқы материалдарында жоқ белгiлерді қамтыса немесе өнеркәсіптік үлгі ретiнде қорғалатын объектiден басқа, өнеркәсiптiк үлгi ретiнде қорғалатын объектiлерге жатпайтын ұсынысты да сипаттаса немесе оған қатысты өнеркәсiптiк үлгi бiрлiгiнің талаптары бұзылуына байланысты қарау жүргізілмеген болса, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері болып мыналар табылады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына осы Стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қажет болған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы шағымға көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті сапасыз орындағанын дәлелдейтін құжаттарды қоса береді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті қызмет алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын
өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, сараптама ұйымының www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.
14. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414), 8 800 080 7777.
«Өнеркәсіптік үлгіге патент беру»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |