«Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК
Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тiркеу туралы
ӨТІНІШ
1. Осы өтініште көрсетілген қорғау құжатына (қорғау
құжаттарына) қатысты лицензиялық (сублицензиялық) шартты
тіркеуді сұраймын.
2. Қорғау құжатының (қорғау құжаттарының) атауы (атаулары) және
нөмірі (нөмірлері):
____________________________________________________________________
3. Лицензиар (сублицензиар):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жеке тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы
Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және
телефондары
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсету керек
4. Лицензиат (сублицензиат):
Жеке тұлғаның аты, тегі әкесінің аты (бар болса) немесе заңды
тұлғаның атауы
Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және
телефондары
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Егер лицензиарлар бірнешеу болса, көрсету керек
5. Патенттік сенім білдірілген тұлға немесе өтініш берушінің
өзге де өкілі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекенжайлары (пошта индексін, елдің атын қоса алғанда) және
телефондары
6. Лицензия түрі
____________________________________________________________________
7. Лицензиялық шартта көзделген пайдалану түрлерін ескере отырып
берілетін құқықтар көлемі
____________________________________________________________________
8. Хат алысуға арналған мекенжайлар
____________________________________________________________________
9. Қосымшалар:
Тіркелетін шарт ____ парақ (№№ ____ қосымшалар ____ парақ) ____
данада;
Патенттік сенім білдірілген өкілдің немесе басқа өкілетті
өкілдің өкілеттіктерін растайтын сенімхат;
Мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
Жалғастыруға арналған парақтар;
Басқа құжат (көрсету керек)
____________________________________________________________________
Өтініш беруші
____________________________________________________ (бар болса) М.О.
Лауазымы, Т.А.Ә.(бар болса) және қолы
Күні «____» ___________ 20 ____ жыл.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы «__» __________
№__ бұйрығына 4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 251 бұйрығына 4-қосымша
«Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1-Тарау. Жалпы ережелер
1. «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оның нәтижелерін беру:
1) Министрліктің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сараптама ұйымы) және оның филиалы;
2) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 14 (он төрт) ай ішінде, өтініш берушінің жазбаша өтініші негізінде қосымша төлем төленген жағдайда тауар таңбасының өтініміне сараптама белгіленген мерзімдерден бұрын, бірақ алты айдан ерте емес мерзімде өткізіледі.
Мерзім:
қызмет алушы тауар таңбасын тіркеуге кедергі келтіретін негіздерді жоюға қажетті қосымша құжаттарды ұсынуы тиіс болған жағдайда үш айдан аспайтын уақытқа;
қызмет алушы түпкілікті сараптамалық алдынала қорытындыға қарсы қарсылықты қарастыру үшін үш айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы түпкілікті сараптамалық алдынала қорытындыға қарсы қарсылық беру мерзімі өтпеген жағдайда үш айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы түпкілікті сараптамалық алдынала қорытындыға қарсы қарсылық беру мерзімі өтпеген жағдайда алты айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы қарсылық беру мерзімін немесе сараптаманың сұрауына жауап мерзімін ұзарту жөнінде өтініш берген кезінде алты айдан аспайтын мерзімге;
қызмет алушы өткізіп алған мерзімдерін қалпына келтіру туралы өтініш берген жағдайда екі айдан аспайтын мерзімге;
тауар таңбасы Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса тиiстi құзыреттi органның рұқсатын ұсынуы тиіс болған жағдайда он бес жұмыс күн аспайтын уақытқа;
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қызмет алушы апелляциялық кеңеске қарсылық беруге байланысты іс жүргізуді тоқтату туралы өтініш берген кезде тоқтатыла тұрады.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тауар таңбаларының мемлекеттік тізілімінде тіркелген тауар таңбасын тіркеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды, қағаз түрінде.
Портал арқылы өтініш берген кезде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) «жеке кабинетіне» қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алған күнін және орнын көрсете отырып, электронды құжат нысанында хабарлама жіберіледі.
Егер қызмет алушы белгіленген мерзімде қосымша материалдарды немесе көрсетілген мерзімді ұзарту туралы өтініш хатты ұсынбаса, ңс жүргізу тоқтатылады және өтініш кері қайтарылып алынды деп саналады.
Егер қызмет алушы белгіленген тәртіппен тауар таңбасын тіркеу үшін мемлекеттік бажды және сараптама жасау ұйымының мәліметтерді жариялау жөніндегі іс әрекеттеріне төлем туралы құжаттарды ұсынбаса, тауар таңбасын тіркеу жүзеге асырылмайды, ал тауар таңбасына тиісті өтініш кері қайтарылды лдеп саналады және ол бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды және жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Сараптама ұйымының қызметтері үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстар және қызметтерге бағаларды бекіту туралы» 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11225 болып тіркелген) сәйкес белгіленген мөлшерде төлемдер алынады.
Тауар таңбасын тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 539-бабына сәйкес айлық есептік көрсеткіштің 100 пайызы мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріп алынады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық өтінім портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының қызметіне ақы төлеу үшін қажетті банк деректемелері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасында көрсетілген.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) сараптама ұйымының – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
3) порталда – тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
сараптама ұйымына:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар таңбасын тіркеуге арналған үш өтінім;
2) 8х8 см форматындағы мәлімделетін белгінің 15 репродукциясы (тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері, егер 20х20 см мөлшерден аспаса, оларды толық көлемде ұсынуға болады);
3) сараптама жүргізу бойынша сараптама ұйымының қызметіне ақы төленгенін растайтын құжат;
4) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат;
5) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, осы таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқығы бар субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершілікті қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысын (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) (түпнұсқа салыстыру үшін беріледі);
6) конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын пайдаланғысы келетiн өтiнiм берушi мұны тауар таңбасына өтiнiм берген кезде немесе өтiнiм сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екi ай iшiнде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиiстi құжаттарды тапсыруға мiндеттi;
7) егер тауар таңбасы ретінде тіркеуге мерзімді баспасөздің атауы мәлімделсе, бұқаралық ақпарат құралдарында есепке қойылғандығы туралы куәліктің көшірмесі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін);
8) тауар таңбасында мемлекеттік рәміздердің – елтаңбаның, тудың және эмблемалардың элементтерін, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қысқартылған және толық атауларын; ресми, бақылау, кепілдік және таңбалық белгілерді, мөрлерді, марапаттар мен басқа да ерекшелік белгілерін пайдалануға рұқсат.
порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) 8х8 см форматындағы мәлімделетін белгінің репродукциясының (тауар таңбаларының этикеткалары мен ерекше түрлері, егер 20х20 см мөлшерден аспаса, оларды толық көлемде ұсынуға болады) электрондық көшірмесі;
3) ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, белгіленген мөлшерде төлем төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхаттың электрондық көшірмесі;
5) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, осы таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқығы бар субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершілікті қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысының электрондық көшірмесі (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда);
6) конвенциялық немесе көрмелiк басымдық құқығын пайдаланғысы келетiн өтiнiм берушi мұны тауар таңбасына өтiнiм берген кезде немесе өтiнiм сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екi ай iшiнде көрсетуге және осындай талаптың заңдылығын растайтын тиiстi құжаттарды тапсыруға мiндеттi.
7) егер тауар таңбасы ретінде тіркеуге мерзімді баспасөздің атауы мәлімделсе, бұқаралық ақпарат құралдарында есепке қойылғандығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасының өтінім берушілері үшін).
8) тауар таңбасында мемлекеттік рәміздердің – елтаңбаның, тудың және эмблемалардың элементтерін, халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қысқартылған және толық атауларын; ресми, бақылау, кепілдік және таңбалық белгілерді, мөрлерді, марапаттар мен басқа да ерекшелік белгілерін пайдалануға рұқсаттың электрондық көшірмесі;
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның құжаттары, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, мемлекеттік баждың ЭҮТШ арқылы төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Қызмет беруші егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, сараптама ұйымының кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдағанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолдайды.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздемесі мыналар болып табылады:
1) тауар таңбалары ажыратылатын реңкi жоқ белгiлерден ғана тұратын:
тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген;
жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын;
тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн;
дәрілік заттардың патенттелмейтін халықаралық атауларын білдіретін;
тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттамалық байланысы бар тауар таңбаларын тіркеуге жол берілмейді.
2) мемлекеттiк елтаңбаларды, тулар мен эмблемаларды, халықаралық ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын және олардың елтаңбаларын, тулары мен эмблемаларын, ресми бақылаулы, кепiлдiкті және сынамалық таңбаларды, мөрлердi, олимпиадалық нышандарды, наградаларды және басқа да айырым белгiлерiн, сондай-ақ араласып кеткен дәрежеге дейiн оларға ұқсас белгiлердi бейнелейтiн белгiлер.
Егер белгi тек солардан ғана тұрмайтын болса және егер оларды пайдалануға тиiстi құзыреттi органның немесе олардың иесiнiң келiсiмi бар болса, мұндай белгiлер қорғалмайтын элементтер ретiнде пайдаланылуы мүмкін;
3) тауарға немесе оның дайындаушысына қатысты жалған болып табылатын немесе жаңылыстыруы мүмкiн белгiлер, оның iшiнде тауар шығарылған жерге қатысты жаңылыстыруы мүмкiн географиялық объектiнiң атаулары;
4) тауар шығарылған нақты жердi формальды түрде көрсететiн, бiрақ тауар басқа аумақтан шығарылғаны туралы қате түсiнiк беретiн белгі;
5) минералды суларды, шараптарды немесе күштiлігі жоғары спирт ішімдiктерiн сәйкестендіретін географиялық объектiнiң атаулары болып табылатын немесе оларды қамтитын белгiлер, осы жерден шығарылмаған сондай тауарларды белгiлеу үшiн, сондай-ақ егер аударма пайдаланылса немесе белгiде «түрiнде», «үлгiсiнде», «стилiнде» деген немесе басқа да осындай сөздер қоса жазылса, сол белгiлер;
6) өзiнiң мазмұны жағынан қоғамдық мүдделерге, ізгілік пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн белгiлердi тiркеуге;
7) айырғысыз дәрежеге дейін араласып кеткен:
бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен Қазақстан Республикасында тiркелген және халықаралық шарттарға орай қорғалатын тауар белгілерімен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның бірдей тауар белгілерімен;
тауарлар мен қызметтердiң кез келген түрiне қатысты Қазақстан Республикасында белгiленген тәртiппен жалпыға бiрдей белгiлi деп танылған тауар таңбаларымен;
бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге (қайтарып алынғандарынан басқа) қатысты басқа тұлғаның атына неғұрлым ертерек басымдықпен тiркеуге мәлімделген белгiлемелермен немесе сол тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты сол тұлғаның ұқсас белгілерімен;
егер тауар таңбасын тіркеу дараландыру үшін тауар шығарылған жердің атауы тіркелген тауарларға қатысты жүзеге асырылса, тауар шығарылған жердiң осы атауын пайдалану құқығы иесiнiң атына тiркелетiн тауар таңбасының қорғалмайтын элементi ретiнде олар енгiзiлуi мүмкiн жағдайларды қоспағанда, кез келген тауарларға қатысты Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар шығарылған жер атауларымен олар араласып кеткен дәрежеге дейiн бiрдей немесе ұқсас белгiлер;
Осы тармақшада көрсетілген тауар белгілерінің қандай да біреуімен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілемені бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар белгісі ретінде тіркеуге тауар белгісі иесінің келісімі берілген кезде жол беріледі.
8) олардың неғұрлым ертерек басымдығы болған жағдайда басқа тұлғалардың атындағы Қазақстан Республикасында қорғалатын өнеркәсiптi үлгiлер;
9) Қазақстан Республикасындағы белгiлi әдебиет, ғылым және өнер туындыларының өтiнiм берiлген күнi авторлық құқықтары бұзыла отырып берілген атаулары, белгiлi өнер туындылары мен олардың фрагменттерi;
10) осы адамдардың, олардың мұрагерлерiнiң немесе құқық мирасқорларының жеке мүлiктiк емес құқықтарын бұза отырып, олардың тектерiн, есiмдерiн, бүркеншiк аттарын және солардан таралатын есiмдердi, портреттерi мен факсимилелерiн қайталайтын, сондай-ақ егер бұл белгiлер Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылса, олар тиiстi құзыреттi органның рұқсатынсыз тiркелмейдi.
3-Тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайға беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы беріледі.
Қажетті жағдайларда қызметті алушы қызметті беруші көрсеткен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасыздығын растайтын, құжаттарға шағымды қоса тіркейді.
Шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдануын растау болып табылады. Шағымда қызметті алушының қолы болуға тиіс.
Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының - 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі жасау, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
4-Тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызмет ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www. adilet.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде, сараптама ұйымының www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.
14. Электронды сандық қолтаңба болған кезде, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті» арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 07 54, 74 09 69, 74 96 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы – 1414, 8 800 080 7777.
«Тауар таңбасын тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Бенефициар – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесi.
БСН – 081240013779
ЖСК – KZ24070105KSN0000000
БСК – KKMFKZ 2 A
Бенефициар банкі – «Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» мемлекеттік мекемесі.
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) – 108118
Төлем тағайындау коды — 979 жеке тұлғалар үшін
Төлем тағайындау коды — 911 заңды тұлғалар үшін
Достарыңызбен бөлісу: |