3 деңгейлі ОӘ құжаты



жүктеу 0,91 Mb.
бет1/9
Дата19.11.2018
өлшемі0,91 Mb.
#20484
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 деңгейлі ОӘ құжаты

ОӘК

ОӘК 042-14-1-03-01.09- 2015

«Клиникалық фармакология» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

1 басылым



5В120100 «Ветеринариялық медицина» мамандына бойынша малдын



«Клиникалық фармакология»

пәнінен сабақтарын жүргізуге арналған



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

Семей 2015

Мазмұны
1.Глоссарий

2.Дәрістер

3.Тәжірибелік-практикалық сабақтар

4. Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы

5.Студенттердің өздік жұмысы

1 Глоссарий
a – (с французша)- бойынша, дейін frictio-сүртіп, үйкеп жағу

ad- ішінде, мыс frigidus-салқын

adde- қос fusus- ерітілген

ad libitum- өз шешуіңше gargarisma-шайып жуу

aders- мал майы granula-түйір, дән

adhaesivus- жұққыш grossus- үлкен

adiuvan- көмекші, жәрдемші gummi-шайыр

adstringens- тұтқыш humidis- ылғал, ылғалданған

aerophorus- быжылдау inscriptio-сөз, сөйлем басы

albus-ақ lenies-жұмсартқыш

amarus- ащы liquidus-сұйық

animalis- малдан өндірілген medicamentum-дәрі, дәрі-дәрмек

antidotum- уға қарсы қолданылатын зат medicinalis- дәрігерлік

agua- су mica panis- нан жұмсағы

aquosus- сулы mixtura agitanda- шайқау керек

aqua fervida- ыстық су mollis-жұмсақ

adua ebuliens- қайнап жатқан су niger-қара

adua fiuviatilus- өзен суы oleosum-майлы

adua pluvialis- жаңбыр суы ovum-жұмыртқа

adua fontana- бұлақ және водопровод суы oxydatus-тотыққан

adua communis – кәдімгі құдық суы paratus-дайындалған

adua destillata – дестилденген су pars-бөлегі, бөлшегі

bene-жақсы pasta-қамыр, паста

buliens-қайнап жатқан pectoralis-көкіректік

basis-негізгі, негізгі әсер ететін per se-өзінен-өзі

cum- мен per os-ауыз арқылы

ca lidus-жылы, ыстық perrectum-тікішек арқылы

cera-балауыз pondus-салмақ

ceratum- төмен түсу potio-ішу, ішімдік

cinereu- сұр, күл тәрізді pro centum- жүзге

cochlear- қасық pro mille-мыңға

cola-сүз purus-таза

cocte- ас, қайнат recens-жарық, айқын

corrigens-түзетуші resina-смола

coriu- тері repetatur-қайтала

dulcus-тәтті remedium-дәрігерлік құрал

durus-қатты reductus-қалпына келген

e,ex- e dua-нан, нең, ден, дан repletus-толған

ruber-қызыл venena- улар (улы заттар)

flavus-сары sal-тұз

flexilis-иілгіш, майысқақ scatulus-қапшық

fomentatio-сулап жағу salinus-тұзды

saturatio-қандыру, қанықтыру tritus- үйкеп ұсатылған

seu- немесе ustus- күйдірілген


1 Дәріс

Кіріспе.

Жоспар

1.Пәні мен міндті.

2. Клиникалық фармакология қысқаша даму тарихы.

3. Фармакологияның ғылыми бағыттары



Клиникалық фармакология – дәрілік заттардың организммен өзара қарым-қатынасын зерттейтін ілім. Негізгі мақсаты – жаңа препараттарды клиникалық тексеруден өткізу, ескі препараттарға қайта баға беру, тиісті ауруларды емдеу үшін препараттарды таңдап алу, олардың пішіні мен организмге жіберу жолдарын анықтау, әсерін мониторлы қадағалау, кері әсерлерінен сақтандыру.

Фармакология – дәрілер, дәрілік заттар туралы ілім (pharmakon – лекарство – дәрі, logos – учение – оқу, ілім).



Клиникалық фармакология – белгілі бір ауруға немесе аурудың синдромына емдік дәрілерді рационалды принцип бойынша таңдап алуға жәнеде сол емнің тиімділігі мен қауіпсіздігін қадағалауға негізделген ілім.

Клиникалық фармакологияның негізгі бөлімдері:



  1. Клиникалық фармакология /фармакодинамика және фармакокинетика/;

  2. Бақылау үшін жүргізілетін терапевтік зерттеу. Онда дәрілік заттардың ауруды емдеу үшін қажеттілігі мен қауіпсіздігіне көңіл аударады;

  3. Дәрілік заттарды ары қарай қолдануға болатынын, не болмайтынын бақылау. Олардың организмге жағымсыз реакцияларын зерттеу;

Дәрілік заттардың әсерлерін клиникалық зерттеу барысында төрт мәселеге көңіл бөлу керек:

  1. Жаңа дәрілік зат ауруды емдегенде организмге фармакологиялық тиімді әсер ете ме, жоқ па? Бұл мәселеде ең жауапты кезең жаңа дәрінің бірінші дозасын тағайындау болып табылады. Сау адамдарға жаңа препараттарды қолдануға тиым салынған. Малдарға тексеруді ең төменгі дозасынан бастайды. Ол терапевтік дозаның отыз екіден бір бөлігі. Дәрінің әсерін 48 сағат қадағалау керек. Егер 1300 тексерудің үшеуінде жағымсыз реакция болса, ондай дәрі тиімді емес деп есептеледі.

  2. Ауруды емдегенде дәрілік заттың құрамындағы фармакологиялық белсенді заттың тиімділігі қандай? Оны тәжірибе және бақылау топтарының көрсеткіштерін салыстыру арқылы анықтайды.

  3. Жаңа препараттың тиімділігін көп малдарға ұзақ уақыт әсер ету арқылы тексеру. Онда дәрілік заттың тиімділігінің, тиімсіздігінің және улылығының жиілігіне көңіл аударады.

  4. Дәрілік затты ұзақ уақыт қолданғанда болашақта организмге келтіретін тиімсіз әсері /зияны/ қандай?

Дәрілік заттардың организмге биологиялық сіңуінің маңызы өте зор. Ол қолданылған дәрілік заттың қанға сіңуімен тікелей байланысты. Ал дәрінің қанға сіңуі оның физикалық және химиялық қасиеттері мен организмге әсер ететін физиологиялық факторларға тікелей байланысты.

Дәрілік заттардың организмге биологиялық сіңуіне байланысты оларға берілетін бірнеше анықтамалар бар. Олар:



  1. Химиялық эквиваленттілік. Дәрілік заттың өзінің химиялық және физикалық қасиеттері бойынша мемелекеттік стандартқа сай болуы;

  2. Биологиялық эквиваленттілік. Дәрілік заттардың тіндер мен қандағы концентрациясының біркелкілігі;

  3. Терапевтік эквиваленттілік. Клиникалық зерттеулердегі терапевтік нәтижелердің бірдейлігі.

Дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен тиімділіктерін сипаттайтын көрсеткіштер бар. Олар:

  1. Терапевтік индекс /Т.И./ - қауіпсіздіктің шекарасы. Ол тиімділік мөлшерінің тиімсіздік мөлшеріне ара қатынасымен анықталады. Малдарға тәжірибеде өлтіру дозасының тиімді дозаға, ал клиникалық тәжірибеде улылық дозасының тиімді дозаға ара қатынасымен анықталады;

  2. Гиперреактивтілік – ауру малдың дәрілік заттың өте төменгі дозасына реакция беруі;

  3. Гиперсезімталдық – ауру малдың дәрілік заттың қалыпты дозасына жоғарғы реакция беруі;

  4. Гипореактивтілік – дәрілік заттың өте үлкен дозасына аурудың қалыпты реакция беруі;

  5. Толеранттық – алдында қолданылған дәріге байланысты гипореактивтілік;

  6. Тахифилаксия – ауруда дәрінің бірнеше дозасын қабылдағаннан кейін тез арада толеранттықтың пайда болуы;

  7. Иммундық – қарсы денелердің түзілулері салдарынан болатын толеранттылық;

  8. Дәрілік аллергия – иммунологиялық механизмдердің қатысуымен ауруға алдыңғы қолданылған дәрінің салдарынан соңғы дәрінің келтіретін тиімсіз әсері;

  9. Кумуляция – дәрілік заттардың организмде /қанда/ шоғырлануы.

Дәрілерді қолданатын негізгі бағыттар:



  • Ауруларды емдеу – фармакотерапия;

  • Аурулардан сақтандыру, алдын алу – фармакопрофилактика;

  • Организмдегі физиологиялық процесстерді реттеу;

  • Организмнің резистенттілігін жоғарылату;

  • Малдан алынатын өнімді молайту, сапасын жақсарту, өсімін көбейту – фармакостимуляция;

  • Дәрілік заттардың әсер ету нәтижелерінің заңдылықтарын зерттеу – фармакодинамика;

  • Дәрілік заттардың организмге сіңгенінен бастап бөлінгенге дейінгі кинетикалық жағдайларын зерттеу – фармакокинетика.

Мал ауруларын емдеу үшін, аурудың алдын алу үшін қолданылатын дәрілік заттар, препараттар, дәрілік формалар күнделікті өмірде дәрілер, немесе дәрілік құралдар деп аталады.

Дәрілік заттардың аттары негізінен оның химиялық құрамына сәйкес халықаралық тұрғыда болып келеді. Көптеген препараттар медицина мен ветеринарияға ортақ. Бірақта тек қана ветеринария саласында ғана қолданылатын препараттар да бар. Ондай препараттардың заңдылығын Мемлекеттік фармакопея комитеті анықтайды.

Фармакопея (гр. Pharmakon – дәрі, poieo – істеймін, дайындаймын) – дәрілік заттардың қалыптылық сапасын дәрістейтін стандарттар мен қағидалар жиынтығы.



Фармакологияның ғылыми бағыттары:

  1. Рецептура – рецепт жазу ережелері, дәрілік заттарды дайындау, сақтау және аптека арқылы босату туралы ілім. Алға қойылған мақсатына қарай дәрігерлік және фармацевтикалық болып бөлінеді.

  2. Фармация – комплекс пәндерді қамтиды: фармацептикалық химия, фармакогнозия, дәрілік заттарды дайындау технологиясы, фармацептикалық істі ұйымдастыру және оның экономикасы. Оның ішінде фармацептикалық химияның алатын орны ерекше: дәрілік заттарды алу тәсілдерін, олардың қасиеттері мен сапасына анализ жасау әдістерін оқытумен айналысады.

  3. Фармакокинетика – бөгде заттардың организмнің ішкі ағзаларда таралуының кинетикалық заңдылықтарын оқытатын ілім. Дәрілік заттардың организмге сіңуінің, таралуының, метаболизмінің және экскрециясының кинетикасын зерттейді. Олардың организмге фармакологиялық, терапевтикалық және токсикалық әсерлерін анықтайды.

  4. Токсикология – улар, олардың қасиеттері мен әсерлері, емдеу және алдын алу туралы ілім.

  5. Фармакогенетика – жеке малдың дәрілік заттарға генетикалық тұрғыдан сезімталдығын, организмнің қалыптан тыс жауабының алдын алу, оны реттеу (коррекция), дәрілік заттардың мутагендік әсерін зерттеу.

  6. Радиациялық фармакология – сыртқы ортаның радиациялық лас жағдайында дәрілік заттардың организмге әсерін зерттеу.

  7. Психофармакология – дәрілік заттардың орталық нерв жүйесіне әсерін зерттеу.

  8. Биохимиялық фармакология – организмдегі биомолекулалар мен дәрілік заттардың өзара реакцияларын зерттеу. Негізгі мақсаты – бірінші фармакологиялық реакцияның химизмін анықтау.

  9. Стресс-фармакология – организмнің стресс жағдайын дәрілік заттар арқылы реттеу (коррекция), стресске қарсы қолданылатын препараттарды тиімді қолдану әдістерін іс жүзінде тексеріп, тәжірибеге еңгізу.

  10. Иммунофармакология – дәрілік заттардың организмнің иммундық статусына әсерін зерттеу. Негізгі мақсаты - жаңа иммуностимуляторлар мен иммунодепрессанттарды іздеп табу, оларды қолданудың керекті үлгісін жасау.

  11. Экологиялық фармакология – дәрілік заттардың қоршаған ортаға әсерін зерттеу, олардың экологияға кері әсерлерін азайту жолдарын, тәсілдерін іздеп табу, іске асыру.

Фармакологияның дамуының қазіргі кезеңінде әсіресе генетикалық және экологиялық фармакология бағыттарына көп көңіл бөлінуде. Сыртқы ортаны сақтап қалу және планетадағы өмірді қорғау осы екі бағытқа тікелей байланысты.

Дәрілік препараттарды жасап шығару өте күрделі және ұзақ процесс. Оны бірнеше сатыға бөлуге болады:



  1. Жеке, немесе комплексті дәрілік затты іздеуге жоспар құру, алынатын көзін анықтау;

  2. Дәрілік затты алу;

  3. Жаңа препаратты бірінші рет лабораториялық малдарға тексеру. Дәрілік заттың жағымсыз жақтарына көңіл бөледі: улылығына, концерогендігіне, тератогендігіне, иммуногендігіне, ауруға тиімділігіне;

  4. Жаңа препаратты тереңірек тексеру, бұрынғы белгілі препараттармен салыстыру;

  5. Фармакологиялық комитетке тапсыру;

  6. Жаңа препаратты клиникалық тексеруден өткізу;

  7. Клиникалық тексерудің нәтижесін екінші рет фармакологиялық комитетке тапсыру;

  8. Препаратты өндірісте шығару технологиясын дайындау.

Дәрілік заттарды алу үшін қолданылатын негізгі көздер:

    • минералды заттар;

    • өсімдік және мал шикізаттары;

    • синтетикалық қосылыстар;

    • микроорганизмдер мен саңырауқұлақтардың өнімдері.



Қазіргі кездегі жаңа дәрілік заттарды іздеу бағыттары:

  • препараттарды химиялық синтездеу;

  • дәрілік шикізаттардан алу;

  • микроорганизмдер мен саңырауқұлақтардың өнімдерінен биосинтез арқылы алу;

  • генетикалық инженерлік жолмен алу.

Ескеретін бір жағдай: дәрілік заттар организмде жаңадан биохимиялық немесе физиологиялық процесстер тудырмайды, тек қана оларды күшейтеді, немесе әлсіретеді.

Фармакология курсын жақсы игеру үшін алдыңғы өткен пәндерді жетік білу керек, ал фармакологиялық білім болашақ малдәрігеріне, әсіресе, клиникалық пәндерді игеру үшін өте қажет.

Фармакология пәнін игеру белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізіледі:


  • әуел баста барлық дәрілік заттардың жалпы заңдылықтары қарастырылады;

  • дәрілік заттардың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін жағдайлар дәрістеледі;

  • жеке топтағы дәрілік заттардың жалпы ортақ фармакологиялық әсерлері талқыланады;

  • әрбір препараттарға жекелей сипаттама беріледі.

Клиникалық фармакология курсы екі бөлімнен тұрады:

    1. Жалпы клиникаляқ фармакология – дәрілік заттар мен организм арасындағы өзара қарым-қатынастың заңдылықтарына тоқталады;

    2. Жеке клиникалық фармакология - әрбір дәрілік заттардың организмге тигізетін жеке әсерлеріне тоқталады.

Барлық дәрілік заттар 5 топқа жіктеледі:

  1. нейротропты дәрілік заттар;

  2. атқарушы ағзалар мен жүйелердің қызметтерін реттейтін дәрілік заттар;

  3. тіндердегі зат алмасу процесіне әсер ететін дәрілік заттар;

  4. стрессті, мал өнімін және иммундық статусты реттейтін дәрілік заттар;

  5. микробтарға, вирустарға және тоғышарларға қарсы әсер ететін дәрілік заттар.

Дәрілік заттар агрегаттық жағдайларына қарай 4 түрлі пішінде болады: қатты, жұмақ, сұйық және газ түрінде. Олардың улылықтарына қарай: улы, күшті әсерлі және улылығы аз препараттар деп бөлінеді.

Дәрілердің тиімділігі жөніндегі қорытынды клиникалық зерттеулердің нәтижесінде ғана беріледі. Міне, сондықтан да клиникалық фармакологияға көп көңіл бөлінуде.


2-3 Дәріс

ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

Жоспар.


      1. Фармакокинетика

      2. Фармакодинамика

Жалпы фармакология дәрілік заттардың тірі организммен қарым-қатынасының заңдылықтарын оқытатын ілім. Ол үшін дәрілік заттардың фармакокинетикасын (грекше: pharmacon – дәрі, kineo - қозғау) және фармакодинамикасын (dinamis – күш) толық меңгеру керек.

Фармакокинетика– дәрілік заттарды организмге жіберу жолдарын, олардың организмде орналасу жерлерін, организмдегі заттармен реакцияласу арқылы түзілетін метаболизмдерін, сіңуін және организмнен бөлінуін түсіндіретін фармакологияның бөлімі.



Фармакодинамика – организмге түскен дәрілік заттардың орналасуын, әсер ету механизмін, оның мөлшеріне байланыстылығын, жағымсыз әсерлерін және организмде болатын биологиялық тиімділікті оқытатын фармакологияның бөлімі.
ФАРМАКОКИНЕТИКА.

Дәрілік заттарды организмге еңгізу жолдары.

Малдәрігерлік тәжірибеде ауруларды емдеу және олардың алдын алу үшін қолданылатын барлық дәрілік заттарды әртүрлі пішінде организмге еңгізеді, немесе тері не кілегей қабықтары арқылы сіңіреді. Дәрілік заттардың сіңу жылдамдығы, әсер ету күші мен өзгешелігі олардың пішіні мен жіберу жолдарына тікелей байланысты. Дәрілік заттардың тін қабаттары арқылы лимфа мен қанға сіңуі олардың резорбциялық әсерлері ретінде сипатталады. Ол тіндердің кедергілік функцияларына және дәрілік заттардың физикалық-химиялық қасиеттеріне тікелей байланысты құбылыс. Сондықтан да дәрілік заттарды организмге жіберу жолдарын таңдап алу дәрігердің алдында түрған жауапты кезеңнің бірі.

Дәрілік заттарды организмге жіберудің бірнеше жолдары бар. Оларды ас қорыту жүйесінің жолдары арқылы (энтералды) және одан басқа жолдар арқылы (парэнтералды) деп бөлуге болады.

Малдарға дәрі жіберудің ең қарапайым, кең тараған, қолайлы түрі ауыз қуысы арқылы жіберу. Бұл жағдайда дәрілердің организмге сіңуі асқазаннан басталады да, көбінесе жіберілген дәрілік заттармен түйісетін үстіңгі бетінің көлемі аумақты, қанмен жақсы қамтамасыз етілген ащы ішектерде негізгі бөліктері сіңіп, тарайды. Дәрілердің сіңуі торша мембраналарының саңылаулары арқылы және ол жердегі қысым айырмашылығына байланысты іске асады. Дәрілердің сіңу жылдамдығы кілегей қабықтардың функционалдық жағдайларына, асқазан мен ішектердің жирылу белсенділіктеріне, ортаның қышқылдығына және олардағы ас қалдығының мөлшері мен сапасына тікелей байланысты болады. Ескеретін бір жағдай, дәрілік заттардың жалпы қан айналысына түспес бұрын, ішекте сіңгеннен кейін бауырға барып бейтараптануы, немесе өтпен бөлінуі мүмкін. Ал кейбір дәрілерді ас қорыту жүйесінің ферменттерінің әсерінен бүлінетіндіктен ауыз қуысы арқылы беруге болмайтынын ескерген жөн. Мысал ретінде адреналин, инсулин, бензилпенициллин және т.б. препараттарды келтіруге болады. Ас қорыту жүйесінің кілегей қабықтарының рецепторларын қатты тітіркендіретін дәрілерді ауыз қуысы арқылы берудің нәтижесі төмен.

Малдәрігерлерінің әртүрлі пішінді дәрілерді беру үшін қолданатын аспаптары бар. Оған жататындар: қасық, резина түтігі, зондтар, қалақша, болюс бергіштер, резина бөтелкелері, шприцтер және т.б. Көптеген дәрілік заттарды малдың азығына қосып берген өте қолайлы.

Бұл әдістердің қолайсыз жағдайы сол, берілген дәрілік заттардың 50 %-ына дейінгісінің ас қорыту жүйесінің ферменттерінің әсерлерінен белсенділігі жойылады. Сондықтан олардың мөлшерін басқа әдістерге қарағанда 1,5 – 2 есе көбейтіп жібереді.

Дәрілік заттарды ас қорыту жүйесі арқылы жіберудің екінші түрі оларды тік ішек арқылы еңгізу. Мұндай жағдайда дәрілік заттардың 50 %-дай мөлшері бауырға соқпай, тікелей қан айналысына түседі. Олар ас қорыту жүйесінің ферменттерінің әсерлеріне ұшырамайды. Дәрілердің сіңуі қарапайым диффузия заңына бағынады. Дәрілік заттарды ертінді түрінде Эсмарх, немесе резина ыдыстар арқылы резина түтікшелерін қолданып, не микроклизма ретінде жібереді. Ірі малдарға 2 л-ге дейін, ал ұсақ малдарға – 5-10 мл ерітіндіні жіберуге болады.

Дәрілік заттарды күйіс қайыратын малдардың месқарнына басқа әдістерден нәтиже болмаған жағдайда жібереді.

Парентералды әдістердің ішінде малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылатын түрлері терінің астына, еттің ішіне және венаға жіберу әдістері. Дәрілік заттарды венаға жібергенде оның әсері басқа әдістерге қарағанда жылдамырақ болады. Терінің астына және еттің ішіне тітркендіргіш қасиеті бар дәрілерді жіберуге болмайды. Ондай дәрілік заттар ұзақ уақыт ауырсынғандық, қабыну процессін тудырады, кейде жергілікті өлі еттену құбылысының пайда болуы да мүмкін.

Дәрілік заттардың организмге тигізетін әсерін ұзарту үшін пролонгаторлар қолданылады.

Терінің астына дәрілік заттардың судағы және майдағы ертінділері жиі, ал спирттегі ертінділері сирек жіберіледі. Жылқылар мен ірі қара малдарының мойын тұстарына, қойлардың ішкі шабына, шошқаларға құлағының арты мен ішкі шабына, иттер мен мысықтардың қабырға, немесе ішкі шап тұстарына жіберген дұрыс. Ірі малдарға 2-20 мл, ал ұсақ малдарға 0,5-2 мл мөлшерінде жіберуге болады. Дәрілік заттардың әсері 5-15 минуттан кейін біліне бастайды.

Осындай түрдегі ертінділерді еттің ішіне де жіберуге болады. Көбінесе малдың жая, иық, төс бұлшық еттеріне жіберіледі. Дәрілік заттардың әсері тері атына жібергеннен 2 есе жылдамырақ білінеді.

Дәрілік заттарды венаға, немесе артерияға өте сақтықпен жіберген жөн. Ол үшін дәрігердің өзіндік тәжірибесі болғаны дұрыс. Қан тамырларына толық ерімейтін, майлы, тітіркендіргіш, қанды ұйытатын, эритроциттерді ерітетін дәрілік заттарды жіберуге болмайды. Әдіс арнайы шприцтер мен аппараттар (Жанэ шприці, Бобров аппараты) арқылы орындалады. Жылқыларға, ірі қара малдарына, қой, ешкілерге мойын көк тамыры мен қарын тұсының тері асты венасына; шошқалар мен қояндардың құлақтарының венасына; иттердің жамбас және жіліншік тері асты веналарына жіберуге болады. Дәрілік заттардың әсері бірден білінеді.

Дәрілік заттарды артерияға жіберу өте күрделі әдіс болғандықтан малдәрігерлік тәжірибеде сирек қолданылады.

Дәрілік заттарды, әсіресе төлдерге, венаға жіберу мүмкін болмай қалған жағдайда, төс сүйегінің ішіне жіберуге болатынын да есте сақтаған жөн.

Дәрілік заттарды құрсақ қуысына, плевраның ішіне жіберу әдістері де бар. Бұл әдістер сирек қолданылса да, кейбір ауруларда малдәрігерінің арсеналындағы таптырмайтын әдістер.

Кейінгі кезде, әсіресе тыныс алу жүйесінің ауруларын емдеу, алдын алу шаралары ретінде, жиі ұсынылып жүрген әдістердің бірі - дәрілік заттарды бу немесе аэрозоль ретінде дем арқылы жіберу әдісі. Малдардың өкпелерінің сору бетінің көлемінің үлкендігін және альвеоллалардың капилляр қан тамырларымен жақсы коректенетінін ескерсек, онда дем арқылы келген дәрілік заттардың қанға тез тарайтынына күман болмаса керек. Бұл әдіспен жіберілген дәрілік заттар жергілікті (өте ұсақ бөлшектерге ыдыратылған сульфаниламид немесе антибиотиктердің бөлшектері танау қусынан бастап микробтарға қарсы әсер ете бастайды), рефлекторлы (қақырық түсіруі) және резорбтивті (қанға сіңу арқылы) әсер етеді.

Дәрілік заттарды дем арқылы жіберудің де бірнеше әдістері бар. Солардың ішінде ауру малдарды топтап емдеу үшін қолданылатын аэрозоль-, оксигенозоль арқылы емдеу әдістерінің малдәрігерлері үшін алатын орындары ерекше. Бұл әдістердің ғылыми негізін дәлелдеп, іс жүзіне асыруда Омскінің малдәрігерлік және Семейдің зоотехникалық-малдәрігерлік институттарының ғалымдарының қосқан үлестері өте зор.

Малдәрігерлік тәжірибеде сирек қолданылатын, бірақ білуге керек әдістердің қатарына отиттерді (құлақ қабынуларын) емдеу үшін қолданылатын малдардың құлағына дәрі тамызу, иттерге қолдануға болатын жүрек қуыстарына дәрі жіберу әдістері жатады.

Теріге, кілегей қабықтарға жағу арқылы майлар, пасталар, линименттер, ұнтақтар, ертінділер, эмульсиялар, балауыз дәрілер, шарлар, таяқшалар қолданылады.

Малдәрігерлік тәжірибеде жиі қолданылатын әдістер - дәрілік заттарды шашырату, олармен жуу, оларға шомылдыру. Ол үшін арнайы шашыратқыштар, гидропульттар, аппараттар, машиналар пайдаланылады.

Дәрілік заттарды инъекция арқылы жіберу әдісінің түріне оларды электрофорез арқылы жіберу әдісі де жатады. Малдың терісін, кілегей қабығын жарақаттамай, электр тоғының оң және сол полюстерін пайдалана отырып, белгілі бір зарядтағы дәрілік заттарды мал организміне еңгізу. Дәрілік заттарды еңгізу үшін қолданылатын электродтардың орналасқан жерлерінде дәрілер шоғырланып, ұзақ уақыт әсер етеді.

Кілегей қабықтардың рецепторларын қатты тітіркендірмейтін кейбір дәрілерді көздің, немесе мұрын қуысының кілегей қабықтарына тамызу арқылы қолдану әдісі де ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

Міне, қысқаша, малдәрігерлік тәжірибеде дәрілік заттарды организмге жіберу үшін қолданылатын әдістерге жататыны осылар. Бұл әдістер туралы тереңірек өзімнің «Терапевтикалық техника – малдәрігерлік тәжірибеде» атты кітабымда келтірдім (Алматы, 2006).
Резорбция. Дәрілік заттардың организмге сіңу жылдамдығы оларды жіберу жолдарына, дәрілік заттардың пішіндеріне, олардың сіңетін беттердің көлеміне, тіндердің функционалдық және морфологиялық жағдайларына, тағы басқа да факторларға тікелей байланысты. Дәрілік заттардың сіңу жылдамдығын олардың қандағы концентрациясын анықтау арқылы білуге болады. Дәрілік заттардың қанға сіңуімен қабаттас олардың биотрансформациясы мен организмнен бөліну процесстері жүретінін естен шығармаған жөн.

Дәрілік зат организмге сіңу барысында бірнеше биологиялық кедергілерден өтеді. Олар бір, немесе бірнеше қабатты эпителий, эндотелий торшалары; плазматикалық мембраналар. Ұсақ молекулалы дәрілік заттар (0,4 нм) бұл кедергілерден еркін өткенімен, ірі молекулалы дәрілік заттарды өткізетін арнайы тасымалдаушы механизмдер қажет. Дәрілік заттарды тасымалдаудың бірнеше түрлері бар:



  1. Белсенді тасымалдау - арнайы белокты механизмдер арқылы;

  2. Белсенді емес диффузия – капиллярлардың қабырғалары арқылы;

  3. Оңайлатылған диффузия – дәрілік заттың мембрананың компонентімен өзара қатынасуы арқылы.

Дәрілік заттардың организмге сіңуі олардың ерігіштігіне; ортаның қышқылдық, не сілтілік қасиетіне; температурасына; дәрілік заттардың концентрациясына; малдың түрі, жасы мен жынысына байланысты болып келеді.

Дәрілік заттардың организмде орналасуы. Организмге сіңген дәрілік заттар қан арқылы барлық организмге тарайды. Олардың әртүрлі тіндерге сіңу мөлшері жалпы және дара заңдылықтарға байланысты болады. Жеке заңдылықтары дара фармакология бөлімінде қарастырылады. Ал жалпы заңдылықтарға жататындар әрбір тіндердің қанмен қамтамасыз етілу мөлшері мен олардың кедергілік-барьерлік функциялары. Қанға түскен дәрілік заттарға гистогематологиялық кедергілер қарсы тұрады және әрбір тірі торшалардың өз барьерлері бар. Сондықтан әрбір торшалар кейбір дәрілік заттарды оңай өткізеді де, ал кейбір дәрілік заттарды өткізбейді.

Майда жақсы еритін дәрілік заттар липоидты тіндерде шоғырланады. Ондай дәрілік заттардың мида шоғырлануын осымен түсіндіруге болады.

Көптеген дәрілік заттардың тіндерде әртүрлі мөлшерде орналасуы олардың химиялық қасиеттеріне тікелей байланысты.

Химиятерапевтикалық дәрілік заттардың сіңуі қабыну процесстері бар жерлерде арта түсетіндігі тәжірибе жүзінде дәлелденген.

Дәрілік заттардың организмде белоктармен комплекс түзуі өте маңызды жағдай. Ондай комплекстер дәрілік заттардың тасымалдануын, терапевтикалық тиімділігін нашарлатады, организмнен бөлінуін баяулатады және биотрансформациясын төмендетеді.

Қорыта келгенде, дәрілік заттар организмнің ішкі ортасында, тіндерде бос күйінде, белокпен байланысқан комплекс түрінде және химиялық тұрғыдан алып қарағанда өзгерген метаболит ретінде кездеседі.

Кейбір дәрілік заттардың әртүрлі тіндер мен ағзаларда көбірек шоғырланатын қасиеттері бар. Оған мысал ретінде күшәләнің шашта, йодтың қалқан безінде, хромның эритроциттерде шоғырланатындарын келтіруге болады. Ауыр металл қосылыстары бүйректер мен бауырда ұзақ уақыт сақталады. Жүрек гликозидтері (дигитоксин және т.б.) оларда ішектерге қарағанда 8 есе, ал көлденең жолақты еттерге қарағанда 37 есе көп жинақталатын көрінеді. Міне сондықтан да, ауру малдарға дәрілік заттарды тағайындағанда олардың организмде жинақталатын жерлерін біліп, ескеріп отыру өте қажет.

Дәрілік заттардың биотрансформациясы.

Дәрілік заттардың көпшілігі организмдегі зат алмасу процесінің әртүрлі морфологиялық және биохимиялық деңгейінде оларға араласып, әртүрлі дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. Тек жоғарғы гидрофилді қосылыстар, кейбір майда ерігіш және дем арқылы наркозға қолданылатын заттар ғана организмнен өзгеріссіз түрде шығарылады.

Дәрілік заттардың биотрансформациясы негізінен оларға ферменттердің әсерінен, әсіресе торша ішілік ферменттердің әсерінен болады. Олардың әсерінен дәрілік заттардың метаболизмдері бауырда, ішектерде және басқа да тіндерде түзіледі де, қан сары суында шоғырланады. Кейбір инсектицидтер, ауыр металл қосылыстары, күшәләлі металлоидтар организмдегі белоктармен, күкіртті сутегі топтарымен берік байланасатындықтан организмде көпке дейін сақталады, оларды арнайы антидоттар қолдану арқылы шығарады.

Организмдегі биотрансформацияның деңгейін анықтайтын факторлар: дәрілік заттардың химиялық құрылысы; малдардың түрі, жасы, жынысы; организмннің патологиялық жағдайы.

Дәрілік заттардың организмде өзгеруінің екі түрін ажыратуға болады:



  1. Метаболикалық трансформация – дәрілік заттардың тотығу-тотықсыздану, гидролиздену арқылы өзгеруі;

  2. Конъюгация – дәрілік заттардың, немесе олардың метаболиттерінің метилдену, ацетилдену; глюкурон қышқылымен, сульфаттармен, глутатионмен реакцияласу арқылы нешетүрлі химиялық қосылыстар түзуі.

Бір дәрілік зат организмнің әр жерінде әртүрлі өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Мысалы, глюкоза организмде су мен көміртегінің диоксидіне ыдырау арқылы энергияның көзі болып табылады. Ал, сол глюкоза бауырда глюкурон қышқылына айналып, аскорбин қышқылының түзілуіне әсер етеді. Сондай-ақ, үшінші бір жағдайда глюкоза организмде көміртегі-гликогенді түзетін зат ретінде пайдаланылады.

Пурин туындылары кофеин, аденин, гуанин – нуклеин қышқылдарының негізі болып есептеледі, сондықтан да кофеин организмде нуклеин қышқылдарының биосинтезіне қолданылады.

Жоғарыда дәрілік заттардың биотрансформациясы көптеген ферменттердің әсерлерінен болатынын айттық. Солардың ішінде бауыр торшаларының лизосомдарында шоғырланған ферменттердің ролі ерекше. Олай болса малдардың бауыр ауруларында дәрілік заттардың биотрансформациялары төмендейді де, ол заттар организмнен көпке дейін бөлінбейді.

Мал организміндегі биотрансформациясының интенсивтігіне дәрілік заттардың химиялық құрылысы, ферменттердің индукторлары мен ингибиторларының бар-жоқтығы, мал азығының химиялық құрамы, ас қорыту жүйесіндегі микрофлораның түрлері және т.б. факторлар әсер етеді.

Кей жағдайларда биотрансформацияның салдарынан түзілген жаңа қосылыстардың әсері бастапқы дәрілік заттың әсерінен күштірек болып, оның фармакодинамикасын және терапевтикалық тиімділігін, кейде тіпті улылығын жоғарлатуы да мүмкін. Мысал ретінде организмде кодеиннің морфинге айналуын келтіруге болады.

Биотрансформацияның салдарынан дәрілік заттардың фармакологиялық белсенділігінің төмендеуі олардың фармакодинамикалық және терапевтикалық тиімділіктерін ұзартады.

Дәрілік заттардың мал организміндегі биотрансформациясын терең түсіне білу ауруларды емдеуде фармакотерапияны дұрыс қолдануды реттеудің негізі болып саналады.

Дәрілік заттардың организмнен шығу жолдары.

Дәрілік заттардың басым көпшілігі организмге бөгде зат ретінде орналасады. Сондықтан организм ол заттарды залалсыздандырып, организмнің өз жағдайына бейімдеу үшін ішкілікті барлық мүмкіншілігін пайдаланады. Олар қарапайым, немесе күрделі организмге зиянсыз қосылыстарға айналады да, артынан организмнен бөлініп шығарылады.

Дәрілік заттар, олардың метаболиттері мен конъюганттары организмнен негізінен бүйректер арқылы зәрмен және бауыр арқылы өтпен бөлінеді. Органикалық қышқылдар, сульфаниламидтер, белок туындылары, ауыр металлдардың препараттары, алкалоидтар мен гликозидтер, терпендер, камфора, эфир майлары және т.б. заттар, негізінен белокпен байланыста жоқтары, бүйрек жолдары арқылы сүзіліп, несеп жолы арқылы қуыққа түседі де, зәрмен бөлінеді. Майлы қосылыстар диффузия арқылы бүйрек өзекшелерінің қабырғаларынан өтіп, зәрге қосылады.

Ескеретін жағдай полярлы қосылыстар бүйрек өзекшелерінен қайта сорылмайды, сондықтан да зәрдің сілтілік реакциясында қышқылдық заттар, ал қышқылдық реакциясында негіздер көптеп бөлінеді.

Тетрациклин, пенициллин топтарындағы препараттар; күшәлә, кальций, магний препараттары, кейбір алкалоидтар мен гликозидтер және олардың метаболиттері өт арқылы ішектерге түседі де, аздаған бөліктері нәжіс арқылы бөлінеді. Ал қалған бөліктері ішек-бауыр айналымына түседі.

Бүйрек ауруларында (қабыну, дистрофия) олардың функциялары төмендейді де зәрдің бөлінуі азаяды. Қанда, тіндерде дәрілік заттардың биотрансформациялық қосылыстары шоғырланады. Мұндай жағдайда дәрілік заттардың терапевтикалық дозаларын азайтып, немесе бөлшектеп жіберу керек.

Йодиттер, бромидтер және ауыр металлдардың кейбір қосылыстары сілекей бездері арқылы; никотин – асқазан безі, ал әлсіз органикалық қышқылдар – ішек бездері арқылы бөлінеді. Ұшқыш, газ тәрізді заттар өкпе алвеоллалары арқылы бөлінеді.

Антибиотиктер, күшәлә препараттары, ауыр металлдардың қосылыстары, ұйықтатын, ауырсынғандықты басатын заттар, этил спирті, никотин аналық малдардың сүт шығару кездерінде сүт бездері арқылы бөлінеді.

Құрамында фтор, хлор, бром бар қосылыстар; йодидтер; ауыр металлдар мен күшәлә қосылыстары; салицилаттар; фенол препараттары аздаған мөлшерде тері арқылы тер бездерімен бөлінеді.

Организмге жіберілген дәрілік заттардың концентрациясының қалыптасуы үш сатыда жүреді:


  1. Дәрілік затты қандай жолмен, қай пішінде жібермеседе, олардың концентрациясы биотрансформациялық және бөліну кезіндегі концентрациясынан жоғары болады. Ол 20-120 минутқа созылады;

  2. Дәрілік заттардың концентрациясы барлық ағзалар мен тіндерде терапевтикалық тиімділікті қамтамасыз ететін қалыпты, немесе жоғарғы мөлшерде болады. Ол 2-7 сағатқа созылады;

  3. Дәрілік заттардың концентрациясы күрт төмендейді, олардың резорбциясы тоқтайды, биотрансформациясы мен бөлінуі үдей түседі. Ол 4-12 сағатқа созылады.

Дәрілік заттардың фармакокинетикасы тек олардың қасиеттеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар оларға резорбцияның динамикалық өзгеріп отыратын жағдайлары, организмде орналасуы, биотрансформациясы және организмнен бөлінулері де әсер етеді.

Қорыта келгенде, дәрілік заттардың фармакокинетикасын оқып, білу тек теориялық жағынан ғана емес, тәжірибе жағынан да өте қажет екендігін білдіреді. Дәрілік заттардың концентрациясы әрбір ағзалар мен тіндерде үнемі өзгеріп отыратындықтан, сол арқылы олардың фармакодинамикалық процессінің деңгейі мен ұзақтылығын анықтауға мүмкіншілік туады. Егер дәрілік заттардың организм тіндеріндегі тұрақтылық уақытын білетін болсақ, онда ол дәрілерден толық терапевтикалық тиімділік алу үшін жіберу жолы мен қайталау уақытын анықтауға мүмкіншілік туады.

Дәрілік заттардың фармакодинамикасы.

Фармакодинамика – дәрілік заттардың организмдегі биологиялық тиімділігі және олардың әсер ету механизмі. Басқаша айтқанда – дәрілік заттардың организмде тудыратын өзгерістерінің комплексті түрі. Мұндай өзгерістер торша аралық құрылыстарда болады да, ағзалар мен жүйелердің физиологиялық функцияларын қалпына келтіреді, организмнің қорғаныс реакциясын белсендендіреді, фермент процесстеріне оң әсер етеді, малдардың өнімділігін арттырады. Бұл өзгерістер фармакологияның белгілі бір заңдылықтары арқылы іске асады.

Дәрілік заттардың көптеген рецепторлармен, торшалармен, тіндермен ағзалармен, жалпы организммен өзара қарым-қатынасы фармакодинамикалық реакцияларды тудырады. Мұндай реакциялар толық және торшаішілік өзгерген метаболизмдерге сәйкес келеді.

Дәрілік заттар организмде біркелкі орналаспайтындықтан, олардың әрбір тіндермен, ағзалармен, жүйелермен қатынасу реакциялары да әртүрлі деңгейде болады.

Дәрілік заттардың тиісті концентрациясынан пайда болатын тиімді фармакодинамикалық эффект дәрілік заттардың резорбциялық, биотрансформациялық және элиминациялық мөлшерлерінің фармакодинамикалық тепе-теңдігі өзгергенге дейін сақталады.

Дәрілік заттардың организмдегі резорбциясы тоқтағаннан кейін, олардың әр құрылыстардағы концентрациялары да төмендей бастайды, олардың фармакодинамикалық тиімділіктері де ақырындап төмендейді. Мұндай өзгерістердің заңдылығы сол, алдымен дәрілік заттардың концентрациясы ең аз мөлшердегі ағзаларда, одан кейін қалыпты мөлшердегі, ең аяғында ең жоғарғы концентрациялы ағзаларда пайда болады.

Сондықтан дәрілік заттардың фармакодинамикасын шартты түрде үш сатыға бөлуге болады:



  1. Дәрілік заттардың тиімді әсерінің өсу сатысы;

  2. Дәрілік заттардың тиімді әсерінің ең жоғарғы сатысы;

  3. Дәрілік заттардың тиімді әсерінің көмескіленіп, төмендеп, қалыпты жағдайға келу сатысы.

Бірінші сатысында дәрілік заттардың резорбциясы олардың элиминациясынан жоғары, екінші сатысында дәрілік заттардың резорбциясы, биотрансформациясы және элиминациясы тепе-теңдікте, ал үшінші сатысында резорбция төмендейді, биотрансформация мен элиминация жоғарғы деңгейде болады. Бұл құбылыс дәрілік заттардың тиімді әсерін көмескілендіріп, келе-келе қалыпты жағдайға әкеп тірейді.

Дәрілік заттарды ауруларды емдеу, немесе олардан сақтандыру үшін қолданғанда алға екі мақсат қойылады:



  1. Малдың ағзаларының, жүйелерінің, жалпы организмінің функционалдық жағдайларын үдету арқылы олардың қызметін физиологиялық қалыптылыққа жүйелестіру;

  2. Осы құбылыстарды әлсірету арқылы физиологиялық қалыптылықты орнату.

Дәрілік заттардың фармакодинамикасына әсер ететін факторлар:

    • Дәрілік заттардың химиялық құрылысы;

    • Дәрілік заттардың мөлшері – дозасы;

    • Организмнің бастапқы жағдайы;

    • Малдың жасы, жынысы;

    • Сыртқы ортаның табиғи-географиялық жағдайы;

    • Биоритмдер.

Дәрілік заттардың химиялық құрылысының фармакодинамикаға әсері.Дәрілік заттардың химиялық құрылысы олардың фармакодинамикалық тиімділігінің бағытының және күшінің негізгі факторы. Дәрлік заттардың құрылысындағы молекулалары әсер ететін рецепторлардың молекулаларымен үйлесімді болған жағдайда ғана ол дәрілік заттың тиімділігі жоғары болады. Ондай үйлесімділіктер ионды, немесе ковалентті түрде болуы мүмкін. Иондық байланыстағы әртүрлі екі зарядтың біріне-бірінің электростатикалық тартылу күші олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал болып келетіндігі анықталған.

Молекулалардың химиялық құрылысындағы ең басты көрсеткіш – олардың құрамындағы белсенді топтардың орналасу ара қашықтығы. Ондай молекулалар стереоизомерлер деп аталады. Дәрілік заттардың полярлы жазықтықты оңға, немесе солға айналдыруы осыған байланысты. Жалпы ереже бойынша солға айналдыратын фракциялар оңға айналдыратын фракцияларға қарағанда әлдеқайда белсендірек болып келеді.

Дәрілік заттардың биологиялық белсенділігінің оның химиялық құрылысына байланыстылығын зерттеу тиімді препараттар дайындаудағы негізгі бағыт. Көптеген фармакодинамикалық топтарға бір бағытта әсер ететін, әртүрлі химиялық құрылыстағы заттар жатады. Мысал ретінде наркоз үшін қолданылатын заттарды алайық: эфир, хлороформ, фторотан – барлығы да барбитур қышқылының туындылары.

Дәрілік заттардың фармакодинамикалық тиімділігі тек қана химиялық құрылысымен ғана анықталып қоймайды, олардың химиялық-физикалық қасиеттері де үлкен роль атқарады. Олардың суда, майда ерігіштіктері; диссоциалану дәрежелері негізгі көрсеткіштердің қатарына жатады.

Дәрілік заттардың мөлшерін (дозасын) анықтау принциптері. Малдәрігерлерінің тәжірибелеріндегі ең жауапты кезеңдер – дәрілік заттардың мөлшерін және жіберу жолдарын дұрыс анықтай білу. Олар өте көп жағдайларға байланысты болып келеді. Организмге жіберілген дәрілік заттың мөлшері мен химиялық құрылысы оның фармакодинамикалық тиімділігін, даму жылдамдығын, әсерінің ұзақтығы мен нақтылығын анықтайтын көрсеткіш.

Доза – организмге белгілі бір мақсатпен жіберілетін дәрілік заттың мөлшері. Олардың мөлшері бір реттік, тәуліктік, курстық болуы мүмкін.

Барлық дәрілік заттардың, оның ішінде организмнің өзі синтездейтін дәрілік заттардың да (гормондар, ферменттер, АҮФ және т.б.), жағымды және жағымсыз әсерлері бар. Мұндай әсерлері әсіресе олардың химиялық құрылыстарына, жіберу мөлшеріне көңіл бөлмегенде жиі кездеседі.

Фармакодинамикалық тиімділіктеріне қарай дәрілік заттарды мөлшері (дозасы) бойынша төмендегідей жіктеуге болады:



  1. Ең төменгі (min) дозасы – фармакодинамикалық және фармакотерапевтикалық тиімділігін нашар білдіретін дәрілік заттың мөлшері. Фармакопрофилактика үшін қолданылады;

  2. Тиімді, оптималды дозасы – жағымсыз әсері жоқ, жоғарғы терапевтикалық тиімділікті толық қамтамасыз ететін дәрілік заттың мөлшері. Малдәрігерлік тәжірибеде емдеу үшін жиі қолданылатын доза;

  3. Жоғарғы терапевтикалық (max) дозасы – жоғарғы терапевтикалық тиімділік көрсететін, сонымен қатар жағымсыз (уландыру) әсерін тудыратын дәрілік заттың мөлшері.

Дәрілік заттардың ең төменгі дозасы мен жоғарғы терапевтикалық дозаларының арасы терапевтикалық кеңістік деп аталады. Неғұрлым терапевтикалық кеңістік жоғары болса, ондай дәрілік заттың тірі организммен қатынасы төменірек болады да, ондай дәрінің жоғарғы терапевтикалық дозасынан қауіп-қатер аз болады.

Организмде қайта қалпына келмейтін өзгерістер тудыратын дәрілік заттың дозасы өлтіру (леталды) дозасы деп аталады.

Төлдерге, әсіресе оларды бордақылауға қойған кезде, олардың өсуін жылдамдату үшін дәрілік заттар (стимуляторлар) қолданылады. Төлдердің организмінде анаболиялық процесстер катаболиялық процесстерге қарағанда әлдеқайда жоғары болып келеді. Сондықтан да олар тез өсіп, дамуға бейім болады. Осындай жағдайда қолданылған дәрілік заттар зат алмасу процессін үдетіп, қоректік заттардың сіңу пайызын жоғарылатады.

Дәрілік заттардың дозасын тағайындаудың ең қолайлы әдісі оның мөлшерін малдың бір килограмм салмағына шағып есептеу. Дозаны салмақтық, көлемдік өлшемдермен, немесе әсер бірлігімен белгілейді.

Дәрілік заттарды әртүрлі жолдармен жібергенде олардың терапевтикалық тиімділіктері әртүрлі болатындықтан, олардың дозаларының мөлшерін бір әдіспен жібергендегі мөлшерімен салыстырмалы түрде ойға сақтауға болады. Мысалы: егер терінің астына жібергендегі дозасын 1 деп алсақ, онда: ауыз қуысы арқылы – 1,5-2; тік ішек арқылы – 1-1,8; еттің ішіне – 1; венаға – 0,5-0,75; кеңірдекке – 0,5 қатынасында жіберуге болады. Мұндай ара қатынастық тек жуықтап алынатын доза болғандықтан, әрбір нақты жағдайда ауру малдың күйіне қарап шешкен дұрыс.

Малдардың түрлеріне қарай да бұл ара қатынастықты жуықтап анықтауға болады: егерде 500 кг салмағы бар сиырға тағайындалған дозаны 1 деп алсақ, онда қалған малдарға төмендегідей қатынаста есептеуге болады: жылқыға (500-600кг) – 1; қойға (50 кг) – 0,2 – 0,3; шошқаға (80 кг) – 0,4 – 0,5; тауықтарға (2 кг) – 0,05 – 0,17.

Фармакокинетикалық заңдылыққа сүйенсек, онда неғұрлым метаболикалық процесстер жоғарғы деңгейде жүретін болса, солғұрлым дәрілік заттардың өзгеруі мен организмнен бөлінуі де жылдамдайды. Ол үшін организмде үздіксіз энергия қоры толықтырылып отыруы қажет. Ірі малдардың организмінде зат алмасу процессінің деңгейінің төмендеуіне қарай оларды мынандай тәртіппен орналастыруға болады: құстар, үй қояндары, иттер, шошқалар, қойлар, ірі қара малы, жылқылар.

Дәрілік заттардың дозасын анықтауда малдардың жынысын да ескеру керек. Еркек малдардың организмінде зат алмасу процессінің деңгейі жоғары болатындықтан, оларға тағайындалатын дәрілік заттардың дозалары да ұрғашы малдарға қарағанда 10-20 %-ға жоғары болуы керек.

Жас малдардың организмінде зат алмасу процессінің жоғарғы деңгейде жүретінін жоғарыда айттық. Олай болса оларға тағайындалатын дәрілік заттардың дозасының мөлшері де 30-40 %-ға жоғары болуы керек.

Генетикалық кодқа байланысты әрбір малдың жеке басының ерекшеліктері де дәрілік заттардың дозасына әсер ететіні анықталған. Нерв жүйесінің қызметі күшті малдарға дәрілік заттардың мөлшері 10-15 %-ға жоғары болуы керек. Олай болса холериктер, сангвиниктер мен флегматиктер әртүрлі дозада дәрі қабылдауы қажет.



Дәрілік заттардың пішінінің фармакодинамикадағы ролі. Дәрілік заттардың пішіні олардың терапевтикалық тиімділігінің жылдамдығы мен нәтижелілігіне елеулі әсер етеді. Әртүрлі формадағы дәрілік заттар сол заттың терапевтикалық әсерін не жоғарылатуы, не төмендетуі мүмкін. Биотрансформацияда дәрілік заттың биологиялық мүмкіншілігі деген ұғым бар. Ол ұғым бойынша дәрілік зат өзіне пішін беретін заттармен негізгі әсер ететін нүктесіне қанша мөлшерде жететіндігін білу қажет. Форма беретін заттар дәрілік заттардың резорбциясы мен биологиялық мүмкіншілігіне әртүрлі әсер ететіндіктен, олар фармакодинамикалық тиімділік пен фармакотерапевтикалық тиімділіктің эквиваленттілігін қамтамасыз ете алмайды.

Бір, не бірнеше дәрілік заттарды қатарынан жібергендегі фармакодинамикалық тиімділік. Малдәрігерлік тәжірибеде көп жағдайларда бір дәрі толық терапевтикалық нәтиже бермейтіндіктен бірнеше дәріні қатарынан қолдану жиі кездесетін жағдай. Мұндай тіркестікте бірнеше ұғым бар:

  1. Синергизм – бір бағытта әсер ететін екі, не одан да көп дәрілік заттардың жиынтығы. Ондай дәрілік заттардың фармакологиялық тиімділіктері бірін-бірі толықтырады да, терапевтикалық тиімділіктері жоғарылайды. Егерде олардың тиімді әсерлері бір жүйеге бағытталса, ондай синергизм тікелей синергизм деп аталады. Ал әр жүйеге әсер ететін болса, онда тікелей емес синергизм болады.

  2. Патенцирлік – екі дәрілік заттарды қатарынан қолданғанда фармакологиялық тиімділіктің күткен тиімділіктен әлде қайда жоғары болуы.

  3. Антагонизм – қатарынан жіберілген бірнеше дәрілік заттардың бірінің әсерін бірінің жоюы. Олардың физикалық, химиялық және физиологиялық түрлері бар.

Физикалық антагонизмде бір дәрілік зат екінші дәрілік заттың әсер етуіне физикалық кедергі жасайды. Мысалы, адреналин қан тамырларының өзегін тарылту арқылы басқа дәрілік заттардың сіңуіне кедергі жасайды. Белсендендірілген көмір улы заттарды өз бойына сіңіру арқылы олардың қанға сіңуіне кедергі жасайды.

Химиялық антагонизм – жіберілген дәрілік зат басқа дәрілік затпен реакцияласып фармакологиялық белсенділігі жоқ зат түзеді. Бұған антидоттардың әсерін мысалға келтіруге болады.

Физиологиялық антагонизм малдәрігерлік тәжірибеде жиі кездесетін жағдай. Дәрілік заттардың бір жүйенің функциясына қарама-қарсы әсер етуі. Егер ондай әсер бір нерв құрылысына әсер ету арқылы тараса (мысал үшін атропин (көздің қарашығын үлкейтеді) мен пилокарпиннің (көздің қарашығын кішірейтеді) әсерлері – екеуі де холинергиялық синапсқа әсер етеді), онда ол тікелей антагонизм деп аталады. Ал дәрілік заттардың қарама-қарсы әсерлері әртүрлі нерв құрылысына әсер ету арқылы болса (мысал үшін, карбахолин холинергиялық синапсқа әсер ету арқылы көздің қарашығын кішірейтеді, ал адреналин – адренергиялық синапсқа әсер ету арқылы көздің қарашығын үлкейтеді), ондай антагонизм жанама антагонизм деп аталады.

Кей кезде дәрілік заттардың тіркестігі жағымсыз нәтиже беруі мүмкін. Ондай жағдайда олардың әсерлері бір-бірімен қиылыспайды. Химиялық және фармакологиялық қиыспаушылықтарды ажыратады. Қатарынан қолданылған дәрілік заттар өзара химиялық реакцияласу арқылы бір-бірінің фармакологиялық әсерлерін жойып жібереді.



Қайталап жіберілген дәрілік заттардың әсері. Малдәрігерлік тәжірибеде дәрілік заттарды қайталап жіберу жиі кездесетін жағдай. Мұндайда дәрілік заттардың әсерінің жоғарылауы да, төмендеуі де мүмкін. Жоғарылауы олардың тіндер мен ағзаларда, жалпы организмде шоғырланып, жинақталуымен байланысты. Бұл құбылыс кумуляция деп аталады.

Кумуляцияның негізі неде? Организмге түскен дәрілік заттардың молекулалары ондағы биополимерлер молекулаларымен реакцияласады да әртүрлі деңгейдегі комплекстер түзеді. Оның құрамындағы дәрілік заттың фармакодинамикалық белсенділігі жойылады. Белгілі бір жағдайларда ол комплекс ыдырайды да, дәрілік заттың белсенді молекуласы бөлініп шығады. Ол бос, белсенді түрінде қанда, тіндерде әр кезде айналыста болады. Осындай дәрілік заттардың дозасын, терапевтикалық ережені сақтамай, кезекті жіберген кезде олардың деңгейі улылық деңгейіне дейін жетуі мүмкін.



Материалдық кумуляция – дәрілік зат организмнен өте жәй бөлінуі салдарынан онда улылық мөлшеріне дейін шоғырланады. Мұндай жағдайда дәріні кезекті жіберу оның организмдегі қалдығы толық шығып болғаннан кейін ғана іске асырылуы керек.

Функционалдық кумуляция – организмде дәрінің өзі емес оның тиімділік әсері жинақталып, жоғарылайды. Мұндай жағдай дәрілік заттың кезекті дозасы ағзалар мен жүйелердің қызметі әлі бірінші дозадан қалпына келмей жатып түскен кезде байқалады.

Қайталап қолданылған дәрілік заттарға организмнің сезімталдығының жоғарылауы да мүмкін. Мұндай құбылыс сенсибилизация құбылысы деп аталады. Оның негізінде организмге жіберілген дәрілік заттарға қарсы денелердің түзілу процессі жатыр.

Дәрілік заттарды қайталап қолданғанда олардың әсерінің төмендеуі байқалады. Бұл құбылыс үйреншектілік (адаптация) деп аталады. Бір сөзбен айтқанда кейбір дәрілік заттарға (аналгетиктерге, іш өткізетін, т.б. дәрілік заттарға) организмде толеранттылық пайда болады.

Дәрілік заттарды жиі қолданғанда тірі организмнің оған үйреншіліктігінің пайда болуы ол заттардың метаболиттерінің жаңадан арнайы түзілген ферменттердің әсерінен тез арада талқандалуынан, немесе организмнен тез бөлініп шығуынан болады. Мұндай құбылыстар микроорганизмдерде, бунақденелілерде және гельминттерде жылдамырақ пайда болады.

Кейбір дәрілік заттарды қайталап қолданғанда (әсіресе нейротропты заттарға) организмде дәріге тәуелділік пайда болуы мүмкін. Ондай жағдайда, әсіресе адамдарда, сол дәрілік затты қайта-қайта қолдануға құштарлық пайда болады.

Адаптацияның бір түрі – тахифилаксия, дәріге үйренушіліктің өте тез дамуы. Мысалы, эфедринді жиі қайталап жібергенде оның қан қысымына әсері бірінші рет жібергеннен әлде қайда төмен болады.

Дәрілік заттардың кері әсері ретінде аллергиялық құбылысты мысалға келтіруге болады. Аллергиялық реакцияның биологиялық негізі – организмде белгілі бір затқа қарсы денелердің түзілуі. Жылдам және жәй типті аллергияларды ажыратуға болады. Аллергиялық реакцияның әртүрлі клиникалық белгілері бар: теріде бөртпенің пайда болуы, дене қызуының көтерілуі, бауырдың қабынуы, анафилактикалық шок және т.б. Аллергиялық реакцияның бір түрі – идиосинкразия. Ол организмнің дәрілік заттарға сезімталдығының жоғарылауы. Бұл құбылыстың генетикалық негізі туралы деректер бар.

Кейбір дәрілік заттардың плацентарлық, тестикулярлық гистогематогендік тосқауылдардан өтіп гаметоцидтік, эмбриотоксикалық және тератогендік әсер ететіндіктері дәлелденген. Мұндай жағдайларда сперматогенез, овогенез процесстері толық тоқтауы мүмкін.



Заттардың организмге әсерлерінің түрлері. Дәрілік заттардың фармакодинамикасын талдау барысында олардың негізгі әсер ету түрлерін ескереді. Ондай түрлерге жататындар: жергілікті, жалпы, рефлекторлы, резорбтивті, жанама, таңдамалы, кері қайтатын, қайтпайтын, патогенетикалық және т.б. әсерлері.

Жергілікті түрінде дәрілік зат тіндердің шектелген жерінің рецепторларына әсер етеді: теріге, жараға, кілегей қабықтарға. Дәрілік заттардың жергілікті әсерлері тұтқырлағыш, күйдіргіш, жансыздандырғыш, тітіркендіргіш, қабынуға қарсы, өлі еттендіргіш ретінде білінеді. Тітіркендіргіш дәрілік заттардың әсерінен тіндерде гистамин түзіліп, ол резорбцияланғанда әсері көптеген ағзаларға тиеді. Сондықтан да, дәрілік заттардың жергілікті әсері шектелген жерде ғана тоқырамай, барлық организмге де тарайды деп қарау керек.

Дәрілік заттардың рефлекторлық әсері импульстардың рефлекторлық доғаның афферентті және эфферентті талшықтары арқылы тарауында жатыр. Импульстар рефлекторлық доғаның афферентті бөлігі арқылы патологиялық доминантты зонаға түседі. Ол доминанттың ыдырауын тудыру арқылы эфферентті импульстар арқылы патологиялық процесстің жойылуын қамтамасыз етеді.

Дәрілік заттардың таңдамалы әсері әрбір дәрілік заттардың белгілі бір морфофункционалды құрылыстармен таңдамалы түрде қарым-қатынасында жатыр. Ондай таңдамалы әсер молекула, торша, ағза және жүйе көлемінде болуы мүмкін. Абсолютті түрде таңдамалы әсердің болуы мүмкін емес, сондықтан да дәрілік заттардың белгілі бір жүйеге басымырақ әсері туралы ұғым дұрыс болады. Неге десеңіз, дәрілік зат қанға сіңгеннен кейін барлық организмге тарайтынын естен шығармау керек. Жаңа препараттарды іздеудегі негізгі бағыт – ең жоғарғы таңдамалылығы бар препаратты синтездеу бағыты болуы қажет.

Дәрілік заттардың негізгі, басты әсері. Дәрілік заттың басқа барлық әсерлерінен жоғары тұратын ең негізгі әсері. Терапевтикалық тәжірибеде дәрілік заттың осы әсері негізге алынады. Мысалы, жергілікті жансыздандыратын дәрілік заттардың негізгі әсері афференті нерв талшықтарының сезімталдығын толық жою.

Дәрілік заттардың қосалқы әсері. Дәрілік заттардың негізгі әсерімен қатар, кейде жағымсыз болып келетін әсерлері де байқалады. Мысалы, хлоралгидрат орталық нерв жүйесін қалжырататындықтан негізгі зат ретінде наркозға қолданылады. Сонымен қатар ол қан элементтерінің гемолизін тудырады, кілегей қабықтарды қатты тітіркендіреді.

Дәрілік заттардың жанама әсері. Дәрілік заттардың әсерінен бір ағзаларда болатын зат алмасу процессінің деңгейінің өзгеруі, ол ағзалармен тығыз байланыстағы басқа ағзаларға да әсер етпей қоймайды. Мысалы, жүрек гликозидтері тек жүрек еттерінің функциясын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар қан айналысын жылдамдату арқылы бүйректердегі сүзілу процессін де жақсартады.

Дәрілік заттардың жалпы әсері. Көптеген дәрілік заттардың айқын таңдамалы әсерлері байқалмайды. Олар қанға сіңгеннен кейін барлық организмге тарайды. Бірақ олардың әрбір ағзалар мен тіндерге таралуы әртүрлі мөлшерде болады. Олай болса, торшалардың ішіндегі зат алмасу деңгейі де әртүрлі болып келеді. Мұндай құбылыс барлық ағзалар мен тіндерде, жалпы организмде байқалады.

Организмде болатын биохимиялық, функционалдық және морфологиялық өзгерістердің деңгейі дәрілік заттардың дозасына, күші мен әсерінің ұзақтығына және малдардың жеке басының ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады.

Мал организмінде болатын жағымсыз өзгерістердің физиологиялық қалпына келуі торшалардың ішіндегі биохимиялық компоненттердің жаңа биохимиялық құрылыстар – органоидтармен алмасуымен басталады.

Жалпы, біртұтас организмде әрбір дәрілік заттар өздерінің фармакодинамикалық даму барысында әсер етудің бірнеше түрлерін көрсетуі мүмкін.



жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау