Химиялық заттардың уытты әсеріне әсер ететін факторлар
Орындаған:Яшка Аружан
Тексерген;Маншук Анировна
ЖОСПАР:
1.Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы
2.Адам денсаулығына кері әсер тигізетін заттар тобы
3.Қауіпті фактор
4.Зиянды фактор
5.Қорытынды
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы
Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде - 5500, дәрі - дәрмек - 4000, тұрмыс химиясында - 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр. Зиянды заттың организмге түсуі мен оның бөлінуі арасындағы қатынас-тың маңызды мәні бар.
Зиянды заттың организмге түсуі мен оның бөлінуі арасындағы қатынас-тың маңызды мәні бар. Егер заттың бөлінуі және оның организмде айналуы түсуге қарағанда баяу өтсе, онда зат организмде жиналып, мүшелер мен ұлпа-ларға ұзақ әсер етуі мүмкін. Мұндай типті заттар қорғасын, сынап, фтор және т.б. болып табылады. Су мен қанда жақсы еритін заттар баяу жиналады және организмнен солай баяу бөлінеді. Ұшқын органикалық заттар (бензин, бензол) жылдам сорбцияланады және сондай-ақ жиналмай бөлінеді.
Адам денсаулығына кері әсер тигізетін заттар тобы
Адам денсаулығына кері әсерін тигізіп, зор зиян келтіретін заттардың бір тобы: никотин, есірткі және алкогольдік ішімдіктер. Олардың барлығы да органикалық заттар. Нашақорлыкпен, маскүнемдікпен және темекі тартумен күресте олардың молекулаларының организмге тигізетін қауіп-қатерінің механизмін білудің маңызы зор. Бұл үш зат организмге түскенде, алдымен жүйке клеткаларын, қан мен ми, өкпе тіндерін зақымдайды. Физиологиялык әсерлері өте күшті. Есірткінің барлығы да медицинада қолданылады, бірақ артық мөлшері организмге күшті уландырғыш зат ретінде әсер етеді. Организм оларға тез бейімделеді. Сондықтан емдеу практикасында соңғы кезде кокаинді анестезиялық зат ретінде қолдануды тоқтатты. Зиянды химиялық заттардың адам ағзасына қосарлы әсері.
Қауіпті заттар
Адам ағзасына тигізетін әсері бойынша барлық қауіпті заттар 4 топқа бөлінеді: төтенше қауіпті (сынап буы, қорғасын буы, фосген); жоғарғы қауіпті (қалайы буы, йод буы, бензол); орташа қауіпті (күкірт оксидтері, қышқылдар буы); қауіптігі аз (аммиак қосылыстары және көміртегі оксидтері).
Зиянды заттар
Зиянды заттар адам ағзасына тигізетін әсерлер сипаты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді: - уландырғыш, ағзаның барлық қызметінің өзгеруін тудыратын (сынап, бензол, мышьяк және оның қоспалары, қорғасын); - тұншықтыратын, дем алу жолдары мен өңеш қабықшаларының беттік талшықтарын бұзатын (күкірт газы, хлор, азот тотықтары); - сенсибилиздеуші, аллергендер сияқты әсер етеді (формельдегид, түрлі еріткіштер және нитроқосылыстар негiзiндегi сырлар және т.б.); канцерогенді, қатерлі ісік ауруларын туғызатын (никель және оның қосылыстары, хром тотықтары, азбест және т.б.); - мутагенді, тұқымдық ақпараттардың өзгеруіне әкелетін (қорғасын, марганец, радиоактивті заттар және т.б.).
Қорытынды
Назарларыңызға рахмет
Зиянды заттар - 1) адам организміменжанасуы нәтижесінде өндірістік жарақаттануға әкелетін, кәсіптік ауруларды немесе адам денсаулығында қандай да бір ауытқуларды туғыза алатын химиялық қосылыстар; әдетте, мұндай заттардың тізімін құзырлы мемлекеттік арнаулы мекемебекітеді; 2) организмнің өсуіне, дамуына немесе денсаулығына нұқсан келтіретін химиялық заттар. Бұлардың зиянды әсері бірден білінбейді, кейде мұндай ауытқулар ата-анасында байқалмағанымен, келесі ұрпақтарда білінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |