Қазіргі кездегі жағдай. Әлемдік индустрияда никель тұтыну өзектілігінің өсуіне оны металл тұтынатын негізгі салалар, қара және түсті металлургияда қолдану себепші болып отыр. Никельдің басқа металдармен (әсіресе мыспен) көптеген аса құнды қорытпалары алынады. Оның болаттардың қоспаланған сорттарын өндірудегі және металл өнімдеріне қорғаныс жамылғыларын түсіру маңызы болып табылады. Тат баспайтын болат өндірісінде ферроникель де, болат сынығынан алынатын никель де қолданылады.
Никель кенін әлемдік шығару (никельдің мөлшері бойынша қайта есептегенде) 1 млн тоннадан астам шаманы құрайды. Шығару бойынша көшбасшылар: Ресей, Аустралия, Канада, Индонезия, Жаңа Каледония. Рафинадталған никельдің әлемдік өндірісінде (1 млн тоннадан аспайтын) Ресей, Канада, Жапония, Австралия, Норвегия көш бастап келеді.
Қалайы өндірісі
Қалайының қасиеттері мен қолданылуы. Қалайы өзіне тән қасиеттері бар ақ түсті, өте жұмсақ болып келетін және тотықпайтын металл. Балқу температурасы 232 °С. Осы қасиеттері негізінде оны темір және басқа металдарды тотығудан сақтау үшін қаптайды. Сонымен бірге қалайыны қолданып, бірнеше қоспалар алады, оның көп таралғаны қалайы қола және бабиттер (қалайының мыс, сурьма және басқа қоспаларынан жасалған подшипниктік қоспалары). Меншікті салмағы 7,3. механикалық онша берік емес, электр және жылу өткізгіштігі төмен. Дүниежүзінде өндіретін қалайының жартысына жуығы консерві өндірісіке жұмсалатын ақ қаңылтыр жасауға кетеді. Сонымен қатар қалайының көп бөлігі тамақ өнеркәсібі мен коғамдық тамақтану орындарындағы қазандыктарды қалайылауға жұмсалады.
Қалайы рудалары және оны алу. Қалайыны ең алдымен касситерит немесе қалайы тасынан, SnO2, алады. Рудаларында әдетте 1 % төңірегінде қалайы болады. Оларды өндіру жеңіл болғандықтан, тіпті 0,01-0,02% рудаларының өзі де өндірістік маңызға ие болады. Рудаларын байытып, концентраттағы мөлшерін 40-70% жеткізгеннен кейін оларды тотықсыздандырып балқыту шағылу немесе электр пештерінде кокстың және флюстың қатысуымен жүргізіледі. Балқыту өнімдері - күлдек және 3 % дейін қоспалар араласқан қара қалайының құрамында 50-ден 90 %-ға дейін қалайы болады.
99,99 % таза қалайы алу балқыту немесе электролизді рафинадтау арқылы жүргізіледі.
Қалайының оңай балқитыны және оның концентратында пайдалы элементтің көп болуы себепті оған отын салыстырмалы түрде аз жұмсалады (1т. шихтаға 300 кг. отын), ал электроэнергияның шығыны 1650 квт./с. құрайды. Демек, қалайы өндірісінің орналасуына отын-энергетикалык факторлардың тигізетін әсері онша жоғары болмайды. Қалайы зауыттары бірнеше кен орындарымен тығыз байланыста болатын ірі өнеркәсіптік орталықтарда орналастырылады, оның себебі бүл металл түрінің кен орындарының шағын болып, ірі кәсіпорындарды ұзақ уақытқа шикізатпен қамтамасыз ете алмайтындығында болып отыр.
Қалайы өндірісі. Қалайы өнеркәсіптік ауқымда тек 13 елде ғана шығарылады. Қалайы кендерін шығару бойынша көшбасшы орындарды Қытай, Индонезия, Перу алып отыр.
Қалайы қорытатын зауыттар негізінен алғанда, кен шығару және концентрат өндіру орындарында орналастырылады. Осының нәтижесінде халықаралық саудада концентраттар түрінде сатылатын қалайының үлесі айтарлықтай қысқарды. Қалайы кендерін шығарудың негізгі аймағында – Оңтүстік-Шығыс Азияда – теңіз кен орындарында қалайы шығару өсіп келеді.
ХХІ ғасырдың басына қарай төрт елдің – Қытайдың, Индонезияның, Перу мен Малайзияның үлесіне 280 мың тоннаға жуық құрайтын, рафинадталған қалайы өндірісінің ¾ бөлігінен астамы келді. Қалайының көпшілік бөлігі экспортқа барады. Бұл ретте рафинадталған металды экспорттаудың әлемдік көлемі 200 мың тоннадан асып түсті, осының айтарлықтай бөлігін (өз қорытуының жартысына дерлігін) Қытай экспорттайды. Батыс Еуропа елдері импорттың есебінен өз қажеттіліктерінің шамамен 2/3 бөлігін, Америка Құрама Штаттары – ¾ жуық бөлігін және Жапония – 9/10 бөлігін жабады. Қазіргі уақытта қалайыны өңдейтін шикізаттан (металл сынығынан) қорытып алу көлемі айтарлықтай болып табылады. Тек Америка Құрама Штаттарының өзінде ғана қайталама шикізаттан жыл сайын 14 мың тоннаға жуық қалайы қорытылады.
Достарыңызбен бөлісу: |