Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет30/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Қазіргі кездегі жағдайы. Мырыш өндірісінің қазіргі дүниежүзі елдері бойынша көшбасшысы Қытайда мырыш өндірудің өсуі есебінен мырышты әлемдік деңгейге шығарудағы Азия аймағының үлесі өте елеулі артып отыр. Мырыш шығару бойынша Аустралия екінші орында тұр. Дүниежүзінде мырышқа деген сұраныс үнемі артып отыр (шығару 8 млн тоннадан асып түсті). Мырыш өндірудің өсіміне негізінен алғанда Мексика мен Перуде жаңа кеніштерді пайдалануға енгізу есебінен қол жеткізілді, бұл нәтижесінде Латын Америкасы елдерінің үлес салмағын одан әрі арттыра түседі. Мырыштың ресурстық потенциалы мен өндіру көлемі бойынша Аустралия, Қытай, Канада дүниежүзінің барлық елдерін артта қалдырып отыр. Мырыш кендері экспортқа концентраттар түрінде шықса да, дайын металды сату көлемі анағұрлым көбірек. Канада, Қытай, Аустралия, Франция, Нидерланды, Корей Республикасы – бұл аса ірі экспорттаушылар, ал Америка Құрама Штаттары, Тайвань аралы, Германия Федеративтік Республикасы, Бельгия, Италия, Сингапур және басқа да дамыған елдер мырышты негізгі импорттаушылар болып табылады.


Никель өндірісі
Никель және никель қоспаларынын қасиеттері мен қолданылуы
Көптеген бағалы қасиеттерінің арқасында никель шаруашылықтың әр алуан салаларында қолданыста, ал кей жағдайда оны айырбастайтын зат табылмайды. Ол өте жоғары дәрежеде коррозияға төзімді, тіпті, ылғалды орта мен жоғары температураның өзінде ол тотықпайды. Жақсы иленгіштік қасиеті оны қысыммен оңай өңдеуге мүмкіндік береді. Меншікті салмағы 8,9. балқу температурасы 1455 °С.
Қазіргі техниканың жекеленген өндірістерінде, әсіресе әртүрлі қоспалар мен жоғары сапалы болат алуда оның маңызы ерекше. Никель тот баспайтын болат алу өндірісінде және әртүрлі құрсаулар (броня) жасауға жұмсалатын хромникельді болат алуда көп пайдаланылады. Никельді болаттан қазіргі күрделі машиналардың ең маңызды тетіктері жасалады. Әртүрлі мыс-никель қоспаларының: константан, монель-металл, мельхиор т.б. шаруашылық маңызы ерекше.
Константан - мыс пен 40 % никель қоспасы - өте жоғары электрлік төзімділігімен ерекшеленеді, реостаттарда, электроөлшеуіш приборларда т.б. пайдаланылады.
Монель-металл - никельдің 27-29 % мыспен және аздаған басқа металдармен қоспасы жоғары механикалық және коррозияға төзімділік қасиеттері бар, электротехникада, кеме жасауда, химия өнеркәсібінде т.б. қолданылады.
Мельхиор - мыстың 18-20 % никельмен қоспасы - көп бөлігі әртүрлі ыдыстарды әшекейлеуші материал ретінде қолданылады және ол күмістің орнына жүреді.
Таза никель сілтілік аккумуляторлар жасауға жұмсалады, соңғы кезде ол прибор жасау мен электротехникада кеңінен қолданылады. Басқа металдарды никельмен қаптау арқылы оның коррозияға төзімділігін арттыруға болады, бұл металл сонымен бірге металл ақшалар жасайтын ңегізгі материал.
Никель рудалары және оларды алу. Никельді оның тотықты рудаларын немесе сульфидті рудаларын байыту өнімі болып табылатын концентраттарды балқыту арқылы алады, ал құрамында 4-5 % никель және мыс бар бай рудаларын байытудан өткізбей-ақ тікелей балқытуға болады. Никельдің тотықты рудадағы мөлшері 1,0 - 1,5 %, мұнда сонымен бірге магний, темір және кобальт болады. Сульфидті рудадағы оның мөлшері 0,3 - 5,5 % дейін жетеді. Мұнда никельден бөлек 0,6 - 2,5 % мыс болады, сондықтан мұндай руданы мыс-никельді руда деп атайды, сонымен бірге темір, кобальт, платина т.б. металлдар кездеседі.
Никель рудаларын немесе концентраттарды балқыту шағылысу және электр пештерінде жүргізіледі. Балқыту өнімдері - күлдек пен штейн -никель , мыс, темірдің сульфидтері және платина, алтын, күміс, кобальт, күкірт және басқа бағалы элементтері бар күрделі қоспа болып табылады. Штейнді онан ары өңдеу конверторда жүргізіледі, осында темір мен күкірттің біраз бөлігі жанып кетеді. Сонын нәтижесінде конверторда күлдек пен құрамынан 78 % никель мен мыстан құралған - файнштейн (ак штейн) түзіледі.
Суыған файнштейнді кесектейді және ұсатып, флотациялык тәсіл бойынша онын құрамындағы никельдік және мыс концентраттарын бөліп алады. Мыс концентратынан бұрыннан белгілі сызба бойынша (штейн, конвертор, рафинадтау) мыс алады. Ннкель концентратын күйдіру арқылы никельдің қаныққан тотығы NiO алынады да, оны электр пешінде көмірмен тотықсыздаңдырып балқытып, металл алады. Осы әдіспен алынған қара никельді электролиз әдісімен рафинадтайды, нәтижесінде 99,99% таза никель түзіледі. Осы процестер барысында қосымша кобальт, платина т.б. бағалы металдар алынады.
Никель рудаларының балқуы қиын болғандықтан ол отынды көп қажет ететін өндіріс болып саналады, I т. никель алуға 50 т. астам шартты отын және никельді рафинадтау кезінде 3 мын квт./с. электр энергиясы жұмсалады.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау