Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет28/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Мыс кендерін шығару мен мыс қорыту өнеркәсіптік масштабтарын тек ХІХ ғасырдың аяғынан бастап қана алды. ХІХ ғасырдың басына қарай мысты әлемдік шығару 14 млн тоннадан асты (кендегі металдың мөлшері бойынша қайта есептегенде). Бұл кезеңде кен шығаратын және концентраттар өндіретін кәсіпорындарды орналастыруда өзгерістер жүріп отырды. Мыс кендерін әлемдік шығаруда көшбасшылар болып, бүгінгі таңда Чили мен Америка Құрама Штаттары табылады. Ал үш америкалық мемлекеттің (Чили, Америка Құрама Штаттары, Канада) үлесі жалпы әлемдік шығарудың 50%-ынан асып түсті. Дәл сол кезде мыстың африкандық өндірушілері Замбия мен Конго Демократиялық Республикасының үлесі, мысалға, 80-і жылдардың көрсеткіштерімен салыстырғанда екі есе төмендеп кетті. Бұл ретте мыстың ірі продуценттерінің қатарына Аустралия, Индонезия, Қытай алға жылжыды.
Мыс кендері мен олардың концентраттары алюминий кендері мен концентраттарына қарағанда, металға анағұрлым кедейірек. Бұл кенді байыту мен тіптен қара мысты өндіруді кен шығаратын орындарға орайластыруға себеп болып отыр.
Қазіргі мыс шығаратын өнеркәсіптің дамуында екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады. Біріншіден, бірегей, бай кен орындарын игеру және орналастыру жүріп жатыр. Мысалға, 1991 жылы Чилиде «Эскондида» кәсіпорны қатарға қосылды. Онда кен қорлары ашық тәсілмен шығарылады және зауытқа құрамында 2,8% мыс бар кен келіп түседі, ал концентраттардағы мысты жыл сайын өндіру 300 тоннадан аса шаманы құрайды. Екіншіден, көбіне көп үйінділерден (оның ішінде экономикалық дамыған елдерде) мыс кендерін алуда (мыстың мөлшері 0,15-0,5%) сілтілеу тәсілі қолданылады. Ең көп қолданысты мыс шығару көптеген жылдар бойына жүргізіліп келе жатқан аудандарда орналасқан. Осындай тәсіл кезінде рафинадталған мыс өндіруге кететін шығындар мен байытудың және пирометталургиялық қайта өңдеудің жүйесі қазіргі кезіңге қарағанда, екі есе төмен.
Мыстың мөлшері 98%-ға дейінгі өңделмеген мыстың дүнижүзілік өндірудің көпшілік бөлігі (жылына 10 млн тоннадан астамы) оны өндіретін жерлерде (Жапонияға мұның қатысы жоқ) шоғырланған. Бұл мыс балқытатын зауыттардағы отынға салыстырмалы түрде төмен үлестік шығындармен, сондай-ақ оның кендерінде ғана емес, концентраттарда да мыстың салыстырмалы төмен (15-25%) мөлшерімен түсіндіріледі. Осы себептермен әлемдік нарыққа концентраттар түріндегіге қарағанда, металл (өңделмеген мыс немесе шақпақталған мыс) түріндегі мыс көбірек келіп түседі. Қазіргі уақытта өңделмеген мыс өндіру бойынша дүниежүзінде көшбасшылар болып Чили, Қытай, Жапония, Ресей, Польша, Америка Құрама Штаттары, Қазақстан, Канада табылады.
Өндірістің ақырғы сатысы ретіндегі мысты шақпақтау (Fe, Zh, Co, Ni қалдықтарын кетіру) шикізат базаларымен аз байланысты. Ол әлде мамандандырылған кәсіпорындар құра отырып, металлургиялық қайта бөлу бар жерлерде (немесе мысты рафинадтау өңделмеген металды қорытумен комбинацияланады), әлде дайын өнімді жаппай тұтыну аудандарында жүзеге асырылады. Тазартылған мыс (бастапқы және қайталама мыс қосындысыныда) өндіру дүниежүзінде 15 млн тоннадан асып түсіп отыр.
Дүниежүзі елдерінің алғашқы үштігіне мыс қорытудың 50%-ға жуығы келеді. Мысты өндіруде да (өз кен орындарында), өңделмеген және шақпақталған мысты өндіруді де жүзеге асыратын елдер тобы бар. Олар Америка Құрама Штаттары, Чили, Канада, Аустралия, Ресей, Қазақстан, Замбия. Бұл ретте дамушы елдерде (Перу, Корей Республикасы, Мексика) мыс қорыту өсіп келеді. Алайда рафинадталған мыстың айтарлықтай көлемі өзінің шикізат базасы жоқ дамыған елдерде де өндіріледі (Жапония, Бельгия, Германия Федеративтік Республикасы).
Мыс өнеркәсібінде (түсті металлургияның басқа да көптеген салаларындағы секілді) негізгі позициялар аса ірі трансұлттық корпорацияларға тиесілі.
Тазартылған мысты ірі экспорттаушыларға Чили, Ресей, Перу, Қазақстан, Жапония, Канада, Аустралия, Замбия жатады. Мысты экспорттаушы елдер 1967 жылы СИПЕК бірлестігін құрды, оған мыс кені шикізатының әлемдік саудасындағы өз мүдделерін қорғап қалуға әрекет жасаған Чили, Перу, Замбия және Заир кірді. Кейініректе елдердің осы тобына Индонезия, Аустралия, Мавритания, Папуа – Жаңа Гвинея, Югославия қосылды. Осы елдердің кен шығару мен өңделмеген мыс өндірудегі үлесі өте айтарлықтай, бірақ тұтынудағы үлесі шамалы.
Қазақстан секілді, Ресей мысты әлемдік нарыққа аса ірі жеткізушілердің бірі болып табылады. Біздің еліміздегі мыс өндіруге кететін шығындар әлемдік деңгейден айтарлықтай төменірек, экспорт өндірушілер үшін де, мемлекет үшін де пайдалы. Бірақ солай болса да, негізгі себеп экономикадағы трансформациялық процестер жағдайларындағы біздің елімізде мысты тұтынудың төмендеуі және өнеркәсіптік өндірістің жалпы құлдырауы болып табылады. Шақпақталған мысты аса ірі импорттаушылар – Америка Құрама Штаттары, Франция, Тайвань аралы, Германия Федеративтік Республикасы, Италия, Корей Республикасы, Ұлыбритания.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау