Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет26/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Дүниежүзілік темір-кен өнеркәсібі
Темір кендерін шығару – тау-кен қазу өнеркәсібінің аса ірі салаларының бірі. Бірақ, темір кендерін қара металлургияда қолданатындықтан, ұйымдық жағынан бұл өндірісті, ТМД елдерін қоса отырып, көптеген елдерде оның құрамында қарастырады. Темір-кен өнеркәсібін осыған орай екі салаға да жатқызған дұрысырақ болар еді (оқулықта қара металлургияға сипаттама берілген).
Темір кендерін дүниежүзілік өндіру ең алдымен, оларға металлургия өнеркәсібі қоятын сұранысқа байланысты болып келеді. Тауарлы темір кендерін әлемдік шығарудың динамикасын көрсететін 77-сурет бұл сұраныстың әрқашан бірдей жоғары бола бермегендігін дәлелдейді. 80 жылдардың бірінші жартысындағы шығарудың құлдырауы әлемдік экономиканың дамуының оның ішінде энергетикалық және шикізаттық дағдарыстың әсерімен баяулауының тікелей салдары болып шықты. 90 жылдары, керісінше, жылдам болмаса да, шығарудың өсуі қатты бұзылуларсыз жүрді және 1995 жылы оның деңгейі алғаш рет 1 млрд тоннадан асып түсті.
Әлемдік темір-кен өнеркәсібінің географиялық бөлінуінде соңғы жылдары өте елеулі өзгерістер болды. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында дәл өзінің қара металлургиясы үшін темір кендерінің негізгі өндірушілері Батыс Еуропа елдері, Америка Құрама Штаттары, Канада және КСРО болған еді, бірақ одан кейін бір мезгілде ескі кен шығаратын аудандардың ролінің төмендеуі кезінде осы сала кәсіпорындарының дамып келе жатқан елдерге күн өткен сайын жылдамдай түскен «миграциясы» басталды. Осы географиялық өзгерістердің астарында ең алдымен трансұлттық компаниялардың «лас» өндірістерді Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріне көшіруге бағытталған іс-әрекеті тұр. Трансұлттық компаниялардың қаражаттарына жаңа кәсіпорындардың көпшілігі құрылуда да.
Біріншіден, темір кендерін біздің кезімізде 43 елде шығаратындығына қарамастан, олардың әлемдік өндірілуінің шамамен 9/10 бөлігі 12 елге – Қытайға, Бразилияға, Аустралияға, Үндістанға, Ресейге, Америка Құрама Штаттарына, Украинаға, Канадаға, Оңтүстік Африка Республикасына, Швецияға, Венесуэлаға, Қазақстанға келеді. Екіншіден, қара металлургияны да қозғаған, ұзаққа созылған экономикалық дағдарысқа орай, 1990-шы жылдары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының темір-кен өнеркәсібінің әлемдегі жалпы көлемдері де, үлесі де айтралықтай азайып кетті.
Өзінің шикізатына қарағанада, сырттан әкелінетін шикізатқа көбірек көше бастаған Шетелдік Еуропаға да мұның қатысы бар. Соңғы жылдары Франциядағы, Ұлыбританиядағы, Германиядағы, Норвегиядағы, Испаниядағы, Португалиядағы, Финляндиядағы, Аустриядағы темір кендерінің онсыз да мардымсыз шығарылуы іс жүзінде тоқтап қалды. Үшіншіден, Америка Құрама Штаттары мен Канадада темір кендерін шығару деңгейі азды-көпті тұрақтанып отыр. Төртіншіден, қалған аймақтарда бұл деңгей өсе түсуде, бұл ретте әсіресе, Шетелдік Азияда, Латын Америкасында және Аустралияда елеулі қосу үстінде. Болжамдарға сәйкес, ХХІ ғасырдың басында шығарудың негізгі өсімін Аустралия, Бразилия, Үндістан мен Венесуэладан күтуге болады.
Мұндай жағдайда құрамында темір бар шикізаттың халықаралық саудасының көлемі де, географиясы да өзгермей қалмас еді. Батыстың экономикалық жағынан дамыған елдерінің қара металлургиясының күн өткен сайын алыстан әкелінетін шикізатқа қайта бағыт-бағдар алуы темір кендерін шығару мен тұтынудың негізгі аудандары арасындағы аумақтық алшақтықты арттыра түсуде. 1993 жылдың өзінде-ақ олардың әлемдік экспорты 400 млн тоннадан асып түсті, ал 2000 жылдардың басына қарай ол 450 млн тоннаға дейін арта түсті. Бұл қазіргі күні халықаралық сауда арналарына әлемде шығарылатын барлық темір кендерінің ½ бөлігіне жуығы келіп түседі деген сөз.
Жалпы алғанда темір кендерінің негізгі экспорттаушылары мен импорттаушылары да айқындалды (қосымшадағы 9-кестені қараңыз).
Жоғарыдакелтірілген мәліметтерден темір кенін экспорттаушы он жетекші елге (әрқайсысының экспорттау көлемі 10 млн тоннадан аса) бүкіл экспорттың 9/10 бөлігінен артығы келетіндігі келіп шығады. Жуық болашақта экспорттаушы елдердің орындары өзгере қоймас, ал көшбасшылардың алғашқы бестігінің орындары, сірә, одан бетер нығая түсер. Қалай болғанда да, Аустралия 2015 жылы өзінің экспортын 270 млн тоннаға дейін жеткізуді белгілеп отыр. Жетекші экспорттаушы елдердің құрамы да айтарлықтай өзгереді деп болжау қиын (Қытайға келер болсақ, оның шетелдерден темір кендерінің айтарлықтай мөлшерін импорттауы қарапайым түсіндіріледі, елде шығарылатын кендердің жартысын қара металлургияда пайдалануға жарамсыз деп есептелінеді).
Құрамында темір бар шикізаттың барлық экспорттық-импорттық тасымалдарының 90%-дан астамының бүгінгі таңда теңіз көлігімен тасымалдану жағдайы он бір айтарлықтай қуатты және тұрақты «темір кені көпірлерінің» қалыптасуына алып келді.
ТМД елдерінің ішінде Ресейде темір кендерін шығарудың максималды деңгейіне (109 млн тонна) 1988 жылы қол жеткізілді, осы жылдары Қазақстанда да темір өндірудің жоғары деңгейі байқалды. Сол кезден бері бұл деңгей, бірінші кезекте қара металдарды қорытудың қысқаруына орай айтарлықтай төмендеді. Экспорт одан да көбірек шамада қысқарды. Көбіне көп бұл Шығыс Еуропа елдерінің 90 жылдардың басына дейін толығымен құрамында темір бар шикізатты Кеңестер Одағының жеткізуіне бағыт-бағдар алған қара металлургиясының одан кейін көбіне, көп жабдықтаудың өзге көздерін пайдаланғандығымен түсіндіріледі.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау