Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет73/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Қағаз бен целлюлоза өндірудің шикізаты
Қағаз алу технологиясының мәні өсімдік талшықтарын химиялық – механикалық өңдеудің нәтижесінде жаңа материал – қағаз алу.
Қағаз алу шикізатына целлюлоза, ағаш (сабан) массалары, қағаз макулатурасы, ескі мақта – мата және зығыр маталарының қалдықтары жатады.
Бірақ қағаз алудың негізгі шикізаты – ағаш массасы мен целлюлоза. Оларды негізінен қылқан жапырақты ағаштар – шырша, самырсын, қарағай және балқарағайды белгілі өңдеу жолымен алады. Жапырақты ағаштар – қайың, көктал, терек және басқалар аз пайдаланылады.
Ағаш орнына қағаз және картон алуға шикізат ретінде ТМД елдерінде әсіресе оның оңтүстік ормансыз аудандарында көп кездесетін біржылдық өсімдіктер – құрақ, қамыс, сабанды (негізінен күріш сабаны) пайдаланудың халық шаруашылық маңызы зор.
Целлюлоза алу үшін өсімдік торқасының барлығы емес, оның клетчатка не целлюлозадан тұратын өсімдік клеткасының қабығы пайдаланылады. Өсімдік клетчаткасында сондай-ақ лигнин, әртүрлі смолалар, пигменттер басқа да заттар пайдаланылады. Олар - клетка мен өсімдік тор.
Осындай целлюлоза, қағаз, картон шығарылатын целлюлоза-қағаз өнеркәсібінде химиялық технология ағашты механикалық өңдеумен үйлесіп отырады. Қағаз өнеркәсібі қазіргі уақытта қағаз бен картонның композициясы, түсі, шығару тәсілдері бойынша ерекшеленетін 3 мыңға жуық түрін өндіреді. Қағаз бен картонның айтарлықтай бөлігі әртүрлі өнімдер шығарған кезде одан арғы өңдеу мен модификациялаудан өтеді (бояулар, балауыздар, крахмал жағы және т.с.). Оының нәтижесінде, қағазды, картондарды және олардан жасалған бұйымдарды ақырғы тұтыну саласында талшық қасиеттерінің елеулі өзгеруі жүреді, бұл одан әрі оларды қайталама шикізат (қағаз қалдығы) ретінде пайдалану мүмкіндіктеріне әсер ететін болады. Қағаз қалдығын жинаудың негізгі көлемі пайдаланылған гофротараға (гофрланған картонға) – 40%, газеттерге – 20%-дан аса және басқа қағаз қалдығына келеді.
Целлюлоза – ұсақталған және химиялық өңделген ағаш массасы. Ол қағаз, жасанды талшық алу үшін шикізат болып қызмет атқарады. Целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өндірістерін орналастырған кезде, өзімізге белгілі болып отырғанындай, шикізат факторының рөлі орасан зор. Алайда, өнеркәсіптің бұл саласы, жоғары материал сыйымдылығынан өзге, сонымен бірге су сыйымдылығымен де ерекшеленеді, яғни ол өнеркәсіп кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ету көздеріне (өзендер мен көлдер) және өнімді тасымалдау жолдарына бағдар алады.
Целлюлоза өндіру бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына бүгінде Америка Құрама Штаттары, Франция, Канада, Жапония, Швеция, Финляндия, Қытай, Ресей, Бразилия, Германия Федеративтік Республикасы кіреді. Бұл ретте тек екі елге ғана (Америка Құрама Штаттары мен Канада) іс жүзінде әлемдік өндірістің ½ бөлігі келеді.
Қағаз бен картон шығару бойынша Америка Құрама Штаттары (әлемдік өндірістің 25%-ына жуығы), Қытай, Жапония, Канада қазірде көш бастап отыр.
Канада газет қағазын өндіру бойынша әлем таныған көшбасшы болып табылады. Қытайда ағаш материалдарын өндіру көлемінің артуына және осы елдің өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне байланысты ондағы қағаз бен картон шығару да сан мәрте (1950 жылдан бері 100 еседен аса) өсті. Жапонияда да жылдам өсті – дәл сол кезең ішінде 60 есе артты. Қағаз шығару Корей Республикасында, Таиландта, Индонезияда және Азия аймағының басқа елдерінде елеулі өсті. Осыған байланысты сала өнімдерін әлемдік өндірудегі Азияның үлес салмағы сан мәрте ұлғайды, ал бұрынғы көшбасшылардың – Солтүстік Америка мен Батыс Еуропаның үлесі – қысқарып отыр.
Әлемдік целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің дамуының негізгі тенденцияларының бірі қағаз қалдығын пайдаланудың өсуі және, осының нәтижесі ретінде, картонды қайталама шикізаттан өндірудің өсуі болып табылады. Сала өнімдерін өндіруде қағаз қалдығы шикізатының үлесінің артуы қағаз қалдығының өзін жинау көлемінің артуын ойластырады. Қағаз қалдығынан картон шығарудың максималды көлемі Батыс Еуропа елдеріне және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне келеді, бұл ретте картонның артық бөлігі осы аймақтардан Қытайға (қажеттіліктер өскен кезде) және басқа елдерге экспортталады. Қайталама шикізаттан картонды әлемдік өндіру 50 млн тоннадан асады.
Мамандар қағаз өніміне деген сұраныстың оны өндіруден асып түсетіндігін болжап отыр.
Сала өнімдерінің халықаралық саудасы. Ірі аймақтардың үлес салмағының және көш басындағы ондық құрамының барлық өзгерістері кезінде жалпы алғанда әлемдегі ағаш және ағаш-қағаз өнімдерінің негізгі экспорттаушылары мен импорттаушылары болып бұрынғысынша экономикалық дамыған елдер қалуда. Америка Құрама Штаттары - әлемдегі іскерлік, өңделмеген ағашты және кесілген материалдарды аса ірі импорттаушы, бірақ бір уақытта бұл ел ағаштың, қағаздың және фанераның орасан зор мөлшерін импорттайды да. Кесілген материалдар мен қағаздың әлемдегі ең ірі экспорттаушысы – Канада.
Батыс Еуропада ағаш өнімдерінің барлық түрлерінің жетекші экспорттаушысы Скандинавия елдері болып табылады. ХІХ ғасырдың екінші жартысының өзінде-ақ осы аймақ нарығындағы ағашқа деген сұраныстың жылдам өсуі Финляндиядан (норвегиялық және шведтіктен кейін) әкелінген ағаштың аймақта қағаз шығару үшін шикізат ретінде кең қолданыс табуына алып келді. Ағашқа байырақ Щвеция мен Финляндия тарапынан өсіп келе жатқан бәсекелестікке байланысты біртіндеп құндырақ өнімді – ағаш массасын, целлюлозаны, картон мен қағаздың әртүрлі сорттарын өндіру қайта құрыла бастады. Осы өнімнің басым көпшіліігі қазіргі күні экспортталып отыр. Швеция экспортының маңызды құрамдас бөлігі болып қағаз массасы, қағаз өнімі, қағаз бен ағаш материалдары көрініс табуда (өнімнің 80%-ы Еуропа Одағы елдеріне келіп түседі.
Соңғы жылдары Аустралияның саладағы орны күшейе түсті. Аустралиядан целлюлоза-қағаз өнеркәсібі үшін шикізат экспорттау Америка Құрама Штаттары мен Канаданың экспортынан асып түсті. Ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібінің көптеген түрлерін өндіру бойынша өте жоғары орындар (әлемдегі 2-4 орын) алып отырса да, Жапония өз өнімінің көпшілік бөлігін тұтынады.
Сала өнімдерін дамушы елдерден (Бразилия, Малайзия, Индонезия, Нигерия, Папуа-Жаңа Гвинея және т.б.) экспорттау жылдам өсу (әсіресе кесілген материалдар мен фанера бойынша) тенденциясына ие. Қымбат тұратын «түрлі түсті» ағаш (ағаштың құнды түрлері) жиҺаз өндірісінде және ғимараттардың ішкі бөліктерін өңдеу үшін пайдаланылады.
Ресей үшін ағаш, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің маңызына ағаштың орасан зор қорлары және орман ресурстарының кең аумақтық таралуы себепкер болды. Алайда, пайдаланылатын ормандар негізінен алғанда Сібірде, Қиыр Шығыста және Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстігінде, яғни адам аяғы қиындықпен аяқ басатын аудандарда, кей кездері қатынас жолдарынан алыста орналасқан. Кезінде бұрынғы КСРО ағаш шығару, кесілген материалдар өндіру, ағаш-талшық және ағаш-жоңқа тақтайлары мен қағаз шығару бойынша әлемде алғашқы орындарының бірін алып отырды. Бірақ Ресей экономикасындағы құлдырау ағаш және целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өнім өндіру көлеміне де әсер етті (3 5 есе азаю).
Алайда, елде ағашты кесіп тастау жалғасуда. өнім көп мөлшерде экспортқа жөнелтілуде. Осыншама бай орман ресурстары бар кезде Ресей тек өңделмеген ағашты экспорттаушы ретінде ғана емес, өңделген ағаш өнімдерінің, қағаз бен картонның көптеген түрлерінің ірі экспорттаушысы ретінде де өзін көрсете алады.
Әлемдегі қағаз бен картон өндіру жарты ғасыр ішінде 10 еседен аса артты. Орман жамылғысының жалпы ауданы тұрақты азайып бара жатса да,орман кешенінің өнімдеріне деген сұраныс тұрақты өсе түсуде.



жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау