Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет7/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Қоғамдық факторлар. Қазіргі таңда өндірісті орналастыру, бұрынырақтағыға қарағанда, көбірек дәрежеде, қоғамдық даму заңдарының әсер етуімен қалыптасады және өндірістің мақсаттарымен әрі оларға қол жеткізу мүмкіндіктерімен анықталады. Нарықтық экономика жағдайларында фирманың (кәсіпкердің) негізгі мақсаты – максималды табыс алу. Осыған байланысты өнеркәсіптік өндірісті ұтымды орналастыру мәселесі ең келешегі бар (табыс алуға қатысты) шикізат көздерін, өндірісті ұйымдастыру мен өнімді сату нарықтарының орындарын және түрлерін таңдап алуға келіп тіреледі.
Қоғамдық факторлардың әсер етуі дамудың белгілі бір деңгейінде қандай да бір елдің (аймақтың) қарамағында бар материалдық (жер, шикізат, өндіріс құралдары және т.б.), қаржылық (капитал), еңбек (жұмыс күші), ғылыми-техникалық потенциалдармен анықталады. Олар кәсіпорын жұмысының қалыпты міндет атқаруын қамтамасыз етеді. Ең маңызы бар факторларға: еңбек ресурстары мен капитал, ғылыми-техникалық прогресс, мемлекеттік реттеу, мемлекетаралық экономикалық интеграция, трансұлттық компаниялардың қызметі және т.б. жатқызылады. Экономика ғылымында өндіріс факторларына: еңбек, жер, капитал кіреді. Басқаша айтар болсақ, экономистердің және экономикалық-географтардың теориялары арасында алшақтықтар жоқ.
Ең көп әсерді еңбек ресурстары мен капитал береді. Жұмыс күшінің құнының әсер етуі жұмыс коэффициенті (бұл жұмыс күшіне кететін шығындардың шығындалған материалдар мен дайын өнімнің қосынды салмағына ара қатынасы) арқылы анықталады. Бүгінгі таңда жұмыс күшінің санына қарағанда, оның сапасы маңызды. Қызметкердің біліктілігі білім деңгейіне, еңбек дағдыларының бар болуына, халықтың өндіріске тартылу дәрежесіне байланысты болып келеді.
Соңғы онжылдықтарда ақпараттық ресурстардың (бір жағынан алғанда, капиталға ақпараттық техника мен коммуникация құралдары түрінде енетін, ал екінші жағынан, еңбек ресурстарының сапасын, қызметкерлердің біліктілігін және олар жасайтын техникалық құжаттаманың деңгейін сипаттайтын) маңызы қатты арта түсті.
Қазіргі өнеркәсіп өндірісінің орналасуына үлкен әсерді ғылыми-техникалық прогресс береді. Ғылымның жетістіктері: өндіріске шикізаттың жаңа түрлерінің енгізілуін, қуаттың жаңа түрлерін игеруді, бұрынырақта қол жеткізу қиын болған аудандардың ресурстарын игеру мүмкіндігін; шикізат пен қуаттың дәстүрлі көздерін жасап шығару рентабельділігін және пайдалану тиімділігін арттыруды (оның ішінде өндірістің материал және қуат сыйымдылығын арттыру есебінен), өндірістің ең жаңа техникасы мен технологиясын жасауды, көлік құралдарын, байланыс жүйелерін, ақпаратты өңдеу мен шұғыл беру жүйелерін жасауды қамтамасыз етеді.
Шикізаттың жаңа түрлерін, жаңа технологияларды, көліктің өнімділігі жоғарырақ, үнемділігі жоғары құралдарын пайдалану бұрынырақта пайда болған технологиялық тізбектерді аумақтық үзуді және жекелеген буындарды шикізат өндіретін орындардан өнім тұтыну орындарына қарай орын ауыстыруды әбден экономикалық негізделген етеді. Ал жекелеген жағдайларда, керісінше, шикізаттың жаңа түрлерін және көздерін, жаңа технологияларды, оның ішінде шикізатты кешенді өңдеуді қамтамасыз ететін технологияларды пайдалану кооперациялану мен құрамдастырудың дамуына себепкер болады және жаңа аумақтық-өндірістік кешендердің («кластерлердің») құрылуына алып келеді.
Өндірісті жаҺандық масштабта орналастыру мен орын ауыстыру үшін қуатты алғышарт болып әлемнің көліктік инфрақұрылымын жан-жақты дамыту көрініс табады. Бұл ретте дамыған елдер осыған еніп те қойған постиндустриалды дәуірде көліктің рөлі өзгере бастайды. Осы сәттен бастап отын мен шикізатты шығару мен өңдеу арасындағы, өнімді өндіру мен тұтыну аудандары арасындағы аумақтық алшақтық азырақ шығындармен өтіледі. Дәл сол кезде жүктер мен жолаушыларды жеткізудің сенімділігіне, жылдамдығына және қауіпсіздігіне деген талаптар арта түсті; көліктің жаңа түрлері (контейнерлік тасымалдар) дамуын алуда; көлік дәліздері (магистральдық бағыттардағы көліктің әртүрлі түрлерінің үйлесуі) секілді жаңа құбылыс өмірге келді. Әлемдік көлік жүйесінің дамуы жаңа ресурстық аудандарды игеруді, сонымен қатар тораптар мен бөлшектерді жүздеген немесе тіптен мыңдаған километр қашықтықта орналасқан жерлерден алатын ірі мамандандырылған кәсіпорындардың құрылуын мүмкін етті.
Мұндай мамандану және онымен байланысты кооперациялану халықаралық экономикалық интеграция процестерінің негізінде жатыр. Өндірістік қуаттарды орналастыру варианттарына тікелей әсерді аса маңызды техникалық-экономикалық өндіріс көрсеткіштері көрсетеді. Бұл (шикізат пен дайын өнімнің тасымалданғыштық дәрежесін ескеретін) көлік факторы арқылы көрінісін табатын тұтынушылық факторын ескере отырып, шығарылатын өнім бірлігіне материал сыйымдылығы, қуат сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы және капитал сыйымдылығы көрсеткіштері.
Техникалық-экономикалық көрсеткіштер ғылым мен техника жетістіктерінің өндірістің барлық процестерінде енгізілуіне байланысты болып келеді. Олар өнім алуға кететін шығындарды қалыптастырады. Бұл ретте өнім бірлігін жасап шығаруға шикізатты, қуатты, еңбекті пайдаланудың шығын нормалары тауардың әр түрі үшін дербес. Бұл ақыр есебінде қандай да бір өндірісті орналастыру үшін елдегі ауданды таңдап алуға себепші болады. Ең жаңа технологияларды енгізу шикізатты, қуатты, еңбекті, демек, қаржы ресурстарын да үнемдеуге, сапасы жоғарырақ өнім шығаруға, қоршаған ортаның ластануын азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға және бұл ретте қандай да болсын өнімді өндірудің өзінідік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Басқаша айтар болсақ, техникалық-экономикалық факторларды өнеркәсіптік өндірістің орналастырылуына әсер ететін өзіндік «ішкі күштер» ретінде сипаттауымызға болады.
Шаруашылықтың әртүрлі салаларының өндірістік қуаттылықтарын орналастыру мәселелері үшін бұрынғысынша зор маңызға әлемнің әртүрлі елдерінде жүргізіліп отырған, мемлекеттік реттеу саясаты ие. Дәлірек айтар болсақ, нарықтық бәсекелестіктің мемлекеттік реттеумен және халықты әлеуметтік қорғаумен екіжақты үйлесімі маңызды болып табылады. Экономикалық жағынан дамыған және көптеген өзге мемлекеттерде құрылымдық және аймақтық саясаттың алуан түрлі әдістері қолданылады. Мәселен, аймақтық саясат мемлекет есебінен аталған аудандардың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын (көлікті, энергетика нысандарын, ықтимал өнеркәсіптік құрылыс үшін орындарды инженерлік тұрғыдан даярлауды және т.с.) инвестициялаумен проблемалы (артта қалған) аудандарға жеке бизнесті тартуға бағытталуы мүмкін.
Соңғы онжылдықтар ішінде өндірістің орналастырылуын мемлекеттен шеткері және мемлекетаралық деңгейде реттеу тәсілдері күн өткен сайын көбірек маңызға ие бола бастауда. Қуаттылықтарды қысқарту немесе кәсіпорындарды жабу туралы немесе, керісінше, қандай да бір кәсіпорындарға интеграциялық топтардың немесе одақтардың қорларынан қаржылық қолдау көрсету туралы шешімдер қабылдануда. Елдер мен интеграциялардың өзара тәуелділігі процестерінің осылардың мақсаты халықаралық сауданы дамыту, бизнесті жүргізудің ортақ ережелерін жасау және тіптен шетел инвестицияларын қорғау болып табылатын Дүниежүзілік сауда ұйымы, Бүкіләлемдік банк, Халықаралық қайта құру (реконструкциялау) және даму банкі, ЮНИДО, Еуропа реконструкция және даму банкі, ОЭСР секілді ұйымдардың, әртүрлі қорлардың және т.б. жіті назарында тұрғаны белгілі.
ХХ ғасырдың екінші жартысында трансұлттық компаниялардың іс-әрекетінің халықаралық әсері өте жылдам қарқындармен өсіп келді. Трансұлттық компаниялар кез келген тауарды әлемнің кез келген аймағында өндірудің шектеусіз аумақтық мүмкіндіктеріне ие болды.
Трансұлттық корпорация – бұл операцияларды орналасқан елде (өзінің үйіндегі базасында) де, одан тысқары жерде де жүзеге асыратын көп ұлтты қаржылық-өндірістік, ғылыми-техникалық, сауда жасаушы және қызмет көрсетуші бірлестік. Әртүрлі елдерде орналасқан автономиялы кәсіпорындар бірыңғай интернационалды құрылымның шеңберінде жұмыс істейді. Бұл шешімдер қабылдау орталығы арқылы келісілген саясат жүргізуге, сондай-ақ қаржы-экономикалық топтарға басқа да қатысушыларға тиісті әсер етуге мүмкіндік беретін басқару жүйесінің негізінде әрекет жасайтын фирмалар.
Әдеттегі ұлттық компаниялардан (бұлар да өз өнімін халықаралық сауда арқылы әлемдік нарықта сата алатын) өзгешелігі, трансұлттық компаниялар халықаралық алмасу барысында дайын өнімді ғана емес, өндіріс процесінің өзін басқа елдерге көшіреді. Трансұлттық компаниялардың күрделі ұйымдық-басқарушылық құрылымы бар.
Әдетте халықаралық фирмалар ретінде трансұлттық компаниялардың екі немесе одан да көбірек елдерде шаруашылық бөлімшелері болады және олар бір немесе бірнеше орталықтардан (штаб-пәтер) басқарылады.
Іс жүзінде ұлттық капиталдың іс-әрекетінің интернационалдануының орнына трансұлттық капиталдың мүдделерінің іс-әрекетінің жаҺандануы келді. Олардың әлемдік экономикаға, халықаралық саудаға және әлемдік қаржы жүйесіне елеулі әсер етуіне орай, трансұлттық компаниялар жиірек және пәрмендірек өндірістерді ғаламшарлық масштабта орналастырудың ең өзгеше реттегіштері ретінде көрініс табады.
Трансұлттық компаниялар капиталдың, технологиялардың және басқарушылық шеберліктің негізгі бастамашылары болып табылады және өндірудің, бөлудің және жабдықтаудың фирмалық жаҺандық стратегиялары арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне тікелей әсер етеді. Ғылыми топтарда «еңбектің трансұлттық бөлінісі» термині жиірек қолданыла бастауда.
Бұрынырақта айтылып кеткендей, өзінің өнімін әлемдік нарықта халықаралық сауда арқылы сатуға қабілетті әдеттегі ұлттық компаниялардан өзгешелігі, трансұлттық компаниялар халықаралық алмасу барысында тек дайын өнімді ғана емес, өндіріс процесінің өзін де басқа елдерге көшіреді. Трансұлттық компаниялардың күрделі ұйымдық-басқару құрылымы бар. Оның үстіне трансұлттық корпорациялардың шетелдік филиалдарының сатылым көлемдері қазіргі уақытта тауарлар мен қызмет көрсетулерді халықаралық саудалауға қарағанда жоғарырақ қарқындармен өсіп отыр.
Соңғы онжылдықтарда өндірістік қуаттарды орналастырған кезде экологиялық құрамдас бөлікті ескерудің күн өткен сайын маңыздырақ әсерге ие болып отырғандығын айтпасқа болмайды. Әлем елдерінің дамудың әртүрлі сатыларында тұру фактісі әлемдік шаруашылықтың жаҺандық жүйесінің кеңістіктік ұйымдастырылуының заңдылықтарын және кейбір салалардың (бірінші кезекте «экологиялық жағынан лас») көбірек артта қалған елдер мен аймақтарға жылжуын анықтап отыр. Жоғары дамыған елдердегі постиндустриалды даму (қызмет көрсету саласының қауырт дамуы) көптеген шығарушы салалардың және жекелеген өңдеу салаларының (немесе индустриялардың) олардың аумақтарынан азырақ дамыған елдерге көшірілуінсіз мүмкін болмас еді.
Қорытындылай келе, нарықтық экономикада өндірістің орналастырылуының оптималдығының негізгі критерийі – осы кезде шикізаттың зауытқа оптималды орын ауыстыруы және дайын өнімнің нарыққа оптималды орын ауыстыруы қамтамасыз етілетін өнімді өндіру мен сатудың қосынды шығындарын минималдандыру екенін тағы бір рет баса көрсете кетейік.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау