Өнеркәсіп географиясы


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



жүктеу 2,97 Mb.
бет4/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары

  1. Өнеркәсіп географиясы қалыптасуының алғышарттарын баяндаңыз.

  2. Дүниежүзілік еңбек бөлінісіндегі өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің алатын орны мен маңызына тоқталыныңыз.

  3. Өнеркәсіптің салалық құрылымындағы дамыған және дамушы елдер арасындағы арақатынастар өзгерістерін сипаттаңыз.

  4. «Импорт алмастыру» және «экспортқа бағытталған» даму үлгілеріне сипаттама беріңіз.

  5. Өнеркәсіптік өндірістің ірі географиялық аймақтарына (ТМД елдерін қоса) қысқаша шолу жасаңыз.



2. Пәннің зерттеу әдістері мен міндеттері. Шаруашылық салаларын орналастырудың негізгі теориялары
2.1 Өнеркәсіп географиясының зерттеу әдістері мен міндеттері
Өнеркәсіп географиясы - өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық географияның негізгі буыны бола отырып, табиғат пен қоғамды өзара тығыз байланыста қарастыратын кешенді сала. Оның әдіснамалық негізі материалистік диалектика болып табылады. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді зерттеу барысында, ол өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық географияның құрамдас бөлігі ретінде бірқатар ғылыми әдістерді пайдаланады. Біз төменде оның негізгілеріне тоқталамыз
Бағдарламалық-мақсаттық әдіс нарықтық қатынастар жағдайларында жұмыстың барлық кезеңдерін (нақтылы мәліметтерді жинаудан, аумақтық жүйелердің қасиеттерін бағалаудан, олардың қызмет атқаруының заңдылықтарын анықтаудан, дамуын болжаудан бастап, аумақтық жүйелердің өзгеруімен байланысты жобаларды сараптауға дейін) қамтиды, сонымен қатар жеклеген салалар мен аумақтар бойынша кешенді бағдарламалар жасап шығару үшін маңызды мәнге ие.
Жүйелі талдау әдісі өз кезегінде аумақтық жүйелердің әрқайсысын жан-жақты, оның сыртқы және ішкі байланыстарын зерттей отырып, бұл нарықтық қатынастар қалыптасуы барысында аймақтардың егемендігі жағдайларында, әсіресе, маңызды болып отырғанындай, елдің шаруашылық кешені жүйесінің біртұтастығын қарастырады.
Тепе-теңдік(баланс) әдісі өндіріс көлемдерін аймақтың ресурстарының алуан түрлерімен байланыстыруға және қажетті пропорциялар орнатуға мүмкіндік беріп отырады.
Статистикалық әдістер әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың аумақтық аспектілерін сипаттайтын алуан түрлі сандық, мөлшерлік ақпаратты өңдеу және талдау үшін қызмет атқарады.
Картографиялық әдіс аумақтық экономикалық-географиялық процестерді және елдер мен жекелеген аймақтар қимасында шаруашылық пен халықты орналасу ерекшеліктерін танып-білу үшін қажет. Ол процестер мен құбылыстардың уақыттық кесіндісін де, олардың даму ырғағын (динамикасын) да көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Экономикалық-математикалық үлгілеу әдісі әртүрлі бастапқы мәліметтер жүйелерінің аясында өте ыңғайлы нұсқасын есептеп шығуға және оның ең оңтайлысын (өндірістің мол өнімі жағдайында шығындардың аз болуы) таңдап алуға мүмкіндік береді.
Салыстырмалы-географиялық әдіс бірқатар аумақтық бірліктерді математикалық тәсілдердің көмегімен салыстырып қарауға мүмкіндік беріп отырады.
Тарихи әдіс жалпылама және ерекше тарихи құбылыстардағы салыстырудың көмегімен олардың дамуының негізгі тенденцияларын анықтайды.
Өнеркәсіп географиясының негізгі міндеттері:
өнеркәсіптің аумақтық ұйымдастырылуын жетілдіру жолдарын;
өнеркәсіп салаларының аса ұтымды орналастырылуын;
жекелеген аймақтың және жалпы бүкіл елдің дамуының тиімділігін арттырудың болашағын негіздеу болып табылады.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау