Өнеркәсіп географиясы



жүктеу 2,97 Mb.
бет8/117
Дата22.12.2023
өлшемі2,97 Mb.
#44894
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   117
Увалиев. Оқулық, өнеркәсіп географиясы

Салаларды орналастырудың басым факторлары бойынша жіктеу. Шығаратын өнеркәсіп салаларын орналастырудың негізгі факторы табиғи-ресурстық фактор болып қалуда. Өңдеу өнеркәсібі салаларының ішінен орналастырудың басым факторлары бойынша өндірістердің төрт тобын бөліп көрсетуімізге болады.
1. Шикізат көздеріне көбірек тәуелді салалар (материалды немесе шикізатты көп қажет ететін өндірістер). Бұл тау-кен және металлургия жабдықтары өндірісі, қара металлургия, азот-тук, целлюлоза-қағаз, цемент өнеркәсібі және т.б.
2. Еңбекті көп қажет ететін салаларды еңбек ресурстары шоғырланған аудандарда орналастырған бәрінен де мақсатқа лайықтырақ. Бұл станок жасау, тоқыма, тігін, аяқ киім өнеркәсібі, аспап жасау, электротехника және т.с. олар өндіріс шығындарындағы жалақының жоғары үлесімен ерекшеленеді. Бұл ретте күрделі машина жасау (электроника, электротехника және т.б.) өзінің орналасуында біліктілігі жоғары кадрлар бар аудандарға (ғылымды көп қажет ету факторы қосылады), ал бұқаралық өнім шығаратын салалар – арзан (біліктілігі төменірек) жұмыс күші бар аудандарға тартылатын болады.
3. Арзан отын мен электр қуаты көздеріне тартылатын, энергияны көп қажет ететін салалар. Бұл- алюминий, магний, никель балқыту,химия талшықтарын, синтетикалық каучук, шайырлар және пласмасса өндіру, сонымен қатар жылу энергетикасы. Осы салалардың өндіріс шығындарындағы отынға және электр қуатына шығындардың үлесі ең жоғары. Демек, олардың кәсіпорындары арзан отын мен электр қуатының көздеріне бағыт-бағдар алады (мысалға, бастапқы алюминий өндіру жөніндегі зауыттар ірі гидроэлектр станцияларының маңында құрылатын болады және т.с.).
4. Тұтынушылар нарығына бағдар алған салалар. Бұл – автомобиль жасау, ауыл шаруашылық машиналарын жасау, мұнай өңдеу, жиҺаз, нан пісіру өнеркәсібі, кондитерлің өнімдер өндіру және т.с..
Алайда, жоғарыда атап өтілгеніндей, салалардың орналастырылуына бірлі-екілі емес, екі-үш (және одан да көп) факторлар әсер етеді. Мәселен, толық циклдағы металлургия үшін шикізат факторы, отын-энергетика ресурстарының және жұмысшы күшінің болуы маңызды саналады; мұнай өңдеу үшін аса маңызды факторлар; шикізат және тұтыну факторлары; жеңіл түсті металдар (мысалға, алюминий) өндірісі үшін – энергетикалық фактор (арзан электр қуаты) болып табылады және т.с. Автомобиль жасау кәсіпорындары бірінші кезекте қолда бар тұтынушылық нарыққа бет бұрады, алайда, инфрақұрылымның даму деңгейі, еңбек ресурстарының бар болуы және т.с. аса маңызды болмақ және т.с.
Бұдан шығатын қорытындылар жаңа өндірістік қуаттардың орналастыруын бағалаған кезде немесе жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды қайта құру (реконструкциялау) арқылы жаңғыртқан кезде іске кешенді келу міндетті. Бұл жерде өндірістің өзіне, жапсарлас және қосалқы өндірістерге, табиғатты қорғау шараларына, инфрақұрылымды дамытуға кететін күрделі және ағымдағы шығындарды ескеру, сонымен қатар жалпы алғанда көп мақсатты ресурстар (жұмысшы күші, отын, су, жер) бойынша баланстардың жағдай-күйін ескеру ойға алынады.
Жекелеген кәсіпорындар мен салаларды орналастырудан келетін келешектегі экономикалық әсер міндетті түрде бағаланады (ал экологияға деген талаптарға байланысты ықтимал шығындар да, табиғатты қорғау шараларына кететін қаражаттар да есептеп шығарылады). Бағалаудың негізінде өндіріс пен күрделі құрылыстың экономикалық тиімділігін анықтаудың жалпы әдістемесі жатыр.

жүктеу 2,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   117




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау