Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
Өнеркәсіп географиясының зерттеу әдістері қандай?
Шаруашылық салаларын орналастырудың ұстанымдары қандай?
3. Өндірістің орналасуына әсер етуші факторларды талдаңыздар
4. В.Кристаллер теориясы және оның қазіргі нарықтық экономикалық жағдайдағы алатын маңызы қандай?
3. Өнеркәсіп салаларының географиялық орналасуына әсер етуші факторлар
Өнеркәсіптік өндірісті, әрбір нақтылы кәсіпорынды орналастыруға факторлардың өте көпсанды түрлері өз әсерін тигізеді, бұл ретте олардың маңыздылығы елеулі ерекшеленіп отырады. Өндірісті орналастырудың «бағытталған» терминін пайдалану қажет. Мысалға, шикізатқа, өнім өткізу нарығына, еңбек ресурстарына (олардың санына немесе олардың біліктілік деңгейіне) бағытталған салалар бар екендігі айқын.
Шағын жеке кәсіпорындар басым болған, экономиканың дамуының алғашқы сатыларында өндіріс-ресурстар мен шикізаттары бар жерде орналастырылды. Бірақ, олардың іс-әрекетінің масштабының өсуімен, шаруашылық байланыстары күрделене түст, бұл өз кезегінде кәсіпорындарды орналастыру орындарын таңдап алу мәселесі өмірге келді. Сәтті таңдау табыстың алғышарты болды, ал сәтсіз таңдау – кәсіпкерге ойсырай кедейлену қаупін төндірді, осыған байланысты ғалымдар өндірісті «орналастыру факторлары» түсінігін ол жүзеге асырылатын орынға байланысты туындайтын, шаруашылық іс-әрекет үшін экономикалық пайда ретінде ұғынуды ұсынды.
Көліктің дамуы өнеркәсіп салаларының көпшілігін алдымен ұлттық, ал кейініректе әлемдік нарық деңгейіне шығарды. Алғашқы монополиялардың (өнеркәсіп бірлестіктерінің, компаниялардың) пайда болуымен өнеркәсіп кәсіпорындарын аумақтық орналастыру мәселелері орасан зор практикалық қызығушылыққа ие болды.
Табиғи-ресурстық факторлар. Ол өнеркәсіпті орналастырудың табиғи жағдайлар мен ресурстарға тәуелділігіне себепкер болады. Бұл - табиғи ерекшеліктер мен ресурстардың (аумақтың өлшемдері, табиғи-климаттық жағдайлар, оның ішінде рекреациялық потенциал, аумақтағы ресурстардың бар болуы, экономикалық-географиялық орнының ерекшеліктері және т.б.) жиынтығы.
Табиғи факторлардың өнеркәсіптің орналастырылуына әсері олардың өндіріс шығындарына және олар арқылы – табыс мөлшеріне әсер етуі арқылы жүзеге асырылады. Бұл сыртқы күштер. Іс жүзінде анықталған табиғи жағдайлар мен ресурстардың бар болуы өндірісті дамыту үшін қажетті фактор болып табылады. Алайда жалпы алғанда олар пайдаланыла ма немесе қандай шамада пайдаланылатын болады, мұны қоғам (немесе нарықтық экономика жағдайларында – кәсіпкер, фирма) шешеді. Бұл кезде табиғи жағдайлардың алуан түрлі салалар мен өндірістердің (сондай-ақ өндірістік циклдың жекелеген сатыларының) орналасуына әсері әртүрлі.
Шикізаттың өңделуінің дәрежесінің артуына қарай табиғи факторлардың әсері әдетте азая түседі, бұл факторлардың басқа түрінің – қоғамдық факторлардың маңыздылығын арттыра түседі. Мәселен, өнеркәсіптің ресурстарды алуды және оларды бастапқы өңдеуді жүзеге асыратын, шығарушы салаларда бұл әсер ету айдан анық. Бірақ өңдеуші өнеркәсіпте географиялық жағдайлардың өндірістің орналастырылуына әсері бастапқы табиғи шикізатты өңдейтін және қуаттың бастапқы көздерін пайдаланатын базалық салаларда күштірек болады. Оның үстіне шикізатпен (оның ішінде қуат ресурстарымен) қамтамасыз етілгендік шикізаттың тиісті түрлерінің тасымалданғыштығына байланысты болып келеді. Материалдық индекс – бұл локальданған материалдардың (шикізаттың) салмағының дайын өнімнің салмағына ара қатынасы. Егер бұл коэффициент бірден көп болса, онда өндірісті шикізат пен материалдар көзіне жақынырақ орналастырған, егер бірден кем болса, өнімді сату нарығына жақынырақ орналастырған тиімдірек.
Табиғи-ресурстық фактор рөлінің сақталуына байланысты адам аяғының басуы қиын аумақтардағы және теңіздердің акваторияларындағы кен орындары игеріледі, бұл ірі, бірінші кезекте теңіздегі жүк ағындарының қалыптасуымен ілесе жүреді. Бұл кезде көліктің барлық түрлерінің жұмысын жетілдіру, инфрақұрылымды дамыту ресурстарды олардың ірі қорларының болуымен ерекшеленбейтін немесе олар мүлдем жоқ елдерге жеткізуге кететін шығындарды төмендетеді. Дайын өнімдерді тасымалдаған кезде тауар құнының көліктік құрамдас бөлігі 1%-дан кем болуы мүмкін, дәл сол кезде көптеген отын-шикізат жүктерін тасымалдаған кезде бұл көрсеткіш 25-30%-ға жетеді.
Кеңістікте маңызы бірдей емес жағдайлар мен ресурстардың жиынтығын дұрыс пайдалану өндірістік қуаттылықтарды орналастырған және елдер мен аймақтарды дамытқан кезде ең жақсы нәтижелерді қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |