Мамандығы: Электротехника и энергетика/B062 Интеграция и управление Smart технологиями энергосбережения и энергоэффективности в электроэнергетике/6B07102 Дисциплина: ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ БІЛІМ МОДУЛІ (ӘЛЕУМЕТТАНУ, САЯСАТТАНУ) Тақырып: Қазақстандық көп партиялық жүйенің Құрастырған: Н.Бекзат Тексерген: РАджапов А. Алматы-2023ж. Жоспар: І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім А) ҚР-дағы көппартиялықтың қалыптасуының негізгі кезеңдері Б) Саяси партиялар қызметінің құқықтық негіздері (ҚР Саяси партиялар туралы заңы) В) Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы саяси партиялар және олардың қызметі IV Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Көппартиялық жүйе ХХ ғасырда қалыптаса бастады. Ол әсіресе демократиялық мәдениет деңгейі жоғары қоғамдардың саяси өмірінде кеңінен орын алады. Көппартиялық жүйенің қалыптасуына әртүрлі демократиялық саяси процестер ықпал етеді. Оның негізгілері: жалпыға бірдей сайлау құқығының қалыптасуы, сайлауға қатысу жасының, мүлік шартының төмендеуі, либерализм идеологиясының орын алуы, яғни, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарының өзгеруі, мемлекеттің қоғам мен жеке адамдардың өміріне араласуының шектелуі, яғни антиэтатизм принципінің орнығуы. Қазір бүкіл адамзат өркениетке жаппай ұмтылыс жасап отырған кезде көппартиялықтың артықшылығына әлем халықтары толық көз жеткізіп отыр. Бұның өзі партиялардың саясаттары халық мүддесіне қаншалықты сай келетінін жеке азаматтардың бағалауына жол ашады. Қазір бүкіл адамзат өркениетке жаппай ұмтылыс жасап отырған кезде көппартиялықтың артықшылығына әлем халықтары толық көз жеткізіп отыр. Бұның өзі партиялардың саясаттары халық мүддесіне қаншалықты сай келетінін жеке азаматтардың бағалауына жол ашады. Көппартиялық жүйе билікке ие болып отырған саяси топтарды, басқарушы партияларды алмастыруға жағдай жасайды. Ал мұның өзі қоғамда саяси қызметтерді тиімді жүргізудің алғышарты. Сондықтан да демократиялық қоғамда көппартиялыққа айрықша мән беріліп, бірнеше саяси партиялардың қатар өмір сүруіне мемлекеттік, қоғамдық тұрғыдан қолдау көрсетуге жағдай туады.
Достарыңызбен бөлісу: |