Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау



Дата20.11.2018
өлшемі49 Kb.
#22278


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау

және әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы « 30» қаңтар

№ 43

бұйрығымен бекітілді




Иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен
тіндерін алу, сақтау және пайдалану қағидалары




  1. Жалпы ережелер

1. Осы Иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін aлу, сақтау және пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың қаны мен тіндерін (бұдан әрі - биологиялық материал) алу, сақтау және пайдалану тәртібін айқындайды.

2. Иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың биологиялық материалын алуды, сақтауды және пайдалануды денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.

3. Биологиялық материал мынадай иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардан алынады:



санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен «Радиациялық қауіпсіздікке қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» гигиеналық нормативтерімен (бұдан әрі -гигиеналықнормативтер) белгіленген радиациялық апатты жою кезінде ұйғарынды мөлшерден артық сәуле алған адамдардан;

иондаушы сәулелендіру көздерінен осы сәлеленумен байланысты аурулары бар персонал мен адамдар үшін гигиеналық нормативтермен белгіленген мөлшерлік шектеуден артық сәулеленудің тиімді мөлшерін алғандардан;

1949 — 1965 жылдар аралығында әуедегі және жердегі ядролық жарылыстарды жүргізу кезінде радиоактивті заттармен ластанған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе қызметін (оның ішінде мерзімді) өтеген адамдардан;

1966 — 1990 жылдар аралығында жер асты ядролық жарылыстарын жүргізу кезінде радиоактивті заттармен ластанған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе қызметін (оның ішінде мерзімді) өтеген адамдардан;


      иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың балалары мен барлық кейінгі ұрпақтарынан.


  1. Иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардан биологиялық
    материал алу

4. Иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардан биологиялық материал алу олардың ерікті түрде хабардар етілген келісімі болғанда және алдыңғы үш ай ішінде қан препараттарын құю және рентгендік зерттеулер жүргізілмеген жағдайда жүзеге асырылады.

5. Биологиялық материал алуды емдік-диагностикалық манипуляциялар жүргізу (биопсиялық материалды алу, онкологиялық аурулар бойынша ота жасау) кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары жүргізеді.

6. Қан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы № 666 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5925 болып тіркелген) бекітілген Қанды және оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау,өткізу ережелеріне сәйкес көктамырдан алынады.


7. Биологиялық материалды алу кезінде оны таңбалау жүргізіледі.

8. Биологиялық материалды алу кезінде мынадай ақпараттан тұратын ілеспе құжаттар толтырылады: зерттелуші адамның төлқұжат деректері, тұрғылықты жері, биологиялық материал алынған күн, денсаулық жағдайы туралы мәліметтер (басынан өткізген аурулар, созылмалы және қатерлі аурулардың болуы, рентгендік зерттеулерінен өткені, дәрілік препараттарды ішкені, ішімдікке салынуы туралы), жақын туыстарының денсаулық жағдайы туралы ақпарат (басынан өткізген аурулардың анамнезі, қатерлі жаңа өскіндердің, созылмалы аурулардың болуы).

9. Биологиялық материал үлгілерін сақтау орнына дейін тасымалдау Цельсий бойынша +4-тен +6 градусқа дейінгі температуралық режим сақтала отырып жүзеге асырылады.



  1. Иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың биологиялық
    материалын сақтау және пайдалану

10. Биологиялық материал денсаулық сақтау ұйымында сақталады.

11. Қан үлгілерін және тіндердің үлгілері салынған балауыз блоктарды сақтау Цельций бойынша +5-тен +22 градусқа дейінгі температуралық режим сақталатын жеке үй-жайларда жүзеге асырылады.

12. Қан үлгілері мұздатудың және жасушалық материалды сақтаудың автоматтандырылған жүйесінде сұйық азотта немесе Цельсий бойынша -135-тен -196 градусқа дейінгі температуралық режим сақталатын терең қатырылатын тоңазытқыш қондырғыларда сақталады.

13. Әрбір қан үлгісі арнайы сауыттарда - криотүтіктерде немесе криошишаларда сақталады.

14. Сақтауға арналған сауыттар азоттың деңгейін және оның толу уақытын бақылауға мүмкіндік беретін автоматты дабыл жүйесімен жабдықталуы тиіс.

15. Биологиялық материал үлгілерін сақтауға арналған арнайы жабдыққа қызмет көрсетуді осы жабдықпен жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметкерлер жүзеге асырады.

16. Биологиялық материалды сақтау кезінде температуралық режимге тұрақты бақылау жүргізіледі.

17. Электр жабдығы жарамды жағдайда болады, жеке үй-жайда орналасады және үздіксіз, резервтік қоректендірумен қамтамасыз етіледі.

18. Биологиялық материал мен жабдықты сақтау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық салауматтылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық тиісті талаптар сақталады.

19. Биологиялық материал туралы мәліметтер биологиялық материалды сақтауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының базасында құрылатын электрондық дерекқорға енгізілуі тиіс.

Сақтауға берілген биологиялық материалға мынадай ақпарат көрсетілген сәйкестендіру коды тағайындалады: зерттелуші адамның төлқұжат деректері, тұрақты тұрғылықты жері, биологиялық материалдың түрі, биологиялық материал алынған күн.

20. Биологиялық материалдың электрондық дерекқоры иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың биологиялық материалының тіркелімі түрінде ресімделеді.

21. Иондаушы сәулелену әсеріне ұшыраған адамдардың биологиялық материалы ғылыми ұйымдар немесе ғылыми қызметті жүзеге асыратын зерттеушілер арқылы ғылыми мақсаттарда пайдаланылады.

22. Биологиялық материалды алу үшін биологиялық материалды сақтауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымына мынадай құжаттар ұсынылады:

биологиялық материал үлгісінің мөлшері және зерттеу мерзімі көрсетілген өтініш;

биологиялық үлгіні беруге биологиялық материалды сақтауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымының басшысының келісімі.

23. Зерттеу аяқталғаннан кейін зерттеу жүргізген ғылыми ұйым немесе зерттеуші биологиялық материалды берген ұйымның басшысына:

зерттеу барысында пайдаланылмаған биологиялық материалдың үлгілерін;



биологиялық материалдың әрбір үлгісін зерттеу туралы есепті ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау