17 "Түрлi дебиторлармен және кредиторлармен есеп
айырысулар" шоты
17-шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
170 "Кем шығушылық бойынша есептемелер";
171 "Міндеттi әлеуметтiк қамсыздандыру бойынша есеп айырысулар";
172 "Арнаулы төлем түрлерi бойынша есептемелер";
173 "Бюджетке төленетiн төлемдер бойынша есептемелер";
174 "Депозиттi сомалар бойынша есептемелер";
175 "Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiру үшiн алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар";
176 "Демеушiлiк және қайырымдылық, көмектердiң сақтандыру төлемiнiң есебiнен шығыстарға алынған қаражат бойынша есеп айырысулар";
177 "Депоненттермен жасалатын есептемелер";
178 "Бекiтiлген сметаның шегiнде, басқа дебиторлармен және кредиторлармен жасалатын есептемелер";
179 "Аванстық төлемдер тәртiбiндегi есеп айырысулар".
"Кем шығушылық бойынша есептемелер" 170 қосалқы шотында ақша қаражаттары мен құндылықтардың кем шығуының ұрлануының сомалары, кiнәлi адамдар есебiне жатқызылған материалдық құндылықтар бүлiнуiнен болған сомалардың шығыны және белгiленген тәртiпте ұстауға жататын басқа сомалар.
Кем шығу мен ұрлаудан келтiрiлген залалдың көлемiн айқындау кезiнде зиян анықталған күнгi материалдық байлықтардың құнынан шығу керек.
Анықталған кем шығулар мен ұрлықтар кiнәлi адамдарға кем шығулар мен ұрлықтар белгiленген күннен кейiн 5 күн iшiнде, тексеру немесе ревизия актiсiнде көрсетiлген сомада жатқызылады, материалдар азаматтық iздеу үшiн тергеу органдарына берiлуi керек. Сот шешiмiн алған кезде кiнәлi адамға жатқызылған сомалар сот органының атқарушы парағына сәйкес нақтылануы керек.
170 қосалқы шотының дебетiне анықталған кем шығулардың, ұрлықтардың, шығындардың және т.б. сомалары, ақша қаражаттарының немесе материалдық байлықтардың тиiстi қосалқы шоттарының кредитiмен корреспонденцияларына жатады. 170 қосалқы шот кредитiне ұйымға келтiрiлген зиянды қайтаруға арналып ұйымның бюджет шотына немесе кассаға түскен сома жазылады.
Бұл қосалқы шоттар бойынша талдау есебi тегi, аты және әкесiнiң аты, қызметi, берешек пен кем есептелген сома пайда болған күнi көрсетiлiп әрбiр кiнәлi адам бойынша н. 292-а карточкасында (н. 292 кiтабында) жүргiзiледi.
171 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер, қызметкерлерге міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақыларды есептеу және заң актілерінде көзделген тәртіпте оларды төлеу ескеріледі.
Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдемақыларды есептеу кезінде "Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен тағайындаудың және төлеудің шарттары, тәртібі туралы" уақытша нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 сәуірдегі N 411 қаулысына сәйкес 171 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті және 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазу жазылады.
Мемлекеттік мекемелердің 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап 1999 жылғы 17 сәуірді қоса алғандағы кезең үшін есептелген жәрдемақылар бойынша шығыстарды өтеуді аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдері республикалық бюджет қаражатын мемлекеттік мекемелердің бюджеттік шоттарына аудару арқылы жүргізеді. Есептелген сомаға түскен, бірақ жәрдемақылар төленбеген соманы өтеу үшін мемлекеттік мекеме тиісінше 090 "Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелер қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған рұқсаттары" қосалқы шоттың дебеті немесе 100 "Мемлекеттік мекеменің ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге міндеттемелер қабылдауға және рұқсаттар беруге арналған рұқсаттары" қосалқы шоты бойынша және 171 қосалқы шотының дебеті бойынша жазба жүргізеді. Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жәрдемақы төлеуді мекеме 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар", 120 "Касса" қосалқы шоттарының дебеті және 090, 100, 120 қосалқы шоттарының кредиті бойынша жазу жазылып көрсетіледі.
1999 жылдың сәуірінен бастап 171 "Міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті бойынша "Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақыларды жұмыс берушілердің қаражаты есебінен тағайындаудың тәртібі туралы" Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 маусымдағы N 731 қаулысына сәйкес 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитімен корреспонденциясында уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша, жүктілігі және босануы бойынша белгіленген жәрдемақылардың сомасы көрсетіледі. Жәрдемақыларды төлеу заңдарда белгіленген мөлшерде есептелген әлеуметтік салықтың есебінен жүргізіледі. Жәрдемақыларды төлеу сомасына 159 "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебеті және 171 қосалқы шоттың кредиті бойынша жазу жазылады.
171 қосалқы шоты бойынша талдама есебі н.283 монографтық карточкаларда жүргізіледі.
172 "Арнаулы төлем түрлерi бойынша есептер" қосалқы шотында: мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде балаларды ұстағаны үшiн; музыка жетi жылдық мектептерiнде балаларды оқытқаны үшiн; мектеп-интернаттарда тәрбиеленушiлерді ұстағаны үшiн ата-аналармен; жұмысшылармен және қызметшiлермен олардың жұмыс орындары бойынша алған тамақтары үшiн; жұмысшылармен және қызметшiлермен нысанды киiм үшiн; мектеп жанындағы интернаттардағы балалардың тамағы үшін есеп айырысулар ескерiледi.
Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде (балалар яслиiнде, бала-бақшаларда және ясли-бақшаларда) балаларды ұстағаны үшiн ата-аналармен есеп айырысулар.
Балаларды мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде ұстағаны үшiн төленетiн төлемдер өкiлеттi банкке хабарлама-квитанциялар бойынша ай сайын, ал жекелеген жағдайларда - тiкелей мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне ақшаны қабылдау жүктелген адамдар арқылы енгiзiледi. Бұл адамдар ұйымдар бойынша бұйрықпен тағайындалады және олармен толық жеке материалдық жауапкершiлiк туралы келiсiм жасалады. Өкiлеттi банктер арқылы төлеу кезiнде жазылған хабарлама-квитанциялар келесi жұмыс күннен кешiктiрiлмей оларды ата-аналарға тапсыруға мiндетті балалар мекемелерiнiң жетекшiлерiне берiледi.
Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде балаларды ұстағаны үшiн төлемдердiң уақытылы түсуi үшiн жауапкершiлiк осы ұйымның жетекшiлерiне жүктеледi.
Төлемдердi есептеу н. 305 балалардың қатысу есебiнiң, табелi негізiнде нақтылы қатысқан күндерi үшiн әр айдың соңғы жұмыс күнi жүргiзiледi.
164. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне тiкелей төлемдердi енгiзу кезiнде ата-аналарға төлегендiгi туралы квитанция берiледi. Сомаларды қабылдауға өкiлеттi адам мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң бюджеттiк шотына үш күндiк мерзiм iшiнде тапсырылуы керек. Бұл қаражаттарды бюджеттiк шотқа алдын-ала өткiзбей жұмсауға болмайды. Ақшаларды қабылдау жүктелген адам олардың тапсырған сомаларының құжаттарын тиiстi хабарламаларының қосымшаларымен бухгалтерлiк қызметке тоқсан сайын өткiзуге мiндеттi. Ата-аналар айдың соңғы жұмыс күнi төлемеген хабарлама-квитанциялар бухгалтерлiк қызметке тапсырылуы керек.
Ата-аналардан түскен сомаларға 172 қосалқы шоты кредиттеледi және 09 немесе 10 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарында дебеттеледi.
Ата-аналарға сомаларды қайтару (балалар шығып қалған жағдайда) мектепке дейiнгi балалар мекемелерi жетекшілерiнiң өкiмiмен олардың өтiнiштерi негiзiнде жүргiзiледi. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерi жетекшiлерiнiң өкiмiне өтінiштi балалардың қатысу есебiнiң кезектi табелiмен қоса тапсырады. Қайтару касса немесе пошталық аударым арқылы жүргiзiледi. Қайтарылған сомалар 172 қосалқы шотының дебетiне және 120 қосалқы шотының кредитiне немесе 09, 10, 11 шоттардың тиiстi қосалқы шоттарына жазылады.
Балаларды ұстағаны үшiн талдау есебi н. 327 балаларды ұстағаны үшiн ата-аналармен есеп айырысу бойынша ведомосы жүргізiледi.
Мектепке дейiнгi балалар мекемесiне баланың қатысқан нақтылы күндерi үшiн есептелген сомаларға 172 қосалқы шотының дебетiне және 236 қосалқы шотының кредитiне жазба жазылады.
165. Тәрбиеленушiлердi мектеп-интернатта ұстағаны үшiн ата-аналармен есеп айырысу.
Тәрбиеленушiлердi ұстағаны үшiн төленетiн төлемдер төлем енгiзiлетiн айдан кейiнгi ағымдағы айдың 10 күнiнен кешiктiрiлмей ай сайын енгiзіледi.
Тәрбиеленушiлердi ұстағаны үшiн төленетiн төлемдердiң көлемi белгiленген көлемде айқындалады.
Тәрбиеленушiлердiң мектеп-интернатта қатарынан үш күннен артық болмаған уақыты үшiн (каникулға шығуына және ауруына байланысты) оларды мектеп-интернатта ұстағаны үшiн төленетiн төлемдер алынбайды. Тәрбиеленушiлердiң жексенбi және мереке күндерi ата-аналарында немесе оларды алмастыратын адамдарда болған уақыты үшiн бұл күндерде оларды ұстағаны үшiн төленетін төлемдер жасалатын келесi төлемдерге есептеледi. Тәрбиеленушiлердi ұстағаны үшiн төленетiн төлемдердi ата-аналар ұйымның бюджеттiк шотына одан кейiн есептеу үшiн өкiлеттi банкке хабарлама-квитанция бойынша енгiзедi.
Түскен төлемдердiң сомаларына 172 Қосалқы шоты кредиттеледi 09, 10, 11 шоттарының тиiстi қосалқы шоттарына немесе 120 қосалқы шотына дебеттеледi. Тәрбиеленушiнiң мектеп-интернатта нақтылы болған күндерi үшiн есептелген төлемдердiң сомаларына 172 қосалқы шоты дебеттеледi және 238, 400-қосалқы шоттар кредиттеледi.
Ата-аналармен есеп айырысудың талдау есебi ф. 327 ведомостында жүргiзiледi.
Мектеп жанындағы интернаттарда балалардың тамағы үшiн ата-аналармен есеп айырысулар.
Мектеп жанындағы интернаттарда балалардың тамағы үшiн төленетiн төлемдер ағымдағы ай үшiн ата-аналар осы айдың 5-i күнiнен кешiктiрмей ай сайын енгізедi.
Балалардың тамағы үшiн есептелген төлемдер топтар бойынша жасалған және тәрбиешi мен мектеп директоры қол қойған тiзiм негiзiнде жүргiзiледi.
Балалардың тамағы үшiн төленетiн төлемдер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шотқа одан әрi есептеу үшiн өкiлеттi банкке хабарлама-квитанция бойынша ата-аналар енгiзедi.
Ерекше жағдайларда төлем мектеп кассасына немесе директордың бұйрығымен өкiлеттiк берiлген адамға төленедi. Тамағы үшiн ата-аналардан қабылданған сомалар үш күн iшiнде арнаулы қаражаттар бойынша бюджеттен тыс шотқа тапсырылуы керек. Бұл қаражаттарды тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақшаны есепке алуға арналған шотқа тапсырмай жұмсауға жол бермейдi.
Мектеп жанындағы интернаттарда тамақ блоктары болған жағдайда тамақ өнiмдерiмен қабылдануы мүмкiн.
Тамақ өнiмдерiн ата-аналардан қабылдау үш дана етiп жазылатын, олардың iшiнде: бiрiншiсi - бухгалтерлiк қызметке, екiншiсi - материалдық-жауапты адамға және үшiншiсi-тамақ өнiмдерiн тапсырған адамға берiлетiн н. 434 тiркеу қағазы (талап ету қағазы) бойынша жүргiзiледi. Тiркеу қағазында (талап ету қағазында): тамақ өнiмi кiмнен түскендiгi, саны (салмағы), бағасы, сомасы, қоймаға түскен күнi, сондай-ақ тамақ өнiмiн алғандығы туралы материалдық-жауапты адамның қолы көрсетiледi.
Оқушылардың тамағы үшiн есептелген төлемдердiң сомасына 172 қосалқы шот дебетiне және 400 қосалқы шот кредитiне жазба жазылады. Түскен төлем сомаларына 172 қосалқы шот кредиттеледi және 120, 111 немесе 061 қосалқы шотында дебеттеледi (егер төлем орнына тамақ өнiмдерi түссе).
Ата-аналармен есеп айырысудың талдау есебi н. 327 ведомостында жүргiзiледi.
Музыка жетi жылдық мектептерiнде балаларды оқытқаны үшiн ата-аналармен есеп айырысулар.
Музыка жетi жылдық мектептерiнде балаларды оқытқаны үшiн ата-аналармен есеп айырысудың есебi осы нұсқаулықтың мұның алдындағы тармағында айтылған тәртiптер қолданыла отырылып жүргiзiледi.
168. Жұмысшылар мен қызметшiлердiң жұмыс орындары бойынша алатын олардың тамағы үшiн есеп айырысулар.
Тамақ үшiн есеп айырысу бұл ұйымдардың орналасқан жерлерiнде кәсiпорындарда қоғамдық тамақтану болмаған жағдайда төлем үшiн қызметкерлерге қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тамақтану рұқсат етiлген ұйымдарда (ауруханалар, мектепке дейiнгi балалар мекемелерi, мүгедектер мен қарттар үйi және басқа бюджеттiк ұйымдар) қызметкерлермен жүргiзiледi.
Алынған тамақ үшiн қызметкерлермен есеп айырысу кезiнде 172 қосалқы шот дебетiне пайдаланылған тамақ өнiмiнiң құны жазылады, ал кредитіне - тамақ үшiн қызметкерлерден алынған сома жазылады.
Тамақ үшiн есеп айырысулардың есебi орталықтанған бухгалтерияларда, одан басқа жекелеген ұйымдарда қызметкерлердiң тегi мен инициалы көрсетiлген н. 285 айналым ведомостында жүргiзiледi.
Нысанды киiмдер үшiн жұмысшылармен қызметшiлермен есеп айырысулар.
Нысанды киiмдер үшiн есеп айырысу тәртiбiн Қазақстан Республикасының тиiстi министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық Комитетiнiң келiсiмi бойынша айқындайды.
172 "Арнаулы төлем түрлерi бойынша есептемелер" қосалқы шотында жетiм балалар қатарынан шыққан жоғары және арнаулы орта оқу орындарының және кәсiптiк-техникалық мектептердiң студенттерi мен оқушыларының киiмдерi, аяқ киiмдерi, төсек-орындары және тамағы үшiн ақшалай өтемақылар бойынша есептемелер ескерiледi. Жетiм балалар қатарынан шыққан оқушылар мен студенттерге өтемақы қаражаттары бойынша шығыстарды есептеу тәртiбiн Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып айқындайды.
173 "Бюджетке төленетiн төлемдер бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында:
- заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша;
- кiнәлi адамдарға жатқызылған және бюджет кiрiсiне тапсыруға жататын, анықталған материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының кем шығуының;
- қолданылып жүрген тәртiптерге сәйкес бюджет кiрiсiне тапсыруға жататын активтер мен басқа материалдық байлықтарды сатудан түскен сомалардың;
- өткен қаржы жылында пайда болған дебиторлық берешектердi қайтару сомалары бойынша;
- бұрынғы іздеудің мерзiмi бойынша кредиторлық және депоненттік берешектердiң талап етілмеген сомалардың;
- жаңа қаржы жылында бюджеттiк шотқа бюджеттiк ұйымдардың қайтаратын, өткен қаржы жылы үшiн пайдаланылмаған бюджеттiк қаражаттардың сомалары бойынша;
- басқа да түсiмдердiң бюджетпен есеп айырысулары ескерiледi.
Бюджетпен есеп айырысу бойынша пайда болған сомалар 173 қосалқы шотының кредитіне, ал бюджет кiрiсiне тиiстi сомалардың аударылуы бойынша - осы қосалқы шоттың дебетіне жазылады.
173-қосалқы шотта Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қаржы орталығының мемлекеттiк бiлiм және мемлекеттiк студенттiк несиелердi өтеу есебiнен депозиттiк шотқа түскен қаражат бойынша немесе Қаржы орталығы үш күндiк мерзiмде республикалық бюджеттің кiрiсiне аударуға мiндеттi игерiлмеген несие қаражатын қайтарған жағдайдағы есеп айырысу ескерiледi. Республикалық бюджеттiң кiрiсiне есепке алуға жататын сомаға 247 "Iшкi несиелендiру" қосалқы шотының дебетi бойынша және 173-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi, қаражатты аудару 173-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 112-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен көрсетiледi.
Талдау есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) есеп айырысудың әр түрi бойынша жеке жүргiзiледi.
174 "Депозитті сомалар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында бюджеттiк ұйымдардың уақытша жұмсауына түскен және белгiлi бiр шарттар бойынша оны бюджетке аударған немесе аударатын тұлғаларға не өзге мақсатқа жұмсау құқығынсыз Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес үшінші тұлғаларға қайтаруға жататын сомалар ескерiледi.
174 қосалқы шотының кредитiне ұйымдардың уақытша қарауына түскен сомалар жазылады, бұл ретте 112 немесе 120 қосалқы шоттарында дебеттеледi, ал осы қосалқы шоттың дебетiне мақсат бойынша шоттан берiлген немесе аударылған сомалар жазылады.
174-қосалқы шотта Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Қаржы орталығының депозиттiк шотына түскен және мемлекеттiк бiлiм несиелерiн және мемлекеттiк студенттiк несиелердi беру үшiн тағайындау бойынша пайдаланылатын қаражат бойынша есеп айырысу ескерiледi. Депозиттiк шотқа қаражат түскен кезде 112-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 174-қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. Қаржы орталығы мемлекеттiк бiлiм несиелерi және мемлекеттiк студенттiк несиелер бойынша жоғары бiлiмi бар мамандарды даярлауды жүзеге асыратын заңды тұлғаға қаражат аудару кезiнде 174-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 247-"Iшкi несиелендiру" қосалқы шотының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
Бұдан басқа, 174-қосалқы шотта сотталғандар мен тергеуге алынып сотталған тұлғалардан алынған сомасы мен жеке ақшалары ескеріледі, 174-қосалқы шоттың дебетіне атқару парағы бойынша сотталғандардың жалақыдан ұсталған сомасы, зейнетақылары, жәрдемақылары және өзге де табыстары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен көзделген сотталғандар пайдаланған шығыстарға арналған қаражат жазылады, бұл ретте 17, 18-шоттардың тиісті қосалқы шоттары кредиттеледі. 174-қосалқы шоттың кредитіне сотталғандар мен тіркеуге алынып тұтқындалған тұлғалардың дербес шотына есептелген жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және өзге де табыстар жазылады, бұл ретте 189-қосалқы шот дебеттеледі.
Депозиттiк сомалардың талдау есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) әр алушы бойынша жүргiзiледi.
172-1. "Шағым және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiру үшiн алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар" 175 қосалқы шотында жергiлiктi атқарушы органдардың жанындағы шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөніндегi басқармалардың (бөлiмдердiң) шағын және орта бизнесті несиелендіруге жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қарыз ақшалар бойынша есеп айырысулары көрсетiледi. Шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелендiруге жергiлiктi бюджеттерден бөлiнген қаражаттардың сомалары осы қосалқы шоттың дебетi және 248 қосалқы шоттың кредитi бойынша есепке алынады. Шағын және орта бизнес субъектiлерiнiң қаражаттарды қайтаруы 175 қосалқы шоттың кредитi және 100 дебетi бойынша жазбамен көрсетiледi, бiр мезгiлде 248 қосалқы шот дебетi және 100 қосалқы шот кредитi бойынша жазба жасалады.
175 қосалқы шот бойынша талдама есеп 292-а-н. карточкаларында (292-н. кiтабында) әрбiр субъект бойынша жүргiзiледi.
173. 176 "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек есебiнен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында демеушілiк және қайырымдылық көмек түрінде түскен және қатаң түрде мақсатқа сай пайдаланылатын ақша бойынша есеп айырысулар ескерiледi.
Мақсатқа сай жұмсау үшін демеушілік және қайырымдылық көмек есебіне түскен сома 176 "Демеушiлiк және қайырымдылық көмек есебiнен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті мен 110 "Демеушілік және қайырымдылық көмек шоты" қосалқы шотының дебетіне жазылады.
Қаржы жылы аяқталғанда жыл iшiнде жүргiзiлген шығыстардың жалпы сомасы 213 "Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақша және өзге қаражаттар есебінен шығыстар" қосалқы шотының кредитiнен 176 "Демеушілік және қайырымдылық көмек есебінен шығыстарға алынған ақша бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетiне көшiрiледi.
Демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң жекелеген түрлерi бойынша есеп айырысулардың талдамалы есебi 292-а нысан карточкаларында (кітапта N 292 нысан бойынша) жүргiзiледi.
174. 177 "Депоненттермен есеп айырысулар" қосалқы шотында белгiленген мерзiмде алынбаған жалақы төлемдерi мен шәкiртақылардың сомалары ескерiледi.
Белгiленген мерзiмде алынбаған жалақы төлемдерi, мен шәкiртақылардың сомалары 177 қосалқы шотының кредитiне және 180 немесе 181 қосалқы шотының дебетiне жазылады. Жалақының депонентiнен берiлген сомаға 177-қосалқы шот дебеттеледi және 120-қосалқы шот кредиттеледi. Тиiстi бюджетке төлеуге жататын қуыну мерзiмi өткен депоненттiк берешек сомасы 177-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 173-қосалқы шоттың кредитi бойынша ескерiледi. Жалақы төлемдерi бойынша депонирленген сомалардың есебi депонирленген жалақы төлемдерi мен шәкiртақылардың талдау есебi н. 441 кiтабында жүргізiледi. Бұл кiтаптағы жазба әр депонент бойынша жүргiзiледi. "Талаптың көнелік мерзімі өткеннен кейін депоненттік берешектің талап етілмеген сомасы есептерді түгендеу актісінің, актіге анықтаманың, Комиссияның түгендеу хаттамасының негізінде тиісті бюджетке аударуға жатады және есепте 177-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 173-қосалқы шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
Айдың соңында н. 441 кiтабында "Кредит" және "Дебет" бағандары бойынша қорытындысы есептеледi және келесi айдың басына арналып кредиттiк қалдық шығарылады.
Депозитке салынған соманы қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда, тиындармен төленбеген соманың қалдығы 180-қосалқы шотқа қайтарылады және жалақы төлеу кезінде ескеріледі. Қызметкер жұмыстан шыққан кезде төленбеген және керісінше, соманы бір теңгеге дейін дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану нәтижесінде артығымен төленген тиындардың қалдығы 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады.
175. 178 "Бекiтiлген қаржыландыру жоспары шегiнде басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотына бекiтiлген шығыстар сметасы шегiнде басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар және жатақхананы пайдаланғаны үшiн оқу орындарының студенттерiмен және оқушыларымен есеп айырысулар, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктерге қазынашылықтың атаулы чектерi бойынша қолма-қол ақшаны алу үшiн қазынашылықтың транзиттiк шотына (889) аударылған сомалары ескеріледi.
Одан басқа 178 "Бекiтiлген қаржыландыру жоспары шегiнде басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотында "Автокөлiк құралдарының иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктерiн мiндеттi сақтандыруға арналған жарналары" 125 және "Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін мемлекеттік міндетті дербес сақтандыруға арналған жарналар" 126 ерекшелiктерi бойынша "Бекiтiлген қаржыландыру жоспары шегiнде" бекiтiлген шығыстар сметасы шегiнде шығыстардың есебi көрiнiс табады.
Өкiлеттi банктен қолда бар ақшаларды үшiн аумақтық қазынашылықтың қолма-қол ақшаларды транзиттiк шотқа (889) қаражаттарды аудару кезiнде мынадай бухгалтерлiк жазба жазылады: Дт 178 "Бекiтiлген қаржыландыру жоспары шегiнде басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" Кт 090, 100, 110, 111, 112. Атаулы қазынашылық чек бойынша қолма-қол ақшаларды алу кезiнде 178 кредиттеледi және 120 дебеттеледi.
Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысудың талдау есебi н. 408 жинақтаушы ведомоста (6 мемориалдық ордерi) ұстанымдық тәсілмен жүргiзiледi. Олардағы жазбалар әр құжат бойынша мынадай тәртiпте жүргiзiледi. Әр айдың басында жинақтаушы ведомостан өткен ай үшiн әр ұстаным (жол) бойынша 2-6 бағандарға материалдық құндылықтар алынбаған жеткiзушiлердiң шоттарының деректерi жазылады. Жеткiзушiлердiң төленген шоттарының түсуi бойынша 2-4, 7-11 бағандарына әр ұстаным (жол) бойынша жазба жазылады. Алынған материалдық құндылықтардың сомасына 178 қосалқы шотының кредитіне берешек көрсетiлген жол бойынша 15 бағанға және тиiстi қосалқы шоттар дебеттерiнiң 16-23 бағандарына жазба жазылады, ал екiншi жазба 24-26 бағандар бойынша көрiнiс табады. Ай аяқталғаннан кейiн қорытындысы саналады және 15-26 бағандардың деректерi "Бас журнал" кiтабына жазылады. Егер жүзеге асырылмаған шоттар бойынша жеткiзушiлер қаражаттарды ұйымдардың немесе орталықтандырылған бухгалтериялардың бюджеттiк шоттарына аударылса "Бас журнал" кiтабына жазылатын жазба бұл сомаларды есепке алмай жүргiзiледi. 27-28-бағандарда әр ұстаным (жол) бойынша ай соңындағы қалдықтар енгiзiледi.
Басқа дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу есебi н. 292-а карточкаларда (н. 292 кiтапта) жүргiзiлуi мүмкiн, студенттер мен оқушылардың жатақхананы пайдаланғаны үшiн есеп айырысу есебi н. 285-а айналым ведомостында жүргiзiледi.
Өткен жылдардың дебиторлық берешегін қайтару сомасы ақша қаражаттарын қайтаруға төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік мекеме берген төлемге шот негізінде кірістердің бюджеттік сыныптамасының тиісті кодына бюджетке есептеуге жатады.
Өткен жылдардың дебиторлық берешегін қайтарған кезде 090 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары", 100 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары" қосалқы шоттарының дебеті мен 178 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізіледі.
Мемлекеттік мекемеге беруші ағымдағы жылғы дебиторлық берешегін өтеуі (бұдан әрі - қалпына келтіру) бір қаржылық жыл шегінде Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік бағдарламасының шығыстары бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша орындалмаған міндеттемелердің сомасын арттыру және кассалық шығыстарды азайту арқылы жүзеге асырылады.
Аумақтық қазынашылық органының төлемдерді қайтару жөніндегі төлем құжаты тиісті мемлекеттік мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекеме қалпына келтіруді жүзеге асыру үшін Аумақтық қазынашылық органына төлемді қайтару жөніндегі төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде негіздеме хат береді.
Ағымдағы жылдың дебиторлық берешегін қайтару 090 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары", 100 "Мемлекеттік мекеменің міндеттемелер қабылдауға және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар беру үшін рұқсаттары" қосалқы шоттарының дебеті мен 178 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Бюджеттiк ұйымдар тапсырыс төлемдерiн (үш банктiк күн толса) уақытылы ұсынбаған жағдайда Қазынашылық органдары өткен қаржы жылында пайда болған дебиторлық берешектердi қайтару сомасын республикалық бюджеттiң кiрiсiне есептеуге мемориалдық ордер толтырады.
176. "Аванстық төлемдер тәртiбiндегi есеп айырысулар" 179 қосалқы шотында есеп айырысулар әр жеке мәмiле (тиеу, тауарды жiберу немесе қызмет көрсету) бойынша емес, алдын-ала келiсiлген тараптармен қаражаттарды мерзiмiнде және толық көлемде дүркiн-дүркiн аудару жолымен жүзеге асырылған жоспарлы төлемдер тәртiбiнде жеткiзушiлермен есеп айырысулар ескерiледi.
Жеткiзушi мен сатып алушы ай сайын нақтылы алынған материалдық құндылықтар немесе қызмет көрсетулер негiзiнде өздерiнiң есеп айырысуларының жағдайын нақтылайды шартта немесе келiсiмде көрсетiлген тәртiпте қайта есептеу жүргiзедi және тиiстi төлем жасайды.
179 қосалқы шоты бойынша есеп айырысулардың аналитикалық есебi, тамақ өнiмдерi үшiн есеп айырысулардан басқалары, ай iшiнде жасалған операцияларды көрсету үшiн әр жеткiзушіге қажеттi жол саны бөлiнетiн н. 408 жинақтаушы ведомосы (7 мемориалды ордер) жүргiзiледі. Жинақтаушы ведомостағы жазбалар операциялардың жасалғанына орай әр құжат (тапсырыстық төлем есеп) бойынша жүргiзiледi. Айдың қорытындысы "Бас журнал" кiтабына жазылады.
Егер жеткiзушiлер аванстық төлемдi ұйымдардың бюджеттiк шотына немесе орталықтанған бухгалтерияларға қайтарған жағдайда "Бас журнал" кiтабындағы жазбалар бұл сомаларды есепке алмай жүргiзiледi.
Жеткiзушiлермен аванстық төлем тәртібiндегi есеп айырысулардың есебi н. 292-а карточкада (н. 292 кiтапта) жүргізiлуi мүмкiн.
179-қосалқы шотта сол сияқты түзету мекемелері сотталғандарының көрсеткен қызмет үшін шаруашылық жүргізуші субъектілермен жасалған есептер ескеріледі. Депозиттік қаражаты жөніндегі шотқа орындалған жұмыстар, қызметтер үшін түзету мекемелері сотталғандарының жалақысы түскен кезде қызметтер 112 дебеттеледі және 179 кредиттеледі. Түзету мекемелері сотталғандары жалақысының, зейнатақыларының, жәрдемақыларының және өзге де табыстарының сомасы 189-қосалқы шоттың кредитіне жазылады, бұл ретте 179-қосалқы шот дебеттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |