Омаров С. Х. ҚАржы- бюджет ұйымдарының есебі және есеп беруі


VI бөлiм. "Қаржыландыру бойынша



жүктеу 2,19 Mb.
бет6/13
Дата01.01.2018
өлшемі2,19 Mb.
#6864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

VI бөлiм. "Қаржыландыру бойынша
ведомоствоiшiлiк есептер"

140. 14 шоты "Қаржыландыру бойынша ведомоствоiшiлiк есептер" лимиттердi төмен тұрған таратушылар мен оларға бағынысты бюджеттiк ұйымдар арасында шығыстар сметаларының атқарылу процесi кезiнде туындайтын, бюджеттен қаржыландыру бойынша есептер ескерiледi. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 


      140 "Ұйымның және басқа да шараларға арналған шығындарды бюджеттен қаржыландыру бойынша есептемелер"; 
      142 "Басқа бюджеттер есебiнен қаржыландыру бойынша есептемелер"; 
      143 "Күрделi жұмсалымдарды бюджетiнен қаржыландыру бойынша есептемелер". 
      140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоттарында мемлекеттік мекемелер бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен алынған қаржыландыру сомасын ескереді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы қосалқы шотта ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің жүргізген қаржыландыру сомасын ескереді.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 14 "Қаржыландыру бойынша ведомство ішіндегі есеп айырысулар" шотының тиісті қосалқы шоттарының дебетіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру сомасы және орталықтандырылған іс-шараларға қаржыландыру жоспары бойынша қаржы бөлу есебінен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер үшін жүргізілген шығыстар, ал кредитке - ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді қаржыландыруды азайту және бір жылға мемлекеттік мекемелер жүргізген шығыстардың сомасы жазылады.
      Мемлекеттік мекемелерде тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде тиісті бюджетке түсетін түсімдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар тиісті бюджет есебінен қаржыландыру ретінде көрсетіледі.
      Бұл ретте, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде тиісті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша оларда көрсетілген сома тиісті 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар", 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 098 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар", 108 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде жергілікті бюджетке түсетiн түсiмдер мен оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша рұқсаттар" қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа іс-шараларды бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотының дебетi және 200 "Бекітілген қаржыландыру жоспарының шегінде мемлекеттік мекемелерді ұстауға және басқа іс-шараларға бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоттың кредитi бойынша жазбамен қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады. 
      142 "Басқа бюджеттер есебiнен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотында басқа бюджеттер есебiнен жекелеген шараларды өткiзу үшiн алынған қаржыландыру сомалары ескерiледi. 

      143 "Күрделi жұмсалымды бюджеттен қаржыландыру бойынша есептемелер" қосалқы шотында күрделi қаржыны және бюджет есебiнен басқа шараларды қаржыландыру сомалары ескерiледi. 

      145. Мемлекеттік мекемелер 140, 142, 143 қосалқы шоттар бойынша есептемелердiң есебiн қаржыландыру жоспарын атқару балансына "Бюджеттен қаржыландыру сомаларының қозғалысы туралы" анықтамада қарастырылғанындай көрсеткiш кескiнiнде н. 283 карточкасында жүргiзедi. 

Жоғары тұрған ұйымдар балансының активiндегi 140, 142, 143 қосалқы шоттар бойынша қалдықтардың жиынтық балансын жасау кезiнде бағынысты ұйымдардың пассив баланстарындағы бұл қосалқы шоттар бойынша екi жақты жойылады. 


Дәріс - 8. Бюджеттік ұйымдарда есеп айырысулар
     Осы бөлiмде тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер үшiн берушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысу, әлеуметтiк салық жарналары және басқа да төлемдер бойынша бюджетпен, есеп беретiн адамдармен, жұмысшылармен және қызметшiлермен, стипендиаттармен, депоненттермен, мектеп-интернаттарда және басқа балалар мекемелерiнде балаларды ұстағаны үшiн ата-аналармен, өзге дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу, жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есеп айырысу және есеп айырысудың басқа да түрлерi ескерiледi. 
      "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңына сәйкес мемлекеттiк мекемелер жасайтын азаматтық-құқықтық мәмiлелер Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен тiркеуге жатады. 
      Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) сатып алуға арналған азаматтық-құқықтық шарттарды жасайтын мемлекеттiк мекемелер оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында (бұдан әрi - қазынашылықтың аумақтық органдары) тiркейдi. 
      Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк мекеме жасайтын, бiрақ қазынашылықтың аумақтық органдарынан тiркеуден өтпеген шарттар бюджеттiк қаржы бөлумен қамтамасыз етілмейдi және аяқталмаған болып саналады. 
      Мемлекеттiк мекеме жоспарлы тағайындаулар көлемiнен немесе берілген рұқсаттардан тыс қарызға алған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бюджеттiк ақша есебiнен төлеуге жатпайды. 
      Бекiтiлген сметалардан тыс тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сатып алғаны үшiн мемлекеттiк мекемелердiң лауазымды тұлғалары заңнамада белгiленген тәртiппен жауап бередi. 
      Бекiтiлген сметадан тыс сатып алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құнын төлеуге ұсынылған құжаттар (шоттар, орындалған жұмыстардың кесiмдерi) және сатып алынған тауарлар берушiге қайтарылуы тиiс, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) қайтару мүмкiндiгi болмаған жағдайда, берушiге берешек мемлекеттiк мекеменiң бухгалтерлiк есебiнде көрсетiледi. 
     Түгендеу нәтижелерi бойынша дебиторлармен және кредиторлармен есеп айрысуларда мынадай өндiрiп алу үшiн нақты емес: 

1) дебиторлық берешек: 

өндiрiп алудан сот бас тартқан, оның iшiнде қуыну мерзiмi аяқталуы себептi; 
оның мүлiктерiнiң жетiспеуiне байланысты борышкердi тарату кезiнде қанағаттанбаған, сондай-ақ таратылған балансты бекiткенге дейiн несие берушi мәлiмдеген; 

егер міндеттеме борышкердің қайтыс болуымен аяқталған жағдайда, егер атқару борышкердің өзінің қатысуынсыз жүргізіле алмаса, не міндеттеме өзгеше түрде борышкердің жеке басымен тығыз байланысты болса; 


      2) кредиторлық берешек: 

несие берушiнi таратқан жағдайда; 

егер кредитор борышты кешірген жағдайда, егер борыштан босату туралы шешімді кредитор мүлкінің меншіктенушісі немесе оған уәкілетті тұлға қабылдаған жағдайда; 
      мемлекеттiк мекемеден өндiрiп алудан сот бас тартқан, оның iшiнде қуыну мерзiмi аяқталуы себептi.

Дебиторлық және кредиторлық берешектi есептен шығаруға негiздеме болған кезде дебиторлармен және несие берушiлермен мынадай мәлiметтерi болуға тиiс есеп айырысуларды түгендеу кесiмiне Анықтама жасалады:


      дебитордың, несие берушiнiң атауы, нақты заңды мекен-жайы, СТН (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi). Егер борышкердiң мекен-жайы және орналасқан жерi белгiсiз болған жағдайда, оған iздеу салу бойынша қолданылған шаралар көрсетiледi;
берешектiң сомасы:

берешек қандай баланстық шотта есепке алынады, қандай мiндеттемелер бойынша;


берешектiң пайда болған күнi;

берешектi растайтын құжаттар;

берешектiң пайда болуына немесе берешектi уақытында өндiрiп алуға кiнәлi лауазымды тұлға;
      керi тәртiппен кiнәлiнiң есебiнен залалдың сомасын өндiрiп алудың мүмкiн еместiгi;
      өндiрiп алу үшiн нақты емес борышты мойындаудың толық негiздемесi (дебиторлық берешектiң) (борышты өндiрiп алу бойынша қабылданған нақты шаралар, оның iшiнде талап қою-қуыну жұмыстарын жүзеге асыру, берiлген атқару құжаттары бойынша ақпараттар; тарату комиссиясы шешiмiнiң күнi, нөмiрi немесе борышкердiң банкроттығын мойындаған жағдайда тарату балансын бекiту туралы сот шешiмi. Мемлекеттiк мекемеге қуынудан бас тартқан кезде бас тартудың негiздемесiн, жоғары тұрған сот органдарында сот шешiмiнiң шағымы бойынша қолданылған шаралар көрсетілсiн.); 
кредиторлық берешектi есептен шығару туралы шешiм қабылдауға арналған себептер (негiздемелер). 
      Мемлекеттiк мекеменiң басшысы Есеп айырысуларды түгендеу кесiмi, Дебиторлармен және несие берушiлермен есеп айырысуды түгендеу кесiмiне анықтама, сондай-ақ Түгендеу комиссиясының хаттамасы негiзiнде бұл туралы он күндiк мерзiмде бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiне хабарлай отырып, дебиторлық және кредиторлық берешектi есептен шығару туралы шешiм қабылдайды. 

      Дебиторлық берешектi өндiрiп алуға арналған нақты емес сомалар мемлекеттiк мекеме басшысының шешiмi бойынша есептен шығарылады және қаржыландырылуын кемiтуге жатқызылады, бұл ретте 140, 230-қосалқы шоттар дебеттеледi және есеп айырысулардың тиiстi қосалқы шоттары кредиттеледi.      Мемлекеттiк мекеменiң басшысы оны есептен шығару туралы шешiм қабылдаған кредиторлық берешектiң сомасы (оған объективтiк жағдайлар болған кезде) есептен шығарылады және 140, 230-қосалқы шоттардың артуына жатқызылады. Бухгалтерлiк есепте бұл операция есеп айырысудың тиiстi қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 140, 230-қосалқы шоттардың кредитi бойынша көрсетiледi. 


      Борышкерлерден берешектi өндiрiп алу бойынша уақытылы шаралар қолданбағаны үшiн, берешектi негiздемесiз және заңсыз есептен шығарғаны үшiн мемлекеттiк мекеменiң басшысы және борышкерлерден берешектi өндiрiп алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру (қуынуды ұсыну, шоттардың шешiмiне шағыну, атқарушы құжаттарды алу, сот атқарушылырына немесе екiншi деңгейдегi банктерге атқарушы парақтарды жiберу) мiндеттемесi жүктелген басқа да тұлғалар қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес тәртiптiк және/немесе басқа да жауапкершiлiкте болады. 

      149. 15 "Орындаған жұмыстары және көрсеткен қызметтерi үшiн жеткiзушiлермен, мердiгерлермен және тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар" шоты. Бұл шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi: 

      150 "Жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар"; 
      151 "Сыртқы заемдар есебінен міндеттемелер бойынша есептесулер"; 
      152 "Бюджеттiк тақырып бойынша тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарға арналған тапсырыстарды iшiнара төлеу бойынша есеп айырысулар"; 

      153 "Атқарылған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар"; 

      154 "Бекiтiлген сметадан тыс несие берушiлермен есеп айырысу";
      155 "Гранаттардың есебінен міндеттемелер жөніндегі есеп айырысулар"; 
      157 "Жұмыстар мен қызмет көрсетулер үшiн тапсырыс берушiлердiң аванстары бойынша есеп айырысулар"; 

      158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетін түсімдермен және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу"; 


      159 "Әлеуметтiк салық жарналары бойынша есеп айырысулар". 
150 "Жеткiзушiлермен және мердiгерлермен есеп айырысулар" қосалқы шотында күрделi қаржыға арналып қаржыландырылған қаражаттар есебiнен алынған құрылыс материалдары, конструкциялар детальдар, қондырғыларға арналған жабдықтар және т.б. үшiн жеткiзушілермен есеп айырысулар және құрылыс салу мен монтаждауға арнап және құрылыс-монтаж жұмыстарын орындағаны үшiн оларға берiлген конструкциялар мен детальдар бойынша мердiгерлермен есеп айырысулар ескерiледi. 
      150 қосалқы шотының дебетiнде жеткiзушiлермен есеп айырысулар бойынша құрылыс материалдары, конструкциялар мен детальдар үшiн төленген шоттардың сомалары жазылады, бұл ретте 093, 103 немесе 111 қосалқы шот несиеленедi. Қоймаға жеткiзушiлерден алынған құндылықтардың құнына 040, 041 немесе 150 қосалқы шоты дебеттеледi, егер құндылықтар мердiгерге қоймаға түспей берiлген болса 150 қосалқы шотында несиеленедi. 
      150 қосалқы шотының дебетiне мердiгермен есеп айырысу бойынша орындалған құрылыс монтаж жұмыстары үшiн сомалар және құрылыс-монтаж жұмыстары үшiн мердiгерге берілген конструкциялар мен детальдар, құрылыс материалдары жазылады, бұл ретте 040, 041, 093, 103, 111 қосалқы шоттарында кредиттеледi. Мердiгердiң атқарған құрылыс-монтаж жұмыстарының сомасына 203 қосалқы шотының дебетінде немесе 150 қосалқы шотының кредитiне жазба жазылады. 
      Н. 292-а карточкасында (н. 262 кiтабында) әрбiр жеткiзушi мен мердiгер бойынша талдау есебi жүргiзiледi.

151 "Сыртқы заемдар есебінен міндеттемелер бойынша есептесулер" қосалқы шотында жоба бойынша жұмыстарды (қызмет көрсетулерді) орындауға арнап келісім (шарт) жасасқан жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар ескеріледі. 


      151 қосалқы шот дебеті бойынша мердігермен (жеткізушімен) есеп айырысу бойынша орындалған жұмыстар үшін аударылған сомалар көрініс табады, бұл ретте 113 "Сыртқы қарыздар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шотында кредиттеледі. Мердігер (жеткізуші) орындаған жұмыстардың (қызмет көрсетулердің) сомаларына 204 "Сыртқы заемдар есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" қосалқы шот дебетіне және 151 қосалқы шот кредитіне жазба жасалады. 
      Материалдық құндылықтардың сатып алынған активтерінің құны тиісті материалдық құндылық активтері дебеті және 151 қосалқы шот кредиті бойынша көрініс табады. Сонымен бірге активтерді сатып алу кезінде 204 қосалқы шотының дебеті және 250 "Активтердегі қорлар" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жасалады. 
      151 қосалқы шот бойынша талдау есебі н.292-а талдау есебінің карточкаларында әр жеткізуші және мердігер бойынша жүргізіледі. 

152 "Бюджеттiк тақырып бойынша тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарға арналған тапсырыстарды iшiнара төлеу бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында ғылыми-зерттеу ұйымдары үшiн тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарға арналған олардың тапсырыстарын орындау бойынша кәсiпорындармен және ұйымдармен есеп айырысулар ескерiледi. 


      Тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды орындау белгiленген тәртiпте толтырылған, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен жасалған шарт бойынша жүзеге асырылады. Шартта тәжiрибе-конструкторлық жұмыстардың (бұйымдардың) толық құны, аванс мөлшерi мен ағымдағы жылдағы шығындардың көлемi көрсетiледi. 
      152 қосалқы шотының дебетiнде аванстың аударылған сомалары мен орындалған жұмыстардың сомалары жазылады, бұл ретте 090 қосалқы шоты несиеленедi. Қабылданған бұйымның құнына 01, 07 шоттарының қосалқы шоттарында дебеттеледi және 152 қосалқы шотында несиеленедi. 

     Осы қосалқы шоттар бойынша талдау есебi н. 292-а карточкасында әр ұйымдар бойынша жүргiзiледi. 



153 "Бойынша атқарылған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтер үшiн тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар" қосалқы шотында кәсiптiк-техникалық училищелерде олар үшiн атқарылған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн және дайын бұйымдарды сатқаны үшiн тапсырыс берушiлермен есеп айырысулар, сондай-ақ өндiрiстiк оқу процесiнде оқушылардың орындаған жұмыстары үшiн кәсiпорындармен және ұйымдармен есеп айырысулар ескерiледi. 
      153 қосалқы шотының дебетiнде көрсетiлген қызметтердiң, оқушылардың ұйымдарда атқарған жұмыстары үшiн оқу орындарының оларға сыйақы сомаларын төлеуге жататын, оқу-өндiрiстiк шеберханаларда жасалған, сатылған даяр бұйымдардың құны және оқу базасын кеңейтуге, оқушыларға мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге және т.б. арналып бағытталған сомалар жазылады, бұл ретте тиiстi 189, 280, 400 қосалқы шоттарға кредиттеледi. 
      153 қосалқы шот кредитiне ұйымның тапсырыс берушiсiнен түскен сомалар жазылады, бұл ретте 111 қосалқы шот дебеттеледi. 
      153 қосалқы шоты бойынша талдау есебi н. 283 монографтық карточкасына ұйымдардың әрбiр тапсырыс берушiсi бойынша жазылады. 
      153. 154 "Бекiтiлген сметадан тыс несие берушiлермен есеп айырысу" қосалқы шотында мемлекеттiк мекеменiң бекiтiлген шығыстар сметасынан тыс сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу ескерiледi. Егер берушi мемлекеттiк мекемеге алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн құжаттар ұсынса, бiрақ берушiге тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) қайтару мүмкiндiгi болмаса, онда 154 "Бекiтiлген сметадан тыс несие берушiлермен есеп айырысу" қосалқы шотының кредитiне және тиiстi қосалқы шоттардың дебетiне жазба жүргiзiледi. Өткен жылдың сметадан тыс сатып алынған тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) бойынша мемлекеттiк мекемеде 2001 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайда болған берешек 154-қосалқы шотқа ауысуы тиiс. 
      Бекiтілген сметадан тыс мiндеттеме қабылдауға жол берген лауазымдық тұлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен жауап бередi. 
      Несие берушiлермен бекiтiлген шығыстар сметасынан тыс есеп айырысу есебi 292-нысан кiтабында (292-а нысан карточкаларында) жүргiзiледi. 
155 "Гранттардың есебінен міндеттемелер жөніндегі есеп айырысулар" қосалқы шотында жоба бойынша жұмыстарды (қызметтерді) орындауға шарттар (келісім-шарттар) жасасқан берушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар ескеріледі.
      155 қосалқы шотының дебеті бойынша мердігермен (берушімен) есеп айырысу бойынша орындалған жұмыстар (қызметтер) үшін аударылған сома көрсетіледі, бұл ретте 116 "Гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоты" қосалқы шоты кредиттеледі. Мердігер (беруші) орындаған жұмыстардың (қызметтердің) сомасына 209 "Гранттардың есебінен қаржыландырылатын жобалар жөніндегі шығыстар" қосалқы шотының дебетіне және 155 қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізіледі.
      Сатып алынған активтердің, материалдық құндылықтардың құны активтердің, материалдық құндылықтардың тиісті шоттарының дебеті және 155 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Сонымен бірге активтерді сатып алу кезінде 209 қосалқы шотының дебеті және 250 "Активтердегі қор" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      155 қосалқы шоты бойынша талдамалық есепке алу N 292-а нысанының талдамалық есепке алу карточкаларында әрбір беруші және мердігер бойынша жүргізіледі.
      156. 157 "Жұмыс және қызметтер көрсеткенi үшiн тапсырыс берушiлердiң аванстары бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында шарт бойынша бюджеттiк ұйымдардың атқарған жұмыстары мен қызмет көрсетулерi есебiнен ұйымдардан алған аванстары ескерiледi. Тапсырыс берушiден түскен қаражаттар 111 қосалқы шот дебетi және 157 қосалқы шот кредитi бойынша көрiнiс табады. Жыл iшiнде жасалған шығыстарды есептен шығару 400 қосалқы шот дебетi және 211 қосалқы шот кредитi бойынша жүргiзiледi. 
      Талдау есебi н. 292-а карточкасында (н. 292 кiтабында) жүргiзiледi. 
158 "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджетке түсетін түсімдермен және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында мемлекеттiк мекемелердiң бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық немесе заттай бөлiгiне байланысты операциялар бойынша есеп айырысулары ескерiледi. 
      Мемлекеттiк мекемелер активтердiң, арзан құнды және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың түсуiн тиiстi 01, 04, 06, 07-қосалқы шоттардың дебетi бойынша және 158-қосалқы шоттың кредитi бойынша ескередi. Бiр уақытта түскен активтердiң және арзан құнды және тез тозатын заттардың құнына 200 "Бюджет бойынша мемлекеттiк мекеменi ұстауға және басқа шараларға арналған шығыстар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 250 "Активтердегi қорлар", 260 "Арзан құнды және тез тозатын заттардағы қорлар" қосалқы шоттарының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi. 
      Кадрларды оқыту, жабдықтарды жөндеу және жұмыстар мен мемлекеттiк мекемеге көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерi бойынша шығыстар 200-қосалқы шоттың дебетi және 158-қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi. 
      158-қосалқы шот бойынша есеп айырысулардың талдамалық есебi әрбiр операция бойынша 292-а нысан карточкаларында (292 нысан кiтабында) жүргiзiледi. 
            157. "Әлеуметтiк салық жарналары бойынша есеп айырысулар" 159 қосалқы шотында" "Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сай мемлекеттiк мекемелер жүргiзетiн әлеуметтiк салықтың есептелуi және төленуi мемлекеттік мекемелер жүргізетін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есепке алынады. 
      Әлеуметтiк салықты және міндетті әлеуметтік аударымдарды есептеу 159 қосалқы шоттың кредитi бойынша және шығыстардың тиiстi шоттарының дебетi бойынша көрсетiледi. Әлеуметтiк салықты бюджетке төлеу кезiнде 159 қосалқы шот дебеттеледi және ақшалай қаражаттар шоттарының қосалқы шоттары кредиттеледi. 
      159 қосалқы шот бойынша талдама есеп 292-а-н. карточкаларында әлеуметтік салық пен міндетті әлеуметтік аударымдар бойынша бөлек жүргiзiледi (292-н. кiтабында). 


16 "Есеп беретiн адамдармен есеп айырысулар" шоты

160 "Есеп беретiн адамдармен есеп айырысулар" қосалқы шотына қолма-қол ақшасыз жолмен жүргiзiлуi мүмкiн емес шығыстарды төлеуге арналған оларға берiлетiн аванстар бойынша есеп беретiн адамдармен есеп айырысулар ескерiледi. 


      Есептiк аванстар тек осы бюджеттiк ұйымда ғана жұмыс iстейтiн адамдарға басшының өкiмi бойынша берiледi. Есептiк сомаларды беру кезiнде бухгалтерлiк қызметтiң қызметкерлерi өткен аванстар бойынша есеп беретiн адамның берешегi жоқтығы туралы белгi соғады. 
      Берiлген есептiк ақшалар оны беру кезiнде көзделген мақсатқа ғана жұмсалуы мүмкiн. Аванстық сомалардың жұмсалуы туралы есеп беретiн адам жұмсалған шығындарды қуаттайтын құжаттарды қосып, есептi ұсынады. Аванстық есепке қоса берiлiп отырған құжаттарды есеп беретiн адам олардың есептегi жазылу тәртiбiнде нөмiрлейдi. 
      Бухгалтерлiк қызметтегi аванстық есептер арифметикалық тексерiледi, сондай-ақ құжаттардың толтырылуының және мақсаты бойынша қаражаттардың жұмсалуының дұрыстығы тексерiледi. Тексерілген аванстық есептердi бюджеттiк ұйымдардың жетекшiлерi бекiтедi. 
      Аванстың пайдаланылмаған қалдығы есеп беретiн адамға аванстық есептi тапсырғаннан кейiн үш күннен кейiн қайтарылуы керек. Есеп беретiн адамға жаңа аванстарды беру бұрын берiлген авансты өтеген жағдайда жүргізілуі мүмкін. 

      159. Есептiк сомаларды жұмсағаны туралы аванстық есептi белгiленген мерзiмде ұсынбаған немесе пайдаланылмаған аванстардың қалдықтарын қайтармаған жағдайда бюджеттiк ұйым Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгiленген талаптарды сақтай отырып, авансты алған адамдардың жалақыларынан бұл берешектердi ұстауды жүргiзуге құқылы. 


      Есеп беретiн адамдарға берiлген сомалар 160 қосалқы шотына дебеттеледi және 09-12 шоттардың тиiстi қосалқы шотына кредиттеледi. 
      Аванстың жұмсалған сомаларына және қайтарылған есептiк сомалардың қалдықтарына 160 қосалқы шоттың несиесiне және 06, 07, 12, 18, 20, 21 шоттардың тиiстi қосалқы шоттардың дебетiне жазу жазылады. 
      Есеп беретін тұлғаның пайдаланылмаған аванстың қалдығын қайтаруы теңгемен қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылады, тиындармен сомада есеп беретін тұлға қайтармаған қалдық есепке соманы кейіннен беру кезінде ескеріледі. Қызметкер жұмыстан шығу сәтінде немесе есепті жылдың аяғында қайтармаған, 160-қосалқы шоттың дебеті бойынша ескерілетін тиындармен есеп беретін соманың қалдығы оның жалақысынан ұсталады, бұл ретте 180-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 160-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі. Мемлекеттік мекеменің есеп беретін тұлғаның алдындағы тиындармен борыш сомасы жұмыстан шығу сәтінде 188 "Қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алуға байланысты есеп айырысу" қосалқы шотына есепке алынады, бұл ретте 160-қосалқы шоттың дебеті бойынша және 188-қосалқы шоттың кредиті бойынша жазба жүргізіледі. 
      Есеп беретiн адамдармен есеп айырысудың талдау есебi н. 386 (8 мемориалды ордер) есеп беретiн адамдармен есеп айырысу бойынша жинақтаушы ведомоста жүргiзiледi. Бұл ведомостағы есеп позициялық тәсiлмен жүргiзiледi. Әр жол бойынша есеп беретiн адамның тегi, берiлген аванстың сомасы және жасалған шығындардың сомалары, пайдаланылмаған аванстың сомалары жазылады. Ай аяқталғаннан кейiн қорытындысы "160 қосалқы шот есеп-несиесi бойынша шығыстардың сомалары бекiтiлген" бағаны бойынша және "Қосалқы шоттардың дебеттерi" және "Екiншi жазба" бағандары бойынша "Журнал-бастысы" кiтабына жазылады.
      Есеп беретiн адамдарының саны аз бюджеттiк ұйымдарда есеп айырысулардың талдау есебi н. 292-а карточкасына (н. 292 кiтабына) әрбiр есеп беретiн адам бойынша жүргiзiледi.
жүктеу 2,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау